Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 16:34, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан салық саясаты, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару әдістері, іскерлік белсенділік түсінігінің теориялық жағынан негізделуінің жетіспеушілігі, оған салықтық әсер ету факторларының теориялық жағынан нақты зерттелмегендігі, кәсіпкерліктің дамуын ұстап отырғанын айғақтайды. Яғни іскерлік белсенділік ұғымының өзі жеткілікті теориялық өңделіп болмаған, ары қарай өңдеп, зертеуді қажет ететін құбылыс бұл.
Маңыз аударатын мәселе, «іскерлік белсенділік» түсінігіне нақты бір анықтама жоқ, сондай-ақ іскерлік белсенділікті слықтық реттеу немесе іскерлік белсенділік – салықтық реттеудің тікелей немесе кері байланыс жүйесінде қарастырылмауы, олардың тиімділігін бағалаудың жоқтығы қазіргі таңда оырн алып отырған өзекті мәселелердің бірі десек қателеспеспіз. Іскерлік белсенділік – салықтық реттеу жүйесінде даму реттеу проблемелары шешілмеген.

Содержание

Кіріспе
3
1 Іскерлік белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық мәні
5
1.1 Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалауы
5
1.2 Іскерлік белсенділікті мемлекттік реттеу жүйесіндегі
салықтардың алатын орны

12
Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу бойынша шетел тәжірибесі
18
Салық салу жүйесінің іскерлік белсенділік деңгейіне тигізетін әсерін
талдау

26
2.1 Салықтардың ынталандырушылық қызметін талдау
26
2.2 Қазақстанда іскерлік белсенділікті салықтық реттеу динамикасы
31
2.3 Тиімді салық механизмін құру қағидаларын талдау
39
Іскерлік белсенділікті реттеудің тиімді салық механизмін
қалыптастыру

47
Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін
факторлар .

47
3.2 Салық салуды жетілдіру арқылы іскерлік белсенділікті арттыру
55
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65

Вложенные файлы: 1 файл

ІСКЕР БЕЛСЕНДІЛІК.doc

— 556.00 Кб (Скачать файл)

Экономиканың толқынды қозғалысы туралы ойды он тоғысыншы  ғасырдың екінші жартысында Виллар Виллипс  айтқан болатын. Американ экономисі  әрі әдебиетшісі ойын былай келтіреді: «іскерлік әлемде өзінің өрлеу және төмендеу кезеңдері болыр тұрады, соған орай өндірісті кейбір уақыттарда тежеп, дағдарыстың алдын алса қоғам да аз зардап шегер еді». 1983 жылы ағылышн Джон Вейд (Орта және жұмыс кластарының тарихы) «сауда циклы» терминін, өрлеу және дағдарыс ұғымдарын қолданды. Ол сауда циклі бес, жеті жыл болады және өрлеу мен дағдарыстың алмасуы өткен жетпіс жылдың ішінде болып отырған дейді.

1837 жылы Самуель Джонс  Ллойд циклді былай түсіндірген  : «біз сауда жағдайы деп атайтын  құбылыстың тарихы мағыналы  (поучительно), бұл құбылыс қайталанып отыратын әр түрлі жағдайларға тап болады, сауда циклдің берік орналасқан формасына айналады». Алғашқыда біз оны баяу жағдайында байқаймыз, одан кейін жақсару жағдайында – сенімнің артуы – гүлдену – толқу (возбуждение) - өте кеңеюі – қобалжу(потрясение) – қысылуы (угнетенность) – тоқырау-құлдырау (бедствие). [7, 11б.]

1925 жылы Н.Д. Кондратьев  экономикалық циклдар концепциясын  тұжырымдады. Ол конъюнктураның  үш үлкен циклының, конъюнктураның төмендеу және өсу толқындарын, олардың уақыты мен интенсивтілігін және шамамен жарты ғасырда алмасып отыратындығын көрсеткен. И. Шумпетер, Г. Менш, Я. Ван Дейн, А. Кляйннехт және басқа да ғалымдар зерттеулері ірі жаңалықтарда (изобретение), базистік жаңа енгізулерде, өнеркәсіп динамикасында толқындық қозғалыстардың (волнообразные колебания) болатынын дәлелдеген. Кондратьев осы мәселелерді зерттей келе үлкен экономикалық циклдарды дамытуға төрт дұрыс мәселені көрсетеді:

  1. Әрбір үлкен циклдың басталарының алдында және басында қоғамның экономикалық өмірінде терең өзгерістер болады, бұл өзгерістер техниканың өзгеруіне (техникалық жаңалар мен ашылулар), әлемдік экономикалық байланыстарда жаңа елдердің енуінде, алтын өндірісінің және ақша айналысының өзгеруінен қатар табады.
  2. Әрбір үлкен циклдің жоғарылау толқындарына әлеуметтік төңкерістердің көп бөлігі тап келеді (соғыстар, революция);
  3. Әрбір үлкен циклдің төмендеу толқындарына ауыл шаруашылығының
  4. Күрт және ұзақ құлдырауымен қатар жүреді;
  5. Үлкен циклдардың жоғарылау кезеңдерінде орта капиталистік циклдар құлдыарудың қысқалығымен және көтерілудің интенсивтілігін сипатталады. [8, 399 б.]

Қазіргі таңдағы іскерлік цикл бұл іскерлік белсенділіктің қайталанып отыратын тарылу және кеңею кезеңдерінің үздіксіз емес жүйесі.

Оны толық бір ұғым ретінде талдауда экономистер біріншіден оның құрамын алшақ кетіп оны жалпы анықтамамен екі тармақта, екі соңғы нүктеде қарастырады. Екіншіден, олар бірнеше факторлардың анықтамасы әртүрлі өзгерістер тудыратынын қарастырады. (мысалға Самуельсон-Хикс молделі)

К.Р. Макконел және С.Л. Брю  іскерлік белсенділіктің төмендеуі мен көтерілуін нарықты зерттеу мен игеру, инновациялық саясат жүргізу, инвестицияларды қысқарту немесе өсіру, табыс пен өндіріс көлемін өсірумен қатар қарастырады. [9, 154 б.]

АҚШ-тың экономикалық талдаулар Ұлттық бюросының зерттеушісі Ронни Нильсон іскерлік белсенділіктің циклдерін экономикалық және қаржылық динамикалық көрсеткіштердің деңгейін көтерілуі немесе төмендеуі фазаларының мерзімді қайталанып отыратын кезектілігі деп қарастырады.

Іскерлік циклдің мәнін  нақты түсіну үшін іскерлік белсенділікке қандай факторлар әсер ететіндігін анықтау керек. Мұндай факторлар жүйесіндебірыңғай әдіс жоқ. Әртүрлі бағытта қарастырп көрейік (1-кесте). Әртүрлі теорияларда бұл туралы қарастырылады, бірақ олардың ешқайсысы да әмбебап емес. Әртүрлі теорияларды қолданып үйлестірген жөн мұндай жағдайда.

Мысалға, 1990 жылдары Россияда экономиканың барлық секторлары мен  салаларында іскерлік белсенділіктің мониторингі жүйесі қалыптасқан. [10, 4 б.] Бірақ ұлттық шоттар жүйесін енгізу іскерлік белсенділікті анық көрсетудегі мәселелерді бірнеше себептерге байланысты шешпейді.

Біріншіден, ЖІӨ статистикасы экономикалық іскерліктің біраз  негізгі компоненттерін ескермейді. Ұйымдастырылған нарықта болып  жатқан іскерліктің көп бөлігі статистикадан  шет қалады, мысалы, үй шаруашылығының өнімдері. Сондықтан да еңбек шығындарының көлемі мен өзіндік шынайы көлемі төмен болып көрсетіледі.

   

Екіншіден, ЖІӨ ге көлеңке  экономика жатпайды, яғни ресми органдардан  өнімдер мен табыстар, заңсыз қызметтерді  жасыру (есірткі өндіру мен сату, жасырын казинолар, контробанда т.б.). мысалға Рсейде, көлеңкелі айналыстың үлесі 40 пайызды құрайды екен.

Үшіншіден, заңды экономиканың деңгейін өлшеудің өзі толық статистикалық  есептердің бола тұруына қарамастан қиын процесс.

Іскерлік белсенділікті оның деңгейін көптеген дамыған елдерде тексеріп отырады (1 – кесте).

 

Кесте 1

Іскерлік белсенділікке  қатысты теориялар

Іскерлік цикл теориясы

 

Өкілдері

Негізгі тұжырымдары

Монетарлық бағыт

М. Фридман

Экономикалық цикл ақша және несие  ұсынысының қысқаруы немесе өсуі сияқтықұбылыстармен байланыстырылады.Жиынтық сұраныстың өзгеруіне ақшалай факторлар әсер етеді

Саяси теория

В. Нордхаус,

Э. Туфтэ

Мемлекет қайраткерлерінің ақша несие  және бюжет саясатын өзінің қайтадан сайлануы мақсатында қолданылуы

Тең салмақты экономикалық цикл теориясы

Р.Лукас,

Р. Бардо,

Т. Сорджент

Бағалар мен жалақының толқынысын дұрыс қабылдамағандықтан жұмыс  күші нарығында не дефицит не артықшылық пайда болады, ал ол өз кезегінде  өндіріс пен жұмысбастылықта  циклдік өзгерістер тудырады

Шынайы экономикалық цикл теориясы

И. Шумпетер,

Д. Кондратьев,

Е. Прескотт,

П. Лонг,

Ч. Плоссер

Инновациялар немесе секторлардың біреуінде өнімділіктің күрт өзгеруі  бүкіл экономикалық жүйеге таралуы  мүмкін және өз кезегінде толқыныстар  тудыра алады. Экономикалық циклдарды жиынтық ұсыныстың өзгеруі емес жиынтық сұраныстың өзгеруі туындатады.

Ұсыныстың салдары (шоки предложения)

Р.Дж. Гордон

Бұл жағдайлар  іскерлік белсенділік циклының себебі жиынтық ұсыныстың өсуі болатын кезде орын алады. Мысалы, АҚШ-тағы 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс, ол кезде мұнай бағасының күрт өсуі жиынтық ұсыныстың төмендеуіне, инфляцияның өсуіне, шығырылатын өнім көлем мен жұмысбастылықтың төмендеуіне әкелген




 

 

 

 

Кесте  2

Іскерлік белсенділіктің деңгейі бойынша экономикалық мазмұны

Іскерлік белсенділіктің деңгейі

Мазмұны

Типтері

Жеке іскерлік

белсенділік

Адам қасиеті және осы қасиеттің  мобильділікте, инициативада, интелектуалды қабілеттерінің көрінуі

Дәстүрлі тип, амалсыз іскерлік белсенділік, пассивті бейімделетін субъектің іскерлік белсенділігі, жылдам бейімді субъектінің шартты іскерлік белсенділігі

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі

Кез келген таурды өндірумен және нақты бір қызмет түрін көрсететін нақтыланган экономикалық іс әрекет немесе кәсіпорынның экономикалық өсуіне ықпал ететін іс-әрекет жиынтығы

Микродеңгей-сандық баға

Макродеңгей-сапалық баға

Интегралды іскерлік белсенділік

Жүйенің толық шектерінде, ұлттық экономика деңгейінің тұрғысынан іскерлік бнлсенділіктің жалпы тиімділігі

Секторлар бойынша:нақты сектордағы іскерлік белсенділік, ақша нарығындағы іскерлік белсенділік


 

Тексеру нәтижелерін  түсіндіруге көмектесетін тексеру  бланкасын жасауда, выборкаларды қалыптастыруда, ақпараттарды жинау және өңдеу жүйесін  ұйысдастыруда, қарапайым және күрделі  индекстер шығаруда, экономикалық серіетестік және даму (ЭСДҮ) ұйымына кіретін мүше мемлекттер қалыптастырған және қолданатын методология қолданылады.

Мұндай тексерулер мақсаты  қысқа мерзімді экономикалық өзгерістер бойынша шұғыл ақпараттар жинау, өнеркәсіп кәсіпорындарының экономикалық белсенділік циклі бойынша мониторинг және болжамдар жасау.

Дәстүрлі статистикаға қарағанда іскерлік белсенділікті  тексеру (обследование деловой активности) қоғамдық пікірді зерттеуге негізделген. Жиналған ақпарат нақты жағдайды көрсетеді, және болашақ уақытта болжам көрсетеді. Мұндай тексерулер өндірістік күштерді қолданудың болжам бағалануы, өндіріс өсуін шектейтін факторларды бағалау, жалпы экономикалық жағдайларды бағалау сияқты мәселелерді ескере отырып, кең ауқымды ақпараттарды жинақтайды.

Тексеру мәліметтерін түсіндіру (интерпретация) және қатар қою үшін индекстердің екі типін қарастырады:

  • өзгерістер индексі. Мұнда үш жауаптың біреуі берілетін сұрақтар үшін баланс (проценттік сальдо) қолданылады. Ол оң және теріс жауап пайыздарының арақатынасымен есептеледі. Өзгерістер индекстері нольдік белгіден төмен де жоғары да ауысып тұрады, мұнда оң индекс экономикалық қызметтің көтерілуін білдіреді, ал нольдік белгіден алшақтау көтерілудің өлшемін (величина) көрсетеді. Осылай, өзгерістер индексі өзгерістердің бағыты мен өлшемін көрсетеді.
  • кәсіпкерлік сенімдік индексі. Бұл индекс үш сұраққа жауаптың нәтижесірақылы анықталады. Олар күтілетін шығарылым (выпуск), нақты сұраныс, дайын өнімнің ағымдағы қалдықтары туралы сұрақтар. Осылай әрбір көрсеткіштің өсуі немесе төмендеуін белгілейтін баланстардың орташа арифметикалық мөлшері шығады. Индекс оң белгісі экономикалық қызметтің өсуін, ал теріс белгісі оның төмендеуін көрсетеді.

Мұндай әдістер экономикалық серіктестік және даму ұйымының 22 елінде экономиканың өңдеу салаларында таңдамалы тексерулерді ұйымдастыру (выборочное обследование) қолданылады. Бельгия, Германия, Греция, Нидерланды, Испания, Швецарияда тексерулер ай сайын жүргізіледі, ал Канада, Япония, Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Финляндия, Швецияда тоқсан сайын жүргізіледі, Франция, италия, Ұлыбританияда негізгі тексерулер ай сайын, ал кеңейтілген тексерулер тоқсан сайын жүргізіледі.

Аталған мемлекеттердің 801 пайызын ақпарат көзі болып  кәсіпорындар табылады.

Мысалға АҚШ-та NEW YORK TIMES BUSINESS INDEX деп аталатын индекс қолданылады, бұл салалық индекстердің анағұрлым маңызды жүйесін құрайтын өлшенген күрделі индексті білдіреді. Оны есептеу үшін өткен аптаның жылдам мәліметтерін қолданады.[11, 4 б.] Бұл индекс негізгі бес компоненттерден тұрады: теміржол жүк тасымалы, мыс өндірісі, электр энергиясын шығыру, құрылыс картонын және полиматериалдар өндірсі. Бұл индекс «Нью-Йорк Таймс» газетінде 1929 жылдан бері анықталады.

Іскерлік белсенділік  деңгейін бағалау, оның өзгеріс жағдайын түсіндіружәне болашақ жағдайы туралы болжам жасау тек қана конъюнктурасның тұрақты және тұрақты емес (сезонные, циклические) толқулары бар, толқымалы жүйе деп қарастыратын жағдайында ғана мүмкін болады. Толқымалы процестер әдетте қалпына келеді. Сонымен қатар қоғамның экономикалық өмірінң динамикалық процесінде іскерлік белсенділікті басқару моделіне кездейсоқ құрамдастар ретінде кіре алатын қалпына келмейтін тенденциялар да бар (необратимые тенденции).

Ұлттық шаруашылық жүйесі деңгейіне іскерлік белсенділікті басқару мемлекеттің міндеті болып табылады және антициклы шаралар жүйесі формасында болады. Төмендеу фазасында мемлекет салық ставкаларын төмендетеді, жаңа инвестицияларға салықтық жеңілдіктер береді, жедел амотизация, мемелекеттік шығындарды өсіру саясатын жүргізеді. Нәтижесінде, жиынтық сұраныс өседі, ары қарай өндіріс те өседі, жұмыссыздық деңгейі төмендейді және т.б. оң өзгерістер орын алады.

Экономикалық конъюнктураның көтерілуі жағдайында мемлекет тежеу (сдерживание) саясатын жүргізеді, яғни салық ставкасын өсіреді, мемлекеттік шығындарды қысқартады, амортизациялық саясатта шектеулер қояды. Нәтижесінде, сұраныс пен сатып алу төмендейді және экономикалық белсенділік төмендейді. Осы кезеңде ссудалар бойынша пайыздық ставкалар өсді, банктің несие ресурстарының қысқаруы оын алады. Тиісінше циклдық құбылыстарды жұмсарту шаралары нақты сол уақыттағы экономикалық конъюнктураның толқыныстарына қрсы бағытта жүруі керек.

 

 

    1. Іскерлік белсенділікті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі салықтардың

              алатын орны.

 

 

Теориялық зерттеулер мен  Қазақстанның және басқа да шетелдердің  практикалық тәжірибесі нарықтық экономиканың қалыптасуына және оның тиімді қызмет етуіне мемлекеттің орасан зор ролінің  басым екенін көрсетіп отыр.Мемлекеттің  экономикаға аралспауы қағидасы жоғары тратын мемлекеттердің өзінде (мысалы,АҚШ) мемлекет халық шаруашылығының дамуына орасан зор әсер етеді. Бұл мәселеге Р. Фриш (Норвегия), Я. Тинберген (Нидерланды), у. Беверидж (Англия), Дж. М. Кейнс, У.К. Митчелл және К. Лапдауер (АҚШ) сияқты экономист ғалымдар зерттеулерін арнады. Бұлардың идеялары әсіресе Францияда индикативті жоспарлауының негізін қалаған.

Мемлекеттік реттеу факторлары кешенінде салық салудың ролі ерекше. Салықтар фискалдық функциясы  арқылы мемлекет қазынасын толтырудың негізгі көзі болып табылады. Олардың басқа негізгі функциясы экономиканы мемлекеттік реттеуден көрінеді. Салық саясатының құралдарымен (рычаги)мемлекет экономикалық өсуді ынталандыра отрып, шаруашылық конъюнктурасының жағдайына әсер етеді.

Салықтық жүктеменің дәрежесі мемлекеттің өз функциясын орындау үшін екректі табыстарды алу мүддесін де, сонымен қатар іскерлік белсенділік деңгейінің субъективті факторы болып табылатын өндірісті дамыту мен кәсіпкерлік пайда табудағы салық төлеушілердің де мүдделірін ескеруі қажет. Салық салу процесінде екі жақтың да мүддесі ескерілетін салық салу жүктемесінің оптималды мәні туралы сұрақ туындайды. Бірақ тиімді салық салу шегінің қайда жатқанын нақты айту қиын. Француз философы Ш . Монтесье өз уақытында салықтар туралы «қол астындағылар қай бөлігін алып, қанша бөлігін қалдыру өте зор ақыл мен даналықты етеді» деген. [12, 433 б.]

Он тоғызыншы ғасырдағы  орыс экономисті Н.Н. Янжул салық  жүктемесі туралы мәселені қарстыруда «салықтық мәселелердің барлығы  салық салудың екі шекарасы – мемлекет қажеттілігі және азаматтардың мүліктік қабілеттілігі арасында туындап, жүзеге асады» деген. Осы екі бастаудың күресі қаржы тарихында үлкен із қалдырған дейді. [13, 27 б.] Кейіннен С. Ю. Витте « мемлекет салықтар көмегімен өз саясатында білгілі бір этикалық, экономикалық бастауларды негізге алу керек, керісінше болса, халыққа аса ауырлық түсіре отырып ол, өзінің өмір сүру мәнін жоғалтар еді» деп көрсеткен. [14, 55 б.]

Нақты бір салық жүйесінң оптималдылығы оның жүзеге асуы салық  салу процесінде екі жағы – мемлекет пен төлеушілер мүддесі арасында компромисс бола ала ма, жоқ па осыдан көрінеді. Оптималды құрылған салық жүйесі қаржы ресурстарымен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай (фискалдық ыункциясын жүзеге асыру), салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметте стимулын да түсірмеу керек, шаруашылық жүргізудің тиімділгін арттырудағы жолдарды ізденуге (реттеушілік функциясын жүзеге асыру) кедергі келтірмей, керісінше іскерлік белсенділікті көтеру керек.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін шектейтін факторлар