Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Бюджет саясатының үшіншi тұжырымдамасы макроэкономикалық тұрақтануға жету мен халықты жұмыспен қамтудың өсуiн қамтамасыз ету (қаржының функционалдық тұжырымдамасы) мақсатында бюджет теңестiруiне сүйенедi. Бюджет артықшылығы, мемлекеттiк қарыз және бюджет тапшылығының бар болуы рұқсат етiледi [36, с.62]. Тұжырымдама экономикалық өсу шаралары, салық түсімдерiнiң өсуi мен макроэкономикалық тұрақтану бойынша бюджет тапшылығын өзiн-өзi қаржыландыруда құрылады. Бюджеттiң теңгерiмдiлiкке жету үдерiсiнде бюджеттiң бiрнеше реттi секвестрленуi (шығыстың кiрiс түсуiне қарай шектелетiн қазыналық саясат тұжырымдамасы, Қазақстанда 1998 жылы) және сондай-ақ қаржы жылының iшiнде оның артықшылыққа жетуi мүмкін.
Өзара байланыста кiрiстер-шығыстар болады. Егер, мемлекет үлкен мөлшерде кiрiс түсіргiсi келсе, онда оған бiрiншiден, мемлекеттiк шығыстардың өсуi қажет және ұдайы өндiрiс шарттарын қамтамасыз ету бойынша өз қызметтерiн iске асыру, яғни болашақ кiрiстер алуда қаражаттарды қосымша инвестициялау керек.
Бюджет саясатының сипаттамасына (дискрециялық немесе автоматты тұрақтандырғыш саясаты), қазақстандық ғалымдардың зерттеулерi бойынша iскерлiк белсендiлiктiң кезеңдiк ауытқуы үлкен әсер етедi.
Экономикалық заңдылық ретiндегi кезеңдiлiктi өз кезегiнде көптеген экономист-ғалымдар жоққа шығарған, олар: П.Самуэльсон, В.Леонтьев және басқа да ғалымдар. Бірақ та, қазіргi кезде әлемдiк шаруашылық пен ұлттық шаруашылықтың объективтi және жалпы нысандағы қозғалысы ретiндегi экономикалық дамудың кезеңдiлiгiнiң бар болуы мойындалады.
Кезеңдiк дамудың революциялық және эволюциялық сатысының ауысуын, экономиканың әр түрлі элементiнiң қызмет етуiнiң әркелкiлiгiн көрсетедi, бұл макроэкономикалық тепе-теңдiктiң сипаттамалық трендiнiң шеңбер бойынша емес, бұралым бойынша дамуының” детерминанты болып табылады. Бюджет саясаты бюджеттiң белгiлi бiр механизмiн әзiрлеу, қарастыру, бекiту, орындау, бақылау, бюджеттiң орындалуы туралы есептiң қызмет етуiнiң әр түрлі бюджет деңгейiнiң өзара байланысына негiзделген.
Егер, дамыған елдерде ортақ валюта-қаржылық жүйенi жасау бөлігiнде қуатты бiрiгу үрдістерiн кеңейту және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрiнiс табады.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 сәуiрдегi № 548-II Бюджет кодексiнде бюджет – мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры ретiнде анықталады [44, с.35].
Бюджет экономикаға бюджет механизмi арқылы әсер етедi. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретiнде бюджеттiң бөлу және бақылау қызметi осыдан көрiнедi. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру және мiндеттi түрде орындау арасындағы үйлесiмнiң негiзiндегi кiрiстер мен шығыстар бойынша бюджет шешiмдерiн таңдау және қаржы жүйесiн бақалауды қарастырады.
Бюджет саясатын бюджет үдерiсiн ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершiлiк есебiнен бюджеттiң барлық деңгейiнiң орындалуына бақылау, бекiту, қарастыру және құрастыру тәртiбi ретiнде қарастырылуы мүмкін.
