Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

Құрбыларымен қарым-қатынас балаларда мінез-құлықтың әлеуметтік-эмоционалдық реттеу мүмкіндігін ашады. Осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: белгілі бір себептерге байланысты өзінің құрбылармен қарым-қатынасқа түсе алмайтын баланың дамуындағы әлеуметтік изоляцияның нәтижесі қандай?

Әлеуметтік оқшалану әртүрлі түрлерге ие. Соның бірі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт. Осыған жақын түсінік - «Ұстамдылық мінез» - бала өзін адамдарға (танитын, танымайтын) жақын ұстайды, бірақ олармен қарым-қатынасқа түспейді, тек сырттай әрекеттерін бақылаумен шектеледі. Мұның негізінде жақындау және алшақтау мотивтері жатыр. Ол аз сөйлейтін балаларға да қатысты.

Ендігі кезекте зерттеулерден  алынған эксперименттік материалдарға  тоқталайық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болады.

А./ Темперамент және мінез  құлықтың әлеуметтік регуляциясы.

1. Зерттеулер нәтижесінде  балалар темпераментінің екі  типі анықталған. Олар бала өмірінің  алғашқы күнінен-ақ белгілі болады. Оның біреуі жаңа жағдайда  балада қорқыныш сезімінің жоқтығымен  сипатталатын стресстік жағдайдағы  баланың фрустрациясы. Бұл топтағы балалар жаңа жағдайларға жақсы бейімделу қабілетіне ие. Ал келесі темперамент типі қарама-қарсы белгілерге ие: аналарының берген сипаттамасына қарағанда бұл балалар беймаза және күйгелек. Сонымен қоса, бұл екі типті темпераментті ажыратудың физиологиялық индикаторы табылды. Ол - жүрек ырғағы. Бірінші топтағы балалар жүрек ырғағының күшті көрсетуімен, бейімделу қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

2. Баланың темпераменті мен оның анасына бауыр басу арасындағы байланыс саласы арасындағы қатынас.

3. Нәрестенің темпераменті мен ерте шақта мінезінің тежелуі арасындағы байланыс.

Ерте шақта бала мінезіндегі  тежелу оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты емес, керісінше темпераментінің  бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Б./ Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасы және әлеуметтік изоляция.

Бұл мәселені зерттеу үшін К. Рубиннің басшылығымен құрылған «Ватерлоо Лангитюдты проекті» алынған. Зерттеуде келесі мәселер шешіледі:

1. Балалардың өз құрбыларымен қарым-қатынасы кезінде әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу.

2. Баланың әлеуметтік изоляциялық жағдайда дамуына ерте әлеуметтік изоляцияның әсерін анықтау.

3. Баланың әлеуметтік дамуы үшін ерте әлеуметтік изоляцияның прогностикалық күштерін анықтау.

К.Рубиннің зерттелінген жобасының күшті жағы болып зерттеуде әдістемелік тәсілдерді кеңінен қолдану және зерттенушілердің мінезін бағалау мен бақылаудың шкалаларын тиянақты құрастыру болып табылады. Экспериментте бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата - аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата - аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата - ана мен бала арасынлдағы қарым - қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылады.

 

2.4 Психологиялық  дағдарыс кезеңінде топтан тыс  қалу

себептері

Балалардағы изоляцияның  ерте формалары. Әлеуметтік изоляциялану проблемасын талдау кезінде балалардың өз құрбыларынан оқшауланудың алты формасын бөліп көрсетуге болады.

1. Кемеліне жетпеген сенсоматорлық және функционалды ойын - қанағат алу үшін қайталанатын жай моторлық белсенділік.

2. Конструктивті ойын - белгілі бір нәтижеге жету үшін заттармен әрекет жасау.

3. Жекелік ойын - драматургия - басқа адамдардың қатысуынсыз арнайы жүргізілетін ойынның бір түрі немесе элементі.

4. Зерттеуші әрекет - белгілі бір объект, оны зерттеу.

5. Бақылаушы әрекет - бала ойнап жатқан балаларға жақын жерде жүріп, оларға қосылмай сырттай бақылайды.

6. Еркіндік - қатысусыз еш пайдасыз уақыт құрту.

К.Рубин жекелік белсенділік ойынды импульсивтілікпен, кемеліне жетпегендікпен және де агрессивті мінез - құлық көрсетуге бейімділік сияқты бала психикасының сипатымен байланыстырады.

Мектеп оқушылар арасындағы конфликттер. В.Воронин халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты конфликтердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: оқушы - оқушы; оқушы - мұғалім; оқушы -ата-ана; оқушы - әкімшілік; мұғалім - әкімшілік; мұғалім -мұғалім; мұғалім - ата-ана; ата-ана - ата-ана; ата-ана -әкімшілік; әкімшілік - әкімшілік. Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар арасындағы конфликтіні қарастырайық.

Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы конфликтер барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген XIX ғасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, адам аяғы баспаған аралдар қалып қойған бір топ балалардың оқиғасы болсын (И.Кон).

Оқушылар арасындағы болатын конфликтердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова  сияқты психологтардың бақылауынша  лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер  ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік -барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектенде көбірек өзінің қатарластарына қатыгездік көреді.

Оқушылардың агрессивтік  қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с. (В.Лозоцева).

 

2 Бөлімнің қорытындысы

Диплом жұмысымыздың екінші бөлімінде балалар ұжымында оқшауланған балалардың шеттелу себептерін анықтау мақсатында эксперименттік зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, топтан изоляциялану себептерін анықтап талдау жасау міндеті қойылған болатын. Сондықтан біз жүргізген социометриялық әдістеріміздің көмегімен мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушылары арасынан оқшауланған балалар іріктелді. Балалар ұжымынан оқшауланған балаларды анықтау ең бірінші кезекте олардың өзара қарым-қатынасы мен бір-біріне деген жұғысуы мен алшақтауын аңғарудан басталады.

Оқшауланған баланың  себептері түрлі болатындығын біздің зерттеулерімізден аңғаруға болады. Бірінші кезекте әлеуметтік оқшаланудың бір түрі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.

Ерте шақта бала мінезіндегі  тежелу, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа  түсуден бас тартуға тырысушылық  зерттеулер көрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, әрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.

Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.

Оқушылар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс  қалуына әсер ететін тағы бір фоктор -конфликтер. Оның ішіндегі конфликтілердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы конфликтері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен конфликтке түсуі мүмкін.

О.Ситковская, О.Михайлова  сияқты психологтардың бақылауынша  лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер  ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау -топтан тыс қалудың немесе оқушылардың конфликтілі балалармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтынын көрсетеді.

Оқушылардың агрессивтік  қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Әлеуметтік дефектісі балалардың қарым-қатынасында проблема тудырып, оның топтан оқшаулануын тудыруына әбден ықтимал. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың конфликтке түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты дағдарыстарының негізі - топтан оқшаулануының да бір себебі болып табылады.

Қорытындылай келе, сыныптан оқшауланған балаларға психологиялық  көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады. Біздің екінші тарауымыздағы материалдар бұл міндетті шешудің бірден-бір жолы деп сенеміз.

 

 

 

3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

 

3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары

Балалар ұжымынан оқшауланған  оқушылармен жұмыс жүргізу бастамасы оның себебінен туындаған конфликтіні шешудің психологиялық-педагогикалық жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мәселеге тереңірек тоқталайық.

Психологиялық конфликтінің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай конфликтілерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмысты ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.

Зерттеу негізінде балалардың психологиялық конфликтісін шешу міндетті түрде сол ойынның барысында жүзеге асыру қажеттігі тиімді.

Үлкендердің балаға берген бағалық қатынасы олардың конфликтіні  шешуіне біршама әсер етеді. Көп  жағдайда мақтау, яғни әлеуметтік-психологиялық  бағаның орны ерекше.

Конфликтіні шешуде балалардың басқа балалар алдында беделін көтеретін жағдайларды қарастырған жөн. Коррекция кезінде тек қолдаумен ғана шектелуге болмайды, ол баланың басқа балалармен бірге ойнауында серіктестік ролінде сәйкестенетіндігіне көзін жеткізу қажет.

Мұғалімдер, тәрбиешілер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.

Тағы бір методикалық  тәсіл - ойынға қосымша тағы бір материал қолдана отырып, балалардың бірлескен  ойынын ұйымдастыру.

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын конфликттерін түгелдей болдырмауы мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы конфликттердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Конфликттерді алдын  алу жолында маңызды роль алатын -тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқшауланған оқушының басқа  оқушылармен араласуы қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан конфликттерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, конфликттерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

Мектеп оқушыларына  олардың қарым-қатынасын жақсартуға арналған арнайы оқылатын бағдарламалардың оқшауланған баламен жұмыс жүргізуде үлесі зор. Ендігі кезекте осы бағдарлама туралы айта кетейік.

Мектеп жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға  арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепте философияны оқыту програмаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады: «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау (Липман,1995).

Информация о работе Карым-катынас