Философия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа

Краткое описание

Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.

Вложенные файлы: 1 файл

filosofia_zhauap__zhanasy.docx

— 204.00 Кб (Скачать файл)

Тектік ж/е үңгір елестері-дүниені  тануда таным табиғаты мен өз табиғатын  алмастырудан туатын , адамдардың туа  біткен адасушылықтары.

«Тектік елестер»-танымның адам мәдениеті «сүзгісінен» өтіп барып  іске асатынын,сондықтан таным нәтижесіне әсер етіп, білімнің ақиқаттығын төмендететінін білдіреді.

«Үңгір елесінің » мәні – нақты адамның тұлғасының таным  процесіне әсері , нәтижесінде адамның  бұған дейінгі сенім-нанымдары,қағидалары-таным  нәтижесінде көрініс беретіндігі.

Танымның 4 түрлі негізгі  кедергілерін зерттей отырып, Бэкон  аталған «елестерден» барынша алшақ  жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес  береді.

 

 

 

 

 

25. Р.Декарт пен  Б.Спинозаның рационалистік идеяларын  салыстырып, талдау жасаңыз.

Декарт  Рене (1596-1650 жж.) философияның, физиканың, математиканың және физиологияның дамуына үлкен әсер етті. Ол – дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік - рационалистік таным әдісінің негізін қалады. Геом-лық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, рефлекс идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және дамуы), физика және физиологияда Декарт – материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму заңдылықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол– идеалист: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» - деген қағидаға сүйенеді. Декарт болмыс проблемасын зерттеу барысында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға  тырысады, оны субстанция деп атайды. Субстанция–ішкі  бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс формалары біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Ең жоғарғы субстанция – Құдай, ал жаратылған субстанциялар оның туындысы, яғни екіншілер және оған тәуелді. Материалдық (заттар) субстанциясының қасиеттері: Негізгі қасиеті - ұзындығы. Ол материалдық субстанцияларға тән жалпы белгі, кеңістікке көсілуі (ені, биіктігі, тереңдігі, т.б) және шексіз бөлінуі. Модустар (лат modus-өлшем, тәсіл)–түпнегізден, субстанциядан туындайтын қасиет. Кеңістікте - форма, қозғалыс, тұратын орын. Декарттың көзқарасы бойынша, фил-ның «негізгі мәселесінің» шешілуіне байланысты не бірінші - материя ма, сана ма деген пікір таласының жөні жоқ. Олар әр уақытта бірге өмір сүреді және біртұтас болмыстың әртүрлі көрінісі. Бұл дуалистік ілім. Декарт ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық ойлаумен заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп тануға болады дейді. «Туа біткен идея» түсінігінде Құдай, сан мен фигура, дене құрылым, ұзындық және ырық идеясы жатады. Бұл теорияның мәні: көптеген білімге дедукция арқылы жетеміз және білімнің ерекше түрі бар, ол қандай да болсын дәлелдеуді керек етпейді. Берілген білім бастан-ақ ақиқат, ең айқын және анық болады.

Бенедикт (Барух) (1632-1677жж.) Спиноза ауқатты еврей отбасында, Амстердам қаласында дүниеге келді. Декарттың шәкірті ретінде, рационалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің философиясында одан көптеген ұғымды, әсіресе, екі бастаманы - ойлау мен ұзындық ілімін алды. Декарттан Спинозаның ерекшелігі ─ заттардың  табиғатында екі субстанцияның жоқтығын көрсетуі. Спиноза фил-ның түп негізгі - субстанция, оны Құдай, жиі-жиі Табиғат деп атайды. Субстанция, Құдай, Табиғат ─ өзара ауысып отыратын түсінік. Субстанцияда екі атрибут бар: ойлау және ұзындық. Ал оның қасиеттері: 1) тіршілік етеді, 2) дербес, тәуелді емес, 3) уақыт пен кеңістікте шексіз, 4) мәңгі. Спинозаның философиясында этика ілімі орталық мәселе болып есептеледі. Оның «Бостандық - танылған қажеттілік» деген формуласы кейін марксизмнің бостандық түсінігінің негізі болды. Бірақ, Спинозаның бостандық туралы ілімнің жағымсыз жағы, оның айтарлықтай фаталистік болуы. Адам өмірі тағдырға байланысты, оны адам мойындауы керек және оған күрессіз көнуі тиіс. Адам еркін, бірақ өлім туралы көп ойламайды, оның даналығы да өлім туралы емес, өмір туралы ой  толғануы. Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!»

 

 

 

 

 

 

  1. И. Канттың сыни таным теориясының мәнін ашып көрсетіңіз.

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым  мен зерденің бір-бірінен алшақ  кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға  келмейтінін айқын көріп, соларға  ерекше назар аударған классикалық  неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы - И. Кант болды. Ол өзінің философиясының ең алдымен, бұған дейінгі  дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты  талдаудан бастады.

Иммануил Кант 1724 жылы 22-сәуірде  Кеннигсбергте дүниеге келген және өзінің өмірінің барлығын дерлік сонда  өткізген. Оның әкесі орта шаруалы  адам болған, ал атасы Литвадан шыққан. Иммануил гимназияны үздік аяқтап, 16-жасында университетке түсті. Оны  тәмамдаған соң 9 жыл үйде оқытатын мұғалім болып жұмыс істеді. 4 диссетацияны қорғағаннан кейін  Кант 1770 ж. философия ғылымының профессоры атағын алды.

И.Канттың өмірі негізгі екі  кезеңге: сынға дейінгі кезең  және сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға  дейінгі кезеңдегі Канттың негізгі  еңбегі «Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы». Бұл кітабында  ол метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың  алғаш газға ұқсас тұмандардың  қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз пайда  болғанын шамалады. Бұл Н.Коперниктен  кейінгі ғылымға қосқан үлкен  үлес еді.

Кант үшін 1781 жыл үлкен өзгерістерге толы болды, себебі дәл осы жылы оның ең басты еңбегі «Таза ақылға сын» кітабы жарық көрді. Осылай философия  ғылымының негізгі тарауларындағы ұлы жаңалықтармен ерекшеленетін  шығармашылығының жаңа негізгі, «сын»  кезеңі басталды. Бұл кезеңдегі Канттың  пікірінше, философияның болмыс, әдептілік  және дін туралы мәселелерін қарамастан бұрын, адамның танып-білу, ойлау, идея, ақыл-зерде мүмкіндігінің шекарасын  белгілеп алуымыз керек. Ал, болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді.

Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь в себе) және «біздік зат» (вещь для нас) деп екіге бөлді.

Таным процесі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады, бірақ  олар бізге «өзіндік заттар» туралы емес, тек олардың көріністері (феномендері) туралы деректер береді. Мысалы, қазір  қар жауып тұр. Осы секілді  деректерде ылғи да кездейсоқтық басым  болады да, бізге толық білім берілмейді, яғни қазір қар жауып тұр, шамалы уақыттан кейін тоқтауы мүмкін. Мұндай білімдер жекелеген тәжірибеге сүйенгендіктен апостериорлы бағытта болады.  Ал шынайы әмбебаптық білімдер осындай  фактілерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатысы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында  априорлы (тәжірибеге дейінгі) қалыптасқан  сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне  байланысты болуы керек.

Жалпы алғанда, таным процесі, Канттың  пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой.

Сезімдік түйсіну сатысында  біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді  де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында  белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.

Сезімділіктің ішкі формасы - уақыт  математикамен тығыз байланысты. Уақыт тек математикалық өлшем  ғана емес, ол сезімділік арқылы адамның  ішкі рухани дүниесімен қабаттасып жататын  процесс. Өйткені  уақыт - алдымен еңбек өлшемі, адамның практикалық қызметінің өлшемі. Бұл жөнінде Кант уақыт дегеніміз біздің пайымдауымыздың субъективті жағдайы. Ол субъектіден тыс ештеме де емес деп анықтайды. Ендеше адамның ішкі рухани өмірін, оған тән байлықты біз тек осы уақыт арқылы анықтай аламыз. Уақыт адамзаттың даму тарихымен де тығыз байланысты.

Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете  отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің  пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу адамның ойлау  қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым - логика.                           

Танымның келесі - сараптаушы парасат  сатысында - априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т.б. арқасында  жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне  тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім  пайда болады.

 И.Канттың адамгершілік, әдептілік,  мораль төңірегіндегі идеялары, құдайға сену адамгершілікке  бастайды деген зерделі ойы  кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға  ерекше әсер етті.

 

27 . Қазіргі заманғы ғылыми таным философиясының дамуындағы объективтілік, жүйелілік, қарама-қайшылық, тарихилық принциптерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Таным дегеніміз - сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.

Әмбебап принциптер – танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл мынадай принциптер:

Объективтілік принципі. Ішкі имманентті көріністерден шыға отырып, объектіні қарастыруға деген ұмтылыс (құбылыс, зат немесе процесс).

Сәйкес түрде объективтілік (объективті ақиқат) салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың өзара байланысы, танымдық процесс динамикасында объективтіні және субъективтіні толықтыру ретінде  беріледі. Бұл танушы субъектіге сол  немесе өзге шамада тәуелді болатын  табиғи заттарды тануға, сол сияқты маңызды дәрежеде субъект әрекетінің нәтижесі болып табылатын, әлеуметтік процестерді тануға қатысты.

Объективтілік – қарама-қайшылықтар феномені, бір жағынан, ақиқат адам қызметінің нәтижесі ретінде алға шығады, яғни субъективті элементтен тұрады. Екінші жағынан, оның субъективті пайымдалуынан қарамастан ақиқат объекті-ге тән, сондықтан объективтік принципі - нақтылықты танудың субъективтілігі мен объективтілігінің арасындағы «Ариадна жібі».

Даму принципі. Оған сәйкес заттың, құбылыстың немесе процестің сандық та, сапалық та қатынаста өзгеруі олардың ішкі қасиеті болып табылатын түсінік.

Даму органикалық та, органикалық  та емес объектілерге де, сондай-ақ әлеуметтік мәдени жүйелерге де тән болады. Дамудың әр түрлері, атап айтқан-да, жоғары өрлейтін және төмен түсетін, прогрессивті және регрессивті, жоғарыдан  төменге, қарапайымнан күрделіге, қажеттіден кездейсоққа және т.б. атап көрсетіледі. Дамудың жалпы теориясына диалектика кіреді, соның шеңберінде дамудың  ішкі механизмдері және қозғалатын күштері  қарастырылады. Диалектика-ның баламасы табиғат маңызының өзгермейтіндігін абсолюттейтін метафизика.

Абстракттыдан нақтылыға  өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен байланысады. Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан, объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны (объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.

Тарихи және логикалық  бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.

Объектіні объективті зерттеу объектіні  динамикада қарастыруға мүмкіндік  беретін, тарихи амалды болжайды. Алайда, объектінің тарихи динамизмін ескерсек, ғылыми талдауды объектінің немесе процестің  тарихи «кедір-бұдырларын» қалай  да «түзететін», логикалық амалдан  бастау жиі тиімдірек болады.

Қазіргі замандағы теорияны қалыптастыру кезінде тек ғылыми білімді дамыту логикасы ғана емес, сонымен бірге  тиісті тарихи контекст те ескеріледі. Жаңа теория тарихи қалыптасқан ғылыми түсініктерді жай ғана қабыл алмайды, ал оларды сол немесе өзге шамада өздерінің  құрылымына енгізеді. Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының құрылымдық және функционалдық процестерін  білдіреді. Логикалық бірлік сол  процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған дамуын алған процестермен байланысқан.

Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында  талдау; жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.

Жүйелілік – гносеологиялық идеал ретінде түсіндірілетін, танымдық процестің барлығын қамтушылыққа ұмтылу. Жүйелілік танымды шектейтін, «ақымақ шексіздікке» айналмас үшін, жүйенің барлық бағыныңқы                                    жүйелерінің емес, оның элементтерін анықтайтын (субстанциялық) жүйелерінің ғана өзара байланысы қарастырылады. Жүйеліліктің негізгі ерекшеліктерінің бірі жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдарда оқылатын  деңгейдегі объектіні зерттеу әдістері және оларда қолданылатын қалыптасқан және қалыптаспаған құралдарда пайдаланылатын өзара байланыс болып табылады.

Танымның әмбебап принциптері  жалпы ғылыми әдістері бір-біріне деген  қатынасы бойынша «қосымша» болып  табылады. Олардың өзара әрекеті  процесінде объективті шындық және оның тұтастығы туралы барабар түсінік  қалыптасады.

28. Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттаңыз.

Информация о работе Философия негіздері