Дүниетаным және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 18:44, контрольная работа

Краткое описание

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады? Б

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofia_Surak_-_Zhauappp_1.docx

— 175.46 Кб (Скачать файл)

28.Қазақ философиясының  қалыптасу ерекшеліктері. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды. Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады. Қазақстанда қалыптасып  дамуына негіз болған демократиялық элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен фальклоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады: 1) Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән. 2) Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды. 3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.

29.Ақын-жыраулар  шығармашылығындағы дүниетаным:  табиғаты,  толғау; бостандық,  дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі. Жыраулар поэзиясындағы адам мәселесі.Алайда, өнер субьектісі тек дара адамға ғана құлшынбайды, адамды табиғи-тарихи ортасымен тұтас бейнелеуге құмартады. Байқасақ, мұның өз обьективтік себебі баршылық екен, ол халқымыздың болмысымен, тарихи қарекетімен үндеседі екен. Бұл жайттың табиғи ортадан ырыздығын табиғи өзгеріссіз қалпында тауып алып жүрген көшпелі қоғамдағы адам үшін маңызы тіпті ерекше болмақ. Табиғат – көшпелі халықтардың эстетикалық пайымдарының алғышарты, үлгісі, түпнұсқасы, өздерінің тілімен айтқанда, "салуалы ордасы қонған жер" (Қазтуған).Тіршілік ырыздығын өндіріске (производство) негіздеген отырықшы (жерөңдеуші) елде адам өндіруші, өндіргіш қасиетімен "қажет" болса, табиғи алғышартпен қоян-қолтықта, табиғи несібесін даяр қалыпта тауып дамыған көшпелілер қоғамда адамнан ажырамас, жіктелмес адамдық тұлғасымен қымбат. Сондықтан адам мен табиғат жарастықта, гармониялық бірлікте көрінеді. Адам мен табиғи орта "микроәлем" (адам) және "макроәлем" (ғарыштық кеңістік) жүйесін түзеді. Алайда екеуінде генетикалық (тектік) тепе-теңдік болғанмен (натурфилософиялық  дуализм), әлемдік кеңістіктің кілті, түпкі нысанасы – адам. Өйткені, қазақта тек адамға ғана бағыттап "Кім?" сұрағын қоюға болады да, қалған дүниенің (табиғи ортаның) меншігі не. Сондықтан Қазтуған дүниеге шүйліге, тиісе сөйлейді: " Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Сүйініш ұлы Қазтуған! "Қазтуған өзін-өзі жұртқа "айды ашқан" және "күнді ашқан" мәдени қаһарман атынан таныстырады. Өйткені, оның поэзиясын дәріптеуші қадым қазақ жамиғаты дүниені жанды, адам тектес деп пайымдаған. Дүниені адамдандыру – антропопатизация – жалпы сана толысуының іргелі сатысы. Сондықтан XV ғасырдағы Қазтуған да, XVI ғасыр түлегі Доспамбет те, XVIII ғасырдың Ақтамбердісі де "өлі" дүниемен "сұхбатқа" түсіп отырады. Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:  "Айналайын, Ақ Жайық! Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда, Еңкеймей кірер күн қайда? Доспамбет" . "Қайран менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың. Қазтуған". " Еділ, Жайық екі өзен . Талсыз болар деймісің?! Көкшетаудың көп көл . Елсіз болар деймісің! Ақтамберді". Ал жануармен "сөйлесу" дәстүрі сонау эпос туындаған тарихи дәуірлерден бері мәлім, кейін жыраулық шығармашылықтың ажырамас белгісіне де айналады. Адам мен табиғат тегі жағынан парапар құбылыстар дедік. Сондықтан адам тұлғасын тұтас тану мүмкіндігі табиғи ортаны тануда да шарт болады: қазақ поэзиясы табиғатты жіліктемейді, табиғат тамашасы "меншік" тума келбетінде түседі.

30.Жаңа заман  философиясы:  Р. Декарттың  «күмәндану принципі». Мұндай тарөрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын ақылдан, зердеден іздеген  француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы  зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде – негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі мынада – басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне  бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айтайық, материалдық субстанция рухтан  немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты — тұрық немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты – ойлау. Бірақ жаратылыстану саласымен жан-жақты айналысқан Декарт шын мәнісінде осындай дуалистік (дуа – латын тілінде екі деген сөз) көзқараста қала алмады. Ол кейбір мәселелерді шешкенде өзінің осы көзқарасынан әрдайым ауытқып кетіп отырды. Декарт ең алдымен жаратылыстану саласындағы ғалым болғандықтан оның ғылыми көзқарасы пайымнан гөрі зердені жоғары қойып, дүниетаным мәселесін сол арқылы шешуге тырысты. Өйткені, ол көптеген шығармаларында математиканы аса жоғары бағалап, оның нақты дәл шешім табатын принциптерін асыра дәріптеді. Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияны негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип "күмәндану" деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: "Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім". Бұл принциптің маңызы сонда, ең алдымен орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы күресті ерекше күшейте түскендігінде. Сонымен қатар бұл принцип зерде арқылы таным үрдісіне қарай бағытталған жаңа жолды көрсетіп берді. Атап айтқанда, ол ең алдымен ешқандай да күмәндануға болмайды деп есептелген діни, ортағасырлық көзқарасты ендігі жерде толығынан талқандап, оның нәтижесін іске алғысыз етіп шығарды. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды. Декарттың бұл принципінің пайда болуы мен дамуы философия тарихында маңызы үлкен. Декарттың зердені тым жоғары бағалауы, рационалды танымды асыра дәріптеуі таным үрдісіндегі сыңаржақтылықты тудырып, үлкен қиыншылықтарға алып келді. Сондықтан да ұлы ғалым Декарт білімнің қайнар көзін таба алмай, өзі бір уақытта қатты сынға алған діни көзқарастардың негізгі қағидаларына жармасуға мәжбүр болды. Сөйтіп оның рационализмі адамның басында туа пайда болатын идеялар бар деген қате қорытындыға алып келді. Декарт логика мен математиканың негізгі ұғымдары және принциптері адамның бойында туа біткен, олар тәжірибеден келіп шықпайды деп уағыздады. Декарттың философиясы жаңа заман көзқарасының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ол алдымен материя мен қозғалыстың арасын диалектикалық түрде бейнелей отырып, заманында үлкен оқиғаға айналған жаңалықтар ашты. Солардың ішінде ұлы ғалымның айнымалы шама туралы ілімі математикадағы жаңа беталыс болса, осының арқасында дифференциялдық және интегралдық есептеу қажет екендігі өзінен-өзі түсінікті бола кетті. Ал, осы жаңалықты жалпы және тұтас алғанда Ньютон мен Лейбниц аяқтап шыққан еді жаңалық болып, ойлау үрдісінің ілгері өрістеуіне жол ашты. Бұл принцип "егер мен  күмәндансам, онда менің ойлай алғандығым деген эмпирикалық, яғни тәжірибеге ғана сүйенген әдіске қарама-қарсы рационалдық әдістің тууына себепкер болды. Декарттың  рационализмі ақыл мен зердені аса жоғары бағалап, оны білімнің негізгі қайнар көзі деп санады. Мұндай көзқарас білімнің сезім мүшелерін үнемі алдайды, олар нақты білім  жасауға дәрменсіз. Олай болса біз ойлау үрдісінде тек ақылға, зердеге ғана сенуіміз қажет. Декарттың рационализмі таным үрдісіндегі тәжірибе мен сезім мүшелерінің рөлін анықтай алмағандықтан әдістегі сыңаржақтылықты тудырды. Сондықтан да болар принциптің екінші жартысындағы: "Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім"  деген идея Декарттың философиясында толығынан жүзеге асып, өз нәтижесін бере алмады. Демек, бұл принциптің екінші жартысы XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басында қалыптасқан классикалық неміс философиясының пайда болуына үлкен үлес қосқан негізгі тұтқа болды.

31.ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық сипаты: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы. XIX ғасырдың ортасындағы Қазақстан жағдайында халықты ғасырлық феодалдық қанаудан босатуға және қоғамның саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі бар қоғамдық күштердің болмауы, ағартушылардың халық ауыртпалығын жеңілдету үшін дамыған Ресейдің көмегіне сүйену ынталары тарихи тұрғыдан ақтап алуға болатын әрекет еді. Әрине, дәл осындай жолмен қазақ қоғамындағы патриархалды-феодалдық қатынасты толығымен жоюға болады деуге келмейді, себебі патшалық бұл мәселеге мүдделі болмады. Бірақ, шынымен де, орыс ықпалының қарқынды енуі феодалдық қанаудың ғасырлық негізін шайқалтты. Сонымен, кез келген жолдар арқылы езілген халықты шығыстық деспоттың шынайы жабайы, орта ғасырлардағыдай тонаушылық түрінен құтқаруға ұмтылу – ағартушылардың Қазақстанды Ресейге қосу үшін тынымсыз түрде жүргізген күресі барысында басшылыққа алған негізгі мақсаты болды. Олардың осы жолға түсудегі маңызды себептердің бірі – Ресеймен салыстырғанда Қазақстанның артта қалуын мойындау, орыс өркениетіне жоғары баға беру және оның қазақ халқының дамуында үлкен маңызы бар екенін түсіну, орыс қоғамының прогрессивті күштері реакцияшыл күштерді жеңетіндігін терең түсіну болып табылады. Ағартушылар өздерінің көптеген туындыларында қазақ халқының артта қалуы, нақты алғанда, шаруашылық өмірінің төменгі деңгейде дамуынан да көрініс алады деп атап айтқан. Абай Құнанбаев қазақтардың кенжелеп қалуы мен өмірдің барлық кемшіліктерін байлардың мал шаруашылығындағы шарасыздығымен, жалқаулығымен де байланыстырды. "Бұл кемшіліктер адамдардың көп мал табамын деп қана қам жеуінде, - деп жазды ол, - әрі сол арқылы өзіне қоршаған ортасынан құрмет талап етуінде. Егер олар егіншаруашылығымен, саудамен айналысса, ғылымға және өнерге ұмтылса, онда бұндай жағдай болмас еді". Ш.Уәлиханов та көшпелі мал шаруашылығының адам еңбегін көп қажет етпейтін, шаруашылықтың ең қарабайыр түрі деп санады. "Қырғыздарда, - деп жазды ол, - мал қысы-жазы далада жүреді және қыста да, жазда да тамақты өздері жайылымнан табады. Бұндай жағдайда табиғаттың қол астына берілген осы бір кәсіп көп жағдайда ауа-райына тәуелді болады және жердің сапасына байланысты болмақ. Бұл жерде адам енжар рол ойнайды  адам мал желге қарсы жүрмес үшін және жыртқыш аңды қуу үшін ғана керек". Бұндай шаруашылық өндіріс оның бұдан да дамыған жаңа түрінің пайда болуына ықпал ете алмайтыны өзінен-өзі белгілі. Осы үшін қазақ ағартушылары ерекше қапаланды. Олардың көзқарастары бойынша, қазақ қоғамының артта қалуын көрсететін екінші белгі - халықтың енжарлығы, күнделікті саяси сұрақтарға немқұрайлы қарауы және белсене қатыспауы болды. Олар "халық енжар" деп бірнеше рет жазды. Ш.Уәлиханов өзінің "Сот реформасы туралы хатында": жете түсініп, өзін-өзі қорғаудың болмауы және халықтың әр жағдайдағы енжарлығы оның дамымағандығынан болады", - деп жазды . Ақырында, ағартушылардың ойынша қазақ халқының артта қалуының басқа да себептерінің барлығын бір өзі анықтайтын ең маңызды кемшілігі –халықтың түк білместігі, оның мәдениетінің төмен деңгейде екендігі, онда өркениеттіліктің ең  қарапайым атрибуттарының да жоқтығы болды. Атақты қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин "қырғыздардың жас ұрпағы орыс тілі мен сауатына мәдениет пен білімінің жалғыз тілі ретінде қарайтын және оған құмарланып орыс дәстүрінде дами алатын" уақыт туралы шын жүректен армандады. Осы арманды іске асыру үшін Ы.Алтынсарин тәжірибелік маңызды нақты қадамдар да жасаған болатын. Отаршылық биліктің кедергілері мен жергілікті ескішілдіктің сарқыншақтары мен соқыр сенімдерін жеңе отырып, ол белсенді әрекеттер жасап, қазақ даласында қазақ балалары үшін бірнеше мектептердің негізін қалады. Оның табандылығы мен жігерлілігінің арқасында мектептерде балалар өз ана тілінде түрлі пәндерді өтумен бірге, орысша сауатын да ашты.  Қазақтың ұлы ақын-ағартушысы Абай Құнанбаев, Ш.Уәлиханов және Ы.Алтынсарин  сияқты, өз халқының арасында алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің жалынды уағыздаушысы болды. Ол И.А. Крылов, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов шығармаларының тұңғыш аудармашысы да болған еді. Қазақстанда феодалдық-монархиялық идеологияның билік ету жағдайында, самодержавиеге қарсы өшпенділік орысқа қатысты заттың барлығына таралып тұрғанда, бұл өшпенділікті ұлтшылдар өз пайдасына асырып, өз мақсатына пайдаланғысы келген кезде Абай батыл түрде өз халқын орыс мәдениетінен нәр алуға шақырады. "Орыс ғылымы мен мәдениеті", - деп жазды ол, - әлемді түсінудің  кілті және оны қабылдай отырып, біздің халықтың өмірін жеңілдетуге болатын еді. Мысалы, біз өмірге қажетті заттарды табудың әділ жолдарын танып, осы жолға балаларды да үйрететін едік". Сонымен, қазақ ағартушылары қазақ халқының орыстармен достығын жүйелі жақтаушылар мен қазақ даласына орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен ғылымын жалынды уағыздаушылар болды. Қазақ халқының алдыңғы қатарлы Ресей мәдениетіне араласуы үшін күресе отырып, ағартушылар, жалпылай алғанда, орыстың қоғамдық өмірін керемет қиялдағыдай ғажап еді деуге бейім емес-тін. Олар Ресейдің ішкі қайшылықтары туралы хабардар болды және де демократиялық қозғалыстың азғантай болса да көрінісіне лезде қатал реакция, жауап беру, кез келген прогрессивті ойларды тұншықтыру сияқты патшаның кертартпалық рөлін жақсы білді. Замандастарының келтірген тура мағлұматтары бойынша, Ш.Уәлиханов, мысалы, "Ресейді шын жақсы көрді, оның кемшілігін көрді және мықты адамдармен бірігіп оның жаңаруын қалады". Патшалық самодержавиелік-крепостниктік құрылыстың кемшіліктерін жете білу артықшылығы ғана ағартушылардың прогрессивті Руське, орыстың қоғамдық өмірінің жаңаруы үшін жалынды жауынгерлік танытып  отырған Руське бағыт алуға итермеледі.

Абай адам табиғатын этикалық тұрғыда қарай отырып, оның тұтас  алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "... Адам деген даңқым бар", - дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: "Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікі әпер демек, ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуға лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікі жөн қыламын деп, құр "ой, тәңір-ай!" деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?.. Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?" "... Надандарға бой берме, Шын сөзбенен өлсеңіз", деп атап көрсетеді Абай. Абайдың ойшыл-дана ретінде негізгі ұсынар этикалық принципі - "Адам бол!" деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа  жетелеу. Бұл - ақын шығармаларының басты өзегі. Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше мән береді. "Әсемпаз болма әрнеге" атты жастарға арналған өлеңінде Абай: "... Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!", - дейді. Ақын философиясында адам ақыл-ой мен кісіліктің, еңбексүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың тоғысқан үлгісі болуға тиіс. Сондықтан да ол "Күн менен Айдың, аспанның, ағаштар мен жемістердің, таулардың сәні болғаны секілді, адам - жер бетінің сәні" деп ұғып, өзінің адам болып жаратылғандығын мақтан тұтады. Тіпті, мына бір өлең шумағында Абай қазіргі өтпелі кезең адамдарымен сырласқандай, оларға барлық ішкі сырын ақтарып бергендей: "... Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде естім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!" Абай адамдар жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапкер болғандықтан да қайырымды, мейірімді болуға тиіс деп біледі. Абайдың этикалық концепциясында "еңбек" атанатын ұғым ерекше орын алады. "Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ", - дейді ол. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, ол еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға кідіреді. Сол себепті ол: "Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады", - деп жазды. Қыскасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқыма қызмет етудің, оның ұлттық арман- мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде өскен ортаның, тәрбиенің роліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айрықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: "Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір - өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің. Жоқ, болмаса, не қылып, өткізгеніңді өзің де білмей қалыпсың?". Бұл арқылы ақын әркімнің өзін өзгелердің көзімен қарап, істеген ісіне талдау жасауға, өзінің іс-қимылына, өзіне-өзі баға беруге, өзін-өзі тексеруден өткізуге үндейтіндігі хақ.

Информация о работе Дүниетаным және оның түрлері