Лекция по "Географии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 20:51, лекция

Краткое описание

Рабоат содержит лекцию по дисциплине "География"

Вложенные файлы: 1 файл

Геоэкология және т.қорғау.doc

— 1.14 Мб (Скачать файл)

Кіріспе

1 тақырып. Қазіргі ғылыми-техникалық  революция кезеңіндегі қоғам мен табиғаттың өзара ықпалдасуы.

Геоэкологияның оқу пәні, нысаны, теориясы. Экожүйе, биогеоценоз, ландшафт туралы негізгі түсініктер.Қоршаған ортаның сапасы, оның көрсеткіштері. Экологиялық тұрақсыздық геожүйелерге түрлі экологиялық факторлардың әсерінің нәтижесі екендігі. Экологиялық факторлардың жіктелуі, олардың әсерінің заңдылықтары. Геожүйе, интегралды геожүйе, табиғи - техникалық геожүйелер(ттг) терминдерінің түсініктері. ХХ ғасырдың басынан бергі ғылым мен техниканың ара қатынасының негізгі кезеңдері. ТТГ-ні жобалаудың негізгі қағидалары. Техникалық ландшафттардың экологиялық жағдайларын бағалаудың критерийлері мен әдістері. Ғалам шардың биологиялық ресурстары. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық астарлары. БҰҰ,ЮНЕСКО,ДДҚ(ВОЗ) және табиғат қорғау мекемелері. Табиғат қорғаудың халықаралық қоғамы. Биоалуантүрлілікті қорғау туралы.

Геоэкология немесе ландшафтық экология - экологиялық заңдар мен заңдылықтарды ландшафтық зона, облыс, провинция сияқты жоғары иерархиялық рангтағы табиғи және табиғи-антропогендік геожүйелерді зерттеуге пайдалануға негізделген кешенді ғылыми пән.

Бұл географиялық ғылымның негізгі мақсаты - түрлі табиғи- антропопгендік ландшафттрадағы адам өмірінің экологиялық жағдайын зерттеу.

Геоэкологияның дамуы географиямен бірге экологияның да ғылыми - практикалық жетістіктері мен мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл ғылым қоғам мен табиғат байланысы проблемасының жете зерттелуімен тығыз қатынаста. Оның үлесіне адамның тіршілік ортасының экологиялық жағдайының кеңістік-уақыттық астарларын танып-білу, соған тиесілі табиғатты қорғау шараларын жасау тиеді.

Геоэкологияның табиғатты қорғау және адамды қоршаған ортаның жоғары сапасын сақтауға бағытталған ғылым ретінде практикалық маңызы бұл пәннің теориялық және қолданбалы негіздерінің зерттелуін қажет етеді. Бұл курстың негіздері мына пәндерде беріледі: «Ландшафттану және аудандауң, «геоэкология және табиғатты қорғау негіздерің, «Қоршаған орта туралы ілімң, т.б.

Қазақстан туралы жалпы мағлұмат беретін курс- «Қазақстан геоэкологиясың.

Курс мақсаты - Қазақстан аумағындағы  қазіргі экологиялық жағдайға аймақтық шолу, қоршаған ортаның экологиялық бұзылуына себепші және керісінше оны тежеуші табиғи және антропогендік факторларға сараптама беру.

Оқу нұсқауда Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайын сараптауға қатысты жүрген зерттеулерінің басылымдарда жарық көрген және қолжазба материалдары да пайдаланылды. Олардың тізімі ұсынылған әдебиеттер қатарында берілген.

Қазақстан табиғатының жалпы экологиялық қасиеттерін сипаттайтын бөлімнен соң Қазақстанның әрбір аймағының экологиялық қасиеттері геоэкологиялық аудандау негізінде қарастырылады.

Бұл жұмыс А.В. Чигаркиннің бұрын жарық көрген «геоэкология Казахстанаң (1995) деп аталатын оқу құралының логикалық жалғасы болып табылады. Бул лекциялық мәлеметтерде геоэкологияның жалпы мәселелері, Қазақстанның геоэкологиялық (созоэкологиялық) картасын жасау ұстанымдары және Республиканың геоэкологиялық аудандау схемалары талқыланған болатын. Сонымен қатар Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасы, табиғи аймақтардың қоршаған ортасын экологиялық дестабилизацияға жеткізетін табиғи және антропогендік факторлар кең көлемді кесте ретінде берілген еді. Авторлар қажет кезінде сол жұмысқа сілтемелер жасайды.

Ұсынылып отырған оқу құралының рефераттық сипаты оны Қазақстанның табиғи-экологиялық жағдайын зерттегенде ақпараттық метариал ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл құралын ландшафттық-экологиялық  тақырыпқа рефераттар, курстық  және бітіру (дипломдық) жұмыстарын жазуға да пайдалануға болады.

Осы жұмыстан Қазақстанның 47 провинциясының әр қайсысының табиғат жағдайлары, оларға тән табиғи ресурстары мен экономикалық құрылымы туралы мәліметтерді таба аласыз. Экологиялық жағдайдың шиеленісуін тежейтін немесе күшейтетін табиғи экологиялық факторлар сарапталған. Қоршаған ортаны экологиялық дестабилизациялайтын және провинция не аймақта экологиялық жағдайы шиеленіскен, геоэкологиялық анклавтар қалыптастыратын антропогендік нысандар қарастырылған.

Табиғатты қорғау әрекетінің конструктивті, өзгерту бағыты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруды ұсыну формасында берілген. Қазіргі кезде бар және ұсынылатын қорықтық нысандар олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген, жойылып кетуге жақын жануарлар мен әсімдік түрлері аталады.

Жұмыстың соңғы бөлігінде Қазақстанның бұзылған геожүйелерін қалпына келтіру әдістеріне талдау жасалған. Табиғатты қорғау проблемасының шешілуінің мысалы ретінде шөлденумен күресудің қазіргі әдістері талқыланған.

Оқу құралының соңында табиғатты қорғауға қатысты кейбір анықтама кестелер, жұмыста кездесетін көптеген терминдер сөздігі мен анықтамалары берілген.

 

1 Модуль. Негізгі  бөлім. Техногенез салдары

1 тақырып. Геоэкология: пәні және мұрат -мақсаты. Геоэкология стратегиясы. Жоспары. Қоғам мен табиғаттың қазіргі ғылыми - техникалық революция кезеңіндегі өзара қарым-қатынасы (ықпалдасуы) Геоэкологияның теориясы, нысаны, зерттеу пәні. Геоэкологияның стратегиясын қарастырамыз. Геоэкологияның құрылымы

1.1 Геоэкологиялық зерттелуі

Қазақстанның табиғат жағдайлары бірқатар оқулықтар мен ғылыми еңбектерде (монографияларда) сипатталған, дегенмен олардың барлығы да табиғатты қорғаудың аймақтық астарларын қарастырмайды.

Қазақстанның физикалық географиясы бойынша жоғарғы оқу орындарына бірінші оқулықты 1968 ж. В.М. Чупахин шығарды /39/ 1970 ж. В.М. Чупахиннің «Природное районирование Казахстана (для целей сельского хозяйства)ң деп аталған монографиясы жарық көрді /40/. Онда Республиканың табиғат жағдайларының жалпы сипаттамасы, табиғат зоналары мен биіктік белдеулері туралы мәліметтер, Қазақстанның физикалық-географиялық облыстарының кешенді сипаттамасы берілген. Екі жұмыста да Қазақстан табиғатын қорғау жайында кейбір деректер келтірілген.

1969 ж. «Природные условия и естественные ресурсы СССР» сериясында «Казахстан» деп аталатын (проф. Б.А. Федорович редакциясымен) үлкен ғылыми монографиялық еңбек басылып шықты. Бұл жұмыста Республиканың табиғат жағдайлары, табиғат зоналары, зона тармақтары, елдер мен провинциялардың физикалық-географиялық жағдайлары егжей-тегжейлі сарапталған, табиғатты қорғауға қатысты жеке мағлұматтар берілген /12/.

ХХ ғасырдың 50-70 ж. ҚазКСР Ға-ның Топырақтаны институты басып шығарған «Почвы Казахской ССРң деп аталатын монографиялық еңбектің алатын орны ерекше. Қазақстанның барлық әкімшілік облыстары бойынша 15 шығарылым жарық көрді. Оларда әрбір облыстың табиғат жағдайларына қысқаша шолу жасалып, топырақтық-географиялық аудандарына нақты сипаттама берілген. әрбір шығарылымына әкімшілік облыстың топырақтық- геологиялық аудандау схемасы қосымша берілген.

Ал 1973 ж. Н.А. Гвоздецкий мен В.А. Николаевтың «Казахстан (очерки природы)ң деп аталатын монографиясы жарыққа шықты. Бұл жұмыстағы Республиканың физикалық-географиялық провинцияларының кешенді сипаттамаларымен берілген Қазақстанның физикалық-географиялық аудандалуының нақтылы схемасы қызығушылық танытады /6/.

Қазақстан геоэкологиясы проблемаларын  Қазақ университеті ғалымдары кеңінен зерттеуде. Қазақстанның ландшафтық экологиясының ғылыми- қолданбалы астарларын қамтитын жұмыстардың алғашқыларының бірін А.В.

Чигаркин жазды. Ол 1973 ж. «Охрана природы Казахстанаң деп аталатын оқу құралын шығарды. Бұл жұмыста «Охрана природы пустынь Казахстанаң картасы бар. Алғашқы табиғатты қорғау карталарының бірі болса да, осы картада түрлі табиғатты қорғау фонымен сипатталатын және түрлі табиғатты қорғау шараларын қажет ететін ландшафттардың 50 түрі көрсетілген /30/.

Бірінші рет 1974 ж. А.В. Чигаркин Қазақстан геоэкологиясының аймықтық аспектілерін зерттеді. «Основные проблемы ландшафтоведения и охрана Казахстанаң деген еңбекте шөл зонасы мысалында табиғатты қолғау мақсатында жасалған табиғи аудандау схемасы берілді (238 табиғатты қорғау аудандары бөлінген), Қазақстан аумағының 45 %-ын алып жатқан шөлдер табиғатын қорғауға бағытталған шаралардың аймақтық жүйелері жасалды /31/.

1984 ж. Шыққан А.В. Чигаркиннің «Освоение пустынь Казахстана (географические аспекты природопользования)» деген монографиясы Қазақстан геоэкологиясы бойынша жұмыстар циклының жалғасы болды. Автор осы еңбегінде Қазақстан табиғатын қорғауға байланысты аудандау идеясын жалғастырды (шөл зонасы негізінде), зонаға тән ландшафттар типтерін бөлді, олардың өзгерту бағыттары мен әдістерін негіздеді /33/.

Осы идеяларын  А.В. Чигаркин кейінгі баслымдарында  да дамытты. Солардың бірі Қазақстанның геоэкологиялық картасын құрастыру ұстанымдарына арналған /34/. Келесі еңбегінде /35/ геоэкологиялық аудандау және Қазақстанның бұзылған геожүйелерін экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру ұстанымдарын қарастырады. Қазақстанның геоэкологиялық провинцияларының экологиялық жағдайына автор негіздеген экологиялық бұзылудың 4 деңгейі бойынша баға берілген. Провинция ішінде техногенез қатты әсер еткен үлескілерді экологиялық деструкцияға жеткізген антропогендік факторлар көрсетіліп, бұл геожүйелерді қалпына келтіру стратегиясы берілген.

А.В. Чигаркин Қазақстан  геоэкологиясы мәселелерін толығырақ өзінің 1995 ж. Шыққан монографиясында қарастырды. Бұл еңбегінде ол геоэкологияның теориялық және әдістемелік негіздерін жазды, геожүйелердегі экологиялық факторлар мен антропогенезді зерттеп, оның салдарына баға берді. Геоэкологиялық картография мен аудандау мәселелері түбегейлі талқыланып, Қазақстанның геоэкологиялық карта-схемасы және геоэкологиялық аудандау схемасы берілді /36/.

Бұл жұмыс Қазақстанның 47 провинциясы мен 70 геоэкологиялық анклавтары бөлінген геоэкологиялық аудандау схемасы мен толықтырылған. Кестелік қосымшада әрбір бөлінген бірлікке тән қоршаған ортанның экологиялық бұзылу дәрежесін анықтайтын табиғи және антропогендік факторлар анықталған, сонымен қатар экологиялық шиеленісудің интегралды көрсеткіші баллмен есептеліп көрсетілген. Сонымен бірге қоршаған ортаның экологиялық бұзылуының маңызды және өте ауыр аймақтардағы бұзылған геожүйелерді қалпына келтіру шаралары берілген /36/.

1998 ж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰ оқушылар тобының К.М. Джаналееваның басқаруымен шығарған «Физическая география республики Казахстанң оқу құралы елеулі оқыға болды. Осы еңбекте Қазақстан аумағының табиғатының қазіргі жағдайы туралы мәліметтер жинақталған, табиғи аймақтарды, олардың түрлі деңгейдегі өзен алаптарына қатыстылығына байланысты геожүйелік бөлу концепциясына негізделген кешенді физикалық-географиялық аудандау жасалған /29/.

Қазақстанның аумақтық экологиясына 1996 ж. Басылып шыққан «Қазақстанның экономикалық шиеленісу картасың үлкен үлес қосты. Оның масштабы 1:2 500 000, құрастырылған б.А. Досанова, Л.К. Алексеева, Н.М. Франковская (Г.Р. Бекжанов редакциясымен). Бұл Қазақстанның алғашқы экологиялық картасы, оның негізгі көптеген уақытқа сай мекендер ластанудың басым түріне және табиғатының өзгеруіне байланысты аудандалған, экологиялық бұзылуды анықтайтын табиғи факторлар және қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлар мен олардың экологиялық жағдайының кеңістік айырмашылығын толық көрсетеді /13/.

Жоғарыда аталған монографиялар мен оқу құралдарының көпшілігі өте аз тиражбен шыққандықтан оларға студенттердің қолы жетпейді. Сонымен қатар олардың басым бөлігі нақты геоэкологиялық бағытта жазылмаған. Сол себепте Қазақстанның табиғи-антропогендік геожүйелерінің экологиялық астарларын ашатын ашатын кітаптың шығуы кажеттіліктен туып отыр.

2 Тақырып. Экологиялық факторлар және олардың геожүйелерге әсерінің заңдылықтары. Экожүйе, биогеоценоз, ландшафт туралы негізгі түсініктер. қоршаған ортаның сапасы, оның көрсеткіштері. Экологиялық тұрақсыздық геожүйелерге түрлі экологиялық факторлардың әсерінің нәтижиесі екендігі. Экологиялық фаткорлардың жіктелуі, олардың әсерінің заңдылықтары.

2.1 Қазақстанның географиялық орнының экологиялық салдары

Қазақстан аумағы қоңыржай белдеуде, 40°59' және 55°24' с.е. 46°32' және 87° 16' ш.б. аралығында жатыр. Ол солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, батыстан шығысқа 1925 км-ге созылып, 2717,3 мың шаршы км-ді немесе жер құрлығының 1,8 пайызын алып жатыр. Қазақстанның солтүстік шекарасы Байкал көлінің, оңтүстік шекарасы Стамбул және Мадрид қалаларының ендігіне сәйкес. Қазақстан ендігінде Канаданың жалпақ жапырақты орманы мен даласы, Орталық Қытайдың құрғақ және шөлді даласы көрініс тапқан.

Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қытай  Халық Респуб-ликасымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменістанмен шекаралас. Оңтүстік-Шығыстан басқа жерде табиғи шекара (кедергі) жоқ, сондықтан ауа массасымен және өзен ағынымен техногендік ластаушылардың трансшекаралық қозғалысы (көшуі) жеңілдейді.

Қазақстан ерекшелігі - оның Орталық Азияның батыс бөлігіндегі континенттік орны мен аумағының үлкен бөлігінің ағынсыз болуы. Географиялық орнының осы ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан табиғатының сипаты төмендегідей: шұғыл континенттік климат, су ресурстарының тапшылығы мен бірқалыпты таралмауы, аридті және семиаридті ландшафттардың басымдылығы.

Табиғи жағдайының әр түрлілігі Қазақстан аумағының кеңдігімен анықталады. Қыратты жазықтар (теңіз деңгейінен 500 - 600 м. абс.) мен ұсақ шоқылар Қазақстан ауданының 50 пайызын алып жатыр. Қазақстан аумағында ойпатты жазықтар (100 - 250 м. абс.) үлесіне 30 пайызы, ал тауларға (1000 - 4000 м. абс.) 20 пайызы тиесілі. Жер бедеріндегі биіктіктер алшақтық: -132 метрден (Қарақия ойысы) 6995 метрге (Хан Тәңірі) дейін.

Қазақстанның минералды-шикізат ресурстарына ерекше байлығы, оның ішінде мұнай мен газ кені, металл кендері қорының байлығы, Республиканың жалпы сирек қоныстануы, елді мекендер, қалалар, өнеркәсіптік тораптардың нүктелік орналасуы, көліктік тордың нашар дамуы, экономиканың негізінен аграрлы өнеркәсіпті шикізаттық сипаты - Қазақстанның экономикалық- географиялық орнының жалпы фоны осындай.

Информация о работе Лекция по "Географии"