Әлеуметтік зерттеулердің
мақсаты мен маңызы.
Зерттеу мақсаттарын белгілеуСоциологиялық
зерттеудің мақсаты айрықша оның
бағытын – теоретикалық немесе
қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы
қандай мәселені шешу үшін және берілген
зерттеу қандай нәтижеге бағытталады
деген нақты сұраққа жауап
беру керек.Мақсат пен гипотезаларға
сай зерттеу міндеттері айқындалады,
олар негізгі және негізгі емеске
бөлінеді.Негізгі зерттеу міндеттері
орталық сұраққа жауап ретінде
зерттеу мәселелерін шешудің
құралдары мен жолдары қандай
деген ізденісінен тұрады.Негізгі
емес міндеттер зерттеу мәселесіне
тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды
тексеру үшін қойылады. Негізгі
емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша,
жаңа зерттеу дайындауға көмек
көрсете алады.Зерттеу объекті
мен пәнін белгілеуСоциологиялық
зерттеудің объектісіне кең
мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік
шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан
тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар
жатадыТар мағынада социологиялық
зерттеу объектісіне қандай да
бір әлеуметтік мәселенің, яғни
адамдар қауымдастығының және олардың
әрекетінің белгілі қасиеті болып
табылады.Зерттеу объектісін суреттеу
барысында келесі сипаттамаларды ескеру
қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік
шектеулігі (ауыл, қала), функционалды
бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық,
саяси және т.б.), уақытша шекаралары
(зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді)Социологиялық
зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға
байланысты белгіленеді(жұмыс күні,
жұмыс сменасы).Зерттеу пәні зерттеу
мәселелерін едәуір толық айқындайтын,
объект қасиеттері мен жақтарынан
тұрады. Түсініктердің интерпретациясы
мен операционализациясы
Бағдарламаның бұл бөлімінде
түсініктердің операционализациясы
мен интерпретация процедуралардың
көмегімен социологиялық зерттеудің
теоретикалық концепциясы бастапқы
ақпарат жинаудың инструментарийне
айналады. Социологиялық талдау пәнінің
мәнін ашуға зерттеу мәселесінің
теоретикалық түсінуіне қызмет ететін,
бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар
қолданады. Қолданылған негізгі
түсініктердің мағынасын ашу
интерпретациялау деп аталады. Түсініктің
мазмұны толық ашылды деп айтуға
болады, тек сол жағдайда, егер
оның интерпретациясы екі бағытта
жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен
салыстыру (түсініктердің теоретикалық
интерпретациясы) мен оны берілген
бақылау мен экспериментімен
салыстыру (түсініктердің эмпирикалық
интерпретациясы).Көбінесе негізгі
түсініктер басқа жеке түсініктерден
құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже
жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше
түсініктерден тұрады: « еңбек
ереже жағдайы», «технологиялық ереже
жағдайы», өз арада «еңбек ереже
жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар
мен орындау нормаларын атқаруды;
ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау;
жұмыс уақытының қолдану режимін,
жетекшілердің бұйрығын орындау және
т.б. білдіреді.Осыған байланысты, басты
түсініктердің интерпретациясы оның
құрушылардың ажыратылуын белгілейді.
Негізгі түсініктерді интерпретациялауын
жалғастыру және бөлшектендіру операционализация
түсінігі деп аталады. Ол негізгі
түсініктерді сипаттайтын, жеке
түсініктердің ізденісін іске асырады.Зерттеу
гипотезаларын тұжырымдауЗерттеудің
жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен
белгілену керек Гипотеза - бұл
ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді,
құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге,
оларды мойындау немесе жоққа шығарудан
тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу
объектісін алдын ала талдау нәтижесінде
ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. Ғылыми
негізделген гипотеза бірқатар талаптарға
жауап беру керек 1) әлеуметтік үрдістердің
ғылыми танымының теоретико-әдістемелік
негізі болатын, жалпы социологиялық қағида
принциптеріне сай келу керек;2) әлеуметтік
фактілерді түсіндіретін гипотезалар,
бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген
салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы
келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар
ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі
мүмкін.Гипотезалардың дәйектігін
өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке
алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың
мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу
және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық
көрсеткіштерді белгілеуге тырысу
керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу
және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.Бейнелеу
- бұл зерттеу объектінің құрылымдық
және функционалдық байланыстары жөнінде
ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің
классификациялық сипаттамаларына
жатқызыла алады.Түсіндірмелі гипотезалар
- зерттеу объектісінің себеп-салдар
байланыстары жөнінде ұсыныстарды
белгілейді.Маңызы мен сипаты бойынша
гипотезалар негізгі және қосымша
болып ажыратылады.
Әлеуметтік тұлғаның агенттері
мен қасиеттері
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің
барлық дерлік салаларындағы қызметін
(отбасы, экология, саясат, құқық, білім
беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу
пәніне жатқызады. Тұлға әлеуметтік
қатынастар мен байланыстардың бастапқы
агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз
кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін
«адам», «индивид», «тұлға» деген
ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты
біліп алуымыз керек. «Адам» деген
– адамзат баласының жер бетіндегі
басқа биологиялық организмдерден
өзгеше қасиеттерін сипаттайтын
жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің
нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық
– бұл әр адамның өзіне ғана
тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы,
яғни бір адамның екінші адамнан
айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз,
адамның тек табиғи-биологиялық
қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары
тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп,
қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар
негізінде қалыптасқан адамдардың
мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының
бастамасы деп те атайды. Нақтылап
айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің
табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни
оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын
сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз
өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім,
сенің өмір сүруіңді және басқалардың
өмір сүруін қажет етеді және керісінше
де солай. Индивид – жеке-дара адам.
Барлық адамға тән ортақ қасиет –
ол тек қоғамда ғана өмір сүреді.
Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады,
себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін
бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің
ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай
қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол
жануар, хайуанаттардың кез келгенінен
әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан
шыққан құс балапаны бірден тамақ
іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа
адамдардың қамқолық көмегінсіз адам
баласы өсіп жетіле алмаған болар
еді. Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен
кішкентай адам балаларын аңдардың
алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында
тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан
жақсы білеміз. Қырыққа жақын
мәлім болған жағдайлардың барлылығында
да балалар адам қалпынан айырылып
қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін
асырап өсірген жануарлардың барлық
қимылдарына еліктеуден басқа ешбір
қабілеттері болмаған. Кейбір олардың
қолға түскендерін адам қалпына
келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді
үйретуге тырысқан талай белгілі
маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже
бермеген. Демек, адамның адамдық
қасиеттерін қалыптастыратын тек
қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен
бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі
міндет. Осы ортамен тығыз байланыс,
қатынаста болып, сол ортаның (топтың,
ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың)
іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін
өзінің бойына сіңіруі қажет. Адамның
жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының
негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен
өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол
үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым
түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру
жолын меңгеру қабілетінде болды.
Тек еңбек процесінде адамдар
бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды,
ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді.
Бара-бара адам еңбегі материалдық және
рухани мәдениет жүйесінің субъектісі,
яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық
қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті
материалдық игіліктерді (тамақ, киім,
баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз,
еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік
қатынастарға түсетін, өзара байланыс
жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі
деп анықтама беруге болады. Бұдан адам
мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы
шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық,
психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп,
жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы
тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір
уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі
болады: биологиялық, психологиялық және
әлеуметтік. Бологиялық өлшем – бұл адам
организмінің түр бейнесі мен құрылымының
(морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің
құрылысын және формаларын зерттейді,
оның атқаратын, орындайтын қызметін,
шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан
дүниесі, онда жүріп жататын саналы және
санадан тыс құбылыстар мен процестер,
(сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру,
не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш,
не наразылық, ойлау) адамның еркі мен
сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б.
қамтиды. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда
бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын
тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды,
өйткені биология мен психология адамдарды
жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде
көрсете алмайды. Әлеуметтік өлшем – адамды
тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның
үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде
қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын
оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі
іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен
тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған
сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты
тұлғаны қалыптастырып отырады. Әлеуметтану
тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның
идеясына сәйкес келетін немесе идеалды
емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін,
оның идеалды типтен қандай ерекшілігі,
айырмашылығы барын зерттейді
Әлеуметтік басқарудың
маңызы.
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық
осі болып басқару табылады. Басқаруға
деген әлеуметтік көзқарастың негізгі
үш түрлі компонентті бөлуге байланысты.
Олардың біріншісі – мақсатты
ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды
қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы
әсер, ол басқарудың негізін құрайды.
Мұндай әсер сыртқы (басқару органы
объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі
басқару (әсер объектке кіретін бөлімше
және субъектпен орындалса) түрінде
болады. Басқарудың екінші компоненті
– әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру,
яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ
процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы²,
бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік
нормалар). Аталған екі компонент
үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы»
басқару еңбегінің өнімдерімен
қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда
административті тәртіппен, объективтелген
шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ
қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас
нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.
Берілген элементтердің оптималды
сәйкестігі олардың шекараларын
пайдалану мүмкіндіктері мен
есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды
жою негізінде олардың интеграциясын
меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің
көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір
реттік ықпал ету формасынан ұзақ
мерзімді тәртіп формасына көшіруге
немесе кездейсоқ реттеуіштерді
ұйымның алдына қойылған мақсатына
«қосуға» мүдделі. Басқару тәсілдері :Бұл
ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты
ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы.
Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше
мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше
әдістерді құрайды. Олардың біреулері
әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін
қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның
мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін
бөлуге болады:1) тікелей (бұйрық, тапсырма);2)
мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);3)
құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім
және т.б.)4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы
(административтік және бейресми ұйымдарда
және т. б.еңбек жағдайларын, статусты
өзгерту).Кәсіпорынның өндірістік ұжымына
кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару
тәсілдері келесідей бөлінеді:1) топ құрамының
мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық,
психологиялық белгілері бойынша жұмыс
орнының саны мен орналастырылуына байланысты);2)
топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру,
басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық
факторларды және басқа әдістерді қолдану);Кәсіпорынды
әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай
тәсілдер қолданылады:а) ресми және бейресми
құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған
және шындығындағы байланыс пен нормалар
арасындағы қарама-қайшылықтарды жою);ә)
басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар
рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен
шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру,
өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы,
еңбек активтілігін арттыру және т. б.
арқылы);б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың
квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік
құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту
және басқа шара
Әлеуметтік құрылым
және әлеуметтік стратификация.
Әлеуметтік стратификация —
әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол
қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін
түсіндіреді. Қоғамдық кү-рылымды біз
мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық
еңбек бөлінісі арқьшы, және т.б. арқылы
қүрылатынын көрсетуге талпындык,
Қарапайым қоғамда мәртебелер саны
аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен
болады, ал казіргі замандағы қоғамда
— мәртебелер кептеп саналады және
еңбек бөлінісін үйымдастыру
деңгейі де әлдеқайда жоғары.Әлеуметтік
кұрам әлеуметтік стратификацияға
айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан
әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек
айт-канда кедейлердің, ауқаттылардың,
байлардың жиынтығы.Адамдар әрдайым
қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін
өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы
жер аристократиясының орнына келіп,
оны алмастырды, кззіргі ендірісте
біліктілігі шамалы мамандықтарды
«ак. жағалылар» деп аталатындардың
өкілдері -- инженерлер, програм-мистер,
роботталған кешендердің операторлары
ығыстырып шығарды. Соғыстар мен
революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын
кайта жасап, пирамиданың шынына
кейбіреулерді кетерсе, баскдларын
тө-мендетті. Олар казір де жүріп
жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита
келіп алмастырды.Өрлеу мен кұлдыраудың
арасында белгілі бір асимметрия
бар: бәрінің де көтерілгісі келеді
және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі
келмейді.1. Әлеуметтік құрылым және
стратификация үғымдары, олардың
негізгі элементтері мен формаларыҚоғам
өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға,
жіктерге және үлттық қауымдастыктарға
бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне
объективті түрде дәнекер болатын
әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани
байла-ныстар мен кдтынастардан
кұралады. Сонымен бірге, олар тек
осы бай-ланыстар мен қатынастар
шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда
өздерін көрсете алады. Бүл болса
когамның тұтастығына, оның біртүтас әлеуметтік
организм ретінде өмір сүруіне себепші
болады. Мүның мәнін өздерінін
теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К.
Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б.
әлеуметтанушылар ашып берген еді.іҚоғамның
әлеуметтік қүрылы-мы — адамдар
қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының
ара-сындағы экономикалық, әлеуметтік,
саяси және рухани өмір жағдайла-рының
байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.Қоғамның
әлеуметтік қүрылымынын даму негізіне:
1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс
құрал-жабдықтарына және оның ©німіне
меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдық
еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың,
тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен
бірге қала мен ауыл адамдарынан,
ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен
тұратын үлкен топтардың пайда
болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші
болды.Өндіріс қүрал-жабдықтарына деген
жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын
осы ішкі беліністеріндегі оның экономикасын
және ішінара қалып-гаса бастаған қүрылымды
нығайтады. Қоғамдык. еңбек бөлінісі
де, меншік катынастары да қоғамның
әлеуметтік қүрылымы дамуының объективті
әлеуметтік-экономикалык алғышарттары
болып табылады.Қоғам емірінде әр түрлі
кызмет түрлерінің пайда болуына, материал-!
Йык ^ндірістің және рухани мәдениеттің
дамуларына еңбек бөлінісінің бёэтгілі
дәрежеде елеулі ыкпал ететінін кезінде
Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин
және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі
қоғамдық еңбек бөлінісінін рөлі жөніндегі
кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамныц
әлеуметгік қүрылымының дамуы женіндегі
түжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалык
теорияларында да орын алған еді. Марксизм
теориясы жеке меншіктің осы процестегі
релін де ашып берді.Коғамның өлеуметтік
күрылымының негізгі элементтеріне:- коғамдықеңбек
белінісі, өндіріс құралдарына деген жеке
меншіктік кдтынастар және қоғамдық өнімді
белуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар
жатады. Оларды осылайша түсіндірудің
қажеттілігін әр түрлі ба-ғыттың әлеуметтанушылары
мойындап отыр:- кала мен ауыл адамдары;-
ой және дене еңбегінің өкілдері;- сословие;-
әлеуметтік-демографиялык топтар (жастар,
әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);
Әлеуметтік бақылау
мен дивиантті тәртіп.
Социологиялық зерттеулер барысында
заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық
мінез құлығының себептері мен
мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық
бұзушы» деп танитын тұлғалардың
құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі,
социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған)
не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы
бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез
құлықтың мәнің түсінудің басты шарты
ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік
норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан
жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың
рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік
нормалардың негізі құқықтық заңдарда,
мораль мен этикетте жатыр. Көптеген жағдайларда
ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға
жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы
қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты
түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ
формаларын қоғамдық пікір тіркейді және
қатысушыларлың өз арасында жағдайға
байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның
тұрақты формаларын жазалау әдістері
мен құралдары ауытқулардың қауіптілік
деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда
евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік
құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық
орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап,
адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез
құлықты кең және шағын мағынада алып
қарастырады. Тар мағынада алғандағы девиантты
мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни
құқық бұзушылық болып есептелмейтіе
ауытқулар ретінде түсініледі. Кең мағынада
алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа
қарсы барлық формалар ретінде түсініледі.
Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация,
ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі.
Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы
немесе қылмыстар делинквентті мінез
құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән
де социологияда да, құқық социологиясында
да қолданылады. Маңызды қылмыстардың
барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына
қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына
жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа
жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық,
тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік
шпионаж жатады. Заңды социологияда халықтың
мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі
тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы
қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.
Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз
формалары болып саналады, оған: қылмыс,
маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады.
Бұл формалар дисфункционалды, оларға
қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға
зиян әкеледі.
Әлеуметтік стратификация
мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
Әлеуметтік стратификация теориясының
негізгі принциптерін бөлейік:1) үлкен
немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз,
қоғамда басты немесе қосымша
рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын
түгелімен зерттеу2) топтарды бірдей
критерийлер бойынша өлшеу және
салыстыру;3) бұл критерийлер әр қабатты
толығымен және терең суреттеу үшін
жеткілікті болуы қажет.Нақты қоғамның
әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция
нәтижесінде пайда болған, әртүрлі
әлеуметтік рөльдермен, позициялармен
ерекшеленетін стратификациялық жүйе
болып табылады. Бұл жүйе еңбек
бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар
мен мәдени стандарттаржүйесімен анықталады.
Әлеуметтік стратификация теориясында
реттелген белгілер (критерийлер) болады.
Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік
маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке
меншік формасы, табыс мөлшері, билік
көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім,
мәдениет түрлері және т.б. кіреді.Әрбір
қасиеттің маңызы өзгеріп отырады.
Осылайша, стратификация келесі түрде
болады:1) белгілер жүйесі;2) нақты қоғамның
әлеуметтік құрлымы;3) топтардың көлденең
және тік орын ауыстыруы. Элементтердің
көлденең тізілуі бізге көптеген
критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік,
білімдік, мәдени, тік – жеке меншік
қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді
көрсетеді.Стратификация – бұл
тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде
де, қоғамның бейнесі ретінде де
болады. Белгілі топтардың ажырату
әдісі ретінде және қоғамның көрінісі
болады.Стратификация – бұл жағдай
мен үрдістер, мұнда индивидтер,
жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста
болады және бедел, меншік, билік, мамандық
пен мәдениет туралы өз көзқарастары
бар иерархиялы құралған страталарға
топтасады.Стратификация тек адамдардың,
топтардың, қоғамдағы қабаттардың
әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана
қоймайды, сондай-ақ, олардың тең
емес күйін бейнелейді.Стратификацияның
әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік
топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше
критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік
мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс
теориясының қалыптасуына методологиялық
негіз болып саналады.Әлеуметтік
мобильділік – қоғамның әлеуметтік
құрылымындағы индивидтің немесе топтың
алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл
термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен
енгізілген болатын.Стратификация
Сорокин бойынша – бұл белгілі
бір адамдар жиынтығының (халық)
иерархиялық рангтегі кластарға
жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы
қабаттардың болуымен сипатталады.
Ол стратификацияның 3 түрін бөледі:
экономикалық, саяси, кәсіби.Әртүрлі
елдерде осы проблемаға көптеген
социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік
мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін,
оның демократиялылығын, индивидтер мен
буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан
жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік
беретіндігін, қоғамның басшы элитасы
қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа
топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін
адамдар білгісі келеді.Стратификацияда
кластар ерекше және маңызды орын алады.
Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның
ғылыми кластық дифференциациясын жоққа
шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология
туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым
кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады.
М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру
үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды
болып табылады. .Әлеуметтік топ – бұл
экономикалық, саяси және кәсіби статустарға,
позицияларға ие адамдар қауымдастығы.Біз
класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі
Әлеуметтік қабаттар бұл тұрғыдан белгілі
бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды
біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды
білдіреді.Мүдделер – бұл тұлғалардың,
топтардың және басқа да қауымдастықтардың
әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын
белгілейтін және олар өз әрекеттерінде
негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары.
Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір
әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің
өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған
көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну
қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік
салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік
топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру
нәтижесінде болады.Әлеуметтік өмірде
маңызды орынды әлеуметтік өзара қатынас
алады – бұл бір-біріне бағытталған, партнері
тарапынан анық (күтілетін) реакцияны
туғызуға бағытталған және осы реакция
жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын
партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік
әрекеті.Әрбір әлеуметтік қайраткер өз
қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады.
Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында
әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет
барысында марапаттауды (материалдық
та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау)
максимизациялауға және шығынды минимизациялауға
ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара
марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады,
сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда
болады.Әлеуметтік жанжал – бұл түрлі
әлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін
қамтамасыз етуге талпыну, сәйкес келмейтін
және тіпті қарама-қайшы мүдделерді жүзеге
асыру жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды
шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай
белгісі болып, оның аяқталуы табылады
(уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз
қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық
өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік
қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық
жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге
асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс
себебін жою табылады – қарсыластардың
бір-біріне деген көзқарасын өзгерту.
Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір
жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге
болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының
мақсатын өзгертеді.Қазіргі Қазақстан
қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы
кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен,
аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке
меншіктік және әлеуметтік теңсіздік
мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық
және қақтығыстармен сипатталады.Экономиканың
тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар
еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа
өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы
қатынастар құрамы мен сипатына маңызды
өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның
негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік
поляризациясы, кедейлер мен байларға
бөлінуі табылады.Дәстүрлі әлеуметтік
топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік
құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық
әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты
жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр.
Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру
үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:Жеке
меншік формаларының плюрализациясы негізінде
жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;Мемлекеттік
меншік формаларының трансформациясы
және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың
жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық
сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық,
маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;Әртүрлі
жеке меншік формаларының өзара қатынасы
негізінде қабаттар мен страталардың
қалыптасуы.азір жаңа қабаттар өзінің
құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы
тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы
дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің
жаңа формаларын заңдастыруға байланысты
болады.