Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:39, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты-ғаламдану үрдісі жағдайында Қазақстан-Қытай-Ресей стратегиялық қатынастарын сараптау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
• Орта Азиядағы жаңа геосаяси жағдайға сараптама жасау;
• Қазақстан-Қытай жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Қазақстан-Ресей жаңа геосаяси жағдайдағы орны;
• Ресейдің Қазақстан, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты жаңа саясатын сараптау;
• Орта Азиядағы Қазақстан-Ресей-Қытай мүдделері.

Содержание

Кіріспе ..............................................................................................3
І -ТАРАУ. ҚР, ҚХР және Ресейдің жаңа геосаясаты...................................7
1.1. Қазақстан-Қытайдың жаңа геосаяси кеңістіктегі орны.................................7
1.2. Қазақстан-Ресей қатынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері....................18
1.3. Орта Азиядағы жаңа саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары......................26
Сілтемелер........................................................................................................39
ІІ-тарау. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі...............................42
2.1. Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиялық мүдделері......42
2.2. “Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымына” қатысуындағы Орталық Азия елдерінің негізгі мақсаттары.............................51
Сілтемелер
Қорытынды.......................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау.doc

— 440.00 Кб (Скачать файл)

• Батыс бағыт — Андижан, Қоқанд қалаларын, Қырғызстанның бірнеше  ауылдарын және Оңтүстік Шыңжаң;

•   Солтүстік бағыт — Жетісу және Жоңғар даласы;

• Шығыс бағыты — Шыңжаңның солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды;

Бұл бағыттардың ішінде ваххабистік-экстремистік ағымдардың ең кең тараған жері Батыс  аймақ болып отыр. Шыңжаңның бұл  аймағы Ферғанамен шектесіп ұйғыр ұлтшылдарының  орталығы деп есептеледі. Бұл бағыт  тарихи дәстүрлі Қытайға қарсы күштердің орталығы. Мысалы 1871-1881 жж. атақты Якупбек бастаған мұсылмандардың көтерілісін Цин империясы үлкен күшпен басқандығы белгілі. Бүгінде Шыңжаң ұйғырларының көбі осы аймаққа келіп орналасуда.

Соның ішінде Ферғана аймағында ұйғыр сепаратизмі шиеленісіп отыр. Оның алғы шарты 1871-1888 ж.ж. Якупбек бастаған Қытай үстемдігіне қарсы көтерілістен басталған.

Бүгінде ұйғыр сепаратизмі ваххабизм  идеологиясын қолдап аймақтағы тұрақтылыққа әсер етуде. Қытай баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ұйғыр сепаратистік қозғалыстары Сауд Аравиясынан, Сирия, Пәкістан және Иран мемлекеттерімен қаржыландырып отыр.

Қашқар мен Ферғана аймақтары  діни негіздегі ұлтаралық қақтығыстардың орталығы болып отыр.

Солтүстік бағыттың ұйғырлары ҚХР  Орталық үкіметіне қарсылықтың басында тұр деп атауға болады. Бұл аймақтың жергілікті тұрғындары Қазақстандағы ұйғыр халқымен тығыз байланыста. Қазақстанда 185301 ұйғыр тұрады, олар ТМД ұйғырларының 70% құрайды.

Франс-пресс агенттігінің мәліметтері  бойынша Қазақстанда жасырын қызмет атқаратын 4 ұйғыр ұйымдары бар. Оның ішінде Шығыс Түркістан ұлт-азаттық революциялық ұйымының біріккен орталығы. Оның жетекшісі- Жүсіпбек Мұхлиш.

Ресми Пекин Қазақстанда ұйғыр  қозғалысын қолдап отыр деп айыптауда. Өйткені, 1944 жылы құрылған "Шығыс Түркістан республикасы" Іле, Алтай, Тарбағатай территориясында құрылған. Бұл жерлерде қазақтар мен қырғыздар көп мекендейді.

Қазақстан Республикасының бұл  мәселедегі позициясы айқын. Қазақстан  үкіметі сепаратистік қозғалыстардың қандайын болса да қолдамайды. ҚХР қарым-қатынастарды достық, өзара тиімді тұрғыдан дамытуды қолдайды.

ҚР мен ҚХР-ның жаңа геосаяси кеңістіктегі орнын біз екі жақты  қатынастардың даму үрдісінен, мемлекеттердегі  әлеуметтік-саяси реформалардың  алғы шарттарын сараптай отырып баға бере аламыз.

