"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2013 в 10:40, доклад

Краткое описание

"Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы.
1959 ж. әлеуметтену ұғымының негізінде америкалық зерттеуші Г. Хаймен «саяси әлеуметтену» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Міне, осы кезден бастап, яғни, XX ғ. 50-ші жылдарының аяғынан саяси әлеуметтену мәселелері дербес зерттеу саласы ретінде батыстық саяси және әлеуметтану ғылымдарында белсенді түрде қолға алынып, қалыптасаастады. Ал, КСРО-да ХХ ғ. 80-ші жылдарының аяғына дейін «саяси әлеуметтену» ұғымы буржуазиялық ғылым пәні ретінде саналып келді. Ол кезде саяси әлеуметтену мәселелері негізінен саяси білім мен тәрбие берудің және саяси үгіт-насихат жүргізудің құралы ретінде қарастырылды. Сөйтіп, кеңестік саяси-әлеуметтік сөздік-анықтамалықтар мен түрлі әдебиеттерде саяси әлеуметтену ұғымына түсініктеме берілмей келді. Тек XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ресейлік саяси ғылымда саяси әлеуметтену мәселелері ғылыми зерттеудің дербес бір бөлігі ретінде зерттеле бастады. Бұған Кеңестер Одағында XX ғ. 80-ші жылдарының екінші жартысынан бастап түбегейлі реформалардың жүргізіліп, қоғамның демократиялануы, тоталитарлық жүйенің күйреуі себеп болды.

Вложенные файлы: 1 файл

ПОЛИТ ДАЙЫН.docx

— 113.29 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуында идеология маңызды рөль атқарады. Өйткені, кез келген сала сияқты сыртқы саясат сол ұлттың салт-санасын, тілін, дінін, дәстүрін, дүниетанымын, психологиясын, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормаларын т.б. көрсетудің айнасы, олардың көріну түрінің бірі болып табылады.

Сыртқы саясатты мемлекеттің ішкі саясатынан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, сыртқы саясат мемлекеттің ішкі даму ерекшелігіне, қойған мақсаттарына, ішкі ресурсына, кадр потенциалдарына да тәуелді. Сонымен бірге сыртқы саясаттың өзіндік ерекшеліктері де болады. Ол ерекшеліктер қарым-қатынасқа түсетін елдердің мүдделеріне сәйкес келе бермеуіне байланысты болады. Оның өзі елдің сыртқы саясатын сол субъекті-лердің мүдделеріне байланысты халықаралық қатынас құқықтарына сәйкес түрлендіруді талап етеді.

Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия больіп табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады.

 

Қазақстан саяси  ойларының қалыптасуы мен дамуы.

Осымен байланысты шығыс әлеміндегі, соның ішіндегі қазақ даласындағы  саяси ой-пікірлердің де маңызы аса  зор. «Түркілер әлемінің тап ортасында  адам тұрды, - деп жазады Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, - олар ең алдымен адамды құрмет тұтты. Адамдар әлемі, адамзат - түркі рухының  қасиетті жиынтығы, міне, осылар... Түркілер адамзат әлемінің ұстын тірегі деп  Адамды таныды. Тап сол адамның  өмірі, құштарлыққа, арман-мақсатқа, іс-әрекетке және түрлі оқиғаларға толы жеке адамның  өмірі мемлекеттің, қоғамның өмірімен етене тұтастықта қарастырылды. Сондықтан  да тарихты нақты адамның өмірімен салыстыра отырып түсінді».

Түрік халықтарының ұлы ойшылы және гуманисі – Қорқыт ата (VIII-IX ғғ.) тұлғасының, оның қалдырған данышпандық мұрасының  маңызы өзгеше. Қорқыт ата туындыларындағы  дүние мен адам туралы толғаныстар, адамның өмір сүру ұстанымдары мен  мақсат-мұраттары, оның дамуы мен  жетілуі, әлеммен үйлесімділікте болуы  мәселелері, адам ретінде үздіксіз тіршілік етуі, оның өтпелілігі мен  мәңгілігі турасындағы қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақсы үйлесім тауып отыр.

Ғылымның сан саласы бойынша 160-тан  астам трактат жазып қалдырған  ұлы ойшыл Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фарабидың (870-950 жж.) артына қалдырған мол мұрасының маңызы өте ерекше. Оның қоғамдық-саяси  саланы қамтыған трактаттарына «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы  трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» еңбектері жатады.

Әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1021-1075 жж.) «Құтты білік» («Құтадғу білік» немесе «Бақыттылық жайлы ілім») еңбегі - мемлекетті орталықтандыру мен  басқару, оның бірлігі, адамның тағдыры, оның мемлекеттік құрылымдағы орны мен рөлі және т.с.с. көптеген көзқарастар  жинақталған трактат болып табылады.

Қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырушы ірі реформатор - Тәуке хан (1680-1718 жж.) болды. Ол «Жеті  жарғысында» қазақ әдет-ғұрып  заңдарының жиынтығын негіздеді. Тәуке  хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде  қалыптастырып, олардың мемлекеттік  құрылымдағы  рөлін арттырды. Сөйтіп, адам мен қоғамның арақатынасының негізгі  ұстанымдарын айқындады.

 

Қазақстан саяси ойларының  тарихы

Осымен байланысты шығыс әлеміндегі, соның ішіндегі қазақ даласындағы  саяси ой-пікірлердің де маңызы аса  зор. «Түркілер әлемінің тап ортасында  адам тұрды, - деп жазады Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, - олар ең алдымен адамды құрмет тұтты. Адамдар әлемі, адамзат - түркі рухының  қасиетті жиынтығы, міне, осылар... Түркілер адамзат әлемінің ұстын тірегі деп  Адамды таныды. Тап сол адамның  өмірі, құштарлыққа, арман-мақсатқа, іс-әрекетке және түрлі оқиғаларға толы жеке адамның  өмірі мемлекеттің, қоғамның өмірімен етене тұтастықта қарастырылды. Сондықтан  да тарихты нақты адамның өмірімен салыстыра отырып түсінді».

Түрік халықтарының ұлы ойшылы және гуманисі – Қорқыт ата (VIII-IX ғғ.) тұлғасының, оның қалдырған данышпандық мұрасының  маңызы өзгеше. Қорқыт ата туындыларындағы  дүние мен адам туралы толғаныстар, адамның өмір сүру ұстанымдары мен  мақсат-мұраттары, оның дамуы мен  жетілуі, әлеммен үйлесімділікте болуы  мәселелері, адам ретінде үздіксіз тіршілік етуі, оның өтпелілігі мен  мәңгілігі турасындағы қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақсы үйлесім тауып отыр.

Ғылымның сан саласы бойынша 160-тан  астам трактат жазып қалдырған  ұлы ойшыл Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фарабидың (870-950 жж.) артына қалдырған мол мұрасының маңызы өте ерекше. Оның қоғамдық-саяси  саланы қамтыған трактаттарына «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы  трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» еңбектері жатады.

Әйгілі түрік ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1021-1075 жж.) «Құтты білік» («Құтадғу білік» немесе «Бақыттылық жайлы ілім») еңбегі - мемлекетті орталықтандыру мен  басқару, оның бірлігі, адамның тағдыры, оның мемлекеттік құрылымдағы орны мен рөлі және т.с.с. көптеген көзқарастар  жинақталған трактат болып табылады.

Қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырушы ірі реформатор - Тәуке хан (1680-1718 жж.) болды. Ол «Жеті  жарғысында» қазақ әдет-ғұрып  заңдарының жиынтығын негіздеді. Тәуке  хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде  қалыптастырып, олардың мемлекеттік  құрылымдағы  рөлін арттырды. Сөйтіп, адам мен қоғамның арақатынасының негізгі  ұстанымдарын айқындады.

 

Қазақстанда партия жүйелерінің  ерекшеліктері мен даму тенденциялары.

Қоғамның саяси өмірінде саяси  партиялар зор рөл атқарады. Партия ұғымы латын тілінен бөлік, бөлшек, бөлу деп аударылады. Тарихқа белгілі  алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Партиялық жүйе санына және сапасына байланысты бөлінеді.

Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан  олар бірпартиялық, екіпартиялық және көппартиялық болып топтастырылады.    

  Бірпартиялық  жүйе өзінен  басқа, әсіресе бәсекелес партияларды  болдырмайды. Ол тоталитарлық  және авторитарлық қоғамдарға  тән. Мұндай тәртіпке басқарушы  партия бақылаушы және сынаушы  оппозициялық  партиялардың жоқтығын  пайдаланып, саяси билікті бүтіндей  қолына алып, басқа мемлекеттік  органдарды ығыстырады.

  Екіпартиялық жүйеде (бипартизм)  басқа да партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік  ең ірі екі партияның арасында  жүреді. Мұнда жалпыға бірдей  тікелей сайлау нәтижесінде екі  партияның бірі көпшілік орында  иеленеді. Ол үкіметтің заң бойынша  көрсетілген мерзімі біткеше  қызметін атқарады.

 Көппартиялық  деп мемлекеттік  билік үшін күрес барысында  бірнеше саяси партиялардың әр  түрлі мүдделері мен пікір  алуандылығын пайдалана отырып, басқару түрін айтады. Оған үш  және одан артық партия қатысады.

  Саяси партиялардың ішінде  фракциялар (латын тілінен бөлшектену, бөлектену деп аударылады) болуы  мүмкін. Бұл сөз екі мағынада  қолданылады: 

1. Бір партияның  парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің  саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен  жүргізу үшін құрған ұйымы;

2. Бір партияның  ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәрібі бар, бірақ сол партияның  қатарынан шықпаған мүшелердің  бөлігі.

  3. Қоғамдық-саяси ұйымдар көпшілік партияларды құру жолындағы алғашқы саты болуы мүмкін.. Сонымен, қоғамдық-саяси ұйымдар дегеніміз – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, өзін өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

 

Қазақстандық лоббизмнін ерекшеліктері.

Лоббизмді заңдастыру әрекеттері алғаш  рет 1998 жылы жасалған болатын. Алайда, үкімет және парламент тарапынан  пікірлер бір арнада тоғыспағандығы себебінен, заң жобасын талқылау кейінге қалдырылып келген. Қазақстандық кейбір сарапшылар лоббизмді көлеңкеден алып шығу қажеттігін айтуда. Тек, қалай  болған күнде де, мүдделік қолдау заңы қоғамның емес, қалталы азаматтар  мен қаржылық топтардың пайдасына  жасалуы мүмкін деген қаупін заңды  жақтаушылар да жасырмайды.

Іс жүзінде Қазақстандағы лоббизмнің деңгейін біз түрлі астыртын шешімдердің  қабылдануынан, түрлі қаржылық топтардың  қатысатын жабық тендерлердің өткізілуінен көріп-біліп жүрміз. Ал лоббизм туралы қандай да бір заңдық күші бар құжат  дүниеге келсе, азаматтық институттар  үшін кішкене болса да заңнамалық процесске қатысуға мүмкіндігі пайда  болады. Негізі, заң қабылданса да, қабылданбаса да – олигархтар мен қалталыларға одан келіп кетері жоқ. Кез-келген жағдайда олар ұтылмайды

 

Қазақстанның азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Азаматтық қоғам – саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Бұл қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қоғамдастықтары, қоғамдық ұйымдары, кәсіби, шығармашылық, этникалық және т.б. бірлестіктері кіреді.

Азаматтық қоғамның экономиканың негізі – әр түрлі меншіктегі көп салалы экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауымен пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық  азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.

Азаматтық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет – конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымында әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлекеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саналуы, заңның халықтың еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының  қамтамасыз етілуі танылады. Құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар – Конституция зор маңызға ие. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Бұл мемлекетте пікір алуандылығы кең өріс алады. Адам құқығы жоғары дәрежеде сақталады.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру - күрделі, ұзақ та қайшылықты процесс. Олар қоғамдық-саяси жүйедегі заң орындарының жарлығына сәйкес пайда болмайды. Бұл құрылымдар белгілі  бір тарихи кезең аралығында саяси  жүйенің табиғи деңгейде жоғары дәрежеде дамуына байланысты негізделеді

 

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері.

 

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация жаңа жалпы әлемдік  саяси,экономикалық ,мәдени, ақпараттық,тұтастық құрылуының үрдісі. Жаһандану дегеніміз  орталықтандыру дегенді білдіреді. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.

Жаһандану проблемалары:біріншіден ядролық  космостық дәуірде мемлекеттер  әсіресе блоктар арсында әскери қақтығыстар болмау керек. Екіншңден, термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселесі жатады.Үшіншіден, «үшінші елдердің»алдыңғы қатарлы батыс державаларымен салыстырғанда  экономикалық артта қалу үрдістерінің күнен күнге артуы.Төртіншіден, ғылыми техникалық революцияның салдарында қаулап оскен өндіргіш күштер қоғамдық өмірді жедел түрде интернационализацияландыра түсуде.

Жаһанданудың төмендегідей негізгі  құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі.

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.

 

Қазіргі идеологияның негізгі  түрлері.

Либерализм (либералис - латын тілінен еркін, азат деп аударылады) идеологиясының негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704 жж.), Ш.Л. Монтескье (1689-1755 жж.), А. Смит (1723-1790 жж.), И. Кант (1724-1804 жж.), Т. Джефферсон (1743-1826 жж.), А. Токвилль (1805-1859 жж.), Дж. Милль (1806-1873 жж.). Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия ұстанымдарының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалын тигізді.Неолиберализм еркін нарықты дамыту үшін мемлекеттің белгілі мөлшерде экономикалық-әлеуметтік салаға араласуы керектігін ұсынды. Өкілдері: Ф. Фон Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт.  Консерватизм (консерватиус - латын тілінен қорғаушы деп аударылады) идеологиясы тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі.

Информация о работе "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы