Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 19:39, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығының қызмет етуін жетілдіруді теориялық және әдістемелік негізін анықтау болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Вложенные файлы: 1 файл

Халитов М готовая работа22.doc

— 494.00 Кб (Скачать файл)

Елімізде «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлер көп  болған сайын мемлекетіміз зор шығынға  ұшырайды. Бұның ақыры мемлекеттің  инвестициялық тартымдылығының  төмендеуіне, мемлекеттің бизнес саласындағы  кадрлар мен менеджерлерін жоғалтуына, ертеңге деген сенімнің азаюына алып келеді. Қалыптасқан мәселені шешудің бір жолы, ол - бірігу, қолдан келетін және заңда рұқсат етілген барлық шаралар мен механизмдерді қолдану арқылы жұмыс жасау. Саралап қарайтын болсақ, ТМД көлемінде, әсіресе Ресей мен Қазақстандағы кәсіпкерлер, оның ішінде орта және шағын бизнес өкілдері қоғамдағы болып жатырған істерге және саясатқа араласудан қорқады. Негізі олай болмауы тиіс, әрине елімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын, солардың мәселелерімен айналысатын кәсіби ұйымдар мен одақтар бар, олар туралы әңгіме басқа.

Қорытындылай келгенде, Қазақстандағы кәсіпкерлер өздерінің  құқықтарын толығымен қорғай алмай  келе жатыр, әлі де болса ортақ  проблемаға байланысты біріге алмай  жүр, олардың арасында бытыраңқылық пен конформисттік, көнбістік икем басым болып тұр. Әрине, бастарына қиындық туа қалса, елдегі барлық кәсіпкерлер түгелімен Тұманды альбионға кетіп қалады деп айтуға болмайды, алайда мемлекет те, мемлекетпен қатар кәсіпкерлер де бірігіп, мейлі ол үлкен, орта немесе шағын бизнес болсын қалыптасқан мәселелерді тізе қоса отырып талқылауға, шешуге тырысулары керек, ең негізгісі, отанымыздың іскер ортасында Ресейдегі Дмитрий сияқты «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлердің түбегейлі түрде болмауын қамтамасыз етудің амалдарын іздеу.

«Соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша  заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына  тыйым салынды, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілгені белгілі. Десек те, менің атыма Қызылорда қаласы тұрғындарынан арыз-шағымдар көптеп түсуде», - депутат өз сауалында. - Ата-аналар балаларының тағдыры үшін қатты алаңдаулы. Олардың мәлімдеуінше, «интернет-клубтардың» атын бүркенген кейбір айлакер кәсіпкерлер ауылдарда балалардың арасында интернет арқылы нақты ақшаға «оn-lіnе» құмар ойындарын ұйымдастыруда. Бір ғана Қызылорда қаласында осындай 100-ден астам интернет клубтар бар.

Расында да ата-аналардың  алаңдаушылығы орынды. Олардың арыздарына орай облыстық қаржы полициясының жүргізген алдын алу шаралары барысында облыс орталығындағы бірқатар интернет-клубтарда компьютерлермен әр түрлі құмар ойындар нақты ақшаға ойнатылып жатқаны анықталған. Ондай ойындарға көп баратындар балалар екені белгілі. Демек, мыңдаған баланың тағдыры таразы басында тұр деген сөз. Бұл жағдай жасөспірімдердің психологиясына кері әсерін тигізуде. Құмар ойынға тәуелділік наша мен маскүнемдікке тәуелділіктен еш қалыспайды.

Интернет-клубтар арқылы құмар ойындар ұйымдастыру бүкіл  Қазақстанға тән өзекті мәселе болып отыр. Оны көлеңкелі бизнес өкілдері түсінгісі де келмейді. Сонымен қатар қазіргі күні Қазақстанда спорттық покердің атын бүркеніп, құмар ойындардың жаңа түрлері ұйымдастырылып жатқаны жасырын емес.

