Дүниетаным және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа

Краткое описание

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofia_Surak_-_Zhauappp_1.docx

— 175.46 Кб (Скачать файл)

Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист –  философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда  болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа  шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен  тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың  өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар  – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан  денесі деп үйретті.

12.Ортағасырлық  христиан философиясының негізгі  кезеңдері: патристика және схоластика. Патристика (раіер - әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б.

Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл  кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың  қолжазбалар сақтау ісінің ошағына  айналған мезгілі болатын. Осындай  мемлекеттік билік қолдаған қатал  діни үстемдік жағдайында философия  өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін  ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі  философиядағы ілім «схоластика» (мектептік  ілім) деген атаққа ие болып, негізгі  үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ  ғ.ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір- бірімен  біте қайнасып, ажырамаған, бірақ  ақыл-ой әрекетінің жемісі мен  құндылығын түсүнуді, универсалилерге  (жалпылық) байланысты пікірталас  негізінде үстемдіктің «заңдылығын»  дәлелдеуді (Аристотельдің формальдік  логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат  қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберский,  Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин  Аврелий т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) Аристотельдіңеңбектері  латын тілінде болса да, көпшілік  арасына тарап, ғылым мен философияның  теологиядан бөлініп (Аль-Фараби  мен Ибн Руштың «екі ұдай  ақиқат» теориясы негізінде), философиялық-теологиялық  ілімнің қалыптасып, кең етек  алған кезең болды. Негізгі  өкілдері ұлы Альберт, Фома  Аквинский, Дунс Скотт т.б.

3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV  ғ.ғ.) Шынайы ғылыми және философиялық  ойлардың тез қарқында дамуының  арқасында философиялық теологияның  тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық  сарыны басым мистикалық ілімге  айналуына байланысты схоластика  мүлде нәтижесіз тіл безеген  ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам,  Жан Буридан т.б. Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар мен жоқ».

13.А. Августин мен Ф. Аквинскийдің діни философиясы. Фома Аквинскидің тапсырмасы білім мен діни сенімді теңестіруден тұрды, ол кейін Коперниктің гелиоцентрлік жүйесінің талқылауындағы католик шіркеуі үшін күрделі мәселеге айналды. Фома Аквиский білім мен діни сенім облыстарын шектей бастады, сол арқылы Фома Аквискидің «Сумма теологии» атты басты шығармасында табиғат патшалығы мен байлық патшалығы шектелу құралына айналды. Фома Аквискидің иерархиялық қағидаларына сәйкес қолдануларында табиғат байлық патшалығы үшін бастапқы деңгей қызметін атқарады, ал ол өз кезегінде Құдайға апарады. Құдайға қосылу мистикалық экстаз сәтінде интеллектуалды сезім негізінде болуы мүмкін. Сөйтіп, орта ғасырлық білім мен діни сенімділік соммасы үлкен бір ғимарат ретінде бейнеленді.  
Фома Аквинский Құдай тұрмысының бес негізін ұсынды: 1) қозғалыс қозғалыссыз бірінші қозғаушының бастауы; 2) себептілік пен зерттеу тізбегі мәңгі болуы мүмкін емес – яғни, бірінші сепептілікті анықтау қажет; 3) өмірде кездейсоқтық басты бола алмайды, қандайда бір қажеттілік болуы қажет; 4) барлық заттар өз ерекшеліктерімен өзгешеленеді, бірақ бәрінен жоғарғы бір зат болуы қажет; 5) өмірдегі жалпылық Құдайды бастау негізінде қарастырады.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты  болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың  түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі  қарай өздері дамитындай мүмкіндік  береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде  адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға  деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың  күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің  қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі  оның өкілі - рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін  болғандықтан, оған жердегі пенделердің  де бағынулары керек.Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде  ХII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің  негізін қалаушы ұлы Альберт  пен Фома Аквинский ілімдерімен  ығыстырылды.

14.Ислам мәдениетіндегі  ғылым мен өнер, философия. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Оны латын тілінде аударғанда «байлау», екінші «қайта оралу» дегенді білдіреді.  Дін адам жанынан туындыайтын дүние. Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Дін қоғамды бүкіл адамзатты жақсылыққа бастаушы. Барлық діндердің ортақ ерекшелігі- халықты тіәртіпке, мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, инабаттылыққа шақырады. Дін мәдениетпен шектелмейді. Ол мемлекетпен, саясатпен, басқада түрлі салалармен тығыз байланысты. Дінсіз қоғам, мемлекет болмайды. Ғылым мен өнер — екі фундаменталды мәдениетке және екі дүниетанымға негізделген феномен Әрбір дәуірдің өз үстем жақтары бар, солармен қатар дүниетанымның шеткі формалары бар, дегенмен олар да адамзат қоғамының дамуында елеулі рөл атқарады.  Мысалы, орта ғасырдағы Еуропа дәстүрінде христиан діні басым болды, ресми түрде де, халық санасында да басымырақ көрсетті, ал ғылым бедерсіз бір түсті, элиталық түрдегі дүниетаным, ағартушы монахтар мен жаңадан пайда бола бастаған ақсүйектік университет төңірегінде танымал болды.

15.Философияның негізгі  атқаратын қызметтері мен қазіргі  замандағы рөлі. Философияның негізгі атқаратын қызметтері:

1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң  мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда  өзiнiң орының табуға, құлықтылық  жол табуға көмектеседi. Адамға  адам болуға көмектеседi.

2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн  топтастыра, жинақтай отырып, терендете  түседi де, арнайы ұғымдар, категориял  арарқылы дүниеге толық, тұтас,  жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.

3.Аксиологиялық- адамды этикалық  және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан  дамытады, адам санасында белгiлi  бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып  (жақсылық пен жамандық,еркiндiк  және тендiк,әсемдiк пен гармония  және т.б.) құндылық ережелерiмен  идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан  не үшiн бас тартқан).

4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын  талдай отырып, қоғам дамуының  жалпы және спецификалық зандылықтарың  ашады.Социумнiң дамуын сараптай  отырып, оның даму бағытын болжамдайды.

5.Тәрбиелеушi- мәдениеттi материалды-рухани  феномен ретiнде қарастырып, адамның  өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады (ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен  қарау, басқа адамдармен қатынас  орнату).

6.Методологиялық- философия жалпы  (өзiнiң категориялық аппараты  мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар  үшiн жалпығылыми және жеке  методологиялық фундамент болып  табылады.

16.Ислам философиясы: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Рушд,т. б. Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина,Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. Дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен – Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен – сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Ислам философиясы-нда Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн.

17.Ислам философиясының  даму  ерекшеліктері. 19 ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, 19 ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т.б. мәселелер қозғалды. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум.-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум.-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа – демократия, филос.-теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ислам философиясының өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20 ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон. және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам философиясының қарқынды дамуын білдіреді.

18.Қайта өрлеу  философиясындағы: гуманизм және  антропоцентризм. Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.

Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі белгілері:

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері