Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2015 в 11:53, курсовая работа
Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, балалардың жас және жеке ерекшелiгiне байланысты отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда балалардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi.
Кіріспе.................................................................................................................3
1
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері……………………………...………………........…8
1.1
Балабақшада балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудiң теориялық тұғырлары..............................................................................................................8
1.2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары...................................................................................15
1.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері......................................................................................................24
2
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері................................................................32
2.1
Балаларға экологиялық білім беру арқылы отансүйгіштіккеке тәрбиелеудің әдістемелік ерекшеліктері ……………………………..................................32
2.2
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері...............................................................................................................35
2.3
Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу-іс әрекеті үлгілері...................................................................................................41
2.4
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижелері...........58
Қорытынды..............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................
Табиғат пен қоршаған орта туралы мағлұматтар беріліп, оқу-іс әрекетінде осы саладағы дүниетанымы кеңейе береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісі көп жағдайда, ойын элементтерін қолдану, айналамен таныстыру бала танымына жақын заттар арқылы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді өз дәрежесінде жүргізу үшін мен оқу іс әрекеттерін арнайы жабдықталған бөлмелерде ұйымдастыруды ұсынамыз. Ол бөлмелер өзінің көлеміне қарай бірнеше атқарушы орталықтарға бөлінеді.
І. Оқыту зонасы, мұнда бөлменің терезе тұсы ,жарық жағы қамтылады. Оқыту зоналарында үстелдер мен орындықтар, тәрбиешінің үстелі орналастырылады.
ІІ. Жинақтау зонасы, балаларды әр түрлі объектілермен (нүктелер) таныстыру үшін жинақталған құралдар көрнекі құрал жинақталған құралдар көрнекі құрал ретінде пайдаланады.
Жинақтар арнайы шкафтарда сақталады немесе сөрлерге қойылады. Олар баланың көзінен көру деңгейінде орналасуы қажет. Балабақша жинақтарын балалардың өздері және ата-аналары жинау мүмкіндіктері бар үлгілерді құрайды. Балаларды туған жермен, елмен таныстырып алып, оны бекіту үшін слайд, бейнетаспалар түрлі-түсті суреттер пайдалану керек.
ІІІ. Релаксация зонасы. Бұл зонада әр түрлі бөлме гүлдері, аквариум, фонтан болуы қажет. Осы зонада балалар демалып,өз беттерімен ойындар ұйымдастырып , өсімдіктерге, гүлдерге күтім жасайды.
ІV. Кітапхана зонасы. Бұл зонада түрлі-түсті
әдемі кітаптар, балаларға арналған энциклопедия,
туған жер, отан туралы журналдар, глобус,
атлас, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ
үлгілері және мынандай техникалық жабдықтар:телевизор,үнтаспа,
Бөлмеде әртүрлі үлгілер, соның ішінде мектепке дейінгі мекеме аумағының үлгілі, көрнекілікті табиғат күн тізбесіне ілінеді, бөлменің безендірілуі бөлмені қауыпсіз безендіру үлгісі бола білуі қажет.
Ол үлкендер мен балалардың тұрмыста салауатты қимыл-әрекет жасай білу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Балаларды туған өлеке табиғатына сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту, аяушылық қасиеттері мен қайырымдылыққа жол ашу, отансүйгіштікке тәрбиелеу тәрбиенің бөлінбес бөлігі деп есептейміз.
Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», - деген еді.
Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың
халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі: Ата–аналар мен балалармен айыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
Барысы: Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.
І – бөлім . Отбасы өз- өзін таныстыру
ІІ – бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.
І тапсырма
1. Бақытты
отбасы болудың негізгі
2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз - өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?
3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай?
4. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
ІІ тапсырма
Мақалдың мәнін ашу
1. «Тұлпар тайдан өседі»
2. «Ана - балаға жастық , әке көрпе»
3. «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
4. «Бала – отасының айнасы»
ІІІ тапсырма. Жағыдаятттар
1. Балаңыз
телеарнадан мультфильм көріп
отыр, осы сәтте келесі арнадан
сіздің сүйікті телехикаңыз
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген қызы мамасына: «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.
Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
Балаларға суретті тест беру.
ІІІ – бөлім. «Көңілді жарыс»
А) Өз баласын иісінен айыру.
Б) картоп аршудан жарыс.
ІV - бөлім . «Көңілді аспаздар»
Әкелер картоп аршудан жарыс
Аналар : Менің баламның сүйікті асы.
V- бөлім. Өз өнерлерін көрсету
әр отбасы ән айту, би билеу т б
VІ – бөлім.
А) Мен баламды қалай еркелетемін
Б) Алтын балыққа тілегіңіз.
Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі тапсырмалар топтамасы: Тірі және өлі табиғат
Тапсырма: Суреттерді топтап, арасын сызықпен қостырыңыз. Мысалы,адамдарды көк сызықпен, жануарларды-қызыл, өсімдіктерді- жасыл сызықтармен қоссын.«Тіршіліктегі адам мен жануардың, жануар мен өсімдіктің,адам мен өсімдіктің арасында қандай байланыс бар? Ойлан !»дей отырып, осы туралы білімін жетілдіріңіз. Күнделікті өмірде кездесетін осы байланыстарды бақылаңыздар. Балаларға көмектесіңіз. Бұлардың бәрі де тірі табиғатқа енеді. Себебі, олар қоректенеді, өседі, тұқым таратады, өледі. Сондықтан олардың тіршілігінде ұқсастық бар, айырмашылықтары да көп.
Сұрақ-жауап:
- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Өлең оқып беру:
1.Асыр салған
таласып,
Біз - туған ел баласы.
Қандай байтақ Отаным,
Жан - жағыңа қарашы.
2.Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әркез келеміз
Азамат боп ержетіп
Ағаларға ереміз.
3.Отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алып дән,
Бәрі менің несібем.
4.Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі.
Біз - бақытты балдырған
Ата - ананың өркені.
Отанына, туған жерге деген камқорлықтарын ояту: Экология әліппесі
Үй гүлдерін күтуге көмектес. Суын құйып,топырағын қопсыт,шіріген жапырақтарыннан тазарт. Балаңызбен әңгімелесіңіз.
Шөп тірі табиғатқа,тас өлі табиғатқа жатады. Ойлан , табиғатты неге тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз? Түсіндіру.
Су, тау, тас, құм, топырақ – өлі табиғат. Өйткені олар қоректенбейді,өспейді, көбеймейді және өлмейді.
Суреттен өлі табиғат заттарын тауып ата . тірі табиғатқа жататын заттар суретте барма? Тауып көр.Олардың неліктен өлі немесе тірі табиғатқа жататынын түсіндіруге тырыс.
Көркем сөз : Қоршаған орта біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек.
Тиым сөз: Кез келген жерге қоқыс тастама.
Жаңбыр (Әңгімелесу). Жаңбыр қандай күндері жауады? Жаңбыр жаумас бұрын аспаннан қандай өзгерістерді байқауға болады? Жылдың кай мезгілінде жаңбыр көп жауады? Қай кезде жылы жаңбыр жауады? Жаңбырдың қандай түрлерін білесің ?
Тапсырма : жаңбырлы күннің суретін салдыру.
Сөздік жұмыс: Нөсер, өткінші жаңбыр ақ жаңбыр, жылы жаңбыр, салқын жаңбыр.
Жұмбақты жаттау:
Көтеріліп теңізден аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр)
Мақал-мәтелдерді айтып мағынасын түсіндіру.
«Жаңбыр жауса жер ырысы,батыр туса ел ырысы»
«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер»
«Сәуір болса ,күн күркірер, күн күркіресе көк дүркірер »
«Сәуірдегі жауын, сауып тұрған сауын»
Адамдар суды қалай пайдаланады?
Сөйлем құрастыру.
Сумен гүлді суарамыз. Суды ыдысқа құямыз. Сумен ас әзірлейміз.
Сумен жуынамыз. Өзендегі суға шомыламыз.
Орманшы орманға қалай қамқорлық жасайды?
Жабайы аңдар мөлшерден тыс көбейіп кетсе, атады.
Ормандағы тазалықты қадағалайды.
Жас ағаштар отырғызады.
Орманды өрттен қорғайды.
Енелерінен айырылған аңдардың балаларына көмек көрсетеді.
Сөздік қорларын молайту.
Құстар қалай ұшады.
Ретсіз тізбекпен,түзу, тығыз тізбекпен, тырналар тізбегі.
Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге үйрету.
Құстарды жіктеуге арналған сызба арқылы үйрету.
Мысалы: тұмсық басымен, денесі қауырсындармен жабылған.
Балабақша отансүйгіштікке тәрбиелеуді ертерек бастаса, соғұрлым берілген білім негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу нәтижелі болары сөзсіз. Негізгі мақсат: балаларды табиғатымызды қорғауға және оны құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Бүлдіршіндерді әуелі осы табиғат сұлулығын көріп – білуге баулып, соған ынталандырып, тамсандырып тәрбиелесек, ұтарымыз көп. Мұның өзі балалардың өмірге көзқарасын өзгертіп, олардың талғамын оятады Бұл маңызды мәселені шешуде көптеген жолдар бар. Бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негізінде) өтеді.
Тәрбиешінің күнделікті іс – қимылын бала бақылай отырып қайталайды. Бала жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға үйренеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады. Әсіресе экологиялық іс-әрекетте табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыруға болады, олардың мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан – жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда, баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Баланың тілін ұстартып, ақыл – ойын, адамгершілік талғамын дамытуда мақал – мәтелдердің, жұмбақтардың мәні ерекше. Мысал ретінде:
Жұмбақтар
а)Жоқ өзінің аяғы да, қолы да:
Бөренені жөңкілтеді жонында. (өзен)
ә)Бірде орақпын,
Бірде табақпын. (ай)
б)Қақпақсыз қазан,
Іші толы сазан.(көл)
в)Көпір салдым керемет:
Тамаша етуші көп.
Ал бірақ та, не керек,
Бері өтуші жоқ,
Ары өтуші жоқ. (кемпірқосақ)
г) Бұйырған адамзатқа басыбайды,
Дүниені ауырсынбай асырайды.
Өзінде қазынаның бәрі де бар,
Тұрғынға төсеніштей тасы жайлы.(Жер)
Сонымен қатар, балаларға экологиялық білім берудің ең тиімді құралы – дидактикалық ойындар.
1-ойын:Тәрбиеші балаларға «жер», «су», «ауа» - деген сөздің біреуін айтады. Егер «жер» – десе, балалар қоянның суретін көрсету керек.Ал «су» сөзі айтылса, балықтың суретін көрсету керек. «Ауа» дегенде, құстың суретін көрсету керек.
2-ойын: Балалар шеңбер тәрізді тұрады, тәрбиеші ортаға шығып, өсімдік өсетін белгілі орталықтарды атай келе (бақ, орман, өзен жағасы) допты балалардың біреуіне лақтырады, допты алған бала, егер тәрбиеші : «Орман», десе, орманда өсетін бір өсімдіктің атын айтуы шарт.
3-ойын: Әр балаға сәбіздің, еттің, балдың, балықтың суреттері бар карточкалар таратылады Тәрбиеші балалардан сұрайды: «Қоян, қасқыр, аю, түлкі не жейді?» Тәрбиешінің сұрағына байланысты бала қажетті суретті көрсетуі керек.
Міне осындай әдіс – тәсілдерді балабақшадағы күнделікті тәрбие жұмысында мазмұнды пайдаланып отырса, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі өз нәтижесін берері сөзсіз.
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі оқу
іс - әрекеті үлгілері
Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік, өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі - жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидаттар.