Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б
Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір–тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
Конфуцийдің аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты және алдымен әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігі. Балалар тек қана ата-аналарының айтқандарымен жүруді ғана қанағат тұтумен шектелмей, оларды жан-тәтімен сүюге міндетті әрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс. Егер адам ата-анасын сүймесе және олардың алдындағы борышын мойындамаса, ол- делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрыс емес адам.
Адамгершілік Конфуцийдің пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз – адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүгі. «Әбден жетілген» адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға тиіс. Конфуцийдің пікірінше, мемлекет басшысына тек «әбден жетілген» адам ғана лайық.
7.Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың
2-жартысында пайда болған философиялық
ағым. негізін қалаған көне грек
философы, математик және астраном.
Пифагордың философиялық теориясы біртұтас
жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар
бастапқы негізді санмен таңбалап,
осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз;
сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді
тіркестерге тән
Сандардың қасиеттерін зерттей
отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ
сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты
және үшбұрышты сандарды сипаттады.
Ойдың қалану геометриясы-нүктеге,
сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген.
Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі
сандар болмыстың жалпылама негізіне
байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы.
Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым
қалыптасты. Олардың музыкалық интервал
туралы ілімінде акустика мен аспан
механикасының математикалық
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
Демокриттің атомистік ілімдарін
әрі қарй жағастырған ежелгі грек
философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды.
Эпикурдың еңбектері
8.Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы). Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған. Софистердің қайраткерлері: Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.
Ерекшеліктері: Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу.
Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде: Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы дәлелдеу.Бұл мүйізді софизмнің мысалы Сен жоғалтпаған нәрсеңе иесіз, сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың , яғни сен оған иесің бұл нәтиже софизмнің логикалық ауырлығынан емес логикалық мағыналардың дұрыс қолданбауынан болады. Көрсетілген софизмде алғашқы мысал өтірік, бірақ дұрысқа беріледі, осыдан нәтиже шығар.
Софистердің қызметтерінің мәні: Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар арсында философияның және басқа да білімдерді таратты.
Сократ философиясы: Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі.
Ерекшеліктері: Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған. Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім:
1. Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан, философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу, құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді.
2. Клиниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған, философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір сүрген, жанұясыз мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің ең әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ есінен таңға деп атаған.)
3. Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы Киреннен шыққан. Аристиппен негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүрген. Осы мектеп қайраткерінің көзқарасы табиғатты зерттеуге қарсы болған.Ең жоғары деп лязатты есептеген.Сәйкесінше өмір мақсаты ляззат деп есептеп, бақытты ләззаттың жиынтығы, байлықты – ляззатқа жету құралы деп есептеген.
4. Мегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон.
Ерекшеліктері: Мегарлардың ойынша абстрактілі өте жоғары игілік бар, ол нақты суреттеуге жатпайды деген – құдай, ақыл өмірлік энергия. Жоғарғы игілікке қарсы ештеңе жоқ.Мегорлықтар философиялық ілімдік зерттеулерімен қатар, белсенді түрде тәжірибелік қызметпен айналысып дауласушылар деген атқа ие болған.Мегорлық мектеп қайраткерлері Евбулид бірқатар әйгілі парадокстардың авторлары атанды-Куча Лысый. Олар арқылы санның сапаға ауысу диалектикасын түсіндіруге тырысқан. Куча апориясы: Егер жерге бір бидай тастап, оған бір бидайдан қосып отырсақ, қанша уақыттан кейін бұл жерде үйінді болады? Бидайлар жиынтығы бір бидай қосқаннан кейін үйіндіге айнала ма? Лысый апориясы: Егер адам басынан біртіндеп аман түсетін болса, қанша уақыттан кейін ол таз болады. Әлі таз емес және әбден таз арасын бөлетін шекара қоюға бола ма ?
5. Элидтік –эритрий мектебі.
9.Платон философиясы:
“идея” теориясы, мемлекет жайлы
ілімі. Мемлекет идеясын жүзеге асыруға
талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон
өз шығармаларында «барлық нәрсенің өлшемі
– Құдай» деп санайтын адамдардан құралған
нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады.
Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін
жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру
үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары,
т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен,
екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері
құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен,
т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі
бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы
бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда
болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне
бірдей әділ қызмет етуі керек.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге
бөлді: аристократия, тимократия, олигархия,
демократия және тирания. Бұлардың ішінде
ең жақсысына аристократиялық мемлекеттті
жатқызады. Онда ақыл-естілік, парасаттылық
билейді. Оның қағидалары адамгершілік,
абырой, ар-намыс деп санады.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке
меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы
кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды
тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның
философиясы ежелгі грек дәуіріндегі
Пифагордан басталған діни-мистикалық
идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ.
Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті,
бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді.
Ежелгі грек философиясының көрнекті
өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен
тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер
көтерді. Оның философиясындағы үлкен
бір жаңалық – адамды биологиялық табиғи,
сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың
қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан
бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық
өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте
отырып, тануға ұмтылды.
10.Аристотель философиясы:
“материя” және “форма” түсінігі. Аристотель Платонға қарсы шыға
отырып, мазмұн мен форма, яғни материя
мен форма мәселесін көтерді, олардың
өзара байланысын ашпақшы болды дедік
қой. Ал енді осы екі категорияның (материя
мен форманың) диалектикалық қатынасын
талдай отырып, Аристотельдің философиялық
жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы «Материя»
Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше
«Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат»
(латын тілінде «негіз», «астар» деген
мағына береді).
Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан
айрылған процесс. Сайып келгенде, бұл
материя, субстрат тек қана мүмкіндік
күйінде қалады.
Материяның, субстраттың бойында екі жағдай
бар. Бірі- онда әлі «форма жоқ», ол кейін
пайда болады, екіншіден онда болашақта
«формаға» айналатын мүмкіндік бар. Бұл
бір процестің екі жағы. Бірі – теріс анықтама,
ал екіншісі – оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі
бойынша, бір жағынан субстрат, яғни, негіз,
бірдеңенің ішкі астары. Материя – енжар,
ал форма – белсенді болып келеді. Сондықтан
материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына
байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды.
Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның
түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға
ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса,
егер форма, оның белсенділігі болмаса
материяның ешбір маңызы да жоқ.
11.Антика философиясындағы
матерализмді негіздеу идеялары
(Фалес, Анаксимандр,
Анаксимандр (шамамен б.д.д.
610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист
– философы, стихиялы диалектик, Фалестің
бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы»
атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы,
бірақ бұл шығарма бізге жеткен
жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы
ретінде – «архе» («негіз») ұғымын
енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз
нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық
пен суықтың қарама-қарсылығы
туады; олардың күресі космосты дүниеге
әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс
тапса, суық аспан мен жерге айналады.
Анаксимандр материаның сақталу
және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады.
Анаксимандрдың космологиялық теориясы
бойынша жазық цилиндр