Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад
"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.
"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының
Қазіргі демократиялық мемлекет әлеуметтік мемлекет, яғни әлеуметтік аспектілермен байытылған құқықтық мемлекет. Басқаша айтқанда, бұл құқықтық және әлеуметтік аспектілердің бірлігін жүзеге асырған мемлекет. Сонымен қатар, ол формалды теңдікті жариялаумен табыспайды, шынайы бірлікті азаматтардың саяси өмірге, мемлекет істерін басқаруға қатысуының мүмкіндіктерінің теңдігі ретінде қамтамасыз етеді. Бұл демократияның басқа фундаменталды
19-20 ғ. идеялар мен ағымдар: марксизм, либерализм, консерватизм.
XIX ғ. бірінші жартысында
Консерватизм (консерватиус - латын тілінен қорғаушы деп аударылады) идеологиясы тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі.
Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары.
Авторитарлық режим - саяси биліктің нақты біреудің (таптың, партияның, элиталық топтың және т.б.) қолына жинақталып, халықтың өте аз дәрежеде қатысуымен жүзеге асырылатын қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.
Авторитарлық деп негізгі
Алайда Қазақстандағы
Авторитарлық жүйелердін негізгі типтері және формалары. Авторитарлық ұғымы латын тілінен аударғанда билікке ықпал, яғни, мемлекетте, ұжымда биліктің бір адамның қолына жинақталуы деген түсінікті білдіреді.Авторитарлық режимді өзінің ерекшеліктеріне қарай тоталитарлық режим мен демократиялық режимнің арасындағы «компромисс» деуге болады. Себебі ол тоталитаризмге қарағанда либералды, ал демократизмге қарағанда қаталдау, халықтың билігіне қарсы тұрғыда болады.Авторитарлық режим - саяси биліктің нақты біреудің (таптың, партияның, элиталық топтың және т.б.) қолына жинақталып, халықтың өте аз дәрежеде қатысуымен жүзеге асырылатын қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.Авторитарлық режимнің белгілері:
- биліктің бөліну принципінің
ескерілмеуі;- өкілдік билік органдарының
рөлінің билікті жүзеге
- соттың қосымша орган ретінде болуы, сонымен қатар соттан тыс органдардың да өмір сүруі;
- мемлекеттік басқаруда әкімшіл-
- жекелеген цензураның, «жартылай» жариялылықтың орын алуы,
- тұтас бір идеологияның орын алмауы;
- қоғамдық өмірдің барлық
- жартылай плюрализмнің болуы,
оппозицияға жол берілмеуі,
- адамдар мен азаматтардың
- қоғамдағы «күштеу»
- лидердің рөлі жоғары
Авторитарлық саяси жүйенің
тоталитарлықтан өзгешіліктері.
Тоталитаризм озінің революцияшылдығымен ерекшеленсе, ав-торитаризм, керісінше консерватизмімен, дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды ұстануымен ерекшеленеді және органикалық даму идеясына жүгінеді. Бұл идеяның астында кез-келген прогрессивті бастауларға кедергі келтіруге ұмтылу жасырынып жатуы мүмкін, бірақ авторитаризмның ескі тәртіптерді революциялық қиратуға қарсы екендігі күмәнсіз.
Мұнда осы екі саяси жүйенің өте елеулі айырмашылығы көрінеді. Егер тоталитаризм «ұлы ілімде» бейнеленген өзінің утопиялық идеалына сай алдыңғы әлеуметтік иерархияны, азаматтық қоғамның институттары мен құрылымдарын қиратып, дәстүрлі әлеуметтік байланыстарды үзіп, қалыптасқан әлеуметтік жіктелуді жоюды көздесе, авторитаризм керісінше бұларды сақтауды қолайлы көреді. Ол мемлекеттен араласудан азат аймақтарды қалдырады. Авторитарлық режим орнаған елдерде демократиялық қайта құрылуды жүзегс асыру азды-копті ауыртпалықсыз өтетіндігі де сондықтан.
Егер тоталитаризм өндірістің барлық
құралдарын жалпылау жолымен экономиканы
толықтай мемлекеттендіруді жүргізсе
немесе оған қатаң мемлекеттік бақылауды
орнатса, авторитаризмде бұрынғы әлеуметтік-
Екі жүйенің айырмашылықтары тек қана азаматтық қоғамның институттарына ғана емес, сонымен қатар билік институттарының құрылымдарына да байланысты.
Авторитаризмның тоталитаризмнен тағы бір ерекшелігі, ол сайлау террорын пайдаланады. Егер кімде-кім режимге белсенді түрде қарсы болмаса, ол қудалауға ұшырамайды. Әдетте авторитарлық режим мемлекеттік билік пен оның саясатына ашық қарсы шықпағандардың жеке өміріне араласпайды. Террор режимнің саясатына келісіп қана қоймай, оған белсенді түрде қарсы шығатындарға ғана қолданылады.
Азаматтық қоғам ұғымы.
Азаматтық қоғам – саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Бұл қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қоғамдастықтары, қоғамдық ұйымдары, кәсіби, шығармашылық, этникалық және т.б. бірлестіктері кіреді.
Азаматтық қоғамның экономиканың негізі – әр түрлі меншіктегі көп салалы экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауымен пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады.
Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
Әлеуметтік-этникалық
Жеке тұлғаны саясат субъектісі
ретінде қалыптастыру күрделі әрі
көпжақты мәселелердің бірі болғандықтан,
онда саяси және әлеуметтік-экономикалық
факторларды кеңінен қолдану
өте қажет. Мұндай керекті факторлардың
қатарында - демократиялық құндылықтардың
өріс алуын, адамдардың өмір сүру деңгейінің
жақсартылуын, қоғамдағы азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарының
өз дәрежесінде қорғалуын, әлеуметтік
әділеттіліктің орнығуын, меншік түрлерінің
әралуандылығына негізделген
Билік тұжырымдамалары.
Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады. Билік саясаттың ең өзекті мәселесінің бірі. Себебі саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу болып табылады.
Билік біріншіден, адамның конституциялық бостандығын қамтамасыз ету үшін, екіншіден, құқықты бекіту үшін, үшіншіден, шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қажет.
Билік ұғымы саяси және ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Саясаттануда билікке төмендегідей анықтамалар беріледі:
Телеологиялық (teleos – грек тілінен мақсат деп аударылады) анықтама, яғни, билік белгілі бір мақсатқа қол жеткізу ретінде түсіндіріледі.
Бихевиористік (ағылшын тілінен мінез-құлық деп аударылады) анықтама, мұнда билік адам мінез-құлқының ерекше түрі ретінде түсіндіріледі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) қолдану мүмкіндігі деп біледі.
Құрылымдық анықтама, яғни, билік басқарушы мен бағыныштылар арасындағы қатынастың ерекше түрі ретінде көрсетіледі.
Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Біраз ғалымдар
билікті кең мағынасында
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Биліктің мәні басшылық, үстемдік және бағыну қатынастары арқылы көрінеді.
Сонымен, билік – адамның түрлі іс-әрекетінің бағыт-сипатына және таптар, топтар мен жеке адамның мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық және құқықтық-ұйымдастырушылық механизмдер арқылы ықпал етушілік болып табылады.
Биліктің легитимді типтері: дәстүрі, харизматикалық және ұтымды-жариялы
Биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінен заңды деп аударылады) дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті, оның заңдылығы мен шешімдерін мойындауы.
Демократиялық
жағдайда мемлекеттік билік легитимді
болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы
және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы
керек; 2) мемлекеттік билік
Неміс ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
Әдет-ғұрыптық легитимдік. Ол салт-дәстүрлерге сүйенеді. Сондықтан, мысалы: (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, эмир және т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінеді. Билік әкеден балаға мұра болып қалып келді, оны халық ата салтымыз деп мойындап отырды.
Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы