"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

Харизматикалық  легитимдік. Харизма (грек тілінен құдайдың сыйы деп аударылады). Дінге сенушілердің арасында мистикалық қасиетке ие болған, ерекше дарынды адам. Әлеуметтік және саяси ғылымда харизма терминін енгізіп, жетекшілерді беделіне қарай жіктеуді алғаш қолданған М. Вебер болды. Легитимдіктің бұл түрінде өзінің батырлығымен, ақылдылығымен немесе басқа ерекше қабілет-қасиетімен көзге түскен адамды басшы етіп тағайындайды. Халық тек сол адамға ғана сенім артады. Мысалы: Мұхамбед пайғамбар, Будда, Аятолла Хомейни, М. Ганди және т.б.

Құқықтың  легитимдігі. Онда саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіпке негізделеді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары  және саясат.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай  ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың  рөлі зор. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі  қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың  барлық қырларын түбірімен түрлендіріп  жіберді.

Ақпарат құраддары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси кайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай  алады  деп   санайды.   Шынында  да,   олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат күралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.

Ақпарат құралдарымен қатар билікті  жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлүматты алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің колында болса, XXI ғасырда билік соның қолында болады дейді.

 

Геосаясат.

Геосаясат адамдардың белгілі бір  мақсатқа жету үшін билікті қалайша  тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің  мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті  қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл  пікірлер алғашында аймақтың жалпы  географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің  саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің  төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды  жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында  мықты мемлекеттер орналасқан –  солтүстікте – Ресей, шығыста  – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер  арасындағы қатынас жолы және сонымен  қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын  аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

 

Дәстүрлі және қазіргі  саяси жүйелер: өкілетті, модернистік, постмодернистік.

Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы ор алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси жүйелердің  келесі бір критерийлері бойынша белгілі философ және  саясаттанушы А. С. Балғымбаев бірқатар типологиясын көрсетеді. Соның бірі біздің қөзқарасымыз бойынша, осы бағыттағы барынша табысты әрекетті, яғни жүйелерді классификациялауды тек Францияда ғана емес, барлық әлемге белгілі Крозье, Турен және басқа да мектептердің идеяларына сүйене отырып ресейлік саясаттанушылар жасады. Олар біріншіден, дәстүрлі және қазіргі жүйелерді айыруды ұсынады. Қазіргі саяси жүйелерге келер болсақ, онда екіншіден, басқа типологизациялардан ерекшелігі, оларды бір маңызды критерий — мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасының сипаты бойынша бөлуді ұсынады. Осы критерийге сәйкес саяси жүйелер өкілдік, модернистік және постмодернистік болып бөлінеді.

Мұндай бөлу саясат пен саяси  жүйе функциясының белгілі бір түсінігіне негізделінген. Жоғарыда атап өткеніміздей, қазіргі саяси жүйелер ұзақ уақыттар бойы өздеріне қойылған талаптарға сай  келмеді. Өкілдік және модернистік  жүйелер, яғни классикалық капитализм мен автократиялық (әкімшілік, мемлекеттік, әкімшілік-бюрократтық және т.б.) социализм  жүйелері бірдей біржақты, және посттоталитарлық қоғамның орталық мәселелерінің  бірі жаңа саяси жүйені қалыптастыру болып табылады.

 

Демократия ұғымы.

«Демократия» термині қазіргі  саясат пен саяси ғылымдағы ең көп тараған термин. Сонымен қатар  демократия ұғымы ең күрделі және анықталмаған болып табылады. Зсрттеушілер демократия сөзінің XX ғасырда өзінің нағыз мағынасын жоғалтып алғандығын және саясат теориясы мен практикасының анықталмаған ұғымдар қатарына еніп кеткендігін айтады. Саяси ғылымда демократия ұғымының оңдаған анықтамасы бар екендігін және олардың әрқайсысының оның мазмұнын толықтай ашып бере алмаса да өмір сүруге құқылы екендігін көрсетсек те жеткілікті. «Қазіргі уақытқа дейін, -деп жазады неміс саясаттанушысы Б.Гуггенбергер, — ғалымдар негізінде демократияның бірыңғай анықтамасын бере алатын жалпы қабылданған ережелерді жасақтай алмай отыр»

 

Дүниежүзілік саясат ұғымы.

Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъектілермен халықаралық аренда өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мәселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, дүниежүзілік және аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-қатынасқа түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалдарына негізделеді.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.

 

Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойшылдар (Платон, Полибий, Аристотель, Цицерон).

Платон б.з.б. 427 – 347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.

Платонның екі жүздей еңбектері  бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға  тікелей қатысы бар шығармалары  «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б.

Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін  жеке – дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек.

Ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді.

Платон мемлекеттік  құрылысты 5 түрге бөледі: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Осыларды ізгілікті және жағымсыз мемлекеттер деп топтайды.

Платон жағымсыз мемлекеттерге төмендегілерді жатқызады:

Тимократия - әскери билеушінің үстемдігі.

Олигархия –  аз адамның көпшілік үстінен жүргізілетін билігіне негізделеді.

Демократия - көпшіліктің билігіне негізделеді, бірақ байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылық күшейе түседі. Сондықтан  бұл заңсыздыққа негізделген  демократия деп санайды.

Тирания - әділетсіз  мемлекеттің ең төменгі формасы  болып есептеледі. Бұл басқа мемлекеттің  үстінен жүргізетін билігіне негізделеді.

Ал, ізгілікті  мемлекетке аристократиялық  мемлекетті жатқызады. Онда парасаттылық үстем, оның ұстанымдары – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы болды. Өйткені  қоғамдағы дау - жанжал мен қайшылықты тудыратын жеке меншік деп санады.

Сонымен, қорыта келгенде ең алғаш Платон өз еңбегінде  қоғам мен саясаттың арақатынасы  мен олардың өзара байланысын, әлеуметтік өзгерістерден тұратын  мемлекеттің түрін (еңбектің бөлінуі, теңсіздіктердің пайда болуы) атап көрсетті. 

Полибий ежелгі грек тарихшысы. Полибий  саяси көзқарас жағынан Грекияның  олигархтық топтарының жетекшісі, демократтардың қарсыласы болды. Негізгі еңбегі «Жалпы тарих». Ол өз еңбегінде б.з.б. 220-146 жылд.ғы жерорта т.жағалауындағы мем.р тарихын өзара сабақтастыра қарастырды.

Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) - Платонның шәкірті. Саясаттануға қатысты оның «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.

Аристотельдің саяси ғылымның дамуына  қосқан үлесі ерекше. Өзінің саясатқа қатысты ой-пікірлерін «Саясат» еңбегінде  тұжырымдап, онда 158 грек полис-мемлекеттерінің  өмір сүру ерекшелігін ашып көрсетті.

Аристотельдің ойынша, мемлекет –  қауымның дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекеттік  құрылымды екі белгі бойынша:

Билеушілер  санына қарай;

Басқару мақсатына  қарай дұрыс және бұрыс түрлерге бөледі.

Монархия, аристократия және политияны  дұрыс түріне жатқызып, онда билеушілер барлық азаматтардың ортақ игілігі  үшін қызмет етеді деді. Ал,тирания, олигархия және демократияны бұрыс  түріне жатқызып, онда билеушілер өз бастарының пайдасын ойлайды деп санады.

Ежелгі Римнің атақты шешені, мемлекет қайраткері және ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.) өзінің «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» еңбектерінде Римнің мемлекеттік құрылымын жетілдіру турасындағы ой-пікірлерін негіздеген. Цицеронның пікірінше, мемлекет – адамның бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және құқық пен ортақ игіліктерді қорғау мақсатынан туындаған ортақ қауымы болып табылады. Ол республиканы қорғауды әрбір азаматтың қасиетті борышы деп санады. Бұған қоса Цицерон Римнің нағыз азаматтары ой-өрістерін кеңейту, жан дүниесін байыту үшін өздерін жан-жақты жетілдіру идеясын мәңгілікке серік етуі керек деп тұжырымдады. Цицеронның ұйғаруынша адамды жан-жақты жетілуге итермелейтін төрт ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті болу, ерлік және сабырлылық. Ол «адам неғұрлым ақ-әділ болған сайын, солғұрлым басқадан арамдық күтпейді деген қорытынды жасады».

 

Ежелгі шығыстағы саяси  ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даоцизм, легизм).

Буддизм - [санскритше - бұддһа күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. В-ВЫ Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек.

Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Осы ретте тұжырымдалған басты көзқарастары мен ілімі жайындағы мағлұматтар “Әңгімелер мен пайымдар”' (“Лунь юй”) деген кітапта таратылып баяндалған. Бұл кітап Конфуций айтқан ойлар мен оның жақын шәкірттерімен және ізбасарларымен әңгіме-дүкенінің жазбасы болып табылады. Зерттеушілер Конфуцийдің жеке басына тиісті деп тек “Көктем мен Күздің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына” түсіндірмелерін атайды. “Ұлы ілім” мен “Аралық туралы ілім”' атты туындылар да Конфуцийдің өзінікі емес, ол тек мұның екеуін де қайта әңгімелеп берген деп саналады. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады

Конфуций, Кун-цзы, Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу  қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай  ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің  негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай  тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан  бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін  өркен жайған философиялық ой маржандарын  оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі  буындағы шенеунік қызметін атқарып  жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында  бала оқыта бастады. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін  қалаушы атанды.

Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.

Даосизм (қыт. 道教, дàожіàо) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.[

Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390 — 338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары "Шань цзюнь шу" трактатына ("Шань облысының әміршісі кітабы") енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы