Ұйымдағы персоналды басқару процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 09:58, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде меншік нысаны әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық -қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз болып және көзделген мақсаттарға қол жеткізуде қиындықтар туғызып отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі - елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықты экономиканың күрделі мәселерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жүмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Тиімсіздігі - белгілі қазіргі жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған жоқ. Себебі - ұйымдағы әр түрлі деңгейдегі басшылар мен кадр бөлімінің қызметкерлері персонал саясатының негізін айтарлықтап біле бермейді. Сондықтан басшылардың көбісі әлеуметтік және мәдениет мәселелеріне, кәсіпорын персоналын жұмылдыра жұмыс істету жайлы жоспарлау мен ұйымдастыруға немқұрайлы қарайды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ҰЙЫМДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Персоналды басқару процесі және оның дамуы............................................5
1.2 Персоналдарды басқару жүйесінің қағидалары мен әдістері.......................10

2 «ТАМИШ» ЖШС –НІҢ КАДРЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Тамиш» ЖШСнің технико-экономикалық сипаттамасы және басқаруын
талдау..................................................................................................................14
2.2 Кәсіпорынның персоналдармен жұмыс істеудегі міндеттері мен
қызметтері ...........................................................................................................18
2.3 Ұйым персоналын басқаруда стратегиялықжоспарын құру.........................23

3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….………..35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………

Вложенные файлы: 1 файл

дастан курсовой.doc

— 320.00 Кб (Скачать файл)

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

 

 

 

 

 

                                                                    «Менеджмент» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 
Тақырыбы: «Ұйымдағы персоналды басқару процесі»

 

 

«5B050700 –Менеджмент» мамандығы

 

 

Орындаған:                                                         Куанышбаев Д.Қ.

4 курс, 401 топ

студенті, іштей 

оқу нысаны

 

 

         Тексерген:                                                           доцент Бижигитова Л.Т                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

1    ҰЙЫМДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ           

      НЕГІЗДЕРІ

1.1 Персоналды   басқару   процесі және оның дамуы............................................5

1.2 Персоналдарды  басқару  жүйесінің қағидалары  мен әдістері.......................10

 

2    «ТАМИШ» ЖШС  –НІҢ  КАДРЛАРДЫ  БАСҚАРУДЫ   ТАЛДАУ

2.1 «Тамиш»  ЖШСнің технико-экономикалық сипаттамасы және басқаруын

        талдау..................................................................................................................14

2.2 Кәсіпорынның  персоналдармен  жұмыс істеудегі міндеттері  мен  

      қызметтері ...........................................................................................................18

2.3 Ұйым  персоналын  басқаруда стратегиялықжоспарын  құру.........................23

 

3   КӘСІПОРЫНДАҒЫ  ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУ  ҚЫЗМЕТІН   

     ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ....................................................................................29

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….………..35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………..……..…37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық экономика  жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың казіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі кезде меншік нысаны әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық -қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз болып және көзделген мақсаттарға қол жеткізуде қиындықтар туғызып отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі - елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықты экономиканың күрделі мәселерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жүмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Тиімсіздігі - белгілі қазіргі жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған жоқ. Себебі - ұйымдағы әр түрлі деңгейдегі басшылар мен кадр бөлімінің қызметкерлері персонал саясатының негізін айтарлықтап біле бермейді. Сондықтан басшылардың көбісі әлеуметтік және мәдениет мәселелеріне, кәсіпорын персоналын жұмылдыра жұмыс істету жайлы жоспарлау мен ұйымдастыруға немқұрайлы қарайды.

Экономиканың қазіргі  даму кезеңінде дүние жүзінің  көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі - персоналмен жұмыс істеу мәселелері болып отыр. Бұл проблеманы шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде персоналды таңдау рәсімдері (процедуралары) мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, персоналдың шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді персоналдың саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.

Кәсіпорында менеджменттің  тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта  аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

«Персонал» термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал - басшылар және мамандар болып бөлінеді.

Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т.б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады.

Адамды басқару мәселесі кіші және ірі фирмалар, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар төңірегінде, өнеркәсіптік және қызмет көрсету салаларында  маңызы зор. Сондықтан, әрбір кәсіпорында  персоналды басқаруға үлкен мән беріледі. Персоналды басқару - адамдармен және олардың кәсіпорын ішіндегі қатынастарымен байланысты болатын менеджменттің бір саласы.

Сонымен, персоналды басқару кадр саясатын, таңдау, бағалау, ұйымдастыру, бейімделу мен кардларды оқытуды қамтитын жүйе ретінде қарастырылып, кәспорынның басты нормативтік құжаттарында көрініс табуы керек. Жалпы персоналды басқарудың бірнеше ерекшелігі бар. Персоналды тиімді басқару негізінен кеңседе болатын әртүрлі процедуралар мен ережелерге қарағанда, практикалық қызметке бағытталған. Персоналды басқару шарушылық қызметіндегі мәселелерді, персоналдың дамуын, еңбек жағдайын жетілдіруді қолдай отырып, олармен байланысты проблемаларды шешуге басты назар аударады. Сонымен бірге ол жеке қызметшіні жеке тұлға ретінде қарастырып, оның жекелеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Әрбір кәсіпорынның, фирманың ұзақ мерзімдік стратегиясында адам факторы қашан да ескеріледі.

Персоналды басқарудың мақсаты - кәсіпорын, фирманы басқарудағы жетістіктерге қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар оның жекелеген мақсаттарына мыналар жатады: фирманы жақсы дайындалған қызметшілермен қамтамасыз ету; персоналды басқару бөлімінің саясатын қызметшілерге жеткізу; персоналдың біліктілігін, тәжірибесін, жұмыс істеу қабілеті мен шеберлігін тиімді пайдалану. Фирма басшылары қызметшілерді тиімділікке жетудің көзі деп қарастырған жағдайда ғана осы мақсаттар орындалады.

Персоналды басқару міндеттеріне мыналар жатады: фирмаға алдына қойған мақсаттарына жетуде көмектесу; қызметшілердің өз еңбегімен қанағаттануын барынша көтеруге тырысу; қызметшілердің өмір сүру деңгейін көтермелеу; персоналды басқарудың үнемі қызметшілермен байланыста болу; жақсы моральдық климатты сақтауға көмектесу және т.б.

Персоналды басқару жалпы басшылыққа және стратегиялық жоспарлауға ену керек деп санайтын фирмалар саны жыл санап өсуде. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасының негізін қазіргі уақытта қызметкерлердің жеке тұлға ретіндегі ролінің өсуі, ұйымның алдына қойған мақсатына сәйкес оларды ұйымдастыру және бағыттау жатады. 

 

        1  ҰЙЫМДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

 

 1.1 Персоналды басқару процесі және  оның дамуы

 

 Персонал - адамдардың  жеке сапаларының күрделі жиынтығы, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық  қасиеттері басты рөл атқарады, персонал- кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. «Personnel» ұғымы этимологиялық жағынан «Person» (адам, тұлға) ұғымымен айқындалады, сондықтан да жекешілік, тұлғалық, қызметшінің субъектілігін білдіреді. Персонал ұйымдағы барлық адамдар ресурстарының жиынтығы және ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.

Ұйымдағы персоналды басқару – персонал басқарудың әдістерін, принциптерін, кадрлық саясат стратегиясын қарастыратын персонал басқару жүйесінің мамандар бөлімдері мен басшылардың, ұйым құрылымын басқарушылардың бағытталған қызмет түрі.  Ұйымдағы персоналды басқару кадрлық жұмысты жоспарлау, персоналмен жұмыс жасаудың оперативті жоспарын құрастыру, персонал маркетингін жүргізу, ұйым персоналының қажеттілігі және кадрлық потенциалды анықтауды қалыптастыру жүйесінен тұрады. Ұйым персоналын басқару кең көлемдегі кадрларды қабылдаудан бастап босатуға дейінгі функциялық жиынтықтарды қамтиды, яғни, іріктеу,  персоналдарды қабылдау; персоналдардың іскерлік бағасы; атестациялар; персоналдың еңбек қызметін ынталандыру және оны қолдану; еңбекті ұйымдастыру, іскерлік қарым-қатынасты сақтау; дауласулар мен стрестерді басқару; персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ету; кадрлық қызметтегі жаңалықтарды басқару; оқыту; кадрларды қайта даярлау және дәрежені жоғарлату; іскерлік мансапты басқару; ұйымдағы персоналдың жүріс-тұрысын басқару; әлеуметтік дамуды басқару болып табылады. Ұйым персоналын басқару персонал басқару жүйесінің информациялық, техникалық, нормативті-методологиялық және құжаттық қамсызданумен ескеріледі. Ұйым персоналын басқару жүйесі – бөлім қызметкерлері мен басшылары, басқарушы мамандары мен басшыларының еңбек нәтижелігін, персоналды басқаруды жетілдірудің тиімділігі және персонал аудитін қарастырады. Бұл қарастырулар ұйым персоналын басқару философиясында өз бейнесін табады.

 Персоналды басқару  философиясы – философиялы-түсініктемелік персонал басқарудың мәні, оның пайда болуы, басқа ғылым салаларымен байланысы және басқару ғылымының бағыттары, персонал басқару негіздеріндегі мақсаттары мен ой - пікірлері. Негізінде персоналды басқару философиясы – персонал басқару процесін логикалық, психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық және іскерлік жағынан қарастырады. Персоналды басқарудың мәні – қызметшілердің ұйымда қызмет ете отырып өз сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екеніне негізделеді. Ұйымдағы персонал басқару философиясы тек қана өз сұранысын жинақтау түрде ғана қанағаттандыру емес, сонымен қатар қызметшілердің толықтай қанағаттандырылуы болып табылады. Бұл ұйым персоналын басқарудың философиялық мағынасы болып табылады. Ұйым философиясы – ішкі ұйымдық принциптерінің, моральдық және әкімшілік ережелерімен персоналдардың қарым-қатынастық ережелері, барлық персоналдарға қабылданатын және ұйымның глобальды мақсаттарына бағынышты жүйесінің жиынтығы. Философия жүйесін сақтау – персонал қарым-қатынастарының амандылығын және сәттілігін, сонымен қатар, ұйымның тиімді дамуына кепілдік береді. Философиялық жорамалды бұзу кезінде ұйымдағы қызметшілермен әкімшілік басқарушылардың ара қатынастарының келіспеушілігін ұлғайтады, ұйымның функционалдық тиімділігн төмендетеді, оның имиджін және банкроттыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Ұйым философиясы бөлек нормативтік құжаттармен толтырылады. Ол келесідей құжаттар негізінде құрылады: Конституция (негізгі заңнама), Азаматтық кодекс, Еңбек кодексі, Адам құқығы декларациясы, колективтік келісім -  шарт, діни жазылымдар (Библия, Құран және т.б), ұйымның және мемлекеттің кадрлық саясатының стратегиясы. Ұйымдарда персоналды басқару философиясының көптеген мемлекеттерде айырмашылықтары бар. Ағылшындар  персоналды басқару философиясын ұлттық дәстүрлермен адамдардың қарым-қатынас теориясына негізделген. Бұл қызметшілердің өзіндік сыйласушылықты, шынайы тілеушілікті, қызметшілерді ынталандыру, қызмет көрсетудің жоғары сапасы, квалификациялаудың жоғарлауын, тұрақты табыс көзіне кепілдік беруді қарастырады. Американдық персоналды басқару философиясы бәсекелестік дәстүрге және ұйымның өз кіріс көзіне қатысты қызметшілердің жұмыс істеуіне байланысты қосымша төлеу болып табылады. Тапсырманың және мақсаттың дұрыс қойылуы, персоналдардың жоғары төлемақысы, қосымша ақша сыйақысы, қоғамда тәуелсіздіктің жоғары бағыты, әлеуметтік сақтандыру кепілдіктің мінездемесі болып табылады. Жапондық персоналды басқару философиясы үлкендерді сыйлау дәстүріне, колективтікке, ортақ келісімге, сыпайлылыққа негізделеді. Адамдар қарым – қатынасының теориясын және фирма идеясына берілу, үлкен компанияларға өмірлік қызметшілерді қабылдау, әрдайым персоналдардың ауысуы басым болуы болып табылады.

Персоналдарды басқару  функциялары – ішкі және сыртқы фирмалық факторлар әсерінен құралады.

Сыртқы факторлар:  нарық қысымы, еңбек және өнім нарығында  басқа ұйымдармен бәсекелесу үшін, квалификацияланған, өндірістік талаптарға сай, тиімді еңбекке ынталандырылған, белгіленген жұмысшы санына көңіл  бөлу;  мемлекеттік реттеу;  профсоюздер қызметі, администрация профсоюздерімен қарым-қатынасқа әрдайым дайын болуы керек және бұл қатынастарға толықтай қатысуы қажет;  трансұлттық корпорациялардың дамуы;

Ішкі факторлар:  жұмыс бастылық санының көбеюі;  өндіріс ұйымының өсу қиындығы; ұйым мәдениетінің дамуы; Персонал басқару әдісі – ұйым персоналының мәнің басқарудың объектісі ретінде қарастырады. Персонал басқару әдісі ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістерінің жиынтығы. Тәжірибеде және ғылымда персонал басқару әдісінің әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық үш тобын қарастырады

 

Әкімшілік



 


 

 

 


 



 

 

 

 

 


 


 


 

 

 

Сурет 1 – Персоналды басқару әдістері

           

         

                                      Сурет 1– Басқару әдістері

 

Бұл суретте ұйым персоналын басқару әдістері үш кезеңнен тұратыны көрсетілген: әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістер. Бұл әдістер персоналды басқаруда  көптен әсерін тигізеді,көрсетіліп отырған  әкімшілік әдістері мемлекекттік тапсырыстарды орындап, басқару органдарының құрылымын қалыптастырып және заңнамаларды белгілеп, ережелерді реттейді. Экономикалық әдістердің міндеті болып технико- экономикалық анализдерді жүргізеді, дәлелдейді, жобалайды, экономика саласында жүргізіледі. Экономикада персоналды басқару әдістеріне қаржылық жағы міндетті орын алады, яғни қаржыландыру, еңбекақы төлеу, салық салу сақтандыру жолдары. Әлеуметтік психологиялық әдісі -  толықтай әлеуметтік саласы жөнінен қамсызданады, әлеуметтік – психологиялық анализдерді құрастыру, жобалайды және жалпы психологиялық жағдайларды қалыптастырады. Персоналды басқару әдістерін орындай және анықтай отырып персонал басқару жүйесі құрылады.

Персоналды басқару  жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын  құру процесіндегі маңызды кезең – оның кіші жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру болып табылады. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімділігі, материалдық негізі нақты белгіленуі төменде көрсетілген.

Информация о работе Ұйымдағы персоналды басқару процесі