Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:29, дипломная работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Содержание

Кіріспе 6
1. Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
теоретикалық негіздері 9
1.1 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы 22
1.2 Аймақтың өнеркәсіптік кешенін экономикалық басқарудағы
теориялық-әдіснамалық негіздері 28
1.3 Азық-түлік қамтамасыз етудегі шетел тәжірибелері 38
2 Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің
экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыру тетектерінің бірі 39
2.1 Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 51
2.2 Павлодар облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудегі кәсіпкерліктің дамуын талдау 58
2.3 Павлодар облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенде
кәсіпкерліктің даму мәселелері 60
3 ҚР-ның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекет
тарапынан қолдау және реттеу шаралары 61
3.1 Еліміздің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі
бағыт-бағдары және оны жүзеге асырудағы түйінді мәселелері 68
3.2 Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі
қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру 70
3.3 Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері
мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау 74
Қортынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 1 файл

Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету (Павлодар облысының материалдарының негізінде).docx

— 234.68 Кб (Скачать файл)

Кез келген елдің нарқы  іштен  де сырттан да төнетін қауіптерге душар болуы айқын. Мемлекеттің  азық-түліктік қауіпсіздігіне сыртқы қатер Республиканың түгелдей негізгі  тағамдар бойынша импорттан тәуелді  болуының күшейуінен туындайды, өндірістік орталықтарының экспортер елдерден тәуелді болуы, Қазақстан ВТО  – ның құрамына кіру мақсатымен өзінің ішкі нарығының ашық болуын күшейтуде, осыған байланысты азық  - түлік импортының ірі масштабты  экспансия қаупі туындайды, отандық  тауар өндірушілердің ығыстырылуы, және осы себептен олардың өндірістерінің тоқырауы.

Ғалым – экономистердің көзқарасы  бойынша, азық – түліктік қауіпсіздікке  сырттан туындайтын қиындықтырға келесі факторларды жатқызуға болады:

- ауылшаруашылық шикізатына әлемдік бағалардың коньбнктурасы (бағалық қайшылықтар);

- саяси сипаттағы шаралар (эмбарго,гуманитарлық көмек)

- сауда дискриминациясы;

- ақпараттық қайшылықтар;

- тарифтік (тариф емес) тежеулер;

- қарсы демпинг

Азық-түліктік қауіпсіздікті сапалық  бағалаумен шұғылданатын көптеген авторлардың  көз қарасына сәйкес көрсеткіштер (немесе индикаторлар) ретінде келесілерді  атауға болады:

- азық-түліктің негізгі түрлерін өндіру мен оны әр жан басының тұтыну деңгейі;

- нормативтерге сәйкес олардың жеткіліктілік дәрежесі;

- осы көрсеткіштердің аймақтар бойынша және халықтың әлеуметтік топтары бойынша дифференцияациялануы;

- олардың мөлшерінің әртүрлі жағдайлардағы тұрақтылығы;

Олардың тұжырымы бойынша, азық-түліктік қауіпсіздіктің сапалы түрде бағалануымен қатар, өсімдік шаруашылығының өнімдерімен  шұғылданатын шаруашылық құрылымдарына  егіндіктің 100 га шаққанда қажетті ауылшаруашылық техникасының нормативін (санын) бекітіп беру қажет, осы норматив ауылшаруашылығындағы азық- түліктік қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінің тиімді мөлшерін анықтайды яғни, азық-түліктік қауіпсіздіктің берік жүйесін жасау мемлекеттің бірқатар жалпыұлттық ерекшеліктермен байланысты, қаржылық-экономикалық қиындықтармен, мемлекеттің қызметімен тікелей байланысты обьективті және субьективті факторлардың бүкіл комплексі, азық-түліктік қауіпсіздіктің негізін құрайтын жүйе болады.

Зерттеу тақырыбының көпсалалығы  елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің  тиімді параметрлерін іздестіруді  және ең төменгі деңгейін анықтауды  талап етеді.

Азық-түліктік қауіпсіздіктің құрастырушыларын сараптауда өмір шындығы олардың  әрқайсына белгілі мөлшерде негіз  береді, бірақта, олардың экономикалық табиғатын зерттеу барысында  ең бастысы аса қиындатпауда,немесе жеңілдетіп жібермеуде.

Жоғарыда көрсетілген азық-түліктік қауіпсіздіктің критерилері мен  көрсеткіштері шетелдік, қазақстандық және ресейлік зерттеушілердің көзқарасына  сәйкес азық-түліктік қауіпсіздіктің классификациялық беогілерін (құрастырушыларын) ашып көрсетуге мүмкіндік береді және оның негізін құрайтын мазмұнын  анықтауда біржақты ғана қараудан аулақ  болуға мүмкіндік тудырады.

Азық-түлік қауіпсіздігі тауар- ақша қатынастары бар барлық экономикалық жүйелерге тән экономикалық категория  оның дамуы азық- түлік қауіпсіздігінің  маңызды ерекшеліктеріне тарайды, әр экономикалық жүйенің тарихи мерзімінің барлық қызмет ету сатысында сипатталады. «Жалпы» және «арнайы» белгілерінің әртүрлі бағытта дамитындығынескеру қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігі жалпы  категория ретінде әкімшілік  басқару жүйесінде дамуының ең жоғарғы  нүктесіне жетті, ал қазіргі дамуы  төмен.  Нарықтық қатынастарға тән  жаңа мазмұны ары қарай дамуда. Мұндай позиция оның тұқымдық белгілерінің түп белгілерінен ажырату емес, біріншісі  көруге міндетті және екіншісінің спесификасын анықтайды. Мұнда олардың жалпы  ерекшелігін анықтайтын тура байланыс байқалады. Нарық жағдайында азық-түлік  қауіпсіздігін қолдану шекарасы мен механизмі, функциясы жаңа мазмұнда көрінеді, ал түрі өзгерістерге ұшырайды.

Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі  жер өңдеу және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.

Көптеген ТМД зерттеушілерінің ойлары бойынша елдің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және климаттық  жағдайларына байланысты өзгеріп және толықтырылып отыруы мүмкін азық-түлік  қауіпсіздігі деңгейін анықтаудың төрт негізгі критериі ажыратылады.

Ресей ғалымы А. Гордеевтің ойы бойынша  «азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін анықтау үшін үш жүйе әрекет етеді», атап айтқанда:

- негізінен халықтың (экономикалық қол жетімділік) сатып алу қабілеттілігіне және тұтыну нарығының (физикалық қол жетімділік) қанығуына тікелей байланысты болатын тұтыну жүйесі;

- азық-түлік тұтыну нарығын отандық өндіріс және импорт есебінен толықтыратын және бұл кезде өндірістің жарты бөлігі тауарлық емес (халықтардың өзін өзі қамтамасыз етуі) болып табылатын екі жүйе.

 

1.2 Азық – түлік қауіпсіздігінің  деңгейін анықтаушы факторлар  мен шарттар жүйесі 

 

Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі  қарай дамуы тәелді болып табылатын  бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді  шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер  кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар  көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл  ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз сипаттағы тенденциялар байқалды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын  жүргізуі кезінде кез-келген ел  соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін  тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе  алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді  болса.

Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың  белгілі бір кезеңінде өсу  нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-2030 стратегиясында көрсетілген тамақ  өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші шикізатқа бағдарланған ел болып  қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды  өндірістерді, туризм мен қызмет көрсету  сфераларын өте тез қарқынмен  дамытуымыз керек.

Тамақ өнеркәсібі елдің экономика  жүйесінде құқық бойынша стратегиялық маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында  тамақ өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық запастары  құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық  тамақ өнімдерін шығару көлемінің  қысқаруымен және азық-түлік импортының артуымен байланысты тоқтап қалған елдің  азық-түлік қауіпсіздігінің басты  индикатыры болып табылады.

Соңғы кездері сырттан келетін  көптеген азық-түлік тауарларына  қатаң тыйым салынды. Халықтың денсаулығын  қамтамасыз етуде «Қазақстан – 2030»  стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген.  Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен бұрын дұрыс  тамақтану сапалы азық-түліктерден  тұратын отанымыздың азық-түлік  өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие. Басты мәселе азық түлік дайындайтын  өндірістерде. Дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы, бұл өзіміздің  мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның  басты мәселесі (өзімізден шыққан табиғи) ешқандай синтетикалық азық-түлік  тауарлар бұның бәрі шетел компаниялары мен еліміздің инвесторларында  компанияларының табиғи азық-түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп  шығару.

Азық-түліктердің экономикалық жоспарлы көлемі еліміздің ережеге сай  болуы керек.

Нарықтық экономикады азық-түлік  тауарлардың қауіпсіздігі олардың  бағасы және тұрғындардың көңілдерінен шығуы.

Реформалау кезеңіне дейін қауіпсіздікті  қамтамасыз ету тамақ өнімдерін  дайындаушылардың көрсететін басты  талаптары болғандығын айта кету керек. Бұл дәстүрдің дамуы мен  нығаюы отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторына айналуы керек.

Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі мәселелері импортталатын  тауарлардың сапасын бақылауды  күшейту қажеттігімен байланысты ерекше өткірлене түсті. Бұл мәселенің  маңызды бөлігі шетел компаниялары мен жекешелендірілген бірқатар кәсіпорындарда табиғи шикізаттарды ауыстырғыштарды  және синтетикалық қоспаларды пайдалануымен  байланысты көрініс тапты.

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің  төмендеуі жоспарлы экономиканың салдарымен де, нарықтық экономиканы реформалау қателіктерімен де байланысты болып  отыр.

Нарықтық эконмика жағдайында тамақ  өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қатарында төмен табысты халық категориялары үшін олардың бағаларының да қол жетімді болуы маңызды болып табылады. Ел тұрғындарының тұрмыс деңгейі тамақ рационына тікелей әсер етеді, өйткені олар азық-түлік тұтынудың ерекшеліктерін қалыптастырады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы тамақ сапасы мен нақты тұтынуына, отандық өндірістердің жеткіліктілігіне, халықтың жоғары табысына, импорттық тауарлар көлемінің аз болуына және жеткізудің сенімділігіне және т.б. тікелей байланысты.

Ауылшаруашылығының негізгі мақсаты  – адам денсаулығына қауіпсіз тамақ  өнімдерін қажетті көлемде, жеткілікті ассортиментте өндіру болып табылады. Қазақстан нарығында шетел өндірісінің  тамақ өнімдерінің көптеген түрлері  сатылады. Ол тамақ өнімдері өндірісте  қолдануға және дамыған Еуропалық  елдерде өткізілуге тыйым салынған компаненттерден тұрады. Азық-түліктің отандық нарығында шетелдіктер  позициясының нығаюымен байланысты Қазақстан сапасыз және мерзімі  өткен өнімдерді өткізу аймағына айналды. Сапасыз өнім әртүрлі аллергиялық, анкологиялық аурулардың пайда болуына  әкеліп соғуда.

Сапасы төмен өнімдерден аллергиялық  әртүрлі химиялық заттарды табуға болады. Тек, Павлодар облысындағы тексерісте нандардың арасынан Қытайдың Э центнерден асатын жоғары дәрежелі улы ашытқы табылған, құрамындағы қосылатын  дәрежесіне 10-50 ел артық қосып жіберген. Оңтүстік астанда 4,4 т азық-түлік  қайтарылды. Піспеген тамақтардың әсерінен көптеген қала тұрғындары медициналық  көмекке жүктелетін болатын. Санитарлық қызметкерлердің берген мағлұматына  сүйенсек Оңтүстік астаның тұрғындары дүкендердің, бутиктарда сатылған пирожкилардың, манты, қуырылған ет т.б азық-түліктерден 2 мың адам уланған, санитарлық қызметкерлердің  айтуынша 90 пайыз азық-түліктің гигиеналық тарлығы сақталамайды деген болжам айтты, мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді.

Төлемисова өзінің: «26 пайыз балалардың азықтары халықтардың нормаға сай  емес, әрбір екінші болған жағдай аллергиялық  ауруға әкеледі, 42 пайызы қатерлі ісік т.б дұшар етеді. Қазақстан мемлекеті  азық-түлікке деген бақылауы төмен  мөлшерде сапасыз тауарлар келуде».

Ішкі нарықтың импорт тауарларымен тез толығуы азық-түлікке қол  жетімділікті тездетті және сонымен  қатар отандық агроөнеркәсіптік өндірістің тоқтап қалуының негізгі  факторына айналды.

Азық-түлік ассортименті кең дамыған  елдерден бізге арзан немесе  сапасы төмен тауарлар келіп түседі. Олар біздің нарққа еніп арзан бағада сатылады. Импорттық өнімдердің көптеп келіп түсуі, ауылшаруашылық өнімдерінің  сапасына бақылаудың жоқтығы қатты  байқалуда. Республиканың көптеген аймақтарының тұрғындары бақыланбаған тамақ өнімдері нарығына кезігуде. Сауда саттыққа сапасыз, арзан өнімдердің көптеп түсуі жаппай инфекциялық, аллергиялық  аурулардың өршуіне әкеліп соғуда.

Бұл мәселеге Ресей халқының ғалымдары  да қатты қобалжулы. Соңғы 10 жылда  елде негізгі ауылшаруашылық өнім түрлерін өндіру қысқарып кетті. В. Плотниковтың дәлелдеуінше шет елдің ет және ет өнімдерін әкелу 3,5 есе артып кетті,  ал сүт өнімдері, күнбағыс майы, бидай  өнімдері, қант т.б. көптеп әкелінуде. Әр жыл сайын импорт бойынша нарықта сапасы төмен азық-түліктер көбеюде.

Сонымен қатар, сапасыз өнімдерді  пайдаланудан халық ауруларының  деңгейінің көтеріліп бара жатқандығы туралы белгілер көптеп түсуде. Бұл, әсіресе  Англия мен Еуропада және басқа мемлекеттерде  «сиыр құтырмасы» атты ауруларының  жаппай таралуымен байланысты түсінікті  болды. 

Сапасы төмен азық-түліктерден  пайда болған бұл ауруларға байланысты Еурокомиссия шешіміне сәйкес Еуропа елдерінде 2 млн. басқа жуық ірі қара мал жойылды, оның 400 мыңы Германияда қырылып жатыр.

Соңғы уақытта «құс тұмауы» аурулары таралуда, бірақ оның адамның ішкі құрылысына зияны  беймәлім. Тамақ  өнімдерін тұтыну тақырыбын зерттей  отырып А. Гордеев елдің өнім импортына  тәуелді екендігіне көңіл аударды. «Жан басына шаққандағы витаминдік өнімдерді  пайдалануда жеміс, бақша дақылдары  сияқты өнімдерді пайдалануда жағымсыз тенденциялар байқалады». А.Гордеевтің айтуынша «Дәрумендер көкөністер елінде өткен жылы 75 кг құрса, одан кейін 98 кг (80 пайыз) 1985 жылы».

Қазақстандық ғалымдар шетелдерден  әкелінетін тауарлардың сапасының  төмендігінің бірнеше себебін ажыратып көрсетеді. Біріншіден, бұл республиканың  ауылшаруашылығының дағдарысымен байланысты. Екіншіден, сапасы бақыланбаған тамақ  өнімдерінің жаппай импортталуымен байланысты. Үшіншіден, шенеуніктердің сапасыз өнімдердің импортталуына  қолайлы жағдай жасауына байланысты. Төртіншіден, Қазақстанға өнім әкелетін импортер- елдердің өндіруші фирмаларының дотацияларының қысқару процесі  үлкен әсер етіп отыр. Бұл өз кезегінде  олардың сапасыз шикізатты пайдалануына, соның нәтижесінде Қазақстан  халқының денсаулығына қауіп төндіретін өнімдердің әкелінуіне әкеліп соғады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің  негізін ең бірінші агроөнекәсіптік  кешеннің тұрақты әрекет етуі қалыптастырады. Сондықтан да оның негізін қалаушы  рөлін сонымен қатар оны тұрақтандыруда және әрі қарай дамытуда мемлекеттік  қолдаудың қажеттігін ескеру керек. Азық-түлікпен қамтамасыз ету қоғам  дамуының ең маңызды жағы, сондықтан  оны жеке қолға толығымен бере салуға болмайды, ал мемлекеттік қолдау көпаспектілі сипатты иемденуі мүмкін. Сонымен қатар өндірісті инвестициялау  сферасын да дамыту керек. Реформалау жылдары ауылшаруашылығына инвестиция құю мүлдем тоқтап қалды.

Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы нарықтарға интеграция-лануы  жағдайында отандық өндірістердің  бәсекеге қабілетіліктерін көтеру аса  маңызды мәселе балып табылады. Азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды  фактор ауылшаруашылық шикізаттары  мен азық-түлігінің мемлекеттің  резервтік қорын қалыптастыру болып  табылады. Қордың тізімі мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі және негізгі тауар өндірісі орындарында келісімге отыру  негізінде қалыптасады. Сонымен  қатар, азық-түлік қауіпсіздігінің  негізін белсенді мемлекетік саясат жүргізу негізінде ғана қалыптастыру мүмкін болады.

Информация о работе Аймақтың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету