Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 12:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі.Қазіргі таңда психология және педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
1 Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негіздері
1.1Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалау мәселелерінің зерттелуі.....................................................................5-13
1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.........................................................................................................14- 23
1.3Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау................24- 30
2 Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық өзгешектерінің мәні
2.1 Оқушылардың оқыту процесінде бағалаудың әдістемелік мәселелері.........................................................................................................31-35
2.2 Мотивация және белсенді оқыту – бағалаудың негізі ретінде.............36-41
2.3 Танымдық іс-әрекеттер ерекшеліктерінің білім сапасын бағалаудағы орны..................................................................................................................42-45
3Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу..............................................................................................................46-73
Қорытынды....................................................................................................74 -77
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Мазмұны2356.docx

— 237.64 Кб (Скачать файл)

Ласло Балог бағаның қалыптасу  тарихын зерттеді. Ол бағалау жүйесінің  қажеттілігін талап ететін коғамдық процестерді анықтады. Ол екі зерттеу  жұмыстары еріксіз бағалау проблематикасының  Комплекстік сипатына жұртшылык назарын аудартады, соның ішінде баға қоюға мән бергізеді. Яғни, осы қазіргі күнге дейін бағалаудың жұртшылық санасына, мектеп өмірінде мықтап бекігенін және баға көмегімен үлкен ептілікпен орасан жұмыс жүргізілу керектігінің қажеттілігі туралы қорытынды жасауға болады.

Ференц Ленард және оның қызметкерлері (К.Демеетр, Т.Феррай т.б.) вариациялық оқыту деп аталатын тәжірибесінде оқыту - дамыту кезеңдерін шектеді (білім игеру, қайталау, ол білімді  қолдану т.б.) және оқу әрекетіңдегі біліктілік кезеңін анықтады. Бұл кезеңдерде түрлі мазмұндағы бағалау қолданды. Бірінші кезеңде оқу шылар өзін-өзі бақылау негізінде өзі әрекеттерін ұпай арқылы бағалады. Өзіне-өзі баға беру арқылы мұғаліммен кері байланыс қамтамасыз етіледі. [37.198]

Екінші кезеңде мұғалім  оқушы жұмысын: бес баллдық бағалау  жүйесінің көмегімен бағалады. Өзінің оқыту тәжірибесі арқылы Ф.Ленард оқу  әрекеті жүйесін қолдана отырып, бүкіл кезеңдерде бағалауды жүзеге асырып отырды. Вариациялық оқытуда  оқу әрекетінің үш бөлігі де оқу  міңдеті, оқу әрекеті және мұғалім  бағасы мен өзін-өзі бақылау, жаңадан, бір-бірімен органикалық байланыста жүзеге асты. Мектеп оқушыларының оқу  әрекеті динамикасын, оқу үлгерімі дәрежесінің ауытқуын талдады. Ол бес  баллдық бағалау жүйесінің нашар  және жаксы оқитын оқушыларды ауытқу туғызбайтындығын дәлелдеді.

Сонымен, батыс психологиясы және педагогикасы бағалау проблемасын  шешуде ең бірінші кезекте обьективті өлшеулер, яғни өлшеу техникасы, тесттер  қолданады. Мысалы Б.С. Блум, Дж.Т.Хастингс және Дж.Ф. Модос бағалаудың негіз  боларлық функцияларын, мектептегі бағалаудың түрлерін бекітеді. Олар: диагностикалық, дамытушылық және анықтаушы бағалау  функцияларын атайды.

Сонымен, білім сапасын  пәнділік қатыстылық көрсеткіші бойынша  тексеріп-бақылау үшін баланың, мәнді, білімді анықтауға арналған білім (ұғымына) түсінігіне бағдарлама алатындай жағдай орнау қажет. Бала үшін әрекет обьектісі болып - тексерілетін білімнің логикалық-пәндік талдауын анықтай отырып, мәнді және арнаулы мазмұнын ашу.

Екіншіден, логикалық-пәндік талдау негізінде баланың әрекет объектісі болуы мүмкін болатын  мазмұны анықталады. [37.288]

Білімнің жүйелілігін  бағалауға арналған диагностикалық міндеттердің құрылуының басты принципі оқушылардың материал бойынша, жеке, дербес ізденіп ұмтылуына жағдайдың орнауы, онымен қатар пәнділік тапсырмалардан бұл берілетін тапсырмалардың жаңа болу сипатының айырмашылығы мәнді параметрлер /көрсеткіштер/ бойынша материалдың өзгеруінде.

Осы негізде жалпы принцип  бойынша шешілетін міндеттер  тобы айқындалады. Жалпылама бағалау үшін меңгерілген білім кең көлемдегі нақты-практикалық міңдеттер тобын шешу шарасы болатындай жағдай орнау қажет.

Теориялық үлгідегі білімді  мақсатты бағыттай отырып, қалыптастыру процесінде пәндік-практикалық жағдайлар  оқытуда екі рет оқыту міндеттері оралымының басында және аяғында  кездеседі. Олардың айырмашылығын  мынадан байқауға болады. Бастапқы нақты-практикалық жағдай ситуация қалыптасатын білімнің логикалық-пәндік талдау негізінде анықталады және де оның шешілуі үшін арнаулы белгілі бір әрекет қажет болады. Оқу міндеттерінің бастапқы ситуацияларының бұлайша ерекшеленуі соңғы жұмыс кезеңдеріңде өте қатал негіздемелер бойынша жүзеге асады. Оқу міндеттерін анықтайтын нақты-практикалық міндеттер принциптерің құрау немесе оларды "утилитарлы" дейді. Мұндай жалпы тәсіл ашылу қажеті жоқ қолданылуы керек диагностикалық міндеттердегі білімнің жалпылануына осындай ситуациялар сипаты жаңғыруы тиіс.

Қорыта келгенде, теориялық  білімдердің бағалану критерилері  ретіндегі пәңділік, жүйелілік және жалпылық теориялық білім ерекшелігін  таддау арқылы анықталды және кез-келген пән, ғылым саласында қолданбалы. Ерекшеленген баға көрсеткіштерінің нақты  әдіснамалық тәсілдері біздер арқылы математика, ана тілі сабақтарының материалдарында жүзеге асты.

Сонымен қатар, біздер, тәжірибелік  әдіснамаларды жасау, жүргізу барысында  теориялық ұғымдардың ерекшеліктерін эмпирикалық ұғымдардан айырмашылығын ескеріп қана қоймай, нақты тандалған пәндер саласы математика, ана тілі ерекшеліктерін де қатты ескердік. [43.250]

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқу процесінде бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары

 

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау  – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі  оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау  оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім  оқушының білім деңгейінен хабар  алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға  негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы  жетістіктер мен кемшіліктерге  баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық  білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді  тексермесе, онда оқушы өз білімін  терең, жан-жақты және дұрыс бағалай  алмайды. Оқушы баға алған соң  өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді  жоюға мүмкіндік алады. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді  басқару органдары оқушылардың  үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі  оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының  жетістіктерін және кемшіліктерін  білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.[4.128]

Білімді тексеруге қойылатын  талаптар:

•    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың  оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;

•    әрбір оқушы  өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді  тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен  тапсырмаларына жауап беруге дайын  болады.

•    оқушылардың  білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша  әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

•    оқушылардың  теорияны және фактілерді білуін тексеру  және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

•    білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

•    байқалған кемшіліктерді  оқушының өзі түзетуі;

•    мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді  жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

•    бағаны әділ қойылуы;

•    оқушының өзін-өзі  және басқаны бақылауы және бағалауы;

•    әр тақырыпты  оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың  баға беруі;

•    бақылау-бағалау  процесінің әрбір баланың оқу  үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің  жақсы болуына көмектесуі.

Оқушылардың оқу жұмысын  күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын  және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде  өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын  қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне  сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында  қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс  тексеруге және бағалауға мүмкіндік  алады.

Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды. [4.262]

Ауызша сұрау оқушылардың  білімін тексеріп бағалау үшін жиі  қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім  оқушыларға оқылған материал бойынша  сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін  анықтайды. Кейде балалардың білімін  ауызша тексеруді әңгімелесу деп  атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық  жауап білімінің тереңдігін, жүйесін  көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін  ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут  ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге  мүмкіндік береді. Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын. [4.265]

Ауызша сұрауға сабаққа  үнемі қатысып отырған оқушылардың  біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына  жауап берген, жаңа тақырыпты тез  түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың  танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға  болады.

Баға 5 балдың шкала бойынша  қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу  жұмысында үлкен белсенділік  танытады, сондықтан оларды бағалау  қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.

Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы  жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс  үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша  әдіс арқылы білімді тексеру жиі  қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.[12.81]

Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері  оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты  бағалайды.

Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының  жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік  бақылау жұмыстары өткізіледі.

Бақылау жұмысының алдында  мұғалім оқушылардың оқылған  материалды меңгергенін анықтау  мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді  жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.

Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау  жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын  хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар  орындау және жаттығулар жазу. Алдын  ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау  жұмысына дайындығын тексереді.

Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың  тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі  тапсырмалар беріледі. [12.83]

Бақылау-тексеру жұмыстары  арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары  жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.

Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік  жұмыстар арқылы тексеру

Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек  пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар  арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды  өлшету үшін қолданылады.

Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті  іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша  өткізуге болады. Оқушыларға олардың  қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау  жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап  береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек  іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.

Бақылау-зертханалық жұмысқа  жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының  нәтижелеріне қарап баға қойылады.

Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен  терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар  қолданылады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың  тәжірибелік дайындығы тексеріледі.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшелігін іс – тәжірибе барысында зерттеу