Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

2. Кіріспе 

 

Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді  ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент таяу  онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы  «Саламатты өмір салты мен  адамның өз денсаулығы үшін  ынтымақты жауапкершілігі қағидаты  – міне, осылар денсаулық сақтау  саласындағы және халықтың күнделікті  тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың  ең басты мәселесі болуы тиіс»  екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының  қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға  ықпал ететін болады.

 

 

 

 

 

3. Ағымдағы жағдайды талдау 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді:

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;
  • Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2008 – 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмір салты» жөніндегі 2008 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзірленді және енгізілді;
  • шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
  • жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізілуде;
  • дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
  • мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
  • тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;
  • 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі – БҰДЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде, ол пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, медициналық ұйымдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді көздейді;
  • туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;
  • денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асырылуда;
  • «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылуда;
  • Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
  • денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологиялар енгізілуде:  
    барлық өңірлерде филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;
  • санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, тігінен басқару құрылды;
  • денсаулық сақтау саласындағы бақылау аясында тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.

 

Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде:

  • демографиялық жағдайдың жақсаруы, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы;
  • өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37);
  • халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге  
    (2005 ж. – 8,05) дейін өсуі байқалды.

 

Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың  сәл ұлғаю (1,7%) үрдісі белгілі болды. Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу ағзаларының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.

Демографиялық жағдайдағы оң ілгерілеушілікке қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу өзекті проблема күйінде қалып отыр, некеге тұрғандардың 16%-ға жуығы ұрпақсыз болып табылады. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі – ЖЖБИ) кеңінен таралуына және түсіктің жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, ең алдымен жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен айқындалады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-і жасанды үзумен аяқталады. 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үрдісі бар және 2008 жылы 1000 адамға шаққанда 31,1-ді құрады.  Ана өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж. – 40,5; 2009 ж. – 36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр.

2005 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1-ді  құрады. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерінің енгізілуімен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі байқалады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәресте өлім-жітімінің құрылымында екінші орынды туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігін, ата-аналардың саламатты өмір салтын сақтамайтындығын және республиканың бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайды айғақтайды.

2007 – 2009 жылдардағы деректерді талдау  өлім-жітімнің барлық себептері  арасында 1 жасқа дейінгі балалардың  респираторлық аурулардан және  пневмониядан өлім-жітімі 3-орынды, инфекциялық аурулардан өлім-жітімі 1-орынды алатынын көрсетті. 2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала қайтыс болды.

Қазіргі таңда пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы қазіргі заманғы медицинадағы профилактикалық іс-шара вакцинация болып табылады.  Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне 2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50%-ға дейін, өлім-жітімін 20%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халық санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша таяу жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11%-ға артатындығы күтілуде. Соған байланысты оларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.

Өткен бесжылдық кезеңде әлеуметтік мәні бар аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мәселен, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 94-орында (2007 жылы –130,0 орын) және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияда тұр.

Жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа, «DOTS-плюс» туберкулезді емдеу бағдарламасының іске асырылуына қарамастан, туберкулездің таралуын,  дәріге төзімділігінің дамуын және өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады. Сонымен қатар, асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім жалпы өлім-жітім себептерінің құрылымында үшінші орынды алады (12,6%). Алайда жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалады. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың ең жоғары үлес салмағы Шығыс Қазақстан  және Павлодар облыстарында (44,5%) белгіленген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) жіктемесі бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан 2 есеге жуық артық. АИТВ  жұқтырғандардың жалпы санының шамамен 1/4-ін құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 %-ды құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу ықтималдылығын арттырады. Сонымен қатар, халықтың АИТВ/ЖИТС туралы хабардар болуының төмендігі осы патология бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіптілігіне ықпал етеді.

Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем елдері үшін де қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Сонымен қатар, әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.

Соңғы жылдары алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс серпіні қалыптасты (10 мың адамға шаққанда республикада мүгедектікке алғашқы шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы – 27,7-ні, 2008 жылы – 28,8-ді, 2009 жылы – 29,2-ні құрады), бұл  денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығының дәлелі болып табылады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторларының әсеріне байланысты ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары,  онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң серпіні байқалады, елеулі инфекциялық аурулардың бірқатарының төмендегені тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминациялау міндеті жолға қойылған.

Жыл сайын  қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша  81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың топтық сырқаттанушылық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдайдың қиындағаны туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы