Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.

Неміс классикалық философиясы XVIII ғ соңы мен XIX ғ бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті неміс философтарының творчествосы құрады: Иммануил Кант(1724-1804), Иоганн Фихте(1762-1814), Фридрих Шеллинг(1775-1854), Георг Гегель(1770-1831), Людвиг Лейбниц(1804-1872).

Иммануил Кант (1724-1804) –  неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге  келген Кенисберг (қазіргі Калининград)  қаласында өткізген. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің  танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды. И. Кант еңбектерінің тарихын 2 кезеңге бөліп қарастыру қабылданған:

Сынға дейінгі (XVIII ғ. 70 жж. дейін);

Сыни (критический)- XVIII ғ. 70 жж.-1804 ж. дейін.

 Сыншылдық кезеңі –  Кант философиясынан басталады.  «Таза ақылға сын», «Практикалық  ақылға сын», «Пайымдау қабілетіне  сын» атты еңбектері белгілі.  Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін  анықтауға ұмтылды, оны таным  теориясының шеңберінен шығарып,  практикалық ақыл-ойдың адамгершілік  заңдарын қалыптастырудағы рөлін  көрсетті. Канттың осы соңғы ұстанымы  оның адам туралы философиясынан  айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы  туралы: «адамға аса қажет білім  болса, ол мен оқытып отырған,  адамға дүниеден өз орнын табуға  көмек-тесетін ғылым және одан  адам болу үшін не істеуді  үйренуге болады»,--деп жазған  болатын. Философиясы қаншалықты  адамгершілікке толы болса, Канттың  өзі де соншалықты кіршіксіз,  қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары  парыз идеясын абстрактылық идея  деп санағанмен, оның бұл философиясының  оның замандастарына, өзінен кейінгі  философиялық ағымдарға әсері  мықты болды. М.Әуезовтің өзі:  «Канттан бергі философия көзгетүсерлік  жол тауып кете алған жоқ»,- деп. оның философиясын үлкен  көрегендікпен өте жоғары бағалаған  еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі  заманда арта түсіп отыр десек,  қателеспейміз. Қорыта айтсақ, Кант  өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының  ішіндегі еркіндік, әсіресе, ақыл-парасат  еркіндігі идеяларын әрі-қарай  дамытты. Сонымен қоса, Кант таным  әрекетінің нәтижесі ретінде  білімді жіктеп, 3-ке бөледі:

апостериорлық білім;

априорлық білім;

“өзіндік зат”.

Канттың философиядағы үлесі - категориялар туралы ілім болды(categ-грекше высказывание). Категориялар-бұл тіршілікті сипаттауға, түсіндіруге болатын  барынша жалпы ұғымдар. Яғни, қоршаған ортада осы категорияға енбейтін, осы белгілерге, сипаттарға ие емес заттар мен құбылыс жоқ. Кант тұжырымдаған категориялар саны 12 және оларды философ  үш-үштен 4 класқа бөліп жіктейді. Ол кластар: сан, сапа,қатынас,модальдылық.

Яғни дүниедегінің бәрі санаға,сапаға,қатынасқа  және модальдылыққа ие.

Категориялар:

Сан - даралық, көртік, тұтастық

Сапа - реалдылық,терістеу,шектеу

Қатынас - субстанционалдық(присущность) және акциденция, себеп пен салдар, өзара әрекеттесу

Модальдылық - мүмкіндік  пен мүмкінсіздік,мүмкін есемтік,тіршілік пен бейбітшілік,қажеттілік пен  кездейсоқтық.

Кант философиясының тарихи мәні:

Адам ақылының тану қабілетінің  шегі туралы идея тұжырымдалды;

Ойлау негізін қалайтын барынша  жалпы ұғымдар 12 категория негізделді;

Әрбір жеке қоғамдағы және халықаралық қатынастардағы демократия мен құқықтық қатынастар туралы идея ұсынылды

21. Шеллингтің  натурфилософиясы

XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану  ғылымдарның ерекше алға озып  кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты  әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану  салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың  ішкі заңдылықтарын ашуға барынша  назар аударды. Мұның өзі оның  философиясын объективтік бағытқа  қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық  неміс философиясында табиғат  туралы философиялық ілім болған  натурфилософия ағым ретінде  дүниеге келді. Шеллинг жаратылыстану  саласын философиямен тығыз байланыстыра  отырып, табиғатты субстанция ретінде  айқындауға тырысты. Бірақ, оның  табиғатты субстанция деген көзқарасы  өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның  көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы  өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи  экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция  деп қарай отырып, өз заманындағы  тарихи, тар өрісті пантейстік  идеядан шығып кете алмаған  болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде  Кант тудырған класикалық неміс  филасофиясының негізгі принціптеріне,  яғни субъектінің рөлі деген  принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг  қарастырған және жан жақты  талдаған табиғат сонау Спиноза  зерттеген субстанцияның мәнініен  өзгеше еді. Шеллинг өзінің  зерделі философиясында табиғаттың  ішінде негізгі қозғалыс күші  бар екендігін анықтауға тырысты.  Өзінің натурфилософиялық теориясын  жасаған Шеллинг классикалық  неміс философиясын әрі қарай  дамыта отырып, табиғат философиясын  рухтың таным теориясымен байланыстыруды  негізгі мәселе етіп алды. «Трансцендентальды  идеализм жүйесінде» деген еңбегінде  Шеллинг философия тарихинда  көптен бері негізгі мәселе  болып жүрген проблеманы шешуге  ниет етті. Әрине, философтың осы  шығармасы оның философиялық  ойының негізгі жуйесін толық  айқындап, бермесе де, нақты ізденістерін  көрсетті. Ол адамның танымы, оның  диалектикасы, субъекті мен объектінің  арасындағы өзара байланысты  тереңірек ашуға ұмтылды. Философтың  бұл шығармасында табиғат жан  жақты, философиялық негізінде  айқындала түсті. Табиғаттың мәнін  ашуды ол «Менің» қызметіндегі  екі форманың ерекше мәнді  екендігін атап өтті. Немістің  ұлы ойшылы осы шығармасында  «Философия әр түрлі дәуірді  басынан кешірген өзіндік сананың  тарихы» деген данышпандық қағиданы  ұсына отырып, оны бізден өзінің  құпиясын ғажайып жазуларымен  жасырып тұрған поэма деп бағалады. Ал егер біз оның жұмбағын  ашатын болсақ, онда үнемі одан  үнемі одан адасып, өзін өзі  іздеп, өз өзінен қашып жүрген  рух одиссеясын көрер едік. Ол  сезімдік дүние арқылы қалың,  қою тұманның ішінен жылт ете  түсіп, белгісіздердің бейнесі  сияқты көрінер еді.

Өз натурфилософиясында  Шеллинг объективті идеализм тұрғысынан сипаттама береді:

Бұған дейінгі табиғат  түсіндірмелері ақиқат емес (Спинозаның субстанциясы)

Табиғат дегеніміз «абсолют»- барлығын қамтып, өз бойына ендіріп  жататын дүниенің бастауы

Табиғат-объективті мен субъективтінің бірлігі, мәңгі ақыл

Материя мен рух бір- мәңгі  абсолютті ақылдың күйлері

Табиғат жанды,тұтас организм

Табиғаттағы полярлық оның қозғаушы күші

 

 

 

 

 

 

22. ЖАҢА ЗАМАН ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ СЕНСУАЛИСТІК ЖӘНЕ РАЦИОНАЛИСТІК ТАНЫМ ТЕОРИЯЛАРЫН САЛЫСТЫРЫП, ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ.

Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты  алады. Үш ғасыр бұрын адамзат  ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы  ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның  тәжі, демек – дүниенің қожасы»  деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен  жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.

Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету  арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе снсуализмнің негізін қалады.

Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім  деп мойындау.

Эмпириктер, эксперименталді  жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп  есептеді. Эмпириктердің негізгі  ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.

Рационализм  (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде

17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теологиялық көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философия Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классикалық жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль),француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

  1. Ақыл сүзігінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
  2. Ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр  деген түсінік этикалық рационализм  деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

23 Л. Фейербахтың  антропологиялық философиясының  мәнін ашып көрсетіңіз.

Фейербахтың философиялық ілімі  логикалық немесе гносеологиялық принциптерден  емес,антропологиялық принциптен бастау алады, яғни философияның негізгі нысанасы – нақты, тірі адам деп тану. Фейербах философиясының басты ұғымдары жəне мəселелері: өмір, өлім, махаббат, бақыт, ар, намыс, сенім, үміт ж.б.Фейербах əдебиетте  антропологиялық материализмнің негізін  қалаушы ретінде бағаланады. Бірақ,Энгельстің пікірінше, адамтануда ол адамның табиғи-биологиялық  тұрпатын сипаттаудан əрі аса  алмады: Фейербах “бар күшімен табиғатқа  жəне адамға жармасады. Бірақ табиғат  та, адам да оның айтуында сөз ғана болып қала береді. Ол шын табиғат жөнінде де, шын адам жөнінде де нақтылы еш нəрсе айта алмайды”. Фейербах  болмысты – бастауыш, сананы – баяндауыш деп түсіндірді. Табиғат денелерден, материядан,сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мəңгі жəне шексіз. Сана соның тек көшірмесі, ал психолог - идеалист, сол көшірмені түпнұсқаретінде түсіндіреді деп жазды Фейербах.Бірақ, ол антропологиялық материализмді қуаттады.Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы деп түсінді. Сондықтан одан өзін аулақ ұстамақ болды. “Шындық идеализмде емес,материализмде де емес, шындық тек антропологияда”,- деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады.Фейербах алдына табиғатқа жəне адамға қарай дəйекті бетбұрыс жасау керек деген міндет қояды. Табиғатты табиғаттан басқа ешнəрседен шығаруға жəне түсіндіруге болмайды; табиғат-адамның да, қоғамның да, тарихтың да, ғылымның да түп негізі. “Табиғат, - дейді Фейербах, -қарапайым асқазан шеберханасын ғана жасап қойған жоқ, сонымен бірге мидың ғибадатханасын да тұрғызды”. Философияның  міндеті-табиғат пен адамның бірлігін неғұрлым толығырақ, неғұрлым жан-жақты бейнелеу. Бұл идеализмнен материализмге бетбұрыс болатын. Фейербах идеализм кең тараған неміс жерінде материализімді жандандырмақ болады. Бұл жоспар Фейербахтың “Христиандықтың мəні” (1841) деген іргелі еңбегінде жүзеге асады. Мұнда,- дейді Энгельс, - Фейербах “турадан тура материализмнің салтанат құруын жариялады. Табиғат қандай философиядан болсын тəуелсіз  өмір сүреді. Табиғат біздердің, адамдардың өсіп шыққан негізі. Табиғат пен адамнан тыс еш нəрсе жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз. 

Фр.Бэкон(1561-1626)-философиядағы  эмпирикалық бағыттың негізін қалаған  ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621ж.ж)-Ұлыбританияның лорд-канцлері ,корольдан кейінгі екінші тұлғасы.

Негізгі еңбектері: «Ғылымдар  табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».

Фр.Бэконның философиялық идеясының  – эмпиризмнің мәні таным негізінде  тек қана тәжірибе жататындығында . Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі көбейген сайын ол ақиқат білімге  жақындай түседі. Білім мен тәжірибенің  басты мақсаты- экономиканың дамуына , жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне , адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Фр. Бэконның философиялық кредосын бейнелейтін афоризмі-«Білім-күш». Фр. Бэкон «танымның басты әдісі  индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.

«Танымның басты әдісі-индукция»  деп анықтап берген философ таным  әрекетә іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар «өрмекші жолы», «құмырсқа  жолы», «ара жолы».

«Өрмекші жолы»- «таза  ақылдан» рационалдық жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің , практикалық тәжірибенің мәнін  төмендетеді немесе ескермейді.Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол  үзіп догматизмге салынады, «ой өрнегін  өз ойларынан тоқиды».

«Құмырсқа жолы»- тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу  жолы немесе догматтық эмпиризм. Бұл  әдіс те біржақты «таза эмпириктер»  өз назарын практикалық тәжірибеге , түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға  аударып, білімнің сыртқы көрінісін , мәселені сыртынан , «қиғашынан» ғана көріп,мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған  заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін  түсіне алмайды.

«Ара жолы»-танымның ең дұрыс  жолы.Осы жолды ұстаған зерттеуші  философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа  жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап, ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін  түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы-индукцияға негізделетін заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін  ақылмен түсінудің рационалистік  пайдаланатын эмпиризм.

Фр.Бэкон таным процесі  өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі  болатын себептерді көрсетіп берді.Ол себептерді Бэкон «елестер» н/е  «идолдар» деп атап, 4 түрге бөліп  сипаттайды.

1.тектік елестер; 2. үңгір  елестер;  3. Базар елестері; 4.театр  елесетрі.

Информация о работе Философия негіздері