Мунай газдың банктік нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Эконом.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

“Банкттер және банк қызметі туралы” Заңға сәйкес банктердің еншілес банктер ашуы тек қана негізгі рейтингтік агенттіктің белгілі бір рейтингіне ие болған банктің келісімі арқылы ғана жүзеге асады. Бейрезидент банктердің негізгі шетелдік құрылтайшылары АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркия, Қытай, Нидерланд, Лихтенштейн, Люксембург карольдігі, Голландия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан болып табылады.

Қазақстан сыртқы инвестиция үшін зор тартымдылыққа ие ел деп бағаланатындықтан республикада шетелдік капиталды банктік капитал түрінде тарту үрдісі жалғасуда. Қызмет атқарып жатқан шетелдік банктердің жұмыс әрекеттеріне тұрақтылық пен тепе-теңдік тән. Шетелдік банктер құрылғалы бері Ұлттық банктің экономикалық нормативтерін өрескел бұзу орын алмаған, бұл республикалық қаржы рыногының белгілі бір үлеске қол жеткізуінің нәтижесі болып табылады. Ішкі рынокта шетелдіктер араласқан банктер сақтықпен жұмыс істеуге тырысады, өйткені қазақстандық қаржы рыногын берік деуге болмайды.

Қазақстан банк жүйесінде қазіргі таңда байқалатын жағымды үрдістердің бірі депозиттің пайыздық мөлшерлемесінің оңтайлығы. Банктер бұл дәрежеге жетудің нәтижесінде өздеріне жаңа тұтынушыларды тартады. Потенциалды салымшылар да банктер ұсынған пайыздық мөлшерлеменің пайдалылығын сезінді. Бұған қоса банк жүйесіне қаражат салудың жеткілікті сенімділігі депозит түріндегі қаржы ағымының айтарлықтай өсуіне әсер етті.

“Жаңа Келісімнің” соңғы нұсқасы 2002 жылдың 31 желтоқсанында дайын болуы күтілген, ал 2005 жылы әлемге 100-ден аса мемлекетте енгізілуі күтілуде. 

 

2.3 Банк секторының дамуы 

 

Соңғы жылдары Қазақстандағы банк жүйесі өзінің қызмет аясын кеңейтіп келеді және банк қызметі рыногы жеткілікті дәрежеде дами бастады. Бұл көп жағдайда банк бизнесі саласындағы корпоративтік басқару институттарының қалыптасуы мен дамуына байланысты. Банктер кең салалы банк қызметін ұсына бастады және өз өнімдерін нақты тұтынушыларға бағдарлай отырып, жақсы маркетинг жүргізе бастады. Бұған қоса несиелік серіктестер, ломбард, пошталық-жинақтаушы жүйе сияқты банктік емес қаржы ұйымдары мен ерекше функциялы басқа да институттар (ипотекалық несиелеу және құрылыс жинақтаулар) байқалуда.

Жекелеп айтқанда несиелік серіктестіктер мен негізгі қызметі біріккен несиелеуге бағытталған аймақтардағы ауылдық несие серіктестіктерінің дамуына ықпал ету үшін Ұлттық банк “Несиелік серіктестік туралы”  Ережеге өзгерістер енгізді. Өзгерістерге сәйкес несиелік-депозиттік серіктестіктермен салыстырғанда, несиелік серіктестіктер мен ауылдық несиелік серіктестіктердің банк операциясы төңірегіндегі шеңбері шектелген. Несиелік серіктестіктер мен ауылдық несиелік серіктестіктер жарғылық капиталдың минималды мөлшері 1 млн. теңге көлемінде бекітілген, бұл шағын кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық тауар өндірісінің субъекті категориясына жататын жеке тұлғаларға несиелік серіктестік құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге несиелік серіктестіктер мен ауылдық несиелік серіктестіктер құра алатын ұжымдық-құқықтық формалар кеңейтілген. Аймақтарда несиелік серіктестікті дамыту үшін мемлекеттік мекемелерге берілген несиелік серіктестіктің капиталына қатысуға рұқсат етіледі.

Қазақстандағы банктердің орналасу территориясы тең емес – барлық бантердің 75%-ы Алматы қаласында орналасқан. Сол себепті дәл осы қалада бәсекелестік өте күшті. Бұл жағдай Алматы қаласын Орталық Азия аймағындағы қаржы орталығына айналдыру идеясының негізгі себебі. Қазіргі кезде Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретінде дамыту Концепциясын жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды іске қосу басталып кетті.

  Бәсекелестік жағдайында қаржылық  қызмет көрсету саласында қызығушылық  балансына қол жеткізу үшін  банктер тұтынушыларға тартымды  саясат ұстануға мәжбүр. Сондықтан  депозитті-несиелік қызметтен өзге (дәстүрлі) рынокте қаржылық лизинг, вексельдік несиелер, трасттық операциялар т.б. сияқты дәстүрлі емес қаржы қызметтерінің көптеген түрлері пайда болды. Оның үстіне Қазақстанда қаржылық делдалдық қызметті дамытуға барлық жағдай жасалған. Жекелеп айтқанда, шағын бизнес пен ауылшаруашылығын инвестициялауға жақсы жағдай жасау мақсатында Ұлттық банк 2000 жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы” Заңын қабылдады. Қаржылық лизинг механизмдерін енгізу мен іске асыру мекемелерге шығындарды арзандатуға, құрал-сайман сатып алу процесін жеңілдетуге ықпал етеді.

Банктің ішкі ресурстарға бағытталған саясатын жоғары бағалауға болады, өйткені қазіргі деңгейінде банк міндеттерінің өсуі негізінен халық пен мекемелердің депозитке құйған ақша ағымдарының есебінен болады. Мысалы, ағымдағы жылдың соңғы сегіз айында халықтық депозиттердің банктік жалпы міндеттердің көлеміндегі үлесі 2%-дан 28%-ға өскен. Бұл жағдай банктердің ресурс базаларын кеңейтіп, несиелік потенциалын бекітуге мүмкіндік берді.

1997 жыл мен 2001 жылдар аралығында халықтың банктердегі депозитінің көлемі төрт есеге өсіп, 168,9 млрд. теңгені (1,5 млрд. АҚШ доллары) құраған. 2001 жылдың маусым-шілде айларындағы халықтық салымның күрт өсуіне ел азаматтарының капиталын легалдау акциясы әсер еткені сөзсіз. Алайда халықтың легалсыз салым салу үрпдісі әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда Қазақстанда орташа салым көлемі жан басына шаққанда 77 АҚШ долларына тең, бұл ТМД елдері бойынша Ресейден кейінгі орынды алады. Халықтың банк жүйесіне деген сенімнің нығаюына көбінесе азаматтардың жедел салымдары кепілдікке алу (сақтандыру) жүйесінің қызметі мен банктердің жеке тұлғалар шоттарындағы құпияны сақтау жөнінде қабылдаған Заң жақсы әсер етуде. Қазіргі кезде “Қазақстан Республикасының екінші дәрежелік банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдікке алудың (сақтандырудың) қазақстандық қоры” ЖАҚ жұмыс істейді. Оның резервтік қорлары қарқынды өсуде. Салымдарды қорғау жүйесіне Қазақстан банктерінің жартысына жуығы (21) қатысады. Олардың саны әлі де көбеймек. Бұл жүйеге қатысуға тек қаржылық жағдайы мығым, тұрақты банктердің мүмкіндігі бар, сол себепті бұл жүйе банктің келбетіне (имиджына) жағымды ықпал етеді. Банк қызметі рыногында банктік және банктік емес қаржы мекемелерінің белсенді жұмыс істеу жағдайында халық салымдарын тартудағы бәсеке айтарлықтай күшею үстінде. Бұл құбылыс тіпті Қазақстан Халық банктіңрыноктың осы саласындағы жайғасымын (позициясын) әлсіретуге алып келді. Мысалы, 2000 жылы Халық банктіңхалықтық депозиттің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 53%-ды құраса, 2002 жылы тек 27% құраған.

Соңғы жылдары банктер құрамына сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару компаниялары, өндірістік, сауда және т.б. мекемелер кіретін үлестес тұлғаның (аффимерованое лицо) тек бір бөлігі болып қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда банктерді бақылау, нақтырақ, шоғырландырып (консолидирование) бақылау жөніндегі жаңа заңды және нормативті актілер қабылданды. Банктердің қызметін реттеу жекелеген қатысты да, шоғырландырған негізде, яғни банктік топтарға қатысты да жүзеге асырылады. Белгілі бір тұлғаны нақты топқа жатқызудың критерийі банк қабылдаған шешімдерге ықпал ету мүмкуіндігі болып табылады. Ұлттық банктің шоғырландырып бақылау ұстанымдарын енгізумен қатар, банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару жөніндегі қажетті ұсыныстар жасалуда әрі енгізілуде.

Банк қызметін көрсету рыногы шет елдік банк құрылымдарын тартуын жалғастыруда. Қазақстанда ABN AMRO Bank, CitiBank, HSBC сияқты халықаралық ірі банктердің өкілеттіктері жұмыс істейді. Оның үстіне елімізде дүние жүзіне әйгілі мынадай банктердің өкілдіктері жұмыс істейді: Deutshe Bank, Dresdner Bank, CommerzbankAG, ING Bank N.V. және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстанның банк секторы ТМД елдері ішіндегі ең реформаланған, қаржылық-тұрақты және динамикалық даму үстіндегі банк болып есептеледі. Бұған жоғарыда келтірілген банк жүйесінің негізгі сапалық және мөлшерлік көрсеткіштері дәлел болады. Сондай-ақ Қазақстанда ТМД елдерінде әлі құрылмаған жеке тұлға депозитін ұжымдық кепілдеу (сақтандыру) жүйесі қызмет істейтіндігін айта кеткен жөн.

Қазақстан банктердің халықаралық қызмет стандартына көшуін айтарлықтай сәтті жүзеге асырды және халықаралық стандарттарға барынша жақын әрі барлық талаптарға жауап беретін сенімді төлем жүйесін орнатты.

Жалпы алғанда банк жүйесінің жұмысы жақсы бағаға ие болып отыр. Өз кезегінде Ұлттық банктың іс-шаралары елдегі қаржы секторының жекелеген сегменттерін нығайтуға да, елдегі жалпы қаржы секторын, өндірісті өсіруге арналған макроэкономикалық жағдайды күшейтуге де бағытталатын болады. Сонымен бірге банк қызметінің ашықтығын (прозрачность) және тұтынушылардың (салымшы) көзқарасын қорғауды қамтамасыз етуге бар күш жұмсалуда.

Ауыл тұрғындары банк қызметіне қол жеткізе алу үшін Ұлттық банк пошталық-жинақтаушы мекемелер жүйесін дамытуға ат салысады. Мұнымен қоса, шағын бизнесті дамыту үшін, бірінші кезекте, қаржы ресурстарына шағын бизнес субъектісінің қол жеткізе алуын қамтамасыз ететін микронесиелеу жүйесі жасалады.

Банк қызметі саласын кеңейту, қолма-қол емес төлемдерді дамыту және бөлшек сауда операцияларының ашықтығын жоғарылату мақсатында төлем карточкаларының әр түрлі жүйесінің бірігуін қамтамасыз ететін төлем карточкаларының бірегей процессингті орталығының қызметін қамтамасыз ету және Ұлттық жүйені құру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Елде төлем жүйесін одан әрі жетілдіру (үздіксіз жұмыс жүйесін қамтамасыз етуге, күшін арттыруға және қауіпсіздік деңгейін көтеруге арналған төлем жүйесінің резервтік орталығының құрылысын аяқтау) және экономикалық шынайы сектордың мониторгингын дамыту жұмыстарын жалғастыру жүріп жатыр.

Макроэкономикалық жағдайдың үздіксіз жақсаруы, өндірістің өсуі мен ішкі-сыртқы капитал көздерінің құйылуы, еліміздің банк жүйесін нығайта түсуі экономикалық өсу қарқынын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқының көптеген әлеуметтік мәселелерін шешіп, өмірін жақсартуға көмектеседі.

 

2.4 Банктердің пруденциялық нормативтерді  орындауы

 

Банктердің қаржылық беріктігін, ақша-несиелік жүйенің тұрақтылығын арттыру, салымшының көзқарасын қорғау мақсатында Ұлттық банк міндетті экономикалық нормативтерді бекітті.

Банктерге орындау міндеті болып табылатын Ұлттық банк бекіткен пруденциялық нормативтердің қатарына мыналар кіреді:

  1. банктің жарғылық қорының минималды мөлшері;
  2. өзіндік қаржының жеткілікті коэффиценті;
  3. бір қарызгерге шаққандағы тәуекелділіктің максималды мөлшері;
  4. өтемпаздық (ликвидность) коэффиценті;
  5. ашық валюта жайғасымының лимиті.

Банктердің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді, банк операцияларын жүргізудің негізгі құралы болып табылады және құрылтайшылардың салымдарының есебінен немесе сатылған акция есебінен қалыптасады. Жарғылық қор қосымша акциялар шығару есебінен, оның ішінде банк кірісін капитализациялау және банк облигацияларын акцияның номиналды бағасын көбейту арқылы оның акцияларына ауыстыру есебінен көбейе алады. Жарғылық қордың қалыптасу әдісі бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлік банктер: акционерлік, жекеменшік, коммерциялық, біріккен, өкілеттік, мемлекеттік және мемлекетаралық болып бөлінеді. Жалпы санның көп мөлшерін акционерлік банктер құрайды.

Капитал жеткіліктілігінің коэффиценті банктің өзіндік капиталы мен капитал жеткіліктілігінің минималды коэффиценті 8% деңгейінде анықталған тәуекелдік активтерді шаққандағы қатынас арқылы анықталады.

Бір қарызгерге тәуекелдіктің максималды мөлшері тәуекелдік мөлшерінің (бір қарызгердің барлық кепілзаты бойынша қарызы + осы қарызгерге берілген балансталған міндеттердің сомасы) банктің өзіндік капиталына шаққандағы қатынас арқылы анықталады.

Өтемпаздық активтер мен міндеттердің арақатынасы арқылы анықталатын өтемпаздық коэффицентінің нормасы 0,3-тен кем болмауы керек.

Экономикалық нормативтерді орындамау ұсақ банктерге тән. Ірі банктер қажетті нормативтерді сақтайды, нәтижесінде бұл банк құрылымын дамытуға және оған сенімді нығайтуға жақсы әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Қазақстан банк секторының  даму перспективалары

 

Ұлттық банктің қатаң қадағалауының арқасында соңғы төрт жылда қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық банк секторы жақын арада жаңа бақылаушыға ие болады.

Банк активтері ІЖӨ-нің тек үштен бірін ғана құрауы мүмкін, бірақ сектордың өзі соңғы төрт жылда жыл сайын елупайыздық қарқынмен дамып келеді. “Бұл ел қарқынды даму үстінде” – деді ең ірі батыстық банктің бірі HSBC-дің Қазақстандағы өкілеттігінің басшысы Рэй Уэббер. Шет елдік инвесторлар күрделі іскерлік климатқа шағынып жүрген уақытта, қазақстандық вексельдер белгіленген бағадан көбіне-көп асып кетіп жатады, ал бөлшек сауда активтері таңдай қақтырарлық шапшаңдықпен өсе түсуде. Қазақстанның банктік сәттілігінің құпиясы қатаң бақылауда жатыр.

“Жергілікті банктер жақсы басқарылады және жақсы капитандандырылған, - деп мәлімдеді ABN AMRO банктің Қазақстандағы филиалының менеджері Дуглас Кеннеди, - оларда батыстағыдай қызмет көрсетудің толық саласы жоқ, алайда олар бұған қол жеткізу үшін консервативті тәжірибе қолдануда”.

Қазіргі кезде Қазақстандағы кейбір нормативтер Халықаралық есеп жөніндегі банк ұсынған нормативтермен салыстырғанда әлдеқайда қатаң. Мысалы, Халықаралық есеп жөніндегі банк негізгі капиталды қамтамасыз етудің минималды коэффиценті 8% дегенді ұсынса, Ұлттық банк 12%-ды талап етеді.

Дамушы елдердің қаржы рыногымен салыстырғанда, Қазақстандағы бак секторы анағұрлым күшті басқарылады. Жекелеп айтсақ, қатаң шектеу акционерлер қарызгерлердің демонстрациясын шектеуде көрінеді, бұл әдіс дамушы елдер үшін ерекше болып есептелінеді. Банктер Кеңес Одағы құлағаннан соң пайда болған бос кеңістікте өркендеді. 1997 жылдың  шырқау шегінде олардың саны 230-ға жетті.

Ол кездерде жағдай орнықпаған еді және қарыздар бөлшектенбеген болатын, сондықтан “осы банктердің көп бөлігі валюта рыногінде мемлекеттік бағалы қағаздармен ойын жүргізді” – дейді Г.Марченко. Ал мемлекеттік бағалы қағаздар қажетті бақылаусыз берілді.

1999 жылы қабылданған жаңа салық  заңы банктердің белгілі бір  резервтер жасауына жағдай туғызды. Осы уақытқа шейін банк секторы  пайдалы болды, сол себепті үкімет  осы пайдадан түскен салықты  қуана-қуана жинады. Кейін барлап  қарай бастағанда, бұл банктердің  көбісі мүлде шығынға батқан әрі жеткілікті капитал жинауға немесе тартуға қабілетсіз болып шықты.

Ондаған банктер банкрот болып, жұмыс істеу құқығынан айрылды. Қазіргі таңда республикада отыз бес банк қалды. Оның қатарында Мемлекеттік экспорт-импорт банкі, Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі, Ұлттық банк сөзсіз қалды.

Негізгі төрт банк бүкіл активтік жүйенің 60%-дан астамына жауап береді. Ең ірі банк – 2,2 млрд. доллары бар Казкоммерцбанк. Оның негізін қалаушы Нұржан Сухамбердин алғашқылардың бірі болып әлсіз кеңестік тәжірибеден бас тартып, ең жақсы кандидаттарға жұмыс беру және олардың шынайы билігін күшейтуге негізделген батыстық тәсілге бейімделді.

Информация о работе Мунай газдың банктік нарығы