Біз жоғарыда атап көрсеткеніміздей КСРО-ның ыдырауы Орталық Азияда жаңа мемлекеттердің пайда болуына  әкелді. Қазақстан тоталитаризмнің  барлық келеңсіз жақтарын басынан өткізді. КСРО кезінде Қазақстан ғылыми-техника  дамуында Одақтас республикалар ішінде алдыңғы орында болды. Бірақ, 80-ші жылдарда Қазақстанға да саяси дағдарыс, экономиканың, әлеуметтік құлдырау тән болды. Соның салдарынан 1986 жылы Алматыда жастардың СОКП Орталық Комитеті жоғарыдан қабылдаған шешімге наразылық бұрқ ете түсті. 1989 жылы Қарағанды шахтерлерінің бас көтеруі болды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан  кейін, 1991 жылы оның түңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев бірауыздан сайланды. Н.Назарбаев қоғамды демократияландыру, ҚР әлемдік қауымдастықты өзінің тиісті орнын алуда зор тарихи еңбек сіңіріп келді/16/.

Бұдан бұрын айтқанымыздай, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың  бірі ҚХР-мен өзара тиімді экономикалық біріктіру, екі мемлекеттің Орталық  Азиядағы геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ортақ стратегияны құрастыру болып табылады.

Қазақстанның қазіргі жағдайының ерекшелігі, яғни экономикалық реформалау жолдарында қалыптасқан тетіктердің  ықпалының күшеюі. Бұл өз тарапынан  сыртқы экономикалық және саяси байланыстар  әлеуметіне елеулі түрде ықпал етуде.

Қазақстан үшін Кеңестік дәуірден кейінгі  болмыстың нақты шындығын, егемендену үрдісіне талдауды, мемлекеттік стратегияның мақсаттарын Н.Ә.Назарбаев 1992 ж. "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қаз тұруы  мен қалыптасуының стратегиясында" тұжырымдады.

Оның ішінде стратегиялық мақсат ретінде  экономикалық реформаларды ойдағыдай  жүргізу, геосаяси тұрғыдан өз орнын  табу, Қазақстанның қоғамдастықтағы саяси салмағын арттыру, Қазақстанның оңтайлы геосаяси жағдайын пайдалану және т.б.

Сондай-ақ Н.Назарбаев ҚХР-мен толық сенім принципі негізінде өзара достық қатынастарды қолдау ел үшін төтенше маңызды екенін атап көрсетті.

Екі мемлекеттің геосаяси кеңістіктегі алатын орны және олардағы реформалардың  барысы туралы өз пікірін білдіре  келе, Қ.Сұлтанов екі көршілес мемлекеттің экономикалық реформаларының өзіне тән ерекшеліктерін де атап көрсетеді. Оның пікірінше, Қытайдағы реформалар бұрынғы саяси жүрісті сақтай отырып жүргізіледі және реформалар қоғамды біріктіреді, халықты аштық пен кедейліктен сақтап қалды.

Қазір дүние жүзі Қытай тәжірибесін үйренуде.

Ал Қазақстанда реформалар бұрынғы  саяси түсінік ыдырап, экономикалық шаралардың байланыстары үзіліп, әлі  жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы жағдайында жүзеге асуда",- деп атап көрсетті.

Қазақстан мен ҚХР өздерінің  әр түрлі саяси-әлеуметтік негіздеріне экономикалық реформалардың дамуы деңгейіне қарасты жаңа геосаяси ахуалға қатысуда.

Қазір олар жаңа геосаяси ойынның  объектісіне айналуда.

 

1.2. Қазақстан-Ресей катынастарының  негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері

 

1991 жылы тамыз айынан басталған  КСРО-ның ыдырау үрдісі оның  орнына тәуелсіз мемлекеттердің  құрылуымен аяқталғаны белгілі.  Кеңестік Орта Азияда (Орталық  Азия) бес мемлекет — Қазақстан,  Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан  және Өзбекстан құрылды.

Бұл мемлекеттердің құрылуының тарихи алғы шарттарына келетін болсақ, олар өз бастауын б.з.д. бірінші мыңжылдықта, яғни Орталық Азиядағы Бактрия, Согдина, Парфия, Хорезм және т.б. ежелгі мемлекеттерден алады. Бұл жерлер сыртқы жаулардың, Александр Македонскийдің, парсылардың, арабтардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Ал ҮІ-ХПғ.ғ. Орталық Азия түркі қағанатының қол астына өтті. Одан кейінгі дәуірде түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қараханидтер және т.б. мемлекеттер құрьлып үстемдік құрды. ХІ-ХҮІғ.ғ. Орта Азия селжүктер мен қидандардың, монғол-татарлардың шапқыншылығына тап болды. XVІІІ ғасырда Орта Азияға Цин империясы ішкерлеп ісірген болатын. XV ғ. аяғында қазақ хандығы құрыдды. Бұл үрдістерге баға бере келіп, атақты этнограф, тарихшы, ғалым Л.Н.Гумилев былай деп атап өтеді: "...Бір мезгілде ойраттар батысқа қарай сүрапыл жортуылдар жасады. 1452 және 1455 жылдар арасында олардың әскерлері Моғолстан, Шағатай хандығының солтүстік жиегі арқылы көктей өтіп, Қыпшақ даласына сүғынды, күнгейге бүрылып, Сырдария аңғарымен Ташкентке дейін жетті де, еліне олжамен оралды. Осынау талқандаудан кейін Азия картасынан Ақ Орда жойылып, оның орнында қазақтардың тайпалық одақтары (жүздер) қалыптасты. Ойраттар сияқты, қазақтар Ордадан біраз бұрын 1425—1428 жылдары іргесін аулақ сала бастап, сол кездің өзінде-ақ хан билігін сұлтандар кеңесімен алмастырды. Ойраттар өз билеушілерін Қытайдың "тайгжи" (ханзада) сөзімен, ал қазақтар арабтың "сұлтан" деген сөзімен атайтын. Екі жағдайда да көшпенділерге тән этностық нормалар сақтала отырып, Шыңғыс ханға дейінгі әлеуметтік пайымдар қалпына келтірілді. Пассионарлық серпіннің төмендеуі ойраттар мен қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал етті де, олар пассионарлық кешерінен асып төгілген кезде құрылған әлемдік империя тұсында, яғни XІІІ ғ. айырылып қалған идиллияға қайтып оралды. Енді келіп күш тек өзара қырқысулар мен жортуылдарға ғана жетті де, сыртқы жерлерді жаулап алу қаншалықты көз қызықтырса да, оған қуат жетпеді.

XV ғ. ойраттар, қазақтар, ноғайлар  және Қара теңіз бойының татарлары  осындай жағдайға келді. Бұл жағдайға тек өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған қырымшақтар мен көшпенді дүниенің дұшпандары Темір ұрпақтарын 1507 жылы еңсерген өзбектер ғана оралған жоқ" /17/.

Қазақ хандығының дүниеге келуі  Қазақстанның бүкіл аумағында бүрын  өткен әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды қорытындысы. Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керей, ал 148 жылдан бастап Бұрындық ханның есімімен байланысты.

XV ғ. ортасында қазақ хандығының  территориясы кеңи түсті. Моғолстан  мемлекеті қазақ хандығының тегеуірінен  және ішкі себептерге байланысты  ыдырап, шамамен 1514 жылға қарай  моғол билеушілері Шығыс Түркістанға  ығыстырылып тасталды. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ.  қазақ хандығы геостратегиялық маңызы бар саяси күшке айнала бастады. Қазақ хандығы Орта Азиямен, Астрахан, Сібір хандықтарымен және Орыс мемлекетімен байланыс жасап отырды.

Академик М.Қ.Қозыбаевтың пікірінше "Ресей дипломаттары қазақ хандары  мен сұлтандарының арасындағы бәсекені шебер пайдаланып, оларды Ресей бодандығын алуға үгіттеді. Қазақ жүздерін Ресей құрамына қосу бір мезгіддік процесс болған жоқ, ол жүз елу жылға созылды. Бұл процесс императрица Анна Иоановна Ресей бодандығына Кіші жүз ханы Әбілхайырды қабылдау туралы грамотаға қол қойған 1731 ж. басталды. Әбілхайыр хан болса, Ресейдің көмегімен барлық қазақ жерлері мен руларын бауырына басқысы келді. Орта жүз бен Ұлы жүз Ресейге көп кейін қосылса да Әбілхайыр патша үкіметіне өтініш жасағанда өзін барлық қазақтардың атынан сөйлегендей етіп көрсетті, ал мұның өзі оны мазасыз көршілерінің дұшпандық әрекеттерінен қорғайтын еді" /18/.

Қазақтардың Ресей құрамында болған кезеңін тарихи үрдістің бүкіл күрделілігі  мен қарама-қайшылығын ескере отырып, бағалау керек дейді. Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Т.Мансүров:

"Ресейдегі гуманизм жақтастарымен  қаупі, оның демократиялық мәдениетінің ықпалы қазақ қоғамының рухани дамуының факторына айналды. Қазақтардың Ресей құрамында болу процесі қаншалықты сан қырлы болғанымен, бұл процесс экономикадағы, әлеуметтік және мәдени дамудағы өзгерістерге жол ашты. Бірақ, сонымен қатар ол қоғамның мүліктік жіктелуін күшейтті, қазақтардың өз мемлекеттігінің дамуын кері кетірді. Іс жүзінде осы кезенде қазақтар өзінің мемлекеттік құрылымдары жойылғаннан кейін тек жергілікті өзін-өзі басқару пайымдарынан жиындар ғана сақталып, онда әрбір елу үйден бір сайлаушы, яғни ел басы сайланып отырды. Сайлауыштар болыс сайлауына кандидатты, халық биін сайлауға қатысты, ал оларды бекітетін губернатор болатын. Қазақтың халық билерінің қарауынан қылмыстық істер бөліп алынып, оларды қарау империялық сотқа берілді" /19/.

Қазақстанның Ресейге қосылуына  қазақ қоғамының әр түрлі әлеуметтік және саяси күштері әр түрлі қарады. Мәселен, өмірдің патриархтық түрінің бұзылуы батырлар халықты соңынан ерте алатын хан билігі заманын аңсау сарындарын туғызды.

Қазақ даласына тауар-ақша қатынастарының енуі ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа қайшы  келді. Патша үкіметінің қазақтарға жүргізген ашық саясаты да наразылық тудырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін 50 жылдан соң Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс басталды. С.Датов бастаған көтерілістің сипаты патша үкіметімен ауыз жаласқан хандық билікті жайып, ел басқарудың жаңа құрылымын орнату болған.

Жалпы Қазақ даласын Ресей мен  Қытай ең алдымен өздерін сырт жаудан қалқалайтын "Аралық аймақ" деп қараған. Кейін Ресейдің империялық пиғылы басым түсіп XVІІІ ғ. ортасынан ол отарлық саясатқа көшті.

Қазақстандық тарихшы мамандар қазақ жеріндегі орыс отаршылдық саясатын екі кезеңге бөліп қарастырады. Император Анна Иоановна тұсындағы бірінші кезеңде Кіші жүз бен Орта жүз бейбіт жолмен Ресейдің қол астына қарады. XІX ғ. 60-80 ж.ж. Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметі білектің күші, найзаның ұшымен бағындырды. Қазақ жерін отарлау арқылы Ресей өзінің шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Орта Азиямен, Үндістанмен сауда-саттықты нығайтуды ойлаған.

Патша үкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты- қазақ даласын  түпкілікті билеу еді. Осы саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше реформалар жүргізіп, хандық билікті жойып, этникалық бірлігімізден, одан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке-жеке губернияларға бөліп, жер тұтастығымыздан айырды. Бұл саясатта патша әкімшілігі қазақ даласын алғашқы кезде хандар, сұлтандар, старшындар арқылы басқарған. Одан кейін Қазақ Мемлекеттік ұйымы жойылды. 1867—1868 ж.ж. реформалар барысында Қазақстандағы әкімшілік басқаруда, жер мәселесінде, сот құруда және салық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Реформалар орыс әкімшілігінің билігін нығайтты. Қазақстан-Ресей қатынастарына баға бере келіп ел басы былай деп атап көрсетті: "...Орыс халқымен қатынастарды отарлау кезеңінің өлшемдеріне қарап құруға тиіс емеспіз. Тарихтың небір аумалы-төкпелі кезеңдеріне қарамастан, қазақтардың ол халықпен шынайы туысқандық, сенім қатынастары қалыптасқан болатын. Осы қатынастарда қазіргі заманның ақиқат, шындықтарын ескере отырып нығайту екі халықтың түбегейлі мүдделеріне сай келеді" /20/.

Екі мемлекеттің өзара қатынасының  кеңестік кезеңінде нақты мемлекет аралық қатынасы болды деп атай алмаймыз. Дегенменде бұл кезеңнің оң жетістіктерін де теріске шығаруға болмайды.

Мәселен, 1920 жылғы 17 тамызда Ресей  Кеңестік Республикалар Социалистік  Федерациясының (РКРСФ) Халық Комиссарлар  Кеңесі (ХКК) Қазақ Республикасы туралы декреттің жобасын қарап, мақұлдады. 1920 жылғы 21 тамызда Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКРСФ, ХКК-і М.И.Калинин мен К.И.Ленин қол қойған "Қырғыз-Қазақ Кеңестік Автономиялы Социалистік Республикасын (РКРСФ құрамыңда, астанасы Орынбор) құру туралы" Декретті қабылдады, 1921 жылдың жазында Қазақ КАСР-ның құрамына Семей жөне Ақмола губерниялары енді. Алайда қазақтар тұратын едәуір аймақ Түркістан КАСР-ның Сырдария облысы құрамында қала берді; ондағы халықтың оннан тоғызы қазақтар еді. Барлық қазақ жерлерінің қайта қосылуы 1924 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік бөлектену нәтижесінде жүзеге асты. Сол кезде Қазақтар республика халқының 61,3% құрды /21/.

Тарихтан белгілі 1925 ж. Республика астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, ол Қызылорда деп аталды да, астана 1929 ж.-ға дейін сонда болды. 1929 ж. Алматы Қазақ КАСР астанасына айналды.

Информация о работе Қазақстан-Қытай-Ресей-стратегиялық-қатынастарын-сараптау