Қаржы полициясы органдары  тарапынан Астана және Алматы қалаларында астыртын казинолардың қызметіне бүркеме ретінде қолданылған спорттық покер ойыншылары мен әуесқойларының бірнеше бірлестігі, тіпті оның республикалық федерациясы анықталған дерек те бар. Осы құмар ойын Астана, Алматы қалаларын былай қойғанда, облыс орталықтарының өзінде өрістеуде.

Соңғы жылдары компьютерлік бағдарламаларды қолданатын заңсыз лотерея ойындары да көбейіп кетті. Ол лотереялар бірде-бір құмар ойын түріне жатпайтын, ұтыс көлемі алдын ала белгісіз, техникалық құралы казиноның әдісімен жасалғаны белгілі. Өкінішке қарай, бұл жағдайды тексерушілер мен бақылаушылар ғана көрмей отыр.

Көріп отырғанымыздай, интернет-клуб иелері мен спорттық покер ұйымдастырушылар «Ойын бизнесі туралы» Заңды  өрескел бұзып отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдау қажет,

Жалпы ұлттық құндылықтардың пайдасын сөз жүзінде емес, іс жүзінде  көрсетуде баспасөз де кәсіпкерлермен бірге белсенді атсалысады. «Асахи», «Йомиури», «Майничи» басылымдары Го турниріне демеуші болуда бизнесмендермен бәселекес деуге болады. Кисэй, Мэйдзин, Хонинбо титулдары үшін жыл сайын өткізілетін дүниежүзілік және жергілікті жарыстарға қомақты қаржы бөлінеді. Кисэй титулының жүлдесі 32 милион, Мэйдзин 25 миллион, Хонибо 22 миллиониен. Сегіз мың данамен күнде шығатын Асахидің бас редакторы Канамару Фумио кезінде Иранда тілші болған кезінде Гоның мастері болған. «Toshiba Japan» компаниясының директоры Доко да білгір ойыншы ретінде танылған. Ол кейін «Жапон экономикалық ұйымдарының федерациясын» басқарған көрнекті экономист. Ал «Мицубиши» компаниясының жетекшісі Манихара жалпыұлттық Го клубын басқарған.

Ал бизнесті го ойынындағы үйлесімділік деп білетін Ясуюки Миура бизнес самурайы екендігін  қай елде жүрсе де ұмытпаған. 1989 жылғы 13 қазанда АҚШ-та өткізілген стратегиялық менеджмент жөніндегі конференцияда ол АҚШ өндірісіндегі самурайлар деген тақырыпта баяндама жасаған. Ол шет ел кәсіпкерлерінің алдында ата баба салған сара жол жайында жан-жақты әңгімелей келіп, өзінің самурайлық деңгейіне былайша баға берген: «Менің бабам — толыққанды самурай. Атама оның 50 пайыз қасиеті жұққан. Ал әкемнің самурайлығы 25 пайызы болса, менің самурайлығым 12,5 пайыз». АҚШ-тағы самурайлар дейтін себебім, жапон кәсіпкерлері АҚШ өнідірісіне көп жылдар бойы үлес қосқан. Мысалы, Ясуюки «Japan Airlaines» компаниясын басқарған кезінде дүниежүзінің отыз екі ірі қаласында (оның ішінде АҚШ қалалары да бар) «Nikko» деген қонақүйлер желісін салдырған. Сан-Франциско, Чикаго, НъюЙорк, ЛосАнджелес, Мехико, Атланта сияқты американ шаһарларында бой түзеген «Nikko» қонақүйлерін Ясуюки жапондық үлгімен салдырған. Еуропа- америкалық стандартты ескере отырып, Шығыс дизайнын назарда ұстаған жапон кәсіпкері өз бизнесі арқылы да ұлтының ерекшеліктерін өзге елдерге танытқан. Америкадағы «Мейрамханалар мен қонақүйлер дизайны» деген журнал Сан Францискодағы «Nikko» туралы «Шығыс пен Батыстың жүздесуі» (авторы Майкл Уэббс) деген мақала жарияланды.

Ясуюки Мехикодағы «Nikko»  қонақүйінің бір мейрамханасына Бэнкай деген ежелгі дәуір самурайының атын қойған. Әр қонақүйінің ашылу салтанатында жапон әнұраны ойналып отырған. 1984 жылдан АҚШ-тағы «Nikko Hotel International» компаниясының Президенті болған Ясуюки сегіз жылда алты қонақүй салдырған. Өлең жырға жаны жақын бизнесмен еліне оралған соң кәсіпкерлік кезеңін өлеңмен өрнектеп, қағазға түсірген «Ген Токухо» (1347), «Кандзу Фу» (1690) және Ан Геньшоның «Генген го кио» тәрізді  ежелгі әдебиетті түпнұсқадан оқып, көне аңыз-әңгімелерді  шет елдік әріптестерін әңгімелеп жүру елін сүйген экономисттің ғана қолынан келер. Ұлттық әдебиеттің тереңінен нәр алған жапон бизнесмендерінің бүгінгі жетістігі жеке мүдде емес, жалпы ұлттық мұратқа негізделгенін көріп отырмыз.

 

 

3.2. Қазақстан Республикасында салық салуды жетілдіру жолдары

 

 

Соңғы 20 жыл ішінде мемлекет салық  жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін  жетілдіру жолдары шексіз, өйткені  қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы  бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен  шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.

Салық әкімшілігі – салықтардан  кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек  деген деңгейге әлі жеткен  жоқ.

Салық жүйесінде әлі күнге дейін  нашар жиналатын салықтар көлемі өте үлкен көлемде, ол кәсіпорындағы шаруашылық қызметін нашарлатады, бұл өз кезегінде бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.

Мемлекеттік мүлікті түгендеу процесі  өте баяу жүруде, дегенмен бюджеттік  ұйымдардан жасырынатын, яғни салық  төлеуден жалтарынатын қарапайым коммерциялық ұйымдар жиі кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы салық  саясатын жетілдіру мақсаттары қандай? Бұл өте маңызды сұрақтардың  бірі болып табылады. Орта мерзімді дамуда – бұл экономикадағы салық  жүктемесін төмендету, мемлекеттік  міндеттемелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешуде қаржы ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәуелділігін төмендету, мемлекеттік қаржыларды басқаруды құру және бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Салық реформасы салық төлеушілерге салық ауыртпашылығын төмендетуге, салық жүйесін жеңілдетуге, салық  салу шарттарын реттеуге және салық  әкімшілігінің сапасын жоғарлатуға  бағытталған. Салық төлеушілер тиімді сот механизмдерінің көмегімен  салық және кеден инспекторларының озбырлығынан қорғануы тиіс. Сонымен қатар салық төлеушілер салықтарды уақытында төлемегенде, жауапкершілігі қатаң түрде болуы керек.[23]

Жалпы алғанда еліміздің салық  жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары  болып мыналар табылады:

  • салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • салық жүйесін максималды түрде ықшамдау;
  • салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу;
  • салық прессингін  әлсіздендіру;
  • салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету;
  • тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру;

Соңғы жылдары нарықтық экономикасы  дамыған мемлекеттерде тікелей  салықтарға өте үлкен көңіл бөлінеді, ал жанама салықтарға бағдарлану мынаны куәландырады: яғни әкімшілігінің тікелей  салықтарды жинаудаға тиімді салықтық бақылауды ұйымдастырудың қабілетсіздігі.

  1. тұрақты салық салынатын базасы бар мүлік салықтарының рөлін күшейту;
  2. салықтарды төлеумен есептеудің тәртібін  жүзеге асыратын салық заңдарымен басқа да заңдарды сәйкестендіру;
  3. шаруашылық субъектілерінің нақты шығындарымен олардың өндірістік қызметімен байланысты салық салудың максималды есебі;
  4. жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын жетілдіру;
  5. инфляциялық процесс есебі мен салық салудың икемді шәкілін талдау;
  6. салықтарды төлеу кезінде еркінділік принципін дамыту;

Яғни бұның негізгі ажыратылмайтын бөлігі салық төлеушілерге уақытында  салық заңдарының өзгеруі жөнінде  хабарлауы, салықтарды төлеу және есептеу  туралы консультациялық қызметтер  көрсету болып табылады. [24]

Сонымен бірге айта кету керек, көп  мөлшердегі негізгі сомалар салық салудан және салық төлеушілердің әр түрлі банктерде көптеген шоттарды ашу кезіндегі салық органдарының бақылауынан шығады.

Қазақстанда мемлекеттіміздің экономикасын өркендетіп, шаруашылықты дамытатын  салық жүйесі керек.

Солардың бірі – салық жүйесінің тұрақтылығы. Салық жүйесінің тұрақтылығы – экономиканың дамуының негізгі кілті болып табылады. Салықтарда тұрақтылық және қозғалмалылық түсініктері бір мезгілде қатар жүреді. Неғұрлым салық салу жүйесі тұрақты болса, соғұрлым кәсіпкер өзін сенімді болып сезінеді. Яғни кәсіпкер қаржылық операциялардың, өткізілген келісімдердің және басқа да шаруашылық шешімдердің жүзеге асыру нәтижесі қандай болатынын алдын-ала және толық  нақты түрде есептей алады.

Белгісіздік -  кәсіпкерліктің жауы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда тәуекелдікпен тығыз байланыста болады. Егер тұрақсыз нарықтық конюнктураға салық жүйесінің тұрақсыздығы ставкалардың салық алу шарттарының шексіз түрде өзгеруі қосылса, онда тәуекелдік деңгейі екі есе үлкейеді.[25]

Сонымен қатар алдағы кезеңде салық  салудағы ставкалармен шарттардың қандай болатынын нақты білмей, бюджетке түсетін табыстар бөлігі мен кәсіпкерге түсетін пайда мөлшерін анықтау  мүмкін емес.

Салық жүйесінің тұрақтылығы салықтар құрамын,  ставкаларын, жеңілдіктерін,  санкцияларын өмір бойы тұрақтандыруды білдірмейді. Яғни салық жүйесінің  бір қалыпта  болуы мүмкін емес.

Салық салудың кез келген жүйесі қоғамдық құрылыстың сипатын, мемлекеттік  экономикалық жағдайларын, әлеуметтік-саяси  жағдайлардың тұрақтылығын, халықтардың өкіметке деген сенімділік деңгейін бейнелеп көрсетеді.

  Салық  жүйесінің  құрамы,  яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және тағы басқалары  бірнеше жыл  ішінде тұрақты болып тұруы керек. мемлекет өзінің нақты тәуелсіздігіне, бір жағынан қоғамының бір қалыпты жан-жақты дамуын, халықтың әл-қуатын, ел қазынасына салықтың түсімдерді және мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайының күшеюін қамтамасыз ететін, екінші жағынан шаруашылық жүргізуші субьектәлердің кәсіпкерлік қызметке деген ынтасын төмендейтін салық салу жүйесінің мықты механизмін құру арқылы қол жеткізеді.

  Жаңа экономикалық жағдайларды  мемлекеттің қазынасына түсімдедің  сенімділігін қамтамасыз ететін  және сол уақытта өндірістің  дамуын жан-жақты ынталандыратын салық механизмін енгізу мәселесін шешу үшін, тиімді жұмыс істейтін салықты басқару жүйесі қажет.

  Салықты басқару жүйесі туралы  шешім қабылдағанда, ең бастысы  олардың сапасына назар аудару  керек, өйткені бұдан салық  төлеушілердің салықты толық және уақытылы соңғы нәтииесі тәуелді.

   Бұл шешімдердің сапасы  оларды дайындағанда және қабылдағанда  келесі талаптардың орындалуы,  не орындалмауына байланысты:

  1. Ғылыми негізделім. Басқару шешімдерінің дайындылымы мықты ғылыми-теориялық негізде , Республиканың ұзақ мерзімдіқаржы – бюджеттік саясатына, экономика дамуының индекативтік жоспарымен және оның ағымдық жағдайына сай, нарық талаптарын , салық салудың отандық және әлемдік тәжірибесін есепке аоа отырып жүзеге асыру керек.
  2. Мақсаттылық, сапалық және көлемдік анықтылық, Басқару шешімдері, салыстырмалы сапалық және көлемдік көрсеткіштермен белгіленген, күш пен қаржының ең аз шығынын және жаңа әдіс – тәсілдерді керек ететін нақты белгіленген мақсаттарға жету үшін қабылданады. Ол юолжауды , жоспарлау мен салықты басқару процесін жақсартуды , оған керекті өзгертілімдерді енгізуді, жаңа басқару шешімдерін дайындауға қажетті мәліметтердің уақытылы жиналуын, жүйелендірілуін , сарапталуын ұзақ мерзімді сақталуы мен машиналық өңдеуге келуін қамтамасыз етуі қажет.
  3. Оңтайлылық. Оңтайлылық талабының жағдайлары , салық салудың түгелдейін және әрбір салықтың әлеуметтік – экономикалық орындылығының критерилеріне ең тиімді сай келетін әр шешімді қабылдағанда белгіленеді.
  4. Өз уақыттылық. Бұл факторды «қажетті кақытқа қажетті шешім» формуласымен сипаттауға болады. Кең мағынада бұл, процестің жалпы заңдылықтары мен мән – мағынасының байланыстарын біліп, оны басқаруға сәйкес шешім қабылдауы керек деген сөз. Бұл жағдайда, процестің өтіп жатқан күйін толық біліп, ол үшін бір жағынан әрі қарай баяулатуға болмайтын, екінші жағынан оны тиімді жүзеге асыру мен дамытудың алғышарттарының барлығы пісіп жетіліп және оған әсер ететін жағымсыз факторлардың мүмкіндігі әлсіз болып тұрған уақытын дұрыс таңдай білу дегенді білдіреді. Көбінде, басқару шешімін өз уақытында қабылдау, басқарып отырған обьектілердің күйінен, нақты әлеуметтік – экономикалық жағдайлардан, шешімді сипалы дайындау мен орындауға қажетті орындаушының қолында бар уақыт резервісінен тәуелді. Салықты басқару мәселелеріне қатысты шешімдерді уақытылы қабылдау, салық заңдылығының немесе нормативтік актілерді іске қосудың , орындаудың, не күшін жоюдың бекітілген директикалық мерзімін сақтау деген сөз.
  5. Кешенділік. Салық қызметінің жұмысы, басқарым шешіміне ықпал ететін және оның мүмкін болатын нәтижелерінің барлық факторларын кешенді түрде есепке алуы  қажет, оның үстіне салық жүйесіне кіретін салықтардың жұмысы , әсірісе салық төлеушіге жүктелетін бөлігі, салық ауыртпашылығының жалпы қиындықтарының ішінде кешенді түрде қарастыруы керек.
  6. Шешімдердің ынталандырушы қасиеті. Осы не басқа шешімнің ұтып кеткендігінің себебін көрсетеді. Оның мақсаттылықтан айырмашылығы соңғы нәтижені көрсету еместе, яғни ол соңғы нәтижені көрсетпейді, өйткені ол шешімді қабылдаудың негізіне жатқан факторлар мен жағдайларды көрсетеді.
  7. Икемділік. Нарық экономикасы дамуының динамикасы , оған тән өндірістің үнемі диверсификациясы және онымен байланысты салық қатынастары , болып жатқан процестерге салықты басқару субьектілерінен кешікпей, ал кейде өте жылдам көңіл аударуды , осымен байланысты туған қиын мәселелерді қарастырудың икемді тәсілдерін талап етеді. Салық заңнамасының өзі де бірқалыпты бола отырып , оның баптарының, тараулары мен бөлімдерінің екі түрлі түсіндірмесін болдырмай , оның тұтастығы мен өзіне тән қағидалары мен бұзбастан кез – келегн уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік беруі қажет.
  8. Құқықтылық. Салықта басқару туралы әр шешім қабылданаған заңдараға оның ішінде салық заңдарына толығымен сәйкес келуі керек, ел егер басқа елдердің өкілдері мен халық аралық ұймыға қатысты болса, онда халықаралық құқық пен халықаралық келісімшарттардың да талаптары бұзылмауы керек.

Информация о работе Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері