Мунай газдың банктік нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Эконом.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

Іс-шаралардың біріншісі – кері және тура РЕПО операциялары бойынша проценттік ставкалардың дәлізін әр апта белгілеу. Екіншісі – осы дәліздің шегіндегі ставкалар бойынша РЕПО және ҰлтБанктіңарасындағы мәмілелерге басқа банктердің кең шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету, бұл салмақталған орта нарық ставкасының дәлізі ішінде ұсталуына әкелуі тиіс. РЕПО операцияларының негізгі мерзімдері овернайтты, жеті күн және он төрт күн болады, кейін жалпы бір мерзім белгіленетін болады. ҰлтБанк операцияларының ақша нарығындағы негізгі мақсаты салмақталған орта нарық ставакасы ҰлтБанк белгілейтін дәліздің ортасында болғанда болатын банк резервтерінің төлемі мен банкаралық проценттік ставкалардың арасындағы теңгерімге жету. Салмақталған орта нарық ставкасы дәлізден кез-келген шегіне жақындаған жағдайда, ҰлтБанк ноталарды шығарып, депозиттерді тартып, РЕПО операцияларын өткізіп және қажет болған жағдайда дәліз шектерін қайта қарастырып, факторларына байланысты өтімділікке түзетулерді енгізеді.

Өтпелі кезеңнің аяғына дейін салмақталған нарық ставкасының дәліз ортасының шамасында РЕПО бойынша ҰлтБанктіңресми ставкасы мен (РРС) жариялайтын болатын тұрақты ауытқуы күтілуде. Осы ставка Ұлттық банк басқармасының шешімдерімен әр ай сайын берілетін болады және рынок үшін бағыты болады.

ҰлтБанктің таңдауы былай түсіндіріледі: Қазақстанның қор биржасының деректері көрсеткендей, дәл РЕПО операцияларының секторы мейлінше серпінді дамытылуда. Сөйтіп осы сектор арқылы нарыққа ықпал тигізу тиімді болу тиіс.

Барлық дамыған және көптеген дамушы, оның ішінде ең ірі елдердің монетарлық саясатын іске асырудағы РЕПО операциясының негізгі ролі туралы халықаралық ұйымдардың құжаттары дәлелдейді. Халықаралық есеп айырысу банкісінің құжаттарымен қатар олардың ішінде болатын Еуропа орталық банкі 2000 жылғы қарашада қабылдаған және осы уақытта бірыңғай еуропа валютасына көшкен Еуропа валюта одағының мүшелері болатын елдердің орталық банктері өз қызметінде басшылыққа ала отырып базалық құжат болып табылатын “ІІІ сатыдағы бірыңғай ақшалай-несие саясаты. Еуро жүйесінің шеңберіндегі ақшалай-несие саясатының рәсімдері” (ЕАНС) Еуропа орталық банктіңсоңғы директивасы болады.

Операциялардың басқа барлық түрлерін: ұзақ мерзімді – қайта қаржыландыру жөнінде құрылымдық операцияларды және “нақты күйге келтіру” деген операцияны өткізген кезде, РЕПО операциялары базалық аспап болып табылады.

РЕПО операциялары ақшалай-несие саясатын өткізу үшін өте қолайлы, өйткені олар бір уақытта өтімділікті және ақшаны нарығының ставкаларын басқарудың икемді аспабы болып табылады. Өзімен бірге олар несие тәуелдіктерін әкелмейді, себебі олар қамтамасыз етілген несиелер болады; практикалық қатерсіздігіне байланысты ақша нарығының қысқа ставкаларына қатысты қатысушылар болжалдарының ең нақты индикаторы болып табылады; басқа аспаптарға қарағанда, РЕПО операцияларын өткізген кезде, қолда бар және қағида бойынша қатысушылардың кең шеңберіне қол жететін болатын нарық құрылымдары қолданылады. Сөйтіп Ұлттық банк халықаралық стандарттың дағына қозғалысты жалғастырады.

Елдің қаржылық жүйесін және банк секторын дамыту перспективалары мыналарға тәуелді:

- Қазақстандық бизнестің елдің  жоғары табысты шикізат нарығына (көбінесе шетел компаниялармен  ұсынылатын) кіру мүмкіндіктері;

- Қазақстандық бизнестің елдің  жоғарғы табысты шикізат рыногына (көбінесе шетел  компаниялары  ұсынатын) кіру мүмкіндіктері;

- экспортталатын шикізат өнімдері  саудасының тиімді жүйесін құру (кіріс елде қалуы тиіс);

- экономиканың құрылымдық реформалануын жүргізу және еліміздің қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

- ақша қаражатын және меншікті  үлестірудің нарықтық жүйесін  құруға мүмкіндік беретін қор  рыногын қалыптастыру;

- объективті және табиғи қазба  байлықтарынан тұратын республиканың  нарықтық артықшылықтарын пайдалану;

- әлемдік капитал рыногына ену  арқылы банк қоғамдастығы қазақстандық  жүйенің бәсекелестік қабілетін  нығайту стратегияларын іске  асырады.

Осы перспективалар мен бағыттардың жүзеге асырылуы отандық экономиканы дамыту мен оның құрылымы болып есептелетін банк жүйесін жетілдіру жолдары бойынша сапалы қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы жұмыста қаралған Қазақстан Республикасының егемен жағдайындағы банк жүйесін дамытудың жалпы шолуы мынадай тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан егемендік алғалы он төрт жылдың ішінде нарық талаптарына сай келетін өзге шарттарында жаңа банк жүйесі қалыптасты. Ол жоспарлы-үйлестіру функцияларын орындаудан нарық қатынастарына қызмет көрсететін функцияларға өтті. Жек шетел  сарапшыларының көзқарасы бойынша Қазақстанның банк жүйесі банк қызметінің халықаралық стандарттарына сай келеді, ал жеке көрсеткіштер бойынша ТМД-ның көптеген елдерінен асып кетеді.

Республикамызда банк жүйесінің қажетті құқықтық негізі салынды және банк заңнамасы құрылды деп айтуға болады. Сонымен бірге бұл біздің ең жоғары нәтижелерге жеткенімізді білдірмейді.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі нарықтық экономикаға көшу жылдарында ұзақ және тиімді реформалаудан өтті. Бұл жылдары тек сандық қана емес сапалық қайта құру жүзеге асырылды. Қазіргі жағдайда банк – бұл ақша қаражаттары мен қорланымдарын шоғырландыратын, кредитті (несие-займды) беретін, кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалардың арасындағы есеп айрысуды жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды және т.б. шығаратын қаржылық мекеме. Банктер өз қызметінің сипаттамасы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін орталық, коммерциялық, арнайы, кооперациялық, ипотекалық және әмбебап банктерге бөлінеді. Меншік нысаны бойынша олар мемлекеттік, акционерлік, жеке, кооперациялық, муниципалдық және халықаралық банктерге бөлінеді. Банк жүйесі – әр түрлі банктер мен банк институттарының өзара байланысты қызмет ететін жиынтық болып табылады және мемлекеттің ақша-несие жүйесінің негізін ұсынады.

Қазақстанның жаңа банк жүйесі қызмет ету тарихы қысқа болса да, жеткілікті серпінді дамыды және оның қалыптасу прцесін үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең (1988 жылдан бастап 1991 жылға дейін) мемлекеттік құрылымдық мамандандырылған банктерді қайта ұйымдастырудың басталуымен, СССР Мемлекеттік банктіңРеспубликалық бөлімдеріне егемен мемлекеттердің орталық банктер функцияларының берілуімен, жаңа коммерциялық банктердің құрылуымен сипатталады.

Екінші кезең (1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін) коммерциялық банктердің экстенсивті дамуы жағдайында “рубль аймағы” болған шеңберінде орталық банктердің бірқатар функцияларының Ұлттық банкке берілуімен, сондай-ақ банк жүйесін реттеудің ұлттық нормативтік базасының қалыптасуымен сипатталады.

1993 жылғы қараша – ұлттық валютаны  енгізгеннен кейін Ұлттық банк егемен мемлекеттің орталық банкіне сәйкес келетін барлық функцияларды өзіне алды. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңы ҚР Ұлттық банктіңміндеттерін, қызмет принциптерін, құқықтық мәртебесін және құзіретін,оның ролін және банк жүйесіндегі орнын, елдің мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айқындады. 1993 жылғы қарашада ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты ҚР Ұлттық банкі ақшалай-несие жүйесінің қызмет етуіне, оның бюджет пен екінші деңгейдегі банктермен өзара қарым-қатынастардың экономикалық принциптерін жүргізуге, банк қызметін реттеу жүйесін күшейтуге түгелімен жауап береді.

1996 жылдан бастап елдің өтпелі  экономикасының мейлінше тиімді  қызмет етілуіне қызмет көрсетуге  міндетті Қазақстан Республикасының банк жүйесі қызметінің жаңа кезеңі басталды.

Елдің экономикасын нарықтық реформалаудың басталуынан өткен жылдар ішінде екінші деңгейдегі банктер банк жүйесінің болуы  мен дамуының ішкі қажеттілігінен ғана емес, оның айналасындағы микро және макроэкономикалық жағдайдан шығатын көптеген күрделі проблемалармен кездесті.

Екінші деңгейдегі банктердің экономиканың нақты секторындағы қажетті қайта құрылу деңгейі мен ауқымына көтерілуіне жол бермейтін себептер бар. Оларға экономиканың нақты секторындағы тиімділікті жобалардың жеткіліксіздігі, банктер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезең міндеттерінен артта қалу, қарыз берушілердің жеткілікті өтімділік кепілдіктің қамтамасыз етілуінің болмауы, банк жүйесі бөлігінің тек жалдаптық валюта нарығына қызығуы және басқа да себептер жатады.

Соңғы екі жылғы банк секторының жай-күйін сипаттайтын екі негізгі көрсеткіштердің серпіні сапалық көрсеткіштердің ауқымды қарқыны және оның функционалдық параметрлерінің нығаюы туралы дәлелдейді. Сонымен қатар осы кезеңде банк жүйесі қызметінің салыстырмалы көрсеткіштерін сипаттайтын кейбір маңызды параметрлер нашарланды. Банк секторын дамытудағы экономиканың нақты секторын несиелеуіне байланысты диспропорциялар пайда болды. Нақты экономикаға салымдардың жоғары деңгейі банктердің негізгі тәуелділігі болатын көтерілген несие белсенділігімен қатар несие тәуекелдігі болып табылады.

Экономиканы несиелеудің тенденциясы шетел валютасында жоғары көтеріліп жатқаны нақты көрінеді. Бұл экономиканы долларландырудың тікелей нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ соңғы жылдарда жеке капиталдың сәйкестігі төмендеді, бұның себебі, ең алдымен, жиынтық активтердің өсу қарқынының асып кетуі, басқа жақтан, бағалы қағаздар нарығының дамуы төмен болғандықтан, банк активтегі корпорациялық бағалы қағаздар үлесінің жеткіліксіздігі проблемасы пайда болды.

Несиені қайтармау проблемасын шешу келешекте қарыз беруші туралы ақпаратты беретін несие бюросының ашылуы көзделуде. Сондай-ақ, кейін мынадай процестер жоспарланып отыр: ипотекалық несиелеуді жетілдіру, пластикалық карта, смарт-карта түрінде банк көрсететін қызметтерді енгізу және тарату, интернет-технологияларды енгізу.

Былайша айтқанда, біздің еліміздің соңғы уақыттағы экономикасы тұтас алғанда макроэкономикалық жағдайдың, жеке алғанда қаржылық нарықтың тұрақтылығымен сипатталынады. Жалпы және өзгешелік шарттарды талдау банк саласындағы сандық көрсеткіштердің прецедентсіздік өсуінде білдірілетін қолайлы жағдай соңғы нәтижеде экономиканың тұтастай экстенсивті дамуына сүйенеді. Статистикалық деректердің өсіп бара жатқаны несиелік белсенділік туралы ақпаратты көрсетеді. Бұл қаржылық құралдардың жеткілікті болмағанынан қиындайтын несиелеудің маңызды құрылымдық тәуелділіктері зор қауіпті болады. Осы тәуелділіктерден қорғаныс ретінде банк жүйесін капиталдандыру деңгейінің көтерілуі бола алады, сонымен қатар қазіргі кезде банк секторының дамуы үшін қолайлы шарттарды жасаған мемлекеттің саясаты шешуші рольді атқаратын болады. Сөйтіп, банк жүйесі үшін қазіргі кездегі басты мәселе несиелеудің құрылымдық қателері болып табылады, банк капиталдануының деңгейін көтеру жөнінде мемлекеттің саясаты стратегия болуы тиіс, ал оның перспективасы қатерден жақсы сақталынған “Қазақстан – 2030” стратегиясының одан әрі жүзеге асырылуы кезінде шешуші рольді атқара алатын банк жүйесі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. А., Қаржы-қаражат, 2002.
    2. Сейітқасымов Ғ.З. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. А., Экономика, 2001.
    3. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. А., Экономика, 2000.
    4. Банковское дело. Учебник под редакцией Сейткасымова Г.С. А., Қаржы-қаражат, 1999.
    5. Банковское дело. Учебник под редакцией Лаврушина О.И. Москва, 1998.
    6. Банковское дело. Учебник под редакцией Колесникова В.И. москва, Экономика, 2000.
    7. Актуальные проблемы развития банковской системы Казахстана // Банки Казахстана, 1999, №1.
    8. Банки и проблемы 2000 года – Английский опыт // Банки Казахстана, 1999, №11.
    9. История банковского дела // Банки Казахстана, 2001, №7.
    10. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы банк жүйесі туралы зерттеулер // Банки Казахстана, 2001, №9.
    11. Обзор предстоящих изменений в методике расчета банками размера собственного капитала // Банки Казахстана, 2002, №2.
    12. Комплексная оценка экономической эффективности банка // Банки Казахстана, 2004, №1.
    13. Управление Банковской системой РК // Банки Казахстана, 2002, №3.
    14. Елемесова Р., Жарқынбаева Е. Государство и рынок: учебное пособие. А., Қаржы-қаражат, 1997.
    15. Вестник Национального Банка РК. 2004 г, №1,2,3.
    16. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.
    17. Еңсепов С.Д. Ең тұрақты банк Қазақстанда // Егемен Қазақстан, 2000 жыл, 15 маусым.
    18. ҚР Ұлттық Банкі туралы Заңдары, 2003.
    19. ҚР Банктері және банк қызметі туралы заңдар, 2003.
    20. ҚР Даму Банкі туралы заңдар, 2003.
    21. Копия проекта “Нового Базельского соглашения по капиталу”.
    22. “ТуранАлем” надежный банк независимого Казахстана // Мир Финансов, 2003.
    23. Кто не рискует, тот рискует больше всех // Мир Финансов, 2004, 1 январь.
    24. Положение “ ОАО Альянс Банка”.
    25. Положение “Банк ТуранАлем”.
    26. Прес-релиз №1 “О состоянии финансового рынка и финансовых организаций на 01.02.04 г.”
    27. Финансы. Учебник под ред. В.Д.Мельникова, К.К.Ильясова. А., Экономика, 1997.
    28. Финансовый менеджмент в банке. Учебник под ред. Сатова Р.К., Бержанова А.М. Кзылорда., 1999.
    29. Темирханова Е. Финансово-кредитные объекты рыночной инфраструктуры // Альпари, 1998, №1.
    30. Кто в лидерах? // Экономика Казахстан, 2004. №1.

 


 



Информация о работе Мунай газдың банктік нарығы