Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.
Қазіргі банк жүйесі – кез-келген дамыған мемлекеттің ең маңызды ұлттық шаруашылық саласы. Оның практикалық ролі төмендегі қызметтермен анықталады: банк жүйесі мемлекеттегі төлем және есеп жүйесін басқарады; өзінің коммерциялық мәмілелерінің басым бөлігін салымдар, инвестициялар мен несиелеу операциялары арқылы іске асырады; басқа да қаржылық делдалдармен қатар банктер халықтың қаражатын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағыттайды.
Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несиелік саясатымен сәйкес қимылдай отырып, ақша ағымдарының бағытын реттейді, олардың айналым жылдамдығын, эмиссиясына, айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемін қосқандағы жалпы массасына ықпал етеді. Ақша массасы өсімінің тұрақтылығы – инфляция жылдамдығының төмендеу кепілі, баға деңгейінің бірқалыптылығын қамтамасыз ету кепілі, бұл сақталған жағдайда нарықтық қатынастар халықшаруашылық экономикасына өте жағымды тұрғыда әсер етеді.
Қазіргі банк жүйесі – бұл өз тұтынушыларына көрсетілетін көп түрлі қызмет түрлерінің саласы – банк ісінің негізін құрайтын дәстүрлі депозитті-несиелік және кассалық-есептік операциядан бастап банк құрылымдары қолданатын ақша-несиелік және қаржылық құрылымдардың ең жаңа формаларына дейінгі (лизинг, факторинг, траст, т.с.с) түрлері.
Тұрақты, икемді және күшті банк инфрақұрылымын жасау – Қазақстандағы экономикалық реформалардың ең маңызды (әрі өте күрделі) міндеттердің бірі. Әсіресе, шетелдік банк жүйесінің дамуын зерттеу маңызды болып табылады, өйткені шетелдік банктердің тәжірибесі қазіргі отандық банк жүйесінің қалыптасуын алдын-ала анықтап бере алады, оны халықаралық стандарттарға жетелейді, сол арқылы, қазақстандық банктердің әлемдік деңгейге шығуына жағдай жасайды, бұл – біздің елге деген шетелдік әріптестер тарапынан сенімнің орнығуы мен нығаюы деген сөз.
Бүгінгі таңда, тауарлық және қаржылық рыноктың дамыған жағдайында, банк жүйесінің құрылымы күрт күрделенеді. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие мекемелері, тұтынушыға қызмет көрсетудің жаңа құралдары мен әдістері пайда болуда.
Қазіргі әлемдік шаруашылықта қаржы рыноктары өздеріне қызмет ететін мекемелерге жоғары талаптар қоюымен, қаржы рыногына шығу үшін және онда тұрақтап қалу үшін жеңуге тура келетін қиын кедергілерімен басқа рынок түрлерінен ерекшеленеді. Сонымен бірге халықаралық қаржы жүйесіне кіру қазақстандық қаржы институттарына ішкі қазақстандық резервтермен салыстырғанда жаңа қаржы көздеріне қол жеткізуге, анағұрлым арзан мөлшерлемелермен сатып алып және оларды неғұрлым биік мөлшерлемемен ел ішіне таратуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Ұлттық банктердің әлемдік қаржы рыногынде делдалсыз жұмыс істеуі де банктердің өз тұтынушыларына ел аумағында арзан мөлшерлемемен қызмет көрсетуіне жол ашады, өйткені мұндай жағдайда қызмет көрсету ақысына делдалға банк төлейтін қосымша комиссия кірмейді. Мұндай жағдайда өндірісі дамыған елдерде тең құқылы өкілдігі бар және әлемдік қаржы рыногында тең құқылы мүше ретінде орын алатын банктер көп ұтады, бұл – олар шетел валютасын нарықтық мөлшерлемеге барынша (максималды) жақындау мөлшерлемемен баға белгілеу мүмкіндігіне ие болады, яғни аз шығынмен көп кіріс кіргізеді деген сөз.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін несиелік желілер ашу, яғни Қазақстан банктерінің әлемдік рыноктың мүшесі ретінде өндірісі дамыған елдердің ірі банктерінен делдалсыз несие алу мүмкіндігі әлі де қиын болып қалып отыр. Бұл қазақстандық коммерциялық банктерге деген сенім проблемасымен байланысты.
Бүгінгі таңда мұндай сенімге
ие болудың ең жақсы жолы
Қазақстан банктерінің
Әлемдік қаржы рыногында жұмыс істеу шетелдік банктерге, оның ішінде қазақстандық банктерге де ондаған жылдық тарихы бар әрі қауіпсіздік шаралары жүйесін жасау арқылы бірнеше қаржы дағдарысын артқа қалдырған әлемдік қаржы ұйымының тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Ірі көлемді дағдарыстың салдарын алдын алуда және жоюда әлемдік ұйым қолданған тәжірибені жүзеге асыра білу қазақстандық қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы үшін де маңызды болып табылады.
Осы жұмыста Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның даму ерекшеліктері мен жағдайы және жетілдіру жолдары қарастырылады. І тарауда банк жүйесінің ерекшеліктеріне баға беріледі, экономиканың тұрақтылығындағы ролі көрсетіледі. ІІ тарауда банк қызметінің қазіргі деңгейдегі даму сатылары көрсетілген. Жұмыста Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің жағдайына талдаулар жасалады. ІІІ тарауда жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді шешу жолдары көрсетілген.
Болашаққа арналған жоспарлардың қазірдің өзінде кейбірі жүзеге асырылып, олардың экономикалық жобалары көрсетілген.
І ТАРАУ
БАНКТІК ЖҮЙЕСІ ЭКОНОМИКАНЫ
РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ
Банк мекемесінің қызметінің әр алуандығы соншама, олардың шынайы табиғаты айқындалмай қалады. Қазіргі қоғамда банктер операциялардың алуан түрлерімен айналысады. Олар тек ақша айналымы мен несиелік қатынастарды ұйымдастырып қана қоймайды. Олар арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды саудалау, ал кейбір жағдайларда делдалдық мәмлелер және мүлікті басқару қызметтері жүргізіледі. Несиелік мекемелер кеңес беруді жүзеге асырады, халық шаруашылық бағдарламаларын талдауға қатысады, статистика жүргізеді, өзінің қосалқа кәсіпорынын ұстайды. Қысқасы, банктің өзіндік еркшелігі туралы емес, көп қырлы табиғаты жөнінде пікір туындайды. Оның қызмет аясына басқа да мекемелер орындай алатын қызмет түрлері де кіреді.
Банк табиғатын екі тараптан қарастырып таныған жөн: заңдық және экономикалық. Бірінші жағдайда алғашқы мағынаға “банктік операциялар” ұғымы ие болады. Олардың қатарына заңға сәйкес тек банк қызметіне байланысты түрлері жатады. Бұған: салымға ақша қабылдау, әр түрлі несие түрлерін беру, вексельдер мен чектер сатып алу операциялары, бағалы қағаздарға байланысты комиссиялық операциялар, бағалы заттарға байланысты операциялар, төлем мерзімі жеткенше несиелерге иелік ету міндеті, қолма-қол емес төлемдер жүргізу мен есептік қызмет көрсету жатады.
Заңдық аспектінің барлық маңыздылығына қарамастан банк табиғатының проблемасы ашық күйінде қалады. Табиғатын ашу – банк қызметін тек заңға сәйкестендіру емес. Банк табиғатын заң анықтамайды, оған рұқсат етілген операциялар емес, белгілі бір мәмлелерді жүзеге асыруға заңдық құқық беретін банк табиғаты, істің экономикалық жағы анықтайды. Заңға басқа да мекемелер орындайтын операциялар кіріп кететіні бекер емес. Сол себепті инвестициялық қоғамдардың операциясын, кепілгерлікке және кепілдікке байланысты міндеттемелер жүктеу операцияларын, кеңестік және басқа да қызметтерді таза банктік деп есептеу күмән тудырады.
Банк – бұл автономиялық, тәуелсіз, коммерциялық мекеме. Оның табиғатын түсінудің негізгі ұғымы осында. Әрине, банк – зауыт та, фабрикада емес, алайда кез-келген мекеме сияқты оның да өзінің өнімі бар. Банк өнімі, ең алдымен, төлем қаражатын (ақша массасын) қалыптастыру, және де несие беру, кепілгерлік пен кепілдік беру, кеңес беру, мүлік басқару. Банк қызметі өндірістік сипатқа ие.
Нарық жағдайында банктер халық шаруашылығын қосымша ақшалай ресурстармен сусындататын бұлақ болып табылады. Қазіргі банктер тек ақша саудалап қана қоймайды, сонымен бірге олар рыноктың аналитиктері болып табылады. Орны жағынан банктер басқаға қарағанда бизнеске, оның қажеттілігіне, ауыспалы конъюктурасына жақын келеді. Осылайша, нарық банкты экономикалық реттеудің басты, негізгі элементтерінің қатарына еріксіз жылжытады.
Қазақстанның банк жүйесі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. ТМД елдерінің көбінесе несие-қаржылық жүйе ескі, қатаң әрі монополиялық (мемлекеттік банк – арнайы банктер – филиалдар) жүйе мен екі деңгейлі жүйенің (Ұлттық банк – коммерциялық банктер) арасындағы өтпелі жағдайда тұр. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істейді. Бұрынғы арнайы банктер бұрынғыдай өздерінің тұрақты тұтынушыларын (негізінен мемлекеттік мекемелер мен салалар) жеңілдіктермен несиелейді. Бұл жағдай салымшыларын ұстап тұру үшін онша күшті емес коммерциялық банктерді де жеңілдіктермен несие беруіне мәжбүрлейді. Халықтың 90% салымы жинақтаушы банк мекемелерінің есебіне тиесілі, бұл жоғары сенімнің нәтижесі болып табылады (жинақтаушы банк – салымды мемлекет кепіліне алатын бірден-бір банк). Жинақтаушы банк – жеке тұлғаларды несиелеумен айналысатын іс жүзіндегі бірден-бір банк. Жаңа коммерциялық банктер ұсақ тұтынушыларға қызықпайды және халықпен жұмыс істеуге әрқашан құлықты емес. Коммерциялық банктердегі халықтық салымдардың үлесі 0,5%-дан тұрақты көтерілмей тұр. Алайда, соңғы кезде олар да жеке салымшылардың назарын аудару үшін, жедел салымдар, депозитттік және жинақтық ертификаттар, вексельдер, акциялар, облигациялар сияқты қызметтің жаңа формаларын қолдана бастады.
Аз монополияланғаны – заңды тұлғалдарға есептік қызмет көрсету саласы. Толымды қаржыны сақтайтын немесе шотынан өткізетін ірі тұтынушылар үшін нағыз бәсекелестік күрес жүруде.
Қазақстандық коммерциялық банктердің белсенді операцияларының негізгі түрі – заңды тұлғаларды несиелеу (35-37% актив). Банк қызметінің бұл түріне тән бірнеше заңдылықтарды көрсетуге болады. Бірішіден, қысқа мерзімді несиелердің үлес салмағы өте жоғары болады (95-96% актив), аталған көрсеткіштің өсім қарқыны өзгеріссіз болады. Несие берудің орташа мерзімі дағдарыс пен инфляцияның жоғары қауіптілігінен 3-4 айды құрайды. Екіншіден, эконмиканың басқа секторларымен салыстырғанда, мемлекеттік мекемелердің несиелеу мөлшерлемесі төмен, ал сауда-саттық шараларын несиелеуге қарағанда, өндірісті кеңейту мен жаңалауды несиелеу мөлшерлемесі төмен. Мекеме жекеменшіктің әртүрлі түрін несиелеу кезінде кепілді қайтаруды қамтамасыз етудің әртүрлі жолдарын қолданады: сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік, кепіл зат. Коммерциялық банктердің басқа да қызмет түрлеріне еркін айырбасталатын валюта (40% актив) және банкарарлық несиелер беру (2% актив) жатады. Бағалы қағаздар мен пайға салым салу (0,5-0,6% актив), трастық операциялар, лизинг сияқты банк операцияларының жаңа түрлері кең таралмады. Коммерциялық банктердің шаруашылық органдары мен банктерге беретін несиелерінен өзге айтарлықтай қаржысы Ұлттық банктің корреспонденттік және резервтік шоттарына және кассаға (15-16% актив) салынған. Банктің қаражат көздерінің ішінен, ең алдымен, мекеменің ағымдағы және шоттық есебіндегі қаражаттың, басқа банктердің, бірінші кезекте, Ұлттық банктің несиелерін, банктердің өз қаражатын бөліп көрсетуге болады. Коммерциялық банктік несиелер бойынша депозиттің минималды және максималды пайыздық мөлшерлемесі 100 және 180%-ға сәйкес. Несиенің пайыздық мөлшерлемесінің өсуіне Ұлттық банктің есептік мөлшерлемесінің өсуі әсер етеді. Қазіргі кезге дейін Қазақстандағы банктік мекемелер универсалды банктер сияқты, салыстырмалы маманданусыз жұмыс істейтін жағдай орныққан.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесі елімізде 1987 жылдан бастап жүргізілген банктік реформаларда келтірілген әртүрлі өзгерістер нәтижесінде қалыптасты.
Ескі және жаңа банк құрылымдары қатар өмір сүрген өтпелі кезең салыстырмалы түрде алғанда қысқа болды. Нәтижесінде Республикада екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты, оның бірінші деңгейін Ұлттық банк көрсетсе, екінші немесе төменгі деңгейін мемлекеттік, коммерциялық, біріккен және шетелдік банктер құрайды. Ұлттық банк Қазақстанның негізгі банкі және оның меншігі болып табылады. Бір жағынан, ол коммерциялық банктер мен мемлекет арасында белгілі бір азаматтық-құқықтық мәмлелерді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Екінші жағынан, ол “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңда көрсетілген республиканың ақша-несие жүйесін басқару билігіне ие. Ұлттық банктің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-несие саясатын жасау мен жүргізу, ақша айналымын реттеу, банк есептері мен валюта қатынастарын ұйымдастыру, ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу, несие берушілер мен банк салымшыларының көзқарасын қорғау болып табылады. Ұлттық банк та мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті қызметін атқарады, Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет етуге қатысады; Ұлттық банк шетелдік валютаны сату-сатып алу және айырбастау операцияларымен айналысатын коммерциялық банктердің жұмысын бақылайды және банктердің қызметін реттейтін пруденциялық нормативтерді бекітеді. Яғни Ұлттық банк ақша-несиелік саланың қызметін толықтай жауапкершілігіне алады және Қазақстан Республикасының басқа елдердің орталық банктері мен қаржылық-несиелік мекемелеріне деген көзқарасын білдіреді.
Банк жүйесі – экономикалық өркениеттің ең зор жетістіктерінің бірі. Адамзат ойлап тауып, құраған бұл жүйе өзінің көпқырлы нәзік құралымен құрылымдарды реттей отырып, дамуға бағыт бере отырып, ең бастысы, ақша айналымының қызметін тұрақтандыра, сол арқылы бүкіл экономиканың тұрақтануын қолдай отырып валюта, ақша, банк, бағалы қағаздар арқылы әлеуметтік-экономикалық процеске ықпал етеді.
Несиелік жүйенің негізгі кілті – несиелік және қаржылық операциялардың негізгі массасын бақылайтын банк жүйесі болып табылады. Банк жүйесі – бірегей қаржы жүйесінің аумағында жұмыс істейтін және өздеріне тән қызметтерді банк операциялары арқылы орындайтын бір-бірімен байланысты, бір-бірімен келісімді банктер мен басқа да несиелік мекемелердің қарым-қатынасының бірлігі, тұтастығы. Банк жүйесінің әуелгі звеносы банк болып табылады, ол арқылы мемлекет, шаруашылық субъектісі және жеке тұлға арасында ақшалай қаржы (салым) шоғырландыру, несие беру, ақша есебін жүргізу, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру, екі жақты төлем және есеп кезінде делдалдық ету жөніндегі қатынастар жүзеге асады.
Банк – банк жүйесінің элементі болып табылады. Бұл оның мынадай міндеттері бар дегенді білдіреді: біріншіден, бүтіннің үйлесімді бөлігі болуға мұрсат беретін табиғи қасиеттері (банк мәртебесі, банктік операцияларды іске асыруға құқық беретін лицензиясы) болуы керек, жалпы ойын ережесіне сай қызмет етуі керек; екіншіден, жалпы және арнайы заңдарға, қоғамның заңды нормаларына сай қызмет атқаруы керек; үшіншіден, өз-өзін реттей (қоршаған ортаны қабылдау және бейімделу) алуы керек, дами, жетіле алуы керек; төртіншіден, банк жүйесінің басқа элементтерімен байланыста әрекет етуі қажет.
КСРО кезіндегі бірінші кезеңде (1988-1991) мемлекеттік, салалық арнайы банктердің республикадағы бөлімшелеріне орталықтың қызметінің бір бөлігі беріліп, ол мемлекеттік салалық арнайы банктерде қайта құрулар жүргізілді, алғашқы коммерциялық банктер құрыла бастады және орталық банктің жекелеген функцияларын Мемлекеттік банкке өткізудегі алғашқы қадамдар жасалды.
Екінші кезең (1992-1993) Ұлттық банктің рубль аумағында біртіндеп орталық банктің қызметін атқаруға көше бастауымен, коммерциялық банктердің қарқынды құрыла бастаулары мен дамуымен, Ұлттық банктің құқықтық-нормативтік базасының құрыла бастауымен сипатталады.
Үшінші кезеңде (1993 ж. қарашасынан) ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкке ақша-несиелік саланың қызметіне, оның бюджетпен және банктермен қарым-қатынасына классикалық ұстанымдарды енгізуіне, банктердің қызметін реттейтін жүйені нығайтуға толықтай жауапкершілік жүктелді.