Мунай газдың банктік нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Эконом.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

Бұл банк – өз акцияларын халықаралық саудаға салған ең алғашқы қазақстандық ұйым. Еуропалық қайта құрастыру және даму банкі 15 пайыздық үлесті 30 млн. долларға сатып алды. Қалған үлесті банктің топ менеджерлері иеленді.

Келесі ең ірі банк – 1,9 млрд. доллары бар “ТұранӘлемБанкі”. Бұл банк 1997 жылы Ұлттық банк банкротқа ұшыраған екі мемлекеттік банкке бірігуге рұқсат берген күннен бастап өмір сүруде. Бүгінгі таңда австриялық “Райффэйсом” 10%-н сатып алған, ал қалған 20,12%-ы оның басшысы Е.Татишевтің иелігінде.

Ең ірі төрт банктің үшіншісі – Халық банкі кеңестік Жинақтаушы банктіңҚазақстандағы бөлімшесінің негізінде қайта құрылған. Соңғы 30%-дық үлесті мемлекет тек былтыр ғана сатып бітті.

“АТФбанк” – төртінші ірі банк. Ол 1995 жылы Нидерландының “Меес Пиерсон” банкі және Голландия даму банктерімен бірге құрылды. “Фортис”, “Меес Пиерсонды” сатып алған соң, ол өз бөлігін қазақстандық банкке сатты.

Соңғы екі жылда банк жүйесінің менеджменті жұмыс механизмдерін жетілдіруге назар аударуда. “Біз өте қарқынды дамып келеміз, осы арқылы рейтингтік агенттіктері қобалжытамыз. Агенттіктердің банктік-несиелік порфельдердің күшті өсіміне және тәуекелдік жіберген тұста әлдеқайда қатаң басқару механизмдерін қажеттіктеріне назар аударатындары дұрыс” – деп тұжырымдады Т.Исатаев.

Осы күнге дейін Қазақстандағы шетелдік банктердің жұмысы сәтті жүріп келеді. Аудару тәртібінде ABN AMRO Bank, CitiBank, HSBC банