Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
– педагогикалық процесс диагностиканың нәтижесіне сүйеніп құрылады;
-бала дамуының жеке-дара траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа ҚР МДТО МЖМБС-ын және бағдарламаларды мектепке дейінгі ұйымдарда іске асыру:
- базитік тақырыптық-
- жұмыс және перспективтік
Жасалған жоспарға сәйкес тәрбиеші балаларды оқыту мен тәрбиелеуді күнделікті өмірде жүзеге асырып отырады: күні бойы олардың білімін толықтырады, әр түрлі: мәдени-гигиеналық, мінез-құлық мәдениеті, сөйлеу тілі, есептеу, қимыл және т.б. іскерлік пен дағдысын қалыптастырады. Оқытудағы басты роль оқу әрекетіне беріледі.
Ф.Н.Жұмабекова [47] «Мектепке дейінгі педагогика» оқу құралында оқытудың негізгі формасы – сабақ деп бере отырып, сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететініне тоқталған. Сабақ сөзі қазіргі таңда яғни жаңа стандарт бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті деп қолданылып жүр [48].
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы. Себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті – бұл балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді ұйымдастыру формасы [49]. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті, олар үшін ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің бағдарламалық мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады, оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене түседі.
Балалар бақшасындағы оқудың
балаларды мектепке дайындауда
үлкен маңызы бар. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті үстінде
Балаларды ұжымда оқытудың белгілі артықшылықтары бар: бірігіп жұмыс жүргізуде олар біріне-бірі үлкен әсер етеді, белсенділік, өткірлік көрсетеді. Балалардың алдына бірігіп шешетін міндеттер қойылғанда, бірлесіп қам жеу пайда болады, ұжымдық сезімі қалыптасады.
Экскурсиялар, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жөніндегі жұмыстарды бірігіп орындау, қимыл дамыту және музыка оқуларында жалпы ойындар мен би билеуге біріктіру, көркем әдебиетті оқудан алған әсері бойынша бірлесіп қайғыру – осының бәрі тату балалар ұжымын құруға көмектеседі және ол ұжымда өмір сүріп, жұмыс істеуге қалыптастыру.
Оқыту үдерісінде балалардың мектепке, білімге ынтасы тәрбиеленеді, дұрыс мінез-құлық дағдысы, жауапкершілік сезімі, орындаушылық қабілеті, төзімділігі, еңбектену әдеті қалыптасады.
Балалар бақшасында тіл дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу және жазу, қоршаған ортамен таныстыру, қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, дене шынықтыру, музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Оқыту балалардың белсенді іс-әрекетімен, өз қимыл нәтижелеріне жетуге ұмтылуымен, ұзақ уақыт ерік назар аударуымен байланысты. Оның дене және ақыл-ой күштерін едәуір жұмылдыруын талап етеді. Осыларды ескере отырып, оқу көлемін, оқу сағатының ұзақтығын күн тәртібіндегі орнын дұрыс белгілеуге бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінің жиілігіне, уақытылы жүргізілуіне үлкен сақтықпен қарау керек.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін күннің алғашқы жартысында өткізген дұрыс: бұл кезде балалар ақыл-ойға түскен салмақты жеңіл көтереді, күн жарығы жақсы түседі. Әрбір бөлімдегі оқу сағаты, оның ұзақтығы жас шамасына қарай бөлінген әр топтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада белгіленген.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқытудың мақсаты – тілді меңгеруде тілдік бірліктер арқылы қатысымды жүзеге асыруға үйрету. Ол үшін қатысымның түрлі жағдайлары қолданылады. Сөйлесуге сабақта баланы сөйлеуге жетелейтін қатысымдық міндеттер қойылады. Қатысымдық-ойын әдісіне қандай тұрғыдан қарағанда, ойынға қатысушы жеке тұлға, әрекет жасаушы субъект деп қаралады, ол ойынға қатысушылармен ойын кезінде тілдік қатынасқа түседі. Тілдік қатынаста тіл мәдениетімен танысады, баланы тәрбиелеуге негіз болады, сана-сезімін дамытады. Бұл оқыту әдісі баланың жас ерекшелігіне ерекше мән берілетіндіктен, оқыту материалдарын тыңдау, оқыту тәсілдерін таңдауда баланың жас ерекшелігіне сәйкестігі бірінші орын алады. Жас балалардың тілін дамытуда көрнекілік пен ойын өте күшті қызмет атқарады [50,51].
Ғылымдағы қатысымдық – ойын әдісін тіл дамыту мақсатында қолданғанда, мына мәселелерге көңіл бөлу керек: а) ойын мазмұнды болу керек; ә) сөйлесім әрекеті ойын негізінде құрылу керек; б) сөйлеушінің сөзі тыңдаушыға бағытталуы керек; в) сөйлесу дұрыс орфоэпиясымен, интонациямен орындалуы керек; г) сөйлесімдік қатысым бұл талаптарға сай құрылуы керек.
Балабақша балаларының тілін дамытуда ойын арқылы сөйлеу жағдаятын туғызу өте ұтымды әдіс деп саналды. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне, экологиялық білім алуға жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
Ойын кезінде балалар бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде ойын-жаттығудың өзіндік белгілерін анықтап алайық. Ойын-жаттығулар мына талаптарға сәйкес келуі керек:
керек.
керек.
қайталауына, бекітуіне қолданылуын қалыптастыру мақсатына сай
болуы керек.
өмірінде жиі қолданылатын, балаға қажет болуы керек.
Ойын-жаттығулар қатысымдық-
ә) ойнау әрекеті ретінде.
Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
Ғалымдардың айтуынша, дидактикалық рөлдік ойын, ойнау тәсілдері ойын жүйесінің қорын, негізін, бағасын құрайды. Мәселен, ойын-қиял ойыны дидактикалық рөлдік ойында мысал бола алады. Онда балалар шындық өмірді қайталайды, оның көшірмесі болады немесе өмірде жоқ жағдайда қиял жағдайына түседі [52,53,54].
Балабақшада ойын - қиял мен ережелі ойын (жарысу элементі бар ойын, жасыру мен табу ойыны т.б.) түрлі тілдік жағдайды жасауға, қатысымға өте қолайлы саналады. Ондай ойындарда балалар бір-бірімен эмоционалды қарым-қатынаста сөйлеседі, біріне-бірі көмектеседі, достық қарым-қатынасқа түседі, жеңіс нәтижесі ортақ қуанышқа бөлейді. Алайда, бір ойынды өзгеріссіз қайталаудан сақ болу керек, ондайда балалар тез зерігіп, ойынға қызықпайды.
Дидактикалық рөлдік ойынның міндетті компоненті болып қиял жағдайы саналады. Қиял жағдайы ойынды қызықты етеді. Орын, заттар, маскалар балаларды қиял дүниесіне жетелейді.
Ойындағы рөль ойынның компоненті болып саналады. Ойын нәтижесі де ойынның негізгі компонентіне жатады. Ойынның нәтижесі туралы тәрбиеші жақсы дайындалуы керек. Ол нақтылы зат болуы керек те емес, ол қиялдағы құнды зат, балалар құмар заттардың аты т.б.
Ойынның нәтижесін шығаруда мектеп бағасын қолданудың қажеті жоқ. Онда эмоционалды баға дұрыс, ол жұлдызшалар, флажоктар т.б. Мазмұнды бағаға тәрбиешінің баланың еңбегіне дұрыс пікірі, нәтижені жақсарту үшін тәрбиешінің кеңесі, жіберілген қатені, қиындықты түзету жолын көрсетеді.
Баланың тілін дамытуда қатысымдық – ойын әдісі тәрбиеші мен баланың арасындағы, бала мен баланың арасындағы тілдік қатысымды іске асыратын оқыту әдісі брлып табылады.
Ойын-жаттығулардың нәтижелі болуы тәрбиешіге байланысты. Ойын-жаттығуларда алдымен тәрбиеші ойында балалармен бірге ойынға қатысушы екіншіден, ойынды басқарушы көш басшы. Олай болса, тәрбиеші өзінің ерекшелігімен, шеберлігімен ойын-жаттығулардың нәтижелі болуын іске асырады.
Қазіргі мектепке дейінгі білім тәрбиеші мамандығына, оның жеке қасиеттеріне жаңаша талаптар қояды. Ол талап бойынша тәрбиеші өз мамандығын, білімін үнемі жетілдіріп отыратын болуы керек. Тәрбиешінің жоғары мамандық дәрежесі оның өз мамандығын, білімін жүзеге асыра білуімен, өзін-өзі дамыта білуімен, өзін-өзі тәрбиелей білуімен байланысты.
Тәрбиеші де баланы неге үйрететінін, қалай үйрететінін, қандай әдістер қолданатынын, балалардың психологиялық ерекшелігін, қай материалды қашан, қандай жағдайда қолданатынын жақсы білуі керек. Сонымен бірге балабақша мәселесінде ғылымда болып жатқан жаңалықтарды біліп, оларды тәжірибеде қолданып отыруы керек. Әр тәрбиеші бұл талаптарға сай келсе, және ол өз жұмысын ұнататын, балаларды жақсы көретін болса, ол тәрбиеші балалармен жақсы жұмыс жүргізе алады деуге болады. Бұл – жалпы талап. Ал, қатысымдық - ойын әдісінің өз талаптары бар.
Тәрбиеші балалардың тілдік қатысым әрекетін кезінде бағалап, дұрыс бағыт бере білуі керек, баланың тілдік қатысымдағы қатесі елеусіз қалмай, сыпайы түзетіліп отыруы керек. Сабақта тәрбиеші тілдік қатысым әрекетінің дұрыс екенін білдіру үшін басын изеп, қате болса, басын шайқау сияқты т.б. вербальді тілдесуді де қолдануына болады.
Тәрбиеші тілдік қатысымды балаларға жағымды етіп ұйымдастыруы керек, тілдік қатысымды басқара біліп, оның баланы жалықтырмауын, балалардың сөйлеу белсенділігін арттыра білуі керек. Тәрбиешінің сабақты көңілді, дұрыс темпте бастауының өзі балаларды да көңілді күйге түсіреді. Ол бүкіл сабақ бойында сақталуы керек. Ол үшін тәрбиеші балалардың әр әрекетін байқап отыруы керек, сабақта еш әрекет елеусіз, бағаланбай қалмауы керек. Тәрбиеші сөйлесімге баламен бірде қатысуы керек. Бұл айтылғандардан төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1.Балабақша балаларының тілін дамыта отырып, білім беруде ойын-жаттығуларды қолдану өте ұтымды.
3. Балалар тілін дамытуда
4. Дұрыс ұйымдастырылған ойын балаларды қиналтпай, тілдік деректерді меңгеруіне мүмкіндік береді.
5. Бес-алты жастағы бала
6. Балалар түрлі тілдік жағдайда жаттығу арқылы тілін тезірек дамытады.
7. Ойын баланың негізгі әрекеті болғандықтан, ойын-жаттығулар балаға өте жақындығы арқылы да тілді дамытуға қолайлы.
8. Балаларға ойынның барлық
9. Дұрыс таңдалған ойын баланың қиялын дамытып, еркіндік қалыпқа көшіреді де, бала тәрбиешімен арасындағы айырманы ұмытып, онымен бірлікте әрекет жасайды.
10. Таңдалып алынған ойын-
11. Тәрбиешінің оқу іс-әрекетінде жақсы эмоционалдық жағдайы бұлардың іске көңілді кірісуіне игі әсер етеді.
12. Тіл дамыту мақсатындағы ойын-
13. Қатысымдық- ойындар тек тілді ғана дамытуды мақсат етіп қоймай, баланы отансүйгіштікке тәрбиелеп, жалпы дамуына да қызмет етеді.
Қатысымдық – ойында отансүйгіштікке тәрбиелеу, дене шынығуы, адамгершілік тәрбие, тіл мәдениеті, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу сияқты т.б. баланы жан-жақты дамыту мәселесі де орын алады.