Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24

2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58


Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

 “Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері” атты екінші бөлімде  балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктеріне сәйкес, мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері көрсетілді.Сонымен қатар, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері сарапталды.

Қорытындыда зерттеу болжамын дәлеледейтiн негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдары түйiнделдi, әдiстемелiк ұсыныстар берiлдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері

1.1

Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары


Бүгінгі жаһандану  үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының  алғашқылардың бiрi болып  ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдiк бейбiтшiлiктi сақтауға  жасаған негiзгi қадам болып табылады [1].

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркi қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғ.ғ., ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып,  1986 жылғы қазақ жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып отырған Қазақстан халықтарының  еңбектерiнен көрiнiс тауып отырғаны белгілі.

Отансүйгіштік - жеке тұлғаның “табиғат-адам-қоғам“ жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан да оны философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады.  Осыған орай отансүйгіштік мәні мен мазмұны  “мәдениет - тарих - білім“ деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды [2].

Ұлы ойшыл Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деп білім беру мен тәрбие ісін етене бірлікте алып, біртұтас жүйе ретінде қолдану керектігін меңзейді. Тәрбие адам тағдырын, оның рухани өмірінің негізін сақтайды.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік ұлттық сана-сезім қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын – ұстаз, ата-ана, тәрбиеші, қоршаған орта екені даусыз.

Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек. Патриотизм өз-өзінен қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштармын» деген ойларды сіңіру қажет.

Қоғамның әлеуметтiк даму  жағдайында отансүйгіштікке тәрбиелеудің философиялық және педагогикалық-психологиялық  негіздерін айқындауда әлеумет, әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік даму, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бойынша Р.Әбсаттаров, И.П.Подласый, Д.И.Грядовой, т.б.  ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, теориялық негіздерін айқындадық

 Р.Әбсаттаровтың тұжырымы бойынша «Даму заңы – бұл әлеуметтік–саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды» [3,4].

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларын  зерделей келе Қазақстандағы әлеуметтік жағдайлар жылдан – жылға дамып  отырғанын көреміз: ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мәселесі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтары, т.б..

Еліміздің егемендік алуымен байланысты  “отансүйгіштік“, “ұлттық патриотизм”,  “ұлтжандылық” және “Қазақстандық патриотизм” ұғымдары жаңа санатқа ие болып,  қайта қолданысқа енді.  Философ М.Изотов патриотизмді ұлттық, жалпыұлттық, жалпықазақстандық тұрғыда қарастырады. Қазіргі таңда ұлттық патриотизм ұғымына әртүрлi  көзқарас бар.  Ұлттық патриотизмдi жекеленген, оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. Ұлт бар жерде, ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай  сақталуы да  халықтың  ұлттық рухының жоғары болуында, яғни бұл тарихи шындық екені ақиқат [6].

   Зерттеу барысында отансүйгіштік ұғымына  философия, педагогика, психология ғылымдары  тұрғысында “ отансүйгіштік“,  “Қазақстандық патриотизм“,  “ұлттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“ ұғымдарының мәнi бүгiнгi күн тұрғысынан талданды.

    Философ А.Айталы “...Ұлтжандылық халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің  иесін айтамыз. Ұлы ұлттар  өздерінің осындай  ұлтжандылығымен мықты“,- деп  атап көрсетеді [7].

Еліміз егемендік алғаннан кейін кеңес үкiметi тұсында ұлттарға байланысты жiберiлген саяси кемшiлiктердiң орны тола бастады. Iргелi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан  Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады.Зерттеу барысында тұлғаның  патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері айқындалды.

Философия ғылымында  “Идеология - қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы, олар әлеуметтік болмысты белгілі бір таптың мүддесі тұрғысынан бейнелейді және бағалайды, ол, әдетте осы таптардың идеялық өкілдері тарапынан жасалып, қазіргі қоғамдық қатынастарды не нығайта түсуге, не өзгертіп қайта құруға бағытталады,“– дей келе, идеология ұлттық идеялар мен көзқарастардың жиынтығынан тұратынына тоқталады.

Қазір қоғамда идеологияға байланысты әртүрлі пікірлер, әртүрлі көзқарастар туындап отыр. Көп партиялы қоғамда  әртүрлі көзқарастардың туындауы заңды  құбылыс екені рас. Бірақ, барлық тұлғалардың көзқарастары мен ой-пікірлерінің  негізгі  тірегі Қазақстан Республикасының Конституциясы болғандықтан, барлығы бір мұратты ұстанады.

 А.Айталының зерттеуінде “... Идеология, әсіресе мемлекеттік  идеология, қоғамды ыдыратпай біріктіруге, әлеуметтік жікшілдікке, кеселге, ақыр соңында ұлттық, мемлекеттік апатқа қарсы күреседі“, - деген тұжырым жасайды. Осы тұрғыдан алғанда  философ Ә.Нысанбаевтың  “Қазақстан секілді біртұтас  унитарлық елде  “ұлттық“ және “мемлекеттік“  сөздері бір ғана мағынада

қолданылуы қажет. Әлемдік түсінікте де “ұлттық идея“ десе мемлекеттік идея  деп біледі.  Біз бұдан былай  осы түсінікті бойымызға сіңіруіміз қажет“ - дей келе,  ұлттық идея тек  іргетасы мықты мемлекеттерде практикалық тұрғыда іске асуға мүмкіндігі болады деп атап көрсетеді.

Философ-ғалым Д.Кiшiбеков [8] негiзгi идеологиялық ұстаным  “бүгiнгi идея – елiмiздiң бүтiндiгiн, тыныштығын, тәуелсiздiгiн сақтап, оның экономикасы мен мәдениетiн дамыту, iлгерi тұрған елдермен теңдес болу”,-деп тұжырымдайды.

Қоғамның әлеуметтік даму жағдайына байланысты Қазақстандық идея тұрғысынан  қоғамда патриоттық құндылықты қалыптастыру факторлары:    мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау,  еліміз бен жерімізді ұрпақтан –ұрпаққа аманаттап отыру; ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізгі белгісі ұлттық тіл, яғни, қазақ  тілін ұлтаралық тілдер мәртебесіне жеткізу; мемлекеттік тіл ретінде дамып, қалыптасуын жетілдіру әр азаматтың міндеті болып табылуы қажет; мемлекеттік тіл, ресми  және республикада тұратын басқа халықтардың тіліне деген құрмет; ұлтттық тарихи және мәдени мұраларға деген сүйіспеншілік пен құрмет; ұлттық экономикалық даму процесіне өз үлесін қосу; табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; әлемдік техникалық прогрестің алдыңғы қатарынан көріну, т.б. қамтылады.

Ғылыми еңбектердегі «отансүйгіштік», «Қазақстандық патриотизм»  ұғымдарына теориялық талдау жасай келе,  «Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды  мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен  көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасадық.  Ал Қазақстандық патриотизмдi іске асыру  көп ұлтты Қазақстанда бiрлiк пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдiк өркениеттен орын алу   идеологиясына негiзделген  стратегиялық бағыт-бағдар болып табылады [9].

Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде, отансүйгіштік  ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық  күш жiгерiн жұмсау,  яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.

Отансүйгіштік мазмұнын анықтау үшiн ұлттық құндылықтарды бүкiладамзаттық құндылықтармен ұштастыру негiзгi көкейкестi мәселе болып табылады, бүгiнгi күн тұрғысынан алатын болсақ, отансүйгіштік мәселесiн ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара сабақтастыра, кiрiктiре отырып, философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмі) тұрғыда қарастыруды қажет етедi.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды iске асыруда алдымызға қойған  негiзгi талаптарды шешу көзделді:

  • отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдiсiнде   ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы  патриоттық құндылықтарды қалыптастыру;
  • жүйелi-ұйымдастыру - мектеп, отбасы  және  әлеуметтiк ортаны  өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді ұйымдастыру;
  • балалардың жас және дара ерекшелiктерiн ескере отырып,  отансүйгіштікке тәрбиелеудiң  мазмұнын, формалары мен әдiстерiн нақты   пайдалана бiлу;
  • аймақтық ерекшелiктердi ескеру,  туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б.  сүйiспеншiлiгi арқылы, ұлттық және Қазақстандық, жалпыадамзаттық патриотизмдi қалыптастыру;
  • кешендi ықпал ету арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан патриоттық, әлеуметтiк  құндылықтарды, тәжiрибелердi  жүйелi түрде пайдалану [10].

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi – тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаның  рухани әлемін байытуды көздейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар –  халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. “Құндылық” (И.Кон, В.А.Караковский, А.Г.Здравомыслов, В.А.Ядов, В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. ғылыми зерттеулерінде)  – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып саналады [11,12].

Тұлғаның бойындағы патриоттық  құндылықты айқындауда жоғарыда отансүйгіштікке берiлген анықтамаларға  және құндылық, адамгершiлiк құндылық  ұғымдарын  философия, педагогика, психология  ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық  құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю,  мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты  сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай  ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері  -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері  қалыптасады.


Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесiн зерделегенде алыс және жақын шетелдердегi жүргiзiлiп жатқан жүйелі жұмыстар зерттеуiмiздiң теориялық және практикалық негiзiн ашуға үлкен септiгiн тигiздi.

Берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектепке дейінгі мекемелерде отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады:  әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне,  мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін  құрметтеу;  елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және   әлемдiк дамудың тыныштық пен  бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық  күш жiгерiн жұмсау.

Информация о работе Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері