Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.
Үшінші кезеңнің басында еліміздегі банк жүйесінің жағдайы, негізінен, объективті талаптарға толықтай сәйкес болмады. Бұл ол кезде орталық банктің қызметін атқаруда еш дәстүрі мен тәжірибесі болмаған Ұлттық банкке де, қажетті мөлшерде экономиканы несиелеуді өзіндік және өз бетінше жұмылдырылатын (мобилизация) қаржы ресурстары және банк қызметінің бүкіл кешенін орындауға мүмкіндігі жоқ екінші деңгейлік банктерге де қатысты. Мұндай жағдайда Ұлттық банк 1995 жылға Қазақстандағы банк жүйесін реформалаудың нақты бағдарламасын жасады және ол бағдарламаны Республика президенті бекітті. Бағдарлама реформаны тереңдету мен экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі үкіметтік іс-шараларға, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының кеңестеріне бағытталды. Бағдарламаны орындау барысында жекелеген жағымды нәтижелерге қол жеткізілді:
● мемлекеттің қаржы саясатын жүргізуде Қаржы министрлігінің Ұлттық банк қызметін қажетті деңгейде үйлестіруге қол жеткізілді;
● классикалық орталық банктерге тән ақша-несие және валюталық реттеу құралдарының бүкіл спектрын енгізу аяқталды;
● екінші деңгейлік банктердің қызметін бақылау мен реттеудің келесі механизмдер жүйесі жасалды;
● нормативтік база құрылды, валюталық реттеу мен бақылау жүйесін жасақтау басталды;
● макроэкономикалық процестердің, оларды болжаудың және шешім шығаруды қолданудың деңгейін көтеруге және талдаудың оперативтілігін арттыруға арнайы шаралар қабылданды;
● Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер қолданатын бухгалтерлік есеп жүйесін нарықтық экономиканың халықаралық тұтыным стандарттарына көтеруге арналған маңызды жұмыстар жүргізілді;
● бекітілген экономикалық нормативтер мен мекемелердің және жеке тұлғаның – банк тұтынушыларының құқығын тікелей бұзатын банктер саны қысқарды;
● екінші деңгейлік банктердің қаржы ресурсын шоғырландыру механизмінің сапасы көтерілді, сонымен қатар шаруашылық субъектерін несиелеу барысындағы жобаларды бағалау деңгейі мен несиені қайтару тәуекелі деңгейі көтерілді;
● ірі жобаларды орташа және қысқаша мерзімді негізде өз бетінше қаржыландыруға мүмкіндік беретін банктердің капитализациялану деңгейі көтерілді;
● қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтерудегі жұмыстар күшейтілді.
Еліміздегі банк жүйесін реформалау мен дамыту жөніндегі нәтижесі әрі біріккен байланысты қадамдардың жасалуы, шектеулі – қатаң ақша-несиелік саясаттың жүзеге асуы инфляцияны ауыздықтауға, теңге бағамын тұрақтандыруға және пайыздық мөлшерлеменің деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Инфляцияның жылдық қарқыны 1994 жылғы 1258%-ға қарағанда, 1995 жылы 160%-ға төмендеген. Теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда 1994 жылы 8,6 рет құнсызданса, ал 1995 жылы тек 18%-ға құнсызданған. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 1994 жылы 30%-дан 1995 жылдың қыркүйегінде 45%-ға дейін төмендемеген және инфляцияның өсу әсерінен 1995 жылдың соңында 59%-ға қайта өскен.
Ұлттық банк жүргізген шаралардың нәтижесі қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылығынан көрінеді. Ұлттық банк жүргізген ақша-несиелік саясаттың негізгі мақсаты – ұлттық валютаның тұрақтылығын ұстап тұру, банк жүйесінің өтемпаздығын көтеру және нарықтың дамуына баламалық (адекваттық) жағдай жасау. Қазақстан Республикасының банк жүйесіне макроэкономикалық тұрақтылыққа жетудегі, осы негізде жүйелі өзгерістер мен құрылуларды іске асыруға арналған жағдай жасаудағы, осы арқылы өндірістің құлауын қалпына келтірудегі және инвестициялар мен өндірістің өсуіндегі маңызды ролге ие.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мынадай классикалық ақша-несиелік құралдарды қолданады: қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін анықтауды несиелеу кезіндегі банк ұсынған несиенің көлемін реттеу, міндетті резерв нормаларын бекіту, валюта рыногында интервенция жүргізу және мемлекеттік бағалы қағаздармен қатар, Ұлттық банктің қағаздарымен де операциялар жүргізу.
Қайта қаржыландыруға берілетін несиенің көлемінен оның берілу мерзімі үш айға дейін қысқартылды, себебі олар банктерге өтемпаздықтың қысқа мерзімді проблемаларын шешуге көмектесуі қажет. Соңғы жылдары Қазақстанның орталық клирингалық өтемінің базасында құрылған банкаралық несие рыногы белсенді қызмет істеуде. Банкаралық рынокта жүргізілетін саудада Ұлттық банк пайыздық мөлшерлеменің өтемпаздығы мен сәйкес деңгейін ұстап тұру үшін қатысады. 1995 жылдан бастап ломбардтық несие жүйесі енгізілген, бұл бойынша несиелер банкке мемлекеттік бағалы қағаздардың кепілдігі арқылы беріледі. Бюджеттік жетіспеушілікті толтыруға арналған Қаржы министрлігінің несиелері “Республикалық бюджет туралы” Заңда көрсетілген көлемде беріледі. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шынайы көрсеткіштермен оңтайлы қолдау табады және толық дәрежеде ақша сұранысын реттеудің параметрі болып табылады.
Ұлттық банктің тағы бір маңызды міндеті – мөлшерлемелерді оның есебімен қалыптасатын рыноктағы депозиттік мөлшерлемелердің деңгейі экономикалық долларизациялану деңгейіне әсер ету мақсатындағы валюталық депозиттің деңгейінен біраз жоғары болатындай етіп қолдап тұру болып табылады. Халықтық салымдардың қарқынды өсуі мен жалпы ақша массасындағы халықтық салымдардың үлес салмағының өсуі байқалады, бұл өз кезегінде, банктің ресурстарын көбейтуге мекемелерді микродеңгейде несиелеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағымды үрдіс болашақта банктер арасындағы бәсекелестіктің даму жағдайында және салымдардың тартымдылығын жақсарту, банк қызметінің түрлерін кеңейту мен сапасын арттыру жағдайында одан әрі беки түспек.
Үкімет пен Ұлттық банктің шектеулі-қатаң инфляциялық саясатымен қатар, микроэкономикалық деңгейде құрылымдық-институттық өзгерістердің баяулауы орын алды, бұл – инфляцияның негізгі көзі болып табылады. Өндірістің құлау қарқынын тежеу шаруашылық субъектері тарапынан кейбір ақша сұранысын тудырды. Қазіргі кезде ақша-несиелік реттеудің негізгі стратегиясы – қол жеткізілген макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру, экономикалық өсу мақсатына өтуді қамтамасыз ету және жаңа экономикалық субъектердің өмір сүру қабілетін қолдау. Негізгі екі жағдай бар: біріншіден, өсу үстіндегі ақша құйылымдарының есебінен екінші деңгейлік банктердің экономикалық субъектерді реттеуі; екіншіден, Ұлттық банк және бүкіл банк жүйесі тарапынан белгілі бір мөлшердегі біріккен ақша ұсыныстарының өсуі.
Ұлттық банктің болжамына сәйкес ақша-несиелік саланың дамуы инфляцияның пайыздық мөлшерлеме мен инфляциялық күтулердің төмендеуі, сонымен қатар ұлттық валютаның нығаюы ақша айналымының жылдамдығын бәсеңдетеді. Айналым жылдамдығының бәсеңдеуі өндіріс көлемінің тұрақтану жағдайында ары қарайғы ақша сұранысына әкеп тірейді. Ақша массасының кеңеюі оптималды мөлшерде қарастырылуда, өйткені ақшаны кеңейту қажеттілігімен қатар монитарлық саясаттың инфляцияны төмендету мақсатына құрылған шектеуші ұстанымдары сақталуы қажет. Ақшаны кеңейтудің негізгі күретамыры екінші деңгейлік банктердің тарапынан болатын мультипликативті әсер. Екінші деңгейлі банктердің бағалы металдар рыногы мен валюта рыногындағы деңгейінің өсуінен жалпы алғандағы банк жүйесі бойынша сыртқы активтер көбеюде. Ақша сұранысын реттеудің негізгі құралдары мыналар: Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, барлық рыноктағы РЕПО операциялары (несиелік, алтын-валюталық және бағалы қағаздар), сонымен қатар, эмиссиясы бағалы қағаздар рыногының кеңеюіне қарай қысқаратын Ұлттық банктің ноталары. Қауіпсіз рыноктағы биржалық мәмлелердің кеңеюі банктердің өтемпаздығын көтеруге мүмкіндік береді.
Екінші деңгейлік банктің корреспонденттік шотындағы резервін міндеттеу нормалары, сонымен қатар ақша-несие саясатының құралы ретінде резервілеу ақша сұранысын реттеу әдісі болып табылады.
Соңғы кездері байқалған мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының кірістің төмендеуі үрдісімен тұрақты даму жағдайы барысында оны тек эмиссия көлемін кеңейту арқылы ғана емес, бағалы қағаздарды айналымға шығару арқылы да кеңейтуге жағдай жасалуда. Болашақта айналым мерзімі бір жылдық вексельдерді шығару жоспарланған.
Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының көлемін кеңейтуге, сонымен бірге потенциалды инвесторлардың аумақты шеңберін, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін де тарту көмектеседі. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының әлемдік даму жолымен жүруге талпынуда. Алғашқы рыноктың тереңдеу дәрежесіне қарай ашық рыноктағы операциялар көлемі кеңейеді, оның ішінде қазыналық бағалы қағаздарды әлдеқайда ұзақ мерзімге саудалайтын болады және оларға ақша-несие саясатының басым ауыртпалығы жүктелетін болады. Бұл жерде 1997 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігін Ұлттық банктің қоры есебіне несиелеуді толықтай тоқтату көзделген.
Бағалы қағаздар рыногының қазірше жеткілікті дәрежеде дамымауынан Ұлттық банктың валюта рыногындағы басқыншылығы (интервенция) ақша-несиелік реттеудің жұмыс істеуші құралдарының бірі болып қалады. Ұлттық валютаның қызмет ету жағдайындағы шетелдік тәжірибені, бастысы, өзіндік жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Ұлттық банк теңге бағамын валюталық айырбастаудың сәйкестендірілген саясатын жалғастыруды көздеп отыр, бұл саясат Ұлттық банктің шектеулі араласуы кезіндегі валюта рыногіндегі сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін көрсетеді.
Өтемпаздық валюта рыногын жасаудағы жинақталған оң тәжірибелерді назарға ала отырып, Ұлттық банк шетел валютасының экспортынан түскен түсімді мекемелердің міндетті түрде сатуы саласындағы икемді саясат жүргізетін болады.
Валюта рыногы банкаралық рынокты тереңдету, жекелегенде форвардтық валюта мәмілелерін кеңейту мен валюталық тәуекелдік хеджерлеу құралдарын дамыту бағытында ары қарай дамиды. Бұдан соң Ұлттық банк коммерциялық банктермен біріге отырып, банкаралық валюта рыногын шексіз мәміле жасау мүмкіндігі бар, ұдайы жұмыс істейтін рынок тәртібіне өткізуді жүзеге асырады.
Жасалған алтынвалюталық резервтерді басқару концепциясының негізінде Ұлттық банк олардың құрамын ағымдағы және болашақтағы міндеттерге қалыптастыру мен қолдануды жалғастырады. Жылдам, көлемді, қашықтықты және қауіпсіз халықаралық төлем операцияларын жүзеге асыратын күшті техникалық құралдарды талдауды, сондай-ақ, халықаралық қысқа мерзімді депозит рыногы мен бағалы металл рыногын жақсы пайдалануды қамтамасыз ететін механизмді жетілдіруге зор назар аударылады.
Қазіргі таңда банк жүйесі шынайы экономикаға толықтай байланысты болып тұр – экономикалық субъектілердің төлем қабілетінің төмендігі белгілі, бұл айтқаннан жеке шаруашылық құрылымдары да тыс емес, банкке төлемеу – айтарлықтай төмендеген жоқ, бұл қаржылық делдалдықтың сапасына әсер етіп банктер арасындағы бәсекелестікке кедергі келтіреді.
1.3 Банк жүйесінің Қазақстан
Республикасының экономикасын
Ішкі зор мүмкіндіктері бар республика үшін экономиканы тұрақтандыру жолындағы объективті – күрделі жағдайда экономиканы көтеру үшін, ең алдымен, републиканың ішкі резервін күшті қолдану жөніндегі және жайлы инвестициялық климат қалыптастыру жөніндегі кешенді экономикалық шаралар жүргізу маңызды әрі өте қажет болып табылады. Банк жүйесін қалпына келтірудің көптеген жаңа қаржылық құралдарын дамытуда республиканың қаржы жүйесін тұрақтандыру да маңызды рольге ие болады. Республиканың ақша-несие саясатын анықтайтын әрі жүзеге асыратын орган ретінде Ұлттық банк пен үкімет күштерінің бірлігі, банктердің өздерінің ішкі менеджментін күшейтуі экономиканың жағымды қарқынын бекітуге, экспортқа бағытталған салаларды дамытуға және импортты алмастыратын өндірістің қалыптасуына ықпал етеді. Республика банк жүйесінің қиын жағдайға душар болуының басты себебі – дер кезінде анықталмаған кепілзат портфелінің сапасы, банк жоғарғы әкімшілігінің тәжірибесіздігі және активтер мен пассивтерді басқару мәселесі жөнінде білімнің болмауы.
Банк басқару жөніндегі әлемдік тәжірибені зерттеу мен жалпылау, республикада қолданылатын банк басқару құралдарын жасау мен классикалық құралдарды зерттеу қазіргі таңда даусыз маңызды. Республикадағы банкирлердің кәсіби деңгейі өсуде, қаржы рыногының жаңа құралдарымен жұмыс істей алатын мамандар көбеюде, банк менеджерлері банк қызметін басқарудың дәстүрлі түрінен жүйелі түріне өту әдістерін белсене зерттеуде, банктың қаржылық жағдайының мониторингына арналған жаңа көрсеткіштер жүйесі енгізілуде, активтер мен пассивтерді басқарудың классикалық құралдары меңгерілуде, банктерге арналған лимиттерді - әр түрлі шектеулерді пайдаланушы әріптестерді – орнату тәжірибесі жүруде. Шынайы кірістік бағалау әдістері, шығындық баптарды имитациялау әдістері және кіріс пен шығынды мұғдарлаудың( (рационализациялау) жалпы жолдары енгізілуде.
Банк менеджменті маңызды сұрақтар мен мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Оларды кешенді түрде қарастыру қалыптасқан экономикалық жағдайда банк басқару ісінде неғұрлым ұтымды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Барлық факторлардың бірігуі терең зерттеуді және дамытуды талап ететін күрделі сұрақ болып табылады.
Ұтымды банк басқару үшін банк портфелін трендті анализдеу мен болжау нәтижесін қолдану, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару әдістерін енгізу рыноктың ағымдағы жағдайын кейбір деңгейде бағалауға және болашақтағы дамуын болжауға ықпал етеді. Республика банктерінде активтерді басқарудың жекелеген әдістері байқалуда: ағымдағы құйылымдар мен төлемдердің кестесін енгізу, жоспарлы баланс және бюджеттік жоспарлауды құру. Алайда практикада қолдану үшін жоғарғы кәсібилік пен мақсатталған еңбек қабілетін талап ететін терең зерттеуге және уақытты ғана емес интеллектуалдық қорды керек ететін бірқатар мәселелер қалып отыр. Банк басшылығы қазіргі күннің нәтижесіне, ағымдағы активтердің кірісін көтеруге, ағымдағы өтемпаздыққа, банк технологиясын дамытуда бағытталған. Институттық даму мәселелері тек озық ойлайтын басшылардың ғана назарын аударуы мүмкін, олар даму үстіндегі қаржы рыногының бәсекелестік қабілетін көтеру үшін болашақта қандай шаралар қажет екендігін түсінеді. Кадрлық потенциалды көтеру негізіндегі банк менеджментін бектіу болашаққа кең жол ашады. Бұл ең алдымен әр түрлі салалардағы реттеу әдістерінің операциялары мен перспективаларының жаңа түрлерін дамыту:
● банктың операциялық стратегиясын жетілдіруге мүмкіндік беретін оптимизацияланған модельдерді енгізу;
● шығын баптары бойынша шектеулер жасау арқылы шығын мен кірістің мұғдарлануы;
● маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы рыногты саралау және қоршаған орта факторларының банк саясатына ықпалын бағалау әдістерін зерттеу;
● тұтынушылар досьесін ұдайы зерттеу мен қолдау нәтижесінде банк тұтынушыларының қаржылық жағдайын мониторингке салу; банк тәуекелдігін басқару және хеджерлеу әдістерін дамыту;
● алдыңғы қатарлы қаржы құралдарын дамыту: СВОП мәмлелері және фьючерстер мен опциондарды сату, сатып алу операциялары.
Банк қызметі саласын кеңейту, жаңа банк өнімдерін енгізу қазіргі заман технолияларының дамуынсыз іске асуы мүмкін емес. Банк технологиясының жан-жақты дамуы, банк карточкалар желісін кеңейту және олармен сауда желілерінен тыс жерде де қызмет көрсету жүйесін кеңейту, төлқұжат ауыстыру кезінде ауыстыру мекемесінде банк карточкаларымен қызмет көрсету, жекелеген салық инспекцияларында – салық төлеу және т.б. кезде карточка қолдану тұтынушыларға қызмет көрсетудің мәдениеті мен жылдамдығын арттырады. “Банк – Клиент” жүйесінің дамуы, “on-Line” тәртібінде қызмет көрсету жүйесі тұтынушыларға көрсетілетін қызметтің жетілген технологиясы мен сапасының келесі кезеңінде іске асады. Жоғары технологияларды енгізуге жағдай жасау қосалқы шығындарды талап етеді, алайда мұндай кедергілерді болашақ нәтижемен салыстыруға болмайды.