Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Философияның  басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Дүниеге көзқарасты құратын құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге көзқарастық проблемаларды шешуге философияның атқарар рөлі орасан зор.

 

16.Қазақ дүниетанымының  ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Қазақ халқының арғы тегі ежелден  келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел- қазақ  халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір сүруі , шаруашылығы. Қазақ халқы  мақал-мәтелдерге өте бай. Еңбектің , өмірдің қай саласы болмасын, оның әрқайсысына да сай тиісті мақал-мәтелдері  бар. Олардың әлеуметтік, танымдық, тәрбиелік проблемаларын, өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал-мәтелді халық қашанда әңгіменің  желісі ретінде де, ой тоқтамына  келтіру үшін де уәжге дәлел етіп те қолданып отырған. Осылардан біз  халқымыздың соқыр сезім , діни нанымдардан  гөрі , ой елегінен өткізілген, өмірде талай дәлелденген, әбден сұрыпталған  тұжырымдарды жоғары бағалағанын көреміз. «Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік»,дейді  халық. Шешен  адамдар қашанда  ойын мақалдап айта білген .Қазақта  мақалдардың түрі көп. Біріншіден, қоғамдық таптарға бөлу, тегінде ерте заманнан басталғаны айқындалып отыр.Екіншіден, қауымдасып өмір сүру тиімді екені , үшіншіден , қоғам дамуы үшін әртүрлі әлеуметтік топтардың да , шаруашылық түрлерінің де бірдей қажет болатындығы , ақырында, ойдың істен шапшаң екені, одан жүйрік ешнәрсе жоқ екені пайымдалған. Бұдан басқа жұмбақтар, жаңылтпаштар кең тараған. Олардың адамды ойлауға  үйреткен, тіл ширатуға тигізген әсері  мол болған.Қазақ жерінде кең  тараған - айтыс өнері . Ол ,әрине, тез , ұтымды ойлауды, дәлелді ой-пікірін  ұйқастырып айтуды ғана керек етпеді. Ол сонымен қатар керемет сөз  байлығының , қарсыласының пікіріне тез  өлеңмен жауап қайтарып,ойдың  логикасын байқап, алдын алып, орап отыруды қажет етеді.Қазақ халқының тіл байлығының бір ерекшелігі-әрбір  іс-қимылдың, атаудың ондаған баламасы болады.

Тәуелсіздік алған Қазақстан  мемлекеттік туы етіп көк түсті  жалауды бекітті.Бұл мұсылмандардың жасыл, моңғолдардың қара түсті, Ресейдің ақ, көк,сары түсті жалауы емес. Мұның  негізінде қазақ халқының ежелгі көкке сиынуы жатыр.Қазақ халқы  имандылықты сүйген, жеккөрген әділетсіз  адамды имансыз деп сөккен. Үлкенді  сыйлаған, әйел-қыздар ер адамның жолын  кеспеген, үлкендерге иіліп, сәлем берген. Ас қайырғанда жақсы тілектер айтып, рахметін айтқан. Қазақ халқы уәжге  тұрған, сөздің мәнін бағалаған.Бұл  – Геродот айтқан скиф Анахарсистен келе жатқан дәстүр. Көптеген шет жер  саяхатшылары қазақтарды ұзақ, шұбалаңқы  сөйлейді деп түсінген. Шынында мәселе олай емес.Көп, ұзақ сөздің түймедей түйіні бар. Сол түйінді жан-жақты талдап, талқылап барып, қорытынды келтіреді. Байқап отырсақ, әлгі бабаларымыздың айтқандары, келтірген уәждері соңғы кездегі  қазақтардың ой-пікірлеріне өте  ұқсас екен. Бұл тегін емес. Біздің көшпелі ата-бабаларымыз Эллада елін білген, араласқан. Бұл том түгелдей скифтерге арналған. Біздің ата-бабаларымыз  Қара теңіздің , Азов теңізінің солтүстік  жағында, Дон, Еділ, Сыр бойларында көшіп-қонып  жүрген. Бұл тарих байланысы ерте заманнан келе жатқанын, оның тамырлары  тереңде, әрі бай екенін аңғартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17. Ислам философиясының  даму ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз

Ислам философиясы қалыптасу  кезеңiнде мынандай философиялардың  әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы  тұрғыдан алғанда ислам философиясы  көне дәуiр грек философиясы мен  бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi. Өйткенi, көне дәуiрлердегі Сократ (м.б. 469-399), Платон (м.б. 427-347), Аристотель (м.б. 384-322) секiлдi мәшһүр ойшылдар мен  хакiмдер жазған фәлсәфи шығармаларды жер-жерден iздестiрiп, оларды арабшаға аудартқызып, оларға түсiнiктемелер жазып, философиялық ойлардың сапасы мен деңгейiн  жаңа сатыға көтерген мұсылман ойшылдар мен хакімдер болған. Ислам философиясының кейбiр негiзгi туындылары мыналар:  Йақұб Исхақұлы әл-Кинди (800-873) –  «Рисалә фи хұдұд-ил әшйа уә рұсұмұмиһә», әл-Фараби (870-950) – «әт-Тағлиқат», Әбу  әл-Фараж Мұхаммед Исхақұлы Әби Йақұбұлы әл-Нәдимұлы әл-Бағдади (Ибн әл-Нәдим, уаф. 995) – «Фиһрист әл-ұлұм», Сұлейман Хасанұлы Жұлжұлұлы (Ибн Жұлжұл, 919-987) – «Тарих әл-әтибба уә-л-хұкама», Қазы Саид Ахмедұлы әл-Әндұлұси (Қазы Ибн  Саид, 1030-1070) – «Табақат әл-ұмәм», Әбу  Уәлид Абдұллаһ әл-Фарази (962-1013) –  «Тарихұ ұлама-ил Әндалұс». Ислам  философиясының даму жолына қарағанымызда  мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз:

1-Дәһриййұн: Философиялық  материализмнiң уәкiлдерi. Бұларды  «маддиййұн», «мұаттыла» және  «занадықа» да делiнген. Бұл философиялық  ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар  жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басқа дiндердегi (маздакизм, пұтқақұлдық) философтардың  әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ (уаф. 861), Башшар Бұрдұлы (Ибн Бұрд, 714-783) және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы  әл-Рауанди (Ибн Рауанди, 815-910 ж).

2-Табиғиййұн: натуралистiк  философияның өкiлдерi. Мутазиланың  рационалды философиясының дамыған  түрi болып саналады. Бұларды ампиристер  десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси (770-818), Әбу Бәкiр Мұхаммед  Зәкарияұлы әл-Рази (841-925).

3-Тiл және аналитикалық  философия: Құран Кәрім аяттары  мен хадистердiң мағыналарын дұрыс  түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы (әл-Сарф) уә синтаксы (әл-Наху) жөнiнде  көптеген жұмыстар жасалған. Осы  салада қомақты еңбектер жазған  ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы  Сибеуейх (760-793), Әбу Мұса Жәбир  Хаййанұлы (Ибн Хаййан, 721-815).

4-Метафизикалық философия:  «илаһиййұн» деп аталған осы  топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди  (800-873), Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) және Әбу Хамид Мұхаммед  әл-Ғазали (1058-1111) сияқты мәшһүр ойшылдарды  айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде  неоплатонист аристотелшi ағымның  ақыл теориясын дамытқан. Көптеген  философиялық еңбектердiң авторы  жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек  «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс  философиясын» жасау қажеттiгi  туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген  хакім, ойшыл. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Араб-мұсылман философиясының ғылыми танымның дамуына қосқан үлесі қандай? Мысал келтіріп, сипаттаңыз.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда  ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар  алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді  онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дінді  идеологияландыру, философиялық интоксикациялау  және негіздеу процесі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген  кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде  ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім  салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін  қосты. Мысалы, әл- Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш  айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі  туралы идеялар мен бірнеше қызықты  математикалық идеяларды ойлап  тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін  жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемінің философтары  мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен  философиясының қалыптасуына дүниетанымдық  және теориялық үлкен ықпалын  тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс  арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бірге Шығыс  мәдениетінің прогрессивті жетістіктерімен  танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер  мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивті рационалистік философия  мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогының нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық  және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл- Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың  есімдерімен танысты.

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл-Кинди  және әл- Фараби жатады. Әл-Киндиді ортағасырлық дәуірде "арабтардың философы” деп  жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн  Исхак әл-Кинди (800879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетті. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі: "Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік туралы кітап, пайда болу және жойылудың себептерін түсіндіру туралы трактаттар”. Әл- Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі Х-ХІ ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл- Кинди мынадай мәселелерге үлкен көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түп-негіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2.Құдай мақсатты себеп ретінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақылдың рөлін анықтай отырып әл- Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл- Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жариялаушы.

Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х ғасырдағы  Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында  түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге  үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің "Категориялар”,          "Герменевтика”,          "Аналитика. Софистика. Поэтика” сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық- зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, "Адамдық саясат” еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философиялық идеялары батысевропалық философияның идеялары мен концепцияларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы ибн Сина, Ж.Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да эсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 .  Ф. Бэконның индуктивті әдісі және  «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Фрэнсис Бэкон - ағылшын философы,ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида». Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығында. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытынды жасау деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Бэкон пікірінше, индукция әдісінің дедукция әдісінен артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғайуы мен таным процесінің кішіреюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты. Адамзаттың білімнің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін жою жолы деп түсінді Бэкон. Танымның басты әдісі – индукция деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсеті. Олар: өрмекші жолы, құмырсқа жолы, ара жолы. «Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм. Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпириктер» өз назарын практикалық тәжірибеге аударып, білімнің сыртқы көрінісін ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды. «Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зерттеуші философ өрмекші жолы мен құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын алып, олардық кемшіліктерінен арылады.

Фр.Бэкон таным процесі  өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай адамзатың ақиқат білім алуына кедергі  болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «идолдар» (елестер) деп атап, 4 түрге бөлді:

1. тектік елестер

2. үңгір елестер

3. базар елестері

4. театр елесі

Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам мәдениеті  «сүзгісінен» өтіп барып іске асатынын сондықтан таным нәтижесіне әсер етіп, білімнің ақиқатығын төмендететінін білдіреді. «Үңгір елесінің» мәні –  нақты адамның тұлғасының таным  процесіне әсері, нәтижесінде адамның  бұған дейінгі сенім нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде  көрініс беретіндігі. Базар-театр  елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық  аппараттағы сөздерді, анықтамаларды  дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне  сол кездегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия  танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды. Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі  кедергілерін зерттей отырып, Бэкон  аталған «елестерден» барынша алшақ  жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес  береді.

Информация о работе Философия негіздері