Дүниетаным және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа

Краткое описание

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofia_Surak_-_Zhauappp_1.docx

— 175.46 Кб (Скачать файл)

57.Жаһандану үдерісіндегі  адамзаттың өзекті мәселелері. Дамушы елдер үшін жаһандану процесі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану процестері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіндегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жағдай жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік-экономикалық қүрылымын түбегейлі өзгертіп, бар күшжігерін салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз-бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мүндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру қүралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфра-қүрылымдық іргетасына негізделген. Жаһандану саясатына трансүлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация түжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дүшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, түтынушылар қүқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамдық үйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін Интернет арқылы жүзеге асырады

58.Адам жеке адам және  тұлға мәселесі. Адамның анықтамасын екі түрде беруге болады. Адамның табиғаты ретінде оны басқа тіршілік иесімен ажырататын санасының болуы. Адамның даму теориясы бойынша ондай ерекшеліктерге ақыл ой,еңбек ете білу қабілеті,ұжымдық іс әрекеті,тіл,мораль жатады. Оған шығармашылық азаттық, руханилық, сенім, елес, фантазия,өзінің өмірден өтетінін білу және т.б. қасиеттер жатады. Адам мәнінің негізгі қасиеті оның ішкі мазмұнының адамның  терең ядросын теерең бейнелеп көрсетеді. Адамның мәндік анықтамасы zoon politikon (саяси қоғамдық жануар). Аристотельдің осы туралы берген анықтамасы:адам ақылды, оған қайырымдылық зұлымдық, күле алу,қасиеттері тән. Р.Декарт «адамды ойлай алатын зат» деп қарастырады.кейін уақыт өте келе адамды биологиялық тіршілік иесі деп анықтағаннан кейін homo sapiens қазіргі кезең адамын айқындайтын жалпы стандартқа айналды. Осылайша,адам нәзік тіршілік иесі бола тұра, бізді қоршаған аң патшалығынан  ойлай білуімен, өзін және өзән қоршаған ортаны тани білуімен ерекшеленеді. Homo faber-жаратушы адам. 19ғ. Соңында жаңа заман философиясының»дүние мен адам мәнінің негізгі ақыл ой» деген идеясы толқуға ұшырай бастады. Homo Indens (ойыншы адам). Йоганн Хейзинганың пікірінше ойын элементтерінсіз адамның бірде бар іс қызметі (соғыс, әділеттілік, философия,өнер т.б.) жүзеге аспайды. Мәдениет ойыннан туындайды, онда адамның тіршілік етуінің ерекше символдық сферасы қалыптасады. Homo Icugiosus (діни адам). Құдайдың бейнесіндегі адам.адамға Э.Кассирер «символдық жануар»,Э.Блох «қиялшыл адам»,Н.Винер «қарым-қатынас жасаушы адам», Хайдергер «көңілсіз адам» анықтамаларын берді. Бұл анықтамалар адамның мәнін символдар ойлап табудан, қарым-қатынас жасай білуден көре білді.

59.Философиядағы  адам  мәселесі. Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әр түрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды. Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы б.з.д. жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Ежелгі үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жаннгың көшуі туралы ілімде тірі жандар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана  тән. Упанишад бүкіл үндістанда адам философиясы дамуына зор үлес қосты. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм,индуизм,санкхья,йога ілімдеріне мол әсерін тигізеді. Ежелгі қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде «аспан» концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын  анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес,жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды,яғни антропоцентристік сипат алады. Демокрит адам туралы ілімдегі материалистік моизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады.ал Аристотель концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, «адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден» де, «жоғары адамнан» да ерекшелендіреді. Сонымен Аристотельдің пікірінше, адам ақылға ие жануар. Аристотель адамның әрекеттік мәні туралы жағдайды қалыптастыруға өте жақын келеді.

60.Ақпараттық қоғам және  оның даму ерекшеліктері. Жаңа өркениетке өтуге байланысты адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбірлі өзгерістер болып жатқан жаңалықтарды пайымдау қажеттілігін тудырды.20-жылдардың өзіндеақ мұны алғаш сезінген О.Шпенглер өзінің атақты Еуропаның дағдарысы еңбегінде бүгінгі индустриалды өркениеттің ақырының жалпы нобайын трагедиялық түрде белгіледі.  У.Дайзард өзінің Ақпарат ғасырының қадамы еңбегінде ақпараттық қоғам дамуының үш кезеңіне назар аударды:ақпаратты өндіру мен тарту бойынша негізгі эканомикалық салалардың қалыптасуы;өнеркәсіптің өзге салалары мен өкімет үшін ақпараттық қызмет номенклатурасының кеңейуі тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының кең торабының қалыптасуы.  Трансформацияның бастапқы кезеңін М.Форад алғашқа ақпараттық сектор деп атады.Мұнда ұлттық ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымды құрайтын техника өңдеушілер мен менеджлер ғана,яғни ат төбеліндей корпарация иелері ғана үстемдік етеді.Мұндай корпороцияның ең ірілерінің бірі-Амэрикэн телефон энд телеграф-70-ж аяғында әлемнің 118 елінің ұлттық өнімінің барлығын қосып алғандағыдай кіріске ие болды.  Жаңа ақпараттық экономиканың екінші кезеңі де толығымен ене бастады.Бұл кезеңде жаңа ақпараттық технологияның негізі пайдаланушылары жекежәне қоғамдық салалар болып табылады. Осы кезден бастап олардың ақпараттық технологияға деген сұранысы күшейе түсті. Мысалы,банк ісі уақыт өткен сайын қағаз ақшаның  негізгі бөлігін алмастыратын электронды ақшаның  универсалды жүйесін қалыптастыру бағытына қарай жедел қарқынмен дами бастайды. Әдетте бұл үдеріс үй компьютерлері және өзге күрделі техникамен жүзеге асады.Әрбір үйдегі екі құрылғының - телефон және теледидардың көмегімен қызмет көрсетудің жаңа түрлерінің басым көпшілігі атқарылады.Бұл жүйелер ақпараттық  қызметтің жаңа базаларының эффективті каналдары бола алады.  Жаңа ақпараттық өркениеттің қалыптасуы көптеген жаңа мәселелерді туғызады.Әлеуметтік-эканомикалық табыс бүгінгі күндері білім мен технологияға тәуелді болғандықтан,ақпараттандыру жолына дер кезінде түсе алмаған елдердің ақпаратты дамушы елдерге тәуелді болып қалатыны күмән туғызбайды.Осыған байланысты дамушы елдердің шикізат және энергетика көздері болып келген елдер ақпараттық отар елдерге айналуы мүмкін.М.Хайдеггердің пікірінше индустриалдық қағаида техника мен техницизм үстемдік етсе,болашаққа ақыл-ойдың экспансиясы қатер төндіреді.Кейбір батыстық философтар а-тық үдерістердің қарқынды дамуы жағымсыз салдарларға да әкелуі мүмкін деген ой айтады.


Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері