Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа
Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.
5-сурет –2013 жылғы бұзушылықтар түрлері бойынша тергеулер, бірлік
Нарық субъектілеріне қатысты жүргізілген тергеулер бойынша мысалдар осы тараудың салалық кіші бөлімдерінде келтірілген.
Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
Агенттік экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады, бұл нарық экономикасының дұрыс жұмыс істеуінің маңызы зор талаптарының бірі болып табылады және оның басты мақсаты бір қолда нарық билігінің шамадан тыс шоғырлануының алдын алудан, нарықта компаниялардың үстем (монополиялық) жағдайларын күшейтуден және бәсекелестікті шектеуден тұрады.
Экономикалық шоғырлану арқылы нарық субъектілері жүзеге асыратын нарықтардың монополиялануы белгілі бір жағдайларда бәсекелестіктің әлсіреуіне және еркін нарықтық қатынастарды дамытуды бәсеңдетуге әкеп соғуға қабілетті. Экономикалық шоғырлану ең бастысы қосылу, сатып алу және бірлескен басшылық сияқты бақылауды сатып алудың басқа да шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Өндірісті шоғырландыру тәсілдерінің бірі – бір компанияның екінші бір компанияның акционерлік капиталына қатысуы. Нәтижесінде, бақылаушы компания заңды дербес тұлға болып қалатын өзінің бақылауындағы компанияны тиімді бақылауды жүзеге асырады.
Экономикалық шоғырлануды бақылау бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде 2013 жылы монополияға қарсы агенттік келіп түскен 395 өтінішхатты (2012 жылы – 296 өтінішхат) қарады, оның 35 %-ына келісім берілді, 4 %-ы дәйексіз ақпарат беруіне байланысты тоқтатылды, 2%-ы келісім беруді талап етпейді, 52 %-ы материалдардың толық болмауына байланысты қабылданған жоқ, 0,5 %-ын нарық субъектілері кері қайтарып алды.
2012 жылмен салыстырғанда (296) 2013 жылы (395) келіп түскен өтінішхаттардың саны 99 өтінішхатқа ұлғайды (33,4 %).
Бұл ретте қарауға қабылданбаған өтініш хаттардың үлесінің жоғары екендігін (52 %) атап өту керек. Бұл жағдай Заңда талап етілетін материалдардың толық болмауымен байланысты, көп жағдайда өтінішхаттар елеусіз негіздермен қабылданбайды. Мысалы, өтінішхаттардың материалдары тігілмеген, нөмірленбеген, нотариалдық түрде куәландырылған мөрдің болмауы және т.б.
Сонымен бірге, Заңның талаптары күшінде көрсетілген ескертулермен құжаттарды қабылдауғамонополияға қарсы агенттіктің құқығы жоқ. Заңның 52-бабына сәйкес өтінішхатқа қоса тіркелген құжаттар түпнұсқа немесе заңнамада белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс, құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және тігілген түрде беріледі.
Осы жағдайда екі кезеңнен тұратын аталған қызметті көрсету ерекшелігін ескеру керек:
- 1-кезең – өтінішхаттарды қарауда ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру, мерзімі күнтізбелік 10 күн;
- 2-кезең – экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау, мерзімі – 50 күн.
Бұл ретте бұл қараудың түпкілікті мерзімі емес. Заңның 54-бабына сәйкес өтінішхатты қарау мерзімі:
- монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған;
- монополияға қарсы орган қаралып отырған өтінішхат бойынша нарық субъектiсiнен немесе мемлекеттiк органнан қосымша ақпараттарды сұрату жағдайында тоқтатыла тұрады («Бәсекелестік туралы» Заңның 54-бабы).
Осы қызметті тұтынушылар жиынтық теңгерімдік құны АЕК-тің 2 млн. еселенген мөлшерінен асатын (3 млрд. теңгеден жоғары) ірі нарық субъектілері болып табылады.
Осы қызметті алу үшін «құпия» деген белгімен ұсынылатын құжаттың күрделі пакеті талап етіледі, өйткені бұл құжаттар коммерциялық құпияны құрайды. Бұл ретте аталған қызметті тұтынушылардың негізгі үлесін құжаттары апостиль қоюды талап ететін шетел инвесторлары құрайды. Осыған байланысты, Заңның 43-бабында заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы монополияға қарсы орган қызметкерлерінің міндеттері белгіленген.
Көрсетілген қызметтердің жыл сайынғы
саны соншалықты көп емес
Бұл ретте қазіргі уақытта Заңның 49 – 57-баптарында мемлекеттік қызмет көрсетудің айрықша қағаз түріндегі форматы көзделгендіктен, оны енгізу Заңға тиісті өзгерістер енгізуді талап ететін мемлекеттік қызметті автоматтандыру мәселесі пысықталып жатқандығын атап өту керек.
Сонымен бірге, экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қараумонополияға қарсы агенттік көрсететін жалғыз мемлекеттік қызмет болып табылады және Үкіметтің 2013 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысымен 2013 жылы Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді.
Осыған байланысты, Үкіметтің 2013 жылғы 20 маусымдағы
Сот талқылауларына қатысу
2013 жылдың қорытындысы бойынша монополияға қарсы агенттік 282 сот талқылауына қатысты (2012 жылға қарағанда 20,0 %-ға артық – 235), оның ішінде: 74-і – азаматтық істер бойынша, 208-і - әкімшілік істер бойынша (2012 жылы 101 және тиісінше 134). Бұл ретте, соттармонополияға қарсы агенттік пайдасына 196 шешім қабылдады, бұл 2012 жылмен (77) салыстырғанда 119-ға артық.
6-сурет – Сот талқылауына қатысу
2013 жылымонополияға қарсы агенттіктің пайдасына жеңіп алынған сот процесстерінің үлесі 81,7 %-ды құрады, бұл тармақтың жоспарлы көрсеткішінен (Агенттіктің стартегиялық жоспарында 69 % жоспарланған) 12,7 пайыздық тармаққа асып түседі.
Сот практикасын талдау азаматтық істер бойынша сот талқылауларының негізгі көлемін:
- тізілімге негізделген түрде енгізу;
- мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелерін бекіту, тергеулер және Инспекциялардың тергеу нәтижелері бойынша қорытындылары туралы монополияға қарсы органның бұйрықтарының, қаулыларының заңдылығы;
- монополияға қарсы органның нұсқамасын заңсыз деп тану;
- монополияға қарсы органның заңсыздығы мен әрекетсіздігі мәселелері бойынша нарық субъектілерінің монополияға қарсы органға қоятын талаптары құрайтындығын көрсетті.
Осы санаттағы істерді талдау нарық субъектілері бұрынғысынша оларды Тізілімге енгізу бойынша және жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның актілерімен әрқашан келісе бермейтіндігін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес азаматтық істерді қарау бірнеше айларға (жартыжылға дейін) созылуы мүмкін, сондай-ақ нарық субъектілерінің өздері сот процесін қасақана созып отырғандығы туралы фактілер бар.
Мысалы, «КаР-Тел» ЖШС мен «GSM Қазақстан «Қазақтелеком» ААҚ» ЖШС («Кселл» ЖШС) аталған ұялы байланыс операторларын интерконнект немесе Оператораралық қосу қызметі бойынша Тізілімге енгізу бөлігіндемонополияға қарсы агенттік бұйрықтарының күшін жою туралы өтініштермен сотқа жүгінді. «Кар-Тел» ЖШС мен «Кселл» АҚ-ның өтініші бойынша соттың бірінші апелляциялық сатысының шешімімонополияға қарсы агенттіктің пайдасына шығарылды. Алайда, соттың жүргізілген сараптаманы назарына алмауына байланысты, кассациялық саты «Кселл» АҚ-ы бойынша істі қарауды қайтадан апелляциялық сатыға қайтарады.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
Өткен жылдың сот практикасы соттардың жекелеген іс жүргізу нормалары, оның ішінде бәсекелестік туралы заңнаманы қозғайтын нормалар бойынша ортақ ұстаным қабылдағаны туралы куәландырады. Атап айтқанда, экономикалық соттарда монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелеріне шағымдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Кар-Тел» және «GSM (Джи Эс Эм) Қазақстан «Қазақтелеком» ААҚ» («Кселл» ЖШС) ұялы байланыс субъектілерінің өтініштері бойынша экономикалық сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау тәртібінде қарай отырып, тергеу жүргізуге қатысты дәлел бойынша оның негізділігін бағалау әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде болуы тиіс деп көрсетті.
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға сотқа шағымдана отырып, азаматтар мен заңды тұлғалар іс жүзінде әкімшілік құқық бұзушылық дәлелдемелері туралы хаттамада жазылғандарға шағымданады. Алайда, дәлелдемелерді зерттеу және тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартудың негізділігін тексеру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 38-40-тарауларында көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Осылайша, Қаралып отырған санаттағы іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатқызылмауы тиіс, өйткені дауға түскен актілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау бойынша монополияға қарсы органның дайындық іс-әрекеті болып табылады, сондықтан өтініш берушілердің дәлелі бойынша баға әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде берілуі тиіс.
Монополияға қарсы органның өзі қоятын сот талаптарына қатысты, бұл негізінен мемлекеттік сатып алуда жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талаптар.
Агенттік басқармасы отырыстарының нәтижелері
бойынша
- ӘҚБтК-ның «Монополистік қызмет» деген
147-бабы
- ӘҚБтК-ның «Мемлекеттiк органдардың бәсекелестікке қарсы iс-әрекетi, жосықсыз бәсеке» деген 147-4-бабы бойынша – 54.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 77 нұсқама шығарылды, бұл 2012 жылға қарағанда 4,8 есе көп:
- 12 - мемлекеттік органдарға (5 – 2012 жылы);
- 65 - нарық субъектілеріне (11 – 2012 жылы).
Тұтастай алғанда, 2013 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін бюджет түсімдерінің сомасы 1305,8 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 49,8 %-ға артық (2012 жылы бюджет түсімдері 871,6 млн. теңгені құрады). Бұл рeтте, монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзғаны үшін неғұрлым ірі айыппұлдар «ҚазМұнайГаз» АҚ (438 млн. теңге), «АЭС Өскемен ГЭС» АҚ (174,5 млн. теңге), «Кар-Тел» ЖШС (155 млн. теңге), «Шығысэнерготрейд» ЖШС (97 млн. теңге), «Алтын дән» ЖШС-дан (14 млн. теңгеге жуық) түсті.
7-сурет – Бюджет түсімдері, млн. теңге
Агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың сот практикасына салыстырмалы талдау жүргізді, ол әкімшілік жауаптылықтың елеулі тиімділігін көрсетті.
Сонымен, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Монополистік қызмет» деген 196-бабы бойынша сотқа 5 қылмыстық іс жіберілді.
2-кесте – 2009 ж. – 2013 ж. монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін сот шешімдері
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
Жіберілген істер |
1 |
- |
2 |
2 |
- |
Сот шешімі |
|||||
рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды |
1 |
||||
қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды |
1 |
||||
700 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде сотталды |
2 |
Сонымен қатар, ӘҚтК-нің «Монополистік қызмет» деген 147-бабы бойынша әкімшілік істің саны ұқсас кезеңде мынаны құрады:
3-кесте – 2009 ж. – 2013 ж. салынған айыппұлдың жалпы сомасы (мың теңге)
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
Барлығы |
Істер саны |
10 |
13 |
9 |
48 |
147 |
227 |
салынған айыппұлдың жалпы сомасы (мың теңге) |
1789402,7 |
80432,9 |
99867,5 |
536863,9 |
1582947,7 |
4089514,7 |