Осыған байланысты бюджет жүйесiнiң қызмет етуi келесiдей қағидалар негiзiнде қамтамасыз етiледi:
1) барлық бюджеттiң бiртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестiгi;
2) мемлекеттiк қаржы статистикасының бiртұтас нысаны, ортақ бюджеттiк сыныпталу, бiртұтас қаржылық базаның бар болуы;
3) бюджетте барлық түсімдердiң толық көрiнуi және түсімдердiң қайта бөлінуi арқылы бюджеттiң икемдi өзара iс-қимылы;
4) мемлекеттiң ақша-несие саясатының өзара iс-қимылы және ақша жүйесiнiң бiртұтастығы;
5) бюджет қаражаттарының жұмсалуына бағыттаудың анықталуы және әр түрлі бюджет деңгейлерiнiң арасындағы табыстардың бөлінуiнiң тұрақты нормативтерiнiң негiзiндегi бюджеттiң дербестiгi.
Бюджет жүйесi құрылуының жеке буындары арасындағы өзара байланысты ұйымдар ретiндегi бюджеттiк құрылғыдан жеке бюджеттердiң барлық түрлерiнiң жиынтығы ретiндегi бюджет жүйесiнен өзiнiң экономикалық мазмұны жағынан бюджет саясатының анағұрлым кең мағынасы бар [ 47, б.21].
Кесте 7
Қазақстан Республикасында салықтық түсімдердің деңгейi, 2011 ж.
Салықтық түсімдер |
Ағымдағы кезеңге түсімдердiң жоспарлануы (мың. тг.) |
Ағымдағы кезеңге түсімдердiң кассалық орындалуы (мың. тг.) |
Түсімдердiң кассалық орындалуының көрсеткiшi (%) |
Корпорациялық табыс салығы |
777629044,0 |
834332337,6 |
107,3 |
Жеке табыс салығы |
117488169,0 |
122998821,0 |
104,7 |
әлеуметтiк салық |
192025111,0 |
197300262,0 |
102,7 |
Мүлiк салығы |
35965098,0 |
37271921,0 |
103,6 |
Жер салығы |
6409066,0 |
6902853,0 |
107,7 |
Көлiк салығы |
6835892,0 |
7075919,0 |
103,5 |
Бiртұтас жер салығы |
306928,0 |
351390,0 |
114,5 |
Қосылған құн салығы |
292831666,0 |
343925731,2 |
117,4 |
Акциздер |
33115496,0 |
33416100,1 |
100,9 |
Құмар ойын бизнес салығы |
2 262 757,0 |
3 215 563 |
155,0 |
Басқадай салықтар |
97801,0 |
36869,6 |
37,7 |
Мемлекеттiк баж |
10704886,0 |
12083978,3 |
112,9 |
7-кестеде көрсетiлгендей салықтық түсімдердiң жиналуы негiзiнен корпорациялық табыс салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетiн түсімдер, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтiк салық, жеке табыс салығына тиiп отыр.
Және де осы кестеде көрiнiп тұрғандай басқадай салықтарды қоспағанда барлық салықтық түсімдер 2011 жылға жоспарланған салықтық түсімдерден нақтылы орындалған осы кезеңнiң кассалық түсімдерi жоспардан артығымен орындалуын байқауға болады.
Атап айтсақ құмар ойын бізнесі салығы бойынша түсім басқа салықтарға қараған ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Және соңғы екі жылда ос ысалықтың түрі бойынша түсімнің артып келе жатқанын көруге болады.
Бүгінгі таңда құмар ойынына қатысты көптеген заң бұзушылықтар да орын алып отыр.
Атап айтсақ: Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2009 жылы заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құраған.
Сурет 9 Ойын бизнес салығы бойынша түсімдік көрсеткіштер
2007 жылғы 1 сәуірде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Заңның 11-ші бабына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады. Аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.
Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, қабылданған заңнамалық және әкімшілік шараларға қарамастан астыртын казинолар мен ойын автоматтар залдары тыйым салынған аумақтарда өз қызметін жалғастыруда.
2009 жылы қаржы полициясы
Жүргізілген тексерістер нәтижесінде 256 астыртын ойын мекемесінің қызметі әшкереленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға артық. Заңсыз ойын айналымынан 25 млн теңге, 1669 ойын автоматы, 39 рулетка және карта ойынына арналған 28 стол алынды.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, заңсыз ойын бизнесінен түскен заңсыз табыс 135 млн 400 мың теңгені құрады.
Заңсыз казино ұйымдастыру жоғары табысты қылмыстық кәсіп болып табылады. Өткен жылдың 12 айында қаржы полициясы органдары республика бойынша 17 астыртын казиноның қызметін тоқтатты.
Мәселен, 2009 жылдың желтоқсан айында Қостанай қаласында жедел-іздестіру шараларының барысында Наримановская көшесіндегі 109 үйде қызмет етіп жатқан астыртын казино анықталды. Қарау кезінде карта ойнайнының 5 столы, 2 ойын автоматы, ақшалай ұтысы бар 3 электрондық рулетка және есептегіштердің мәліметтері мен ақшалай қаражат соммалары жазылған дәптер алынды. Тексеріс уақытында казинода 20 ойыншы және 7 крупье болған. 2,8 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат тәркіленді.
Аталған факт бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Сол сияқты өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында "Сарканд" бизнес орталығының ғимаратында жұмыс істеген астыртын казиноның қызметі әшкереленді. Қарау барысында покер және рулетка ойнауға арналған 11 ойын столы, 4,5 мың АҚШ доллары мен 500 мың теңге табылды. Іс-шараны өткізу кезінде залда 7 ойыншы, 9 диллер, 3 даяшы, бармен және күзетші болған.
Өскемен қаласында заңсыз казиноның қызметін ұйымдастырылғаны анықталып. Казиноны қарау барысында табылған покер столы, 242 фишка және 840 мың теңге мен 2100 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді. Құмарлық ойындарына арналған 5 стол алынды.
Заңсыз ойын мекемелерінің Алматы
қаласында шоғырланғандығын қаржы полициясы
органдарының статистикасы растайды.
Мәселен, 2009 жылдың басынан оңтүстік астанада
8 астыртын казино және заңсыз қызмет атқарған
112 ойын автоматтары залы анықталды.Олар
мемлекет пайдасына тәркіленді.
Сонымен бірге, Алматы қаласында жедел-іздестіру
шараларының нәтижесінде заңсыз әрекет
еткен казино анықталды. Оны қарау барысында
3 млн теңге сомасында ақша қаражаты, 11
ойын столы және 5 мыңнан астам ойын фишкалар
алынды. Қаржы полициясы органдарының
жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей,
заңсыз ойын айналымының негізгі бөлігін
ойын автоматтарының астыртын залдарын
ұйымдастыру фактілері құрайды. 2009 жылы
қаржы полициясы органдарымен 239 осындай
ойын залдарының қызметі әшкереленді.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының
нәтижесінде Атырау қаласында "Атырау
лото" атты заңсыз ойын автоматтары
залы анықталды. Оны ұйымдастырған жеке
кәсіпкердің 85 млн теңгеден астам заңсыз
табыс алғандығы анықталды. Бүгінгі күні
қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.
Кішігірім қалалардың өзінде зыңсыз қызмет
етуші ойын автоматтарының залдары анықталды.
Шығыс-Қазақстан облысының Шемонаиха
қаласында "Осминог" ойын-сауық орталығында
заңсыз ойын автоматтар залын ұйымдастырғаны
анықталды.
Қазақстан Республикасының ойын бизнесі
туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша
қаржы полициясы органдары берген материалдар
негізінде уәкілетті мемлекеттік органдармен
213 әкімшілік өндіріс қозғалды. Бұл өткен
жылдың көрсеткішінен 90%-ға артық.
2010 қаржылық полиция департаменті жеке тұлғалармен, сондай-ақ заңды тұлғалармен ойын бизнесімен заңсыз айналысы сияқты салық төлеуден жалтару фактілерін айқындаған. Қабылданған шаралар нәтижесінде осы кезеңде заңсыз айналыстан 7,4 млн теңге конфискеленген. Құмар ойынға деген құштарлық күшеймесе, кемитін емес. Өткен бір жарым жыл ішінде елімізде 700 заңсыз ойынхана әшкереленді.Заңсыз табыс 68,5 миллион теңгені құрап, 8 мыңға жуық ойын автоматтары, 62 рулетка, карталық ойындарға арналған 131 үстел тәркіленген. Өткен 2 жыл ішінде заңсыз ойын бизнесі саласында 85 қылмыстық іс қозғалса, осы жылдың 2 айында-ақ осыншама іс қозғалып үлгерген. 2010 жылдан бастап, онда 27 жасырын казино және 150 заңсыз жұмыс істеген ойынхананың қызметі тоқтатылды.
2011 жылы Алматы қаласында Алматы және Әуезов аудандарында жұмыс істеген бұл заңсыз мекемелерге 156 ойын автоматы, 7 электрондық рулетка және 3,5 миллион теңге алынған. Осы желінің қызметінен алынған заңсыз табыс 1,3 миллиард теңгені құраған.
3 Ойын бизнес салығын жетілдіру жолдары
3.1 Құмар ойынына қатысты орын алып отырған проблемалар
Бүгінгі таңда құмар ойынына қатысты сұрақтар елімізде басты мәселеге айналып отыр. Казинолар, түрлі ойын автоматтары адамдарды деградациялап бара жатыр. Балалар да, тіпті зейнеткерлер де ойнап, ақшаларынан айрылуда.
Қазақстандағы ойын бизнесінің пайда болғанына биыл 14 жыл. Қазір Қазақстан бойынша казиноның саны 140-тай болса, оның 37-сі Алматыда, 16-сы Оңтүстік Қазақстан облысында, 14-і Астанада орналасқан.
Қазақстандағы ойын бизнесі
қауымдастығы өкілдерінің
Қазақстанның қай саласындағы жағдай болмасын Ресейдегі жағдайға ұқсайтыны белгілі. Ал бизнес жүргізу ережелері тіл, шекара талғамайтыны анық. Біздің елде де, «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлер жетіп артылады десе артық айтқанымыз емес. Жағдайдың олай қалыптасуына себеп көп. Біздің елімізде солтүстік көршіміздегі секілді заңның жұмыс жасауы, заңды-нормативтік актілердің орындалуы көңіл көншітетін деңгейде емес. Сонымен қатар, биліктегілер елдегі жемқорлыққа қаншалық деңгейдегі үлкен соғыс ашса да, Қазақстандағы жемқорлық деңгейі әзірге төмендемей отыр. Бізде де, Ресейдегі секілді жемқорлық пен парақорлық жүйесінің арқасында істерін дөңгелетіп, соған үйреніп алған бизнесмендер жеткілікті. Әр-түрлі құрылымдарға пара беріп, жолын тауып жүрген кейбір таза емес кәсіпкерлердің саны біздің елде де жығылып артылады. Алайда, өмір бойы пара беріп жұмыс жасап, ісіңді өркендету мүмкін емес, әсіресе қазіргідей дағдарыс кезеңінде бұлай жұмыс жасау кім-кімге де өте қиын соғатыны белгілі. Жағдайдың осындай жолмен дамуы - іскер адамдарды қалжыратып, кейіннен олар бизнесін басқа, заңдары жұмыс жасайтын, ойын ережесі айқын елге көшіhіп әкетуіне апарып соқтырады. Дегенмен де, біздің елде ортаңқол кәсіпкерлердің бизнесін шетелге көшіріп немесе толығымен басқа елге көшіп кетуге көбінің жағдайлары мен мүмкіндіктері жоқ, сол себепті олар кейбір қолайсыз жағдайларға одан әрі шыдап, жұмыс жасауларына тура келеді. Қазақстанда алыс шетелге көшіп кететіндер немесе бизнесін көшіріп алып кететіндер, негізінен үлкен деңгейдегі бизнесмендер.
Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері