Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа
Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
1. Дүниетаным дегеніміз не? Дүниетанымның түрлерін (мифологиялық, діни, философиялық) сипаттаңыз.
Ерте заманнан-ақ адам өзін
коршаған дүниенің заңдылықтарын және
өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа
адамдарға қатынасын танып
Дүниетаным-дүние және ондағы адам туралы толық көзқарас. Тарих дамуында адамзат дамуының 3 тарихи түрі қалыптасқан:1)мифологиялық 2)дін 3)философия
Мифология (грек «миф»- «аңыз»)-қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы.
Мифтің белгілері және жалпы сипаты:
1)табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау
2) фантастикалық құдайларға, олардың өзара қатынасына сену
3) абстарктылы ойлаудың болмауы
4) мифтің нақты өмірлік
міндеттерді шешуге
5) мифологиялық сюжеттердің
біркелкілігі мен терең
Дін (лат. «религия»-«құдайшылдық»)- сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын жаратушы құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы – қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру.
Кең тараған ұлттық діндер: 1.синтоизм 2.индуизм 3.иудаизм
Негізгі әлемдік діндер үшеу: 1.буддизм 2.христиандық 3.ислам
Философия – дүниетанымның ғылыми теориялық түрі. Ол барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған. Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (гр. ontos –мән туралы ілім), гносеология (гр. gnosis – таным туралы ілім), аксиология (гр. Axios-құндылық туралы ілім) болып қалыптасты. Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.
Буддизмдегі адам мәселесі. Буддизм ілімінің орталығында адам тұр. Буддистік философияның орталық мәселесі – өмірлік маңызы бар практикалық міндет – қарапайым өмірден (сансарадан) нирванаға көшкенде ғана мүмкін болатын азаптан құтылу мәселесін радикалды түрде шешу. Сондықтан дүние туралы дәстүрлі философиялық сұрақтар (дүниенің шығуы, қалыптасуы, мәңгіліктігі) қарастыру аумағынан тыс қалдырылады: өйткені дүние (санасара) – біз құтылғымыз келетін нәрсе. Ортожоксалды Үнді философиясында адам – мәңгілік тіршілікке ие жан (үздіксіз алмасып отыратын) тәндердәі бірлігі деп қарастырылады. Будда мұнымен келіспейді. Будда ілімі бойынша адам бес топтан тұратын элементтерден – дхармалардан құралады. Дәл осы дхармалар тән мен психиканың барлық құбылыстарын анықтайды. Олар:1) денелік тәндік формалар; 2) сезімдер; 3) ұғымдар-танымдар; 4) кармалық белгілер; 5) сана тудыратын дхармалар.
Кейінірек дхармаларды жіктеудің басқа классификациялары пайда болды. Буддизмдегі дхармалар өз алдына дербес «рухани атомдар» емес, олар жеке-жеке ешбір мәнге ие емес, тек бірлесіп ағымда болғанда ғана мәнді. Мысалы: кітап оқып отыратын оны түсінгіңіз келсе, сіздің бойыңызда тәндік формалардың (кітап) дхармалары көрініс беріп, «әрекет етіп» жатыр. Біздің қазіргі өміріміз – «дхармалар ағыны». Біздің қалған өміріміз де (өткеніміз бен келешегіміз) дәл осындай ағындар. Дхармалар ағынындағы дәл осын1дай өзгерістер хаостық емес, өзара байланыста, пайда болудың белгілі заңына - «кармаға» бағынады. Буддалық философияның теориялық негізі Себептілік доңғалағы туралы ілімді құрады.
Азаптың 12 тізбесі (карма туындататын Себептілік доңғалағы): 1) өмір азаптары (туылумен байланысты ); 2) туылу(өмірге ұмтылыспен байланысты); 3) өмірге ұмтылыс (өмірлік объектілерге байланысты); 4) көңілін аудару, үйір болу, құштарлық (заттарды иелену тілегімен байланысты); 5) аңсау, көусеу (сезімдік қабылдаумен(тәжірибемен) байланысты); 6) сезімдік тәжірибе (объектілерді сезім арқылы қабылдауға байланысты); 7) сезімдік түйісу, жанасу (танымының алты мүшесімен байланысты); 8) танымның алты мүшесі (тән мен ақылдан тұратын мүшенің дамуының эмбрионалды кезеңімен байланысты); 9)456+ эмбрионның дамуы (бастапқы санамен байланысты); 10) бастапқы сана (өткен өмірдегі әсерлеріне байланысты); 11) өткен өмір әсерлері (ақиқатты білмеумен байланысты); 12) будда іліміндегі 4 ақиқатты білмеу.
Себептілік доңғалығы бізді азап дүниесінде қайта туылуға мәжбүр етеді. Егер одан құтылғымыз келсе, Будданың төрт ақиқатын білуіміз қажет:1) өмір дегеніміз азап (туылу дегеніміз азап, аурулар мен өлім азап, сүйгеніңнен айырылу азап, сүймегенге қосылу азап. Өмірдегінің бәрі азап); 2) Азаптың қайнар көзі – біздің өз тілектеріміз (азаптардың басты себебі бізге әрдайым бірдеменің керек болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан); 3) Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет (тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз); 4) Тілектерден арылу үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын» ұстану қажет (адам өзін өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен, тамақ ішу, жеу, жүріп тұру т.б тілектер сарқылмайды. Өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты).
Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы: дұрыс көзқарас, дұрыс шешім, дұрыс сөз, дұрыс тәртіп, дұрыс өмірсалт, дұрыс күш жұмсау, ойды дұрыс бағыттау, дұрыс назар. Сегізінші жолдың соңғы деңгейіне көтерілген адам рахатқа (Ардақты тұлғаға) айналады және нирванаға жетеді. Нирвана құштарлықты, демек сонымен бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды тоқтатып, сансарадан, карманың құзырынан Себептілік доңғалағынан босану. Нирвана өмірдің жоқтығы емес, керісінше, тұлға тіршілігінің айрықша түрі мен тәсілі. Нирвана «мұхит сияқты терең; мұзарт сияқты биік, бал сияқты тәтті». Нирвананың не екенін әркім өзі жеткенде ғана біле алады.
3. Ежелгі үнді
философиясының негізгі
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Ведалық мектептер деп танитын және оларға сүйенетін бағыттар.
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Йога – адам психологиясы, түрлену
дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д.
II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану»
деген мағына береді, оның негізін қалаушы
болып кемеңгер Патанджали есептелінеді.
Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне
асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге
ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене
арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық
шектеулерден босатпақ, тіпті босататын
теориялық нұсқауымен және практикалық
негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу
тәсілдері мен практикасы арқылы жеке
адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі
мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін
баулуға үйрету. Йоганың мақсаты
– тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені
шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін
жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Санкхья философиясы болмыстың негізгі элементтерін олардың пайда болу, қалыптасу ретіне қарай: алғашқы түп-негізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына қарай жүйелеп, зерттейтін ілім.
Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
Веданта – дербес мектеп ретінде, басқа ортодоксалдымектептерден кешірек – б.д.7-8ғасырларда, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі Дүниеде ведантаның алғышарттары (Упанишадтар мәтіндер, Бхагавадгита, т.б.) ғана болғаны туралы айтуға болады.
ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.Бейведалық мектептер деп Ежелгі Үнді философиясының ведаларды «қасиетті кітап» деп санамайтын және басқа деректерге сүйенетін ілімдерін атайды.
Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет. Негізін қалаушы –Вардхамана(Махавира-«Ұлы Батыр» және Джина-«Жеңімпаз») деп саналады.
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді.
Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген. 1.Азаптану. 2.Азаптанудың себебі. 3.Азаптанудан босану. 4.Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будданың 5 қағидасы: өлтірме; ұрлама; ізгілікті, иманды бол; өтірік айтпа; естен адастыратын, масайтатын нәрселерді қабылдама.
Локаята (Чарвака). Локаята б.д.д. І-мыңжылдық ортасында пайда болған. (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін , оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан өмір сүрмейді. Және де, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.
4. Буддизм философиясының ерекшеліктері
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] – Үндіде, Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда, т.б. басқа аймақтарға кең тараған философиялық ілім. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
өмір - азап; азап нәпсіден туады; нәпсіні ауыздықтаса, азаптан құтылады; нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар:
жүректің оянуы;
ниет, ақыл, ойды түзету;
мінез-құлықты түзету;
адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).
Буддизмнің негізгі идеясы-Орта жол-ұштарлыққа салынбау,өзін-өзі ақылды тежеу, жетілу арқылы нирванаға жету, яғни жоғары рахат күйге бөлену. Орта жол – рахат-ляззат жолы мен аскетизм жолы яғни жоқшылық,мұқтаждық,тәндік моральдық азап пен тозу жолы екеуінің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу дегенді білдіреді.