Ақпарат жинау тәсілі.
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау)
ұғымы күнделікті өмірден бастап
техникалық салада пайдаланылатын көп
мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл
ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма,
инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу,
сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз
байланысты. Көп адам бұл жайлы
Білім дәуірі немесе білім қоғамы
тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта
бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық
технологиялар, тіпті информатика,
ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы
назарға көп түсуде, ал “ақпарат”
сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз
пайдаланылуда. Ақпарат – қарастылатын
жүйе қалпы. Хабар – заттанған
ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға
бағытталған хабардың сапасы болып
табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе
(параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.)
туралы. Осылай қарастырылған ақпарат
мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол
ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің
даусы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті
шудың байланыс арнасын толтыруы,
түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі
осы мағынасы бойынша ақпарат
болып есептеледі. Дегенмен, жалпы
айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген
сайын хабар дәлірек болады. Бұл
модель белгілі жіберуші және кем
дегенде бір қабылдаушы бар деп
есептейді. Осы модельдың көптеген
толықтырмаларында жіберуші мен
кем дегенде бір қабылдаушының
ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың
өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы
түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар
деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші
болуын талап ететін “ақпарат - хат”
моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау,
өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы
мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат
ұғым ретінде контекстіне байланысты
көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол
әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс,
бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз
байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған
және түснікті хабар. Дерек хақында
айтылса, ақпарат деп әлдебір
түйін жасауға болатындай ақиқаттар
жиынтығын қарастыруға болады. Оқу,
тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы
ақпарат алынатындықтан оның т.б. түсініктемелері
болуы мүмкін. Қалай боланда да
ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және
оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай
ұйымдастыру нәтижес болып табылады.
Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың)
анықсыздығының сандық өлшемі болып
табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден
тұратын ақпарат” деп айта аламыз.
Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның
есімімен байланысты ақпарат энтропиясы
деген ұғым пайдаланылады (төменде
қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер
(R.A. Fisher) енгізген ұғым – Фишер ақпараты.
Бұл статистиканы бағалау теориясында
және жалпы ғылымдарда пайдаланылады.
Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы
хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері
Фишер ақпараты болып табылады. Оны
жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы
ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы,
қалыпты (normal) ықтималдық функциясы
бойынша Фишер ақпараты заң variance
керісі болып табылады. Ықтималдық
заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты
қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын
деректің екінші моментіне керісінен
есептеуге болады. Тіпті ақпарат
пен деректер бір-бірімен алмастырылып
жиі қолданылатынына қарамастан
олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы
жоқ ақпараттар жинағы болып табылады
және сәйкесінше өңделмейінше пайдасыз
болап табылады. Өңделу барысында
өзара жетерліктей байланыс табылса,
және олардың маңызы бар болса
ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан
жәй деректер түрлі мақсаттарға
пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір
ақпарат қамтымайынша жарамсыз болады.
Адам сату үрдісінің
әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді
білдіріңіз.
Адамды құлдыққа салудың қазіргі
заманғы жаңа формасы «адам саудасы»
деген терминмен түсіндіріледі (траффик).
Ол алғаш рет құқық қорғаушылар
тарапынан XX ғасырдың басында өзекті
мәселе ретінде көтерілген. Сол кездегі
әлеумет өз назарын континентальды
Европаға Ұлыбританиядан әкелініп, жезөкшелікке
мәжбүрленген әйелдерге аударды. Солайша
«адам саудасы» термині түпкілікті
қалыптасты. Оған құқықтық тұрғыда
былай деп анықтама беруге болады:
адам саудасы – адамдарды пайдалану
мақсатында қылмыстық әрекетке тарту,
басқа жаққа алып өту, басқаға
өткізу, жасыру немесе күш көрсету
не мәжбүрлеудің басқа да формасы
арқылы адамдарды алу, ұрлау, алаяқтық
жасау, алдау, билікті бас пайдасына
асыру, әлеуметтік немесе психологиялық
жағдайының нашарлығын пайдалану не
басқа тұлғалардың бақылауындағы
адамдарды өтем орнына сатуға келісімін
алу.Адам саудасы өткен ғасырдың
соңы мен XXI ғасырдың басында барынша
жылдамдықпен дами түсті. Мамандардың
пікірінше, бүкіл дүниежүзінде жыл
сайын шамамен 800 мыңнан 4 миллионға
дейінгі адам құлдыққа сатылып, еңбегі
қаналады екен. Ал оны ұйымдастырушы
азаматтар одан жылына 7 миллиард доллар
табыс табатын көрінеді. Сондықтан да
қазіргі таңда адам саудасы әлемдегі ең
табысты істер бойынша үшінші орында саналады,
ал одан алдыңғы екі орынды заңсыз қару-жарақ
сату және есірткі саудасы алып тұр.Бұрыннан
қалыптасқан құлдыққа қарағанда, қазіргі
адам саудасының айырмашылығы – мұнда
сатылатын адам бәріне өз келісімімен
барады. Яғни оған алғашында ешқандай
күш көрсетілмейді. Адам саудасымен айналысушылар
өздері сол субъект жайында толық мәлімет
жинап, оның мінез-құлқы мен ондағы әлсіз
тұстарын жақсылап зерттейді. Алдаумен,
я болмаса тағы да басқа «жұмсақ» тәсілдермен
көндірген соң, оны қанау немесе пайдалану
мақсатында құжаттарын алып, шетелге асырады.
Шетелде оны заңсыз еңбекке салып, өзіне
сол кезде күш көрсете бастайды. Міне,
адам құқының қатаң бұзылуы, жеке тұлғаға
қарсы үлкен қылмыс. Олай болса, бұл мәселе
– қазірде тек аймақтық қана емес, бүкіл
әлемдік деңгейде шешімін таппай отырған
өзекті мәселе. Қазір әлем картасында
мұндай проблеманы жоққа шығаратын бірде-бір
ел қалмады. Экономикасы мен әлеуметтік
инфрақұрылымы дамыған елдер сол сатылған
адамдарды жеткізетін аймақтар болып
саналса, экономикасы артта қалған елдер
адамдарды сатушы, сыртқа шығарушы ретінде
қалыптасқан.
Алматы ќаласындағы көлік
кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
«Көлік кептелісі барлық жерде
бар. Оның пайда болу себебін анықтаудың
маңызы зор. Менің ойымша, Алматыдағы
кептеліс кезінде қала басшылығының
бұл проблемаға аса мән бермеуінен
туындады. Мәселені жүйелі шешу тәсілдері
қолға алынбады. Қазір билік орындары
ахуалды түзетуге тырысып жатыр.
Бірақ олардың бір-бірімен байланысы
жоқ, үзік-үзік шаралар ғана», - деді
ол «Время» басылымының сәрсенбі
күнгі санында жарияланған сұхбатында.Маманның
пікірінше, осылай жалғаса беретін болса
көлік саны күн санап артып келе жатқан
Алматы «ешкім ешқайда жете алмайтын»
халге жетуі мүмкін.«Алматының басты проблемасы
- ешкімнің 10-15 жылдан кейін қала қандай
жағдайда болады деп бас қатырмауында.
Осыдан 10-15 жыл бұрын да солай болған.Қала
басшыларының қолында жаңа жол айрықтары
құрылысының жоспары бар. Олар не үшін
қажет? Көлік барынша көп жүруі үшін. Әу
баста негізгі міндет дұрыс анықталмаған!
Автокөліктерді емес, адамдардың жүруіне
жағдай жасау қажет», - дейді маман.Оның
айтуынша, көптеген елдерде адамдардың
жұмысқа немен жеткені аса маңызды емес.
«Өкінішке орай, алматылықтардың тілегі
басқа және балама жоқ. Көптеген адамдар
жұмысқа көлік айдап келгісі келеді. Басқаларының
содан басқа амалы жоқ», - деп атап өтті
ол.«Қазір біз әкімдікке қала қалай қарай
дамуы тиіс деген мәселені анықтауға көмектесіп
жатырмыз», - дейді голландиялық маман.Оның
ойынша, бірінші кезекте қоғамдық көлікке
деген көзқарасты өзгерту қажет. Яғни,
адамдар үшін қоғамдық көлік жайлы болуы
тиіс.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының
әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Алматы қаласының бүкіл әлеуметтік
инфракұрылымы осы құрылыс мекемесінің
игілікгі істерімен жүзеге асырылған.
Бәріне де дәйек куә. Бұл дегеніңіз,
13 миллион шаршы метр тұрғын үй, 181
мың оқушыға арналған мектептер,
75 мың орынды балалар бақшасы, 3 мың
төсек орны бар аурухана және бір
мезгілде 16 мың адамды кабылдай алатын
емханалар. Әлбетте, республикамыздың
тарихыңда өз орны бар бұл жетекші
компанияның абырой-беделге, кінәраты
жоқ сенімге ие болуы сан жүздеген
құрылысшылардың, өз ісін жете білетін
инженерлердің және құрылыс сәулетінің
көркін келтірген сәулетшілердің, сондай-ақ
талантты өндіріс ұйымдастырушыларының,
бүкіл саналы өмірін құрылыс саласына
сарп еткен азаматтардың сіңірген еңбегінің
айқын нәтижесі.Алматы қаласының қазіргі
заманғы сәулеттік бет-әлпетін, реңін
қалыптастыруда бұл кәсіпорынның құрылысшыларының
қолтаңбасын әйгілеп тұратын әрі қала
тұрғындарының ғана емес, бүкіл республикамыздың
жұртшылық өкілдерінін мақтаныш етіп
айта жұретін, алыстан қонақ келсе, соларды
көрсеткенінше асығып тұратын және соған
лайықты бірқатар ғимараттарды санамалап
берсек те болар еді.Олар – «Қазақстан»
қонақ үйі, мемлекеттік тарих музейі, М.Әуезов
атындағы драмтеатр, Үкімет үйі, мектеп
оқушыларының Сарайы, Неке сарайы, Цирк
үйі, Елбасының резиденциясы, Қазақ Ұлттық
университетінің қалашығы... Бұл тізімді
одан әрі жалғастыра беруге болады. Қалай
болғанда да Алматыда кез келген адам
қызықтап қарайтын ғимараттар атауының
бәрі де осы байырғы құрылыс мекемесінің
тікелей қатысуымен салынғанын қайталап
айтып жатуымыздың өзі артық етеді.
Айтыс өнерінің әлеуметтік
мазмұнына сипаттама беріңіз.
Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің
әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен
бір саласы. Ол суырып салып айтатын
тапқырлық, өткірлік мазмұнымен де дараланады.
Осындай әлеуметтік мәні зор бір
алуан айтыстарды сол кездегі
ел өмірінің көркем шежіресі деуге
де болар еді. Одан халықтың қуанышы
да, қайғысы да, саяси-шаруашылық тұрмысы
да, мәдени дәрежесі де, замана идеологиясы
да, әдет-ғұрпы да, жалпы әлеуметтік
және жеке адамдардың қарым-қатынастары
да көрініс тауып жатады. Заманына
лайық өрбіген тартыстың неше
бір формалары әлденеше тарау болып,
тармақталып кетеді. Айтыс қазақтың ежелден
келе жатқан ауыз әдебиетінің бір саласы.
Алайда XIX ғасырдан әрідегі айтыстар ("бәдік",
"жар-жар", "Ақбала-Боздақ" т.б.)
қазіргі заманға өте аз жеткен және халық
фольклорына айналып, шығарушы ақыны ұмытылған
айтыстар болып табылады.
Айтыс жанрынан ең мол сақталғаны
- XIX ғасырдағы айтыстар. Бұл айтыстарды
Қазақстан Республикасының Ғылым
академиясының орталық ғылыми кітапханасынан
кездестіруге болады. Олардың көбі
әлі күнге дейін баспа бетін көрмеген.XIX
ғасырдың айтыстарын жасаушы ақындардың
көпшілігі тарихқа мәлім. Мәселен, Орынбай,
Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау, Шөже,
Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Қалдыбай,
Жамшыбай, Жанақ, Ақан сері, Біржан т.б.с.с.Айтыс
- "айт" етістігінен туған зат есім,
өз мағынасымен алғанда "айтыс" екі
кісінің сөйлесуі. Бұл сөйлесу қазақ арасында
көп ұшырасады. "Айтыс" кейде "талас"
мағынасында ұғылып, біреу мен біреу таласса,
жанжалдасса "пәленше мен түгенше айтысып
қалыпты" деп те айтады.Айтыстың арғы
шығу тарихын осынау қазақтың жарыс құмарлығынан,
әсіресе ат, жүйрік құмарлығынан іздеген
дұрыс. Екіншіден, айтыскердің үлкен білімі,
дүние, табиғат танымы мол, адам мінезінің
білгірі және адамдық парасат, ақыл, ой,
мәдениет, сыпайылық қасиет дегендер міндетті
түрде болуы керек. Біздің қазіргі айтыстардан
оны таба алмайсың. Егер айтыс біздің тозбас
өнеріміз болып, көркейсін десек, осы шарттарды
нысана етіп қою керек. Әлгі сол көп қызықтап,
ұзақ дабырайтудың аяғы апарып тастай
салуға, уақытша қызыққа соғады.Жазба
әдебиетінің тарихы әріден келе жатқан,
мәдениетке ерте суарылған елдерде (грек,
рим т.б.) "айтыс" поэзиясы ұшыраспайды.
Тек ескі мәдениетті елдерде "айтыс"
бар ел - араб елі. Арабта біздің "айтысқа"
ұқсас өлеңмен сөйлесу (мұғаллиқат) бар,
бірақ зерттеушілердің сөзіне қарағанда,
"мұғаллиқат" көбінесе арабтың көшпелі
тұқымы - Бедуиндер арасында ұшырасатын
көрінеді. Жазба әдебиеті ескіден келе
жатқан басқа елдерде "айтыс" поэзиясы
бары бимағлұм.
А.Құнанбаевтың адам және қоғам
жөніндегі көзқарастары.
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының
қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары
мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының
еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің
орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық
туындыларымен танысып, оның эволюциялық
теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік
атаулының өзгермелілігі туралы
ой Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде
жиі ұшырасады. "Жиырмасыншы қара
сөзінде": "Дүние бірқалыпты тұрмайды"
десе, өлеңінде: "адамзат күнде
өзгерер" дей келіп, патриархалды-феодалдық
құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың
жаңа қоғамға өтеріне зор сеніммен қарайды.Ресей
бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар
бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғаудағы
қазақтардың жағдайын "Осы мен өзім
— қазақпын" деп басталатын "Тоғызыншы
қара сөзіңде" баяндайды: "Мен өзім
тірі болсам да, анық тірі емеспін... Сыртым
сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам
- ызалана алмаймын. Күлсем — қуана алмаймын.
Сөйлегенім өз сәзім емес, күлгенім өз
күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол
себептен бір жүрген қуыс кеудемін ..."
Ол патриархалдық-рулық құрылыстың сақталуына
қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын
бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау
саясатын тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді.
Бодандықтан құтылудың жолын надандықты
жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім,
ғылымды меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде
қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады.
Оның пікірінше, бақастық адамды түземейтін,
керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе
ол адамгершілікті азайтатын құбылыс
екенін ескертеді. Қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық
құрылымын қарастырып, оның байлар мен
кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің
мүліктік теңсіздіктен туындағанын, мүліктік
теңсіздік
Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
Халқымыздың данышпан ұлы Абай Құнанбаев
туралы ғылымның сан алуан саласында
жазылған еңбектер өте көп. Абай тануға
елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз Мекемтас
Мырзахметов пен Құлшат Өмірәлиевтың
келтірген деректері бойынша 50-жылдардан
бастап Абайдың әр саладағы шығармашылық
қызметі туралы зертеушілердің қаламының
20 монография 2000-ға жуық мақала мен
зерттеу жарық көрген екен. Абайдың
әр саладағы көзқарасын жан-жақты, терең
зерттеу нәтижесінде біз оның
күнге дейін беймәлім келе жатқан
баға жетпес құнды ойларын танып
білу, қазақ қоғамының сол замандағы,
тіпті қазіргі кездегі қайшылықтарының
себептерін аңғарамыз.Абайдың әдеби мұрасын
зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге
көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік
көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан
бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ
соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген
мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде
жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде
ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді.
Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті
туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар
бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар
көзіне айналып келді. Абай мұрасының
әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық
таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі
басты кедергі тап күресідеген марксистік
танымды қоғамдық пікірді ендіруінде
жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды
таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол
тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе,
бұған зерттеушілердің назары ақынның
сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек
ауды.Абай өз шығармаларында әлеуметтік
мобильдік, адам статусы мәселелеріне
тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік
мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік,
байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын
түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында
баймын деп мақтанады. Жоғында «маған
да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады.
Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.»
Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке
өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны
индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен
байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық
малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын
алғаны рас және еңбегімен кедейлердің
орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына
қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп,
олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы
әлеуметтік заңды процесс болды. Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа
білім беру, олардың ғылымға тарту деп
есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды
жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп
қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске
жететін жол деп түсіндірдіҰлы ойшылдың
пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара
алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған
нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен
білеміз.Абай тұжырымның «Отыз сегізінші
сөзінде» тереңдете келіп, ғылымның, білімнің
пайда болып, қалыптасуын және әлеуметтік
рөлін былай пайымдайды: «Адамның ғылымы,
білімі, хақиқатқа, растыққа құмар болып,
әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке
ынтық бірлән табылады».Абай ғылымда абстрактілі
ойлаумен қатар нақты фактілерге сүйенудің
маңыздылығын атап көрсетеді және ғылымда
қолданылатын бақылау әдісінің рөлін
мезгейді. Ғылымда әр нәрсенің өлшеуі
бар, оның өлшеуін білу-бір үлкен керек
іс деп, ғылым танудың маңызды принципін
негіздейді және жолын байқатады.
А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың
әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) — Қазақстандағы
қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында
өзіндік орны бар біртума алып тұлға.Қазақ
халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың
тұңғыш ... көсемі» болған А. Байтұрсыновтың
саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси
- әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты
болды: түрлі саяси партиялар мен Қозғалыстардың
құрылып, олардың қызметтерінің жанданған
кезеңіне, бірінші 0рыс революциясының
өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде
ол Қарқаралы қаласында кызмет істейтін
еді. Оз халқының мүддесін, болашағын ойлаған
А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене
араласты осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда
тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат
ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен
де бой көрсеткен кезі; сол мезгілде 1905
жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден
келген бірен-саран студенттері, басқа
қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен
келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында
өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін
сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын»
деп атап көрсетті.
Аңыз, дін және философия-
дүниеге көзқарастың тарихи деңгейлері
мен түрлері.
Қазақ философиясының пайда болуы
туралы тек ойшылдардың дүниеге
көзқарасы жалпылықты, көзқарастың
әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды»
анықтаудағы заңды бағыттары
болған кезде ғана айтуға болады. Діни
– мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып
пен беделге бой ұрса, философия
заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың
мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде
қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені
танып-білудегі қайшылықтарды аңғару
мен шешуге тырысады. Бұл әрекет
адамның жан-жақты ойлауы және оның
интеллектуалды интуициясымен бірегей
қабысқан нәтижесінде туады. Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі
болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында
экономикалық мүдделер мен саяси қызметке
қарағанда философиялық, этикалық, діни
және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға
шығады. Олар – азаттық және адам еркіндігі,
діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және
адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық
керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»,
«алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы
және басқа мәселелер.Қоғамдық ойдың көптеген
мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық
шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық
бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес.
Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік
жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ
ағартушылығының ерекшелігі – ұлттық
мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық
практикамен тығыз байланысы. Соңғысы
жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына
сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ
буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып,
бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін
оятуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа
жетуіне жәрдемдесті.Оның Қазақстанда
қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық
элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен
фольклоры феодализмнен капитализмге
өту барысында шыққан. Қазақ философиясында
қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам,
қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ
тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт,
философиялық құбылыстарды үш кезеңге
бөліп қарауға болады:1) Алғы философия:
объективтілік пен субъективтілікті өте
нашар ажырататын сана. Оның негізінде
ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген
теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ
философиясы тарихының ертеден бастап
ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән.2)
Объективтілік пен субъективтілікті жоғары
деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде
түсініктерді логикалық қолдану арқылы
теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни
ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған
дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс
бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс
қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр
XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.3)
Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,
классикалық жүйеге ие болған және әлемдік
рухани байлықпен ұштастырылған.