Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Адамдық сана, мақсаттылық сипат еңбек құралын жасау үрдісінде көрінеді. Ойшылдар: "Адамдарды аңдардан санасына, дініне қарай ажыратуға болады. Олар өздерін андардан өмірге қажетті құралды жасай бастауымен-ақ ажыратылады", - деген болатын. Адам табиғатты өзгерте отырып, соған орай өзіңде өзгертеді. Оның ішінде еңбектің нәтижесінде, ең алдымен еңбек құралын жасау арқылы адам және қоғам қалыптасады, соның арқасында адам санасы қалыптасады.

Адам қоғамы мен андар қауымдастығының арасындағы айырмашылық сонымен қатар адам еңбегінің және өндіріс қатынасынын саналы көрінісі арқылы сипатталады. Бір нәрсені өндіру үшін адамдар белгілі бір байланысқа және қатынасқа енеді, тек сол қоғамдык қатынастың және байланыстың көлемінде ғана олардың табиғатқа қатынасы өмір сүреді, өндірістің орны болады.

Адамдар өндіріс үрдісінде толық қатынастар жүйесін құрып, жасайды, соны қалыптастырады. Аңдарда еңбек бөлінісінің тек қана белгілі элементі және әлеуметтік ұйымның қайсыбір бастамасы ғана болады. Мысалға ара мен құмырсқаның еңбек бөлісін алуға болады. Оларда биліктің, тәртіптің қайсыбір элементтері – өзара қорғаныс, өз ұрпағына деген қамқорлық, т.б. кездеседі. Бірақ бұл элементтерді бәрі де инстинктпен шарттандырылған, олардың сипаты саналы түрде болмайды.

Адамзат қоғамы салыстырмалы түрде тез өзгереді, ал аңдар қауым дастығы болса ұзақ уақыт бойы белгілі өзгеріссіз ұзақ сақталады. Адам әрі биологиялық, әрі қоғамдық мән ретінде өзгереді. Адамзат қоғамында үздіксіз даму сақталады: аға ұрпақ қоғамдық жетістікті өз ұрпағына мұра етіп береді. Абай дүниенің даму заңдылығын мойындаған ұлы ойшыл, ол дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмайды, өзгеріп отырады деп тұжырымдады. Бұл жөнінде ол: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды». «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – алғаш артқы толқын – інілер, кезекпен өлінер, баягыдай көрінер» деген болатын. Бүгін пайда болған жетістік, материалдық немесе мәдени игіліктер адамзат қоғамында ертең жаңа ұрпақтың мұралануына етелі ал андарда бұл сияқты үрдіс болмайды.

Адамзат қоғамы мен аңдар қауымдастығын ажырататын негізі сипаттамалар қоғамдағы арнаулы құбылыстың - әлеуметтіктің пайда болып, өмір сүруіне мүмкіндік жасайды, ал ол аңдар қауымдастанғында мүлде кездеспейді.

Алайда қоғам мен табиғаттың ерекшелігімен қатар, оның жалпы бір-бірін толықтыратын қасиеттері де бар. Олар биологиялық жәл инстинктивтік шарттылық. Осылардың нәтижесінде олардың арасында абсалюттік шекара деген болмайды.

Соған қарамастан аңдар қауымдастығы биологиялық құбылыс, адам қоғамы – әлеуметтік құбылыс, бұлар дамудың арнаулы заңға бағынады.

Аристотель адамды «саяси аң» деп көрсеткен екен. Сонымен қатар адамда екі бастау бар: олар – андық (биологиялық) және саяси (әлеуметтік). Осы екі бастаудың қайсысы шешуші болып қалыптасқан, міне, проблема дәл осында.

Сезім, тәртіп, әрекет секілді көріністердің өмір сүру, қалыптасуын адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік секілді ұғымдардың қайсысы анықтайды және жүзеге асырады дегенге келсек, “рбір адамды өмірде өзінше ерекше, қайталанбайтын құбылыс дегенді мойындай отырып, адамды әртүрлі белгілеріне сәйкес топтастыруға, оларды сипатына (айталық жынысы, жасы), биологиялығына қарай және екіншіден, әлеуметтік жағынан, ал қайсы біреулерін биологиялық пен әлеуметтіктің өзара әсері арқылы анықтауға болады.

Адамның ең басты сапасы – оның санасы, ақылы, осы сапалар арқылы адам басқа тіршілік иелерінен түбегейлі түрде ажыратылатының атап айтуымыз керек. Адам санасы өзгермей қалмайды, ол білім деңгейі және тәрбие арқылы өзгеріске ұшырайды. Егер оған жаман әдетті, дағдыны, идеяны немесе ойды таңса, онда ол ашушаң, жаман адам болады да, ал әділеттілікке тәрбиелесе ол жақсы, әділ адам болып шығады. Басқа сөзбен айтқанда қоғам арасында кең тараған немесе үстем идея қандай болса, адамдар да соған бейімделе жетіледі. Қазір егемен еліміздің қоғамындағы басты идея – достық, өзара татулық. Соңдықтан да біздер ол идеяны жақтаймыз, мойындаймыз, бірлік, тұрақтылық үшін күресіп келеміз және соған жетуте ұмтыла береміз.

Әрине, адам табиғатын бұлай түсіну біз үшін, адам баласы үшін аса құлды, мақтаныш сезімін тудыратыны анық. Бірақ адамзат қауымы үшін бұл өлі де болса жеткіліксіз дүние. Олай дейтініміз, құлдар қоғамында құлдарға әділ қарауға шақырғандар аз болмағанымен, түптеп келгенде бұл оларды қинауды, езуді азайта алмады. Соғыстың зиянды екендігі жаратылғаннан бері айтылып келеді, бірақ қайсыбіреулердің өзара соғысуы біреулерге пайда әкелмесе, зиянын тізген жоқ.

Көптеген қылмыскерлер заңды біледі, тіптен оларды бұзбау қажеттілігін де түсінеді, бірақ, бұл іштей түсінушілік барлық уақытта қылмыс жасауға тиым сала алмайды, тіпті кейбіреулердің дәулетіне дәулет қосты. Олай болса, адам аң да, періште де емес екен, сонда осы екеуінің ортасынан ойып орын алған бұл тіршілік иесі басқалардан несімен ерекшеленеді деген орынды сұрақ туады. Оған жауап біреу-ақ – адамды адам еткен қоғам, ол қоғамдық мән, оның мүшесі, Оның ең басты анықтаушысы – оның қоғамға жататындығы. Дидро: «Адам қоғам үшін туады», – деген ғой. Қоғамға жататындығы, қоғам өмірімен бірге қайнаса қалыптасатындығы адамды адам етеді, себебі, біріншіден, осы сапасы оның әлеуметтік сапасын анықтайды, оны аңнан, жануардан ажыратады, екіншіден, қоғамда өмір сүретін адамның сипаты, тіптен оның табиғи сапасы қоғамның әсері арқылы елеулі түрде өзгереді.

Адам өзінің биоәлеуметтігіне қарамастан әрі табиғи, әрі қоғамдық мән, оның өміріндегі бас анықтаушысы – оның қоғамға жататындығында. Қоғам, жоғарыда атап өткеніміздей адамдардың жай ғана жиынтығы емес, олардыц арасындағы өзара қатынастың, яғни, ең алдымен олардың арасыңда бірігіп еңбек ету арқылы қалыптасатын байланыстар мен өзара байланыстардың нәтижесі. Атап айтқанда осы байланыстар мен қатынастар адамның мазмұнын құрайды. 1845 жылдың өзінде ойшыл философтар адамның сипатын былай деп анықтаған еді: «Адам мазмұны жеке адамға тән абстрактылық емес. Өзінің нақты болмысында ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».

Жер шарының қайсы бөлігінде болмайық, біз онда адамдық мәнмен кездесеміз, бұл жөнінде төмендегі сапалар қалыптасқан:

- олар құрал жасай алады, оның көмегімен материалдық игіліктерді өндіреді;

- олар жалған имандылыққа тиым салыну керектігін ұғады және оның жамандыққа сөзсіз қарсы екенін біледі;

- олар тарихи тұрғыда қалыптасқан мүлдені, сезімді және ақылды, әдет-ғұрыпты иленеді;

- олар қоғамнан тыс қалыптаспайды және өмір сүрмейді;

- олар мойындайтын даралық сапа бүкіл адамзат баласы мойындауға тұрарлық қоғамдық анықтаманың мазмұны, олар объективтік қатынастың қайсыбір түріне жауап береді;

- олардың өмірлік іс-әрекеті сонау арғы тегінен бастап бағаланатын, бағдарланған, ал оның саналы-еркіндік сипаты аса маңызды, оларда өзін-өзі зорлауға қабілет, ұлт және саналы жауапкершілікті сезіну қасиеті бар.

Сонымен, адамның мазмұны – қоғамдық қатынастың жиынтығы. Алайда, бұл қатынас өзгермей қалмайды, тұрақты түрде бірқалыпта тұрмайды, ол қоғамның өзгеруіне орай жаңаланып отырады. Сондықтан құлдық қоғамда бұл қатынастар бір үлгіде болса, феодалдық қоғамда басқаша, капиталистік қоғамда - үшінші, ал казармалық социализмде-төртінші сипатта көршеді. Бұл дегеніміз адамның да мазмұны өзгереді деген сөз, сондықтан да ең алдымен адам өмір сүретін қоғамды өзгерту қажет.

Қоғамның өзгеруі, ондағы үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастың өзгеруі адамның іс-әрекетін, олардың өзара қатынасын, оның ішкі әлемін, санасын сезсіз өзгертеді.

Қазақстан халқы 70 жылдан астам уақыт бойы социалистік қоғамда өмір сүрді. Олар сол жылдарда саясаттан, эканомикадан, әлеуметтік-рухани өмірден шеттетілді, тіптен құқығынан да айырылды деуге болады.

Енді біз міне, он жыл бойы демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз, оның мақсаты – жоғарыда аталған шеттетулерді жою, қоғамның барлық жүйесіндегі адамның шын мәнісіндегі құқығын, бостандығын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам десек, оның өмірі, құқығы және бостандығы сақталуы керек. Бұл маңызды принциптер күн сайын іске асырылуда, оны әрбір адам шын ынтамен түсінуде. Сонымен, еліміздегі бір ғана мақсат пен мазмұнды емес, қоғамдық қатынасты өзгерту бүкіл адамды, оның өмірінің барлық саласын өзгертті.

Дегенмен адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік қасиетті қоғамдық немесе әлеуметтік секілді ұғымдарға бағындырудан оның табиғилық (биологиялық) жағы өзгеріске ұшырамайды, адам өмірінде ешқандай рөл атқармайды деп түсінуге де болмайды. Адамдағы био-логиялық сапа (мысалы, оның табиғи сапасы, жұмбақ құбылыстар, мүдделер, қызметтер) барлық уақытта сақталады. Олардың арасындағы көріністер мен адамның әлеуметтік тұрғысы үнемі өзара тартысқа түседі де, қайшыпықтар пайда болады. Олар әсіресе, адамның биологиялық мүддесі(тамақ ішу, қозғалыс, ұйқы) мен әлеуметтік мүддесінің (оқу, еңбек ету, имандылық міндетті атқару) арасындағы қайшылықта көрініс табады.

Сонымен, адамның тарихи дамуында, оның өмірінде үлкен рөлді, атап айтқанда, әлеуметтік мүдделер, қасиеттер мен сапалық көрсеткіштер атқарады, ол біртіндеп өзіне адам өмірінің, іс-әрекетінің табиғилығын да қабылдайды. Сондықтан адам бойындағы әлеуметтіктің даму деңгейі адамның адамгершілігінің өлшемі деп те айта аламыз. Адам өзіндегі биологиялық құштарлықты неғұрлым жүгендей алса, оларды жоғарғы талпыныс пен ұмтылысқа бағындыра білсе немесе оны қоғамдық мақсатқа жетуге бағыттаса, соғаи сәйкес ондағы әлеуметтік күш те қарқынды дамиды.

Сонымен бірге өз бойындағы кез-келген табиғи ынтаны тежеу, табиғи қажеттілікті және қабілетті ескермеу, өз денсаулығы мен өз организмінің физиологиялық ерекшелігімен есептеспеу аса зиянды көрініс. Даналыққа деген сенім мен бүкіл болмыс атаулыны ақылға салу адам бойындағы табиғилық пен әлеуметтіктің арасындағы қарама-қайшы үйлесімділікті дұрыс меңгерудің кілті болып саналады.

Адамның қалыптасуына оны қоршаған ортаның: табиғи, әлеуметтік жағдайдың тигізер әсері өте зор. Адамның әлеуметтік ортасы оны тікелей қоршап тұрған орта – отбасы, құрдастар, көршілер, сыныптас ұжым. Бұларда адамның қалыптасуы жүзеге асады. Кең мазмұнда алғанда әлеуметтік топ дегейіміз – адамдардың маңайындағы үлкен топ: қоғамдық тап, ұлт, ел, қоғам, сонымен қатар адам өмір сүріп отырған қоғамдағы жағдай.

Ірі әлеуметтік топтар өзара байланысты шағын топтардан (3-5, 10-15 адам) тұрады, олар белгілі әдет-ғұрыпқа, нормаларға негізделіп, қалыптасады. Адамға әсіресе, жастық шақта күшті әсер ететін орта – отбасы, оның мүшелері ғана емес, ата-аналар, әке мен шеше, сонымен қатар онда қалыптасқан әдет-ғұрып, дағды.

Отбасында адамның мына сапалары қалыптасады: көпшілдік немесе тұйықтық, еңбек сүйгіштік немес жалқаулық, ұқыптылық немесе ұқыпсыздық, ақкөңілдік немесе өшпенділік, әділдік – әділетсіздік, адалдық – арамдық, ұяттынық немесе ұятсыздық. "Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы адамды кемеліне келтіреді. Отбасы бақыт әкеледі", - деп жазған еді A.C.Макаренко. Әсіресе, мұнда ананың артқаратын ролі зор. О. Бальзак: "Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының іштей қуанышын да бар болмысымен сезінеді", - деп жазған еді. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қалыптаспайды. Адамның қалыптасуы барысында адамгершілік сапа да қалыптасады. Олар – жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған қағидалар. Сондай-ақ адамзаттықтың, әрбір адамның ішкі руханн адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім, махаббат үнемі даму үстінде болады.

Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, кез-келген уақытта жақсылық жасауға дайын болу. "Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық, - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол". Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің өткен тарихымыз – біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Осы сапаларды өз бойларына сіңіру әрбір оқушының ұстанған бағыты, нысанасы болуы керек. Себебі адамгершілігі мол адам – басқаларга үлгі-өнеге.

Қоғам адамға бірінші кезекте мәдениет пен қоғамда, адамдар арасында қалыптасқан қатынастар арқылы әсер етеді. Адамның қалыптасуына үлкен әсер ететін ғылым, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары – баспасөз, радио, теледидар, білім және адам өмір сүріп, еңбек етіп отырған қоғамдағы жағдайлар. Ескеруіміз керек, бұл жағдайлар белгілі дәрежеде адамдарды қалыптастырады. Бұдан адам сол жағдайлардың құлы болуы керек деген ұғым тумауы тиіс, адамдар өздері өмір сүріп, еңбек етіп отырған жағдайларды ескерулері керек. Қайсы бір уақытта адам жағдайлардан да жоғары түруы керек. Себебі жағдай іс-әрекеттің себебі ғана емес, оның нәтижесі де. Егер де жағдай адамды қанағаттандырмаса, онда адам оған сын көзқараспен қарауы тиіс.

 

Сызба – 1. Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар


 

 



 



 

Кез-келген танымдық үрдіс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым үрдістер (танымдық үрдістер) және реттеу қызметінен басым психикалық үрдістерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.

Танымдық үрдістер жүйесіне келесі үрдістер кіреді: түйсік және қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу, эмоция.

Танымдық үрдістер жүйесінің барлық жүйелі блоктары үнемі өзара әрекеттесу үрдісінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. Танымдық процестер жүйесі өзара әрекеттесу үрдісінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.

Танымдық үрдістер жүйесі бірінші блогынан екіншісіне ауысқандағы ақпараттың қандай өзгерістерге ұшырайтыны көрсетілген (синусоида түрінде кестеде бейнеленген). Танымдық үрдістер жүйесі жұмысының соңғы нәтижесі алынған материалға сәйкес келеді, бірақ оның тура көшірмесі болмайды (кестеде қысқа сызықтармен бейнеленген). Сонымен, танымдық үрдістер жүйесінің жұмысы адамның объективті шындықты адекватты субъективті бейнелеуін қамтамасыз етуден тұрады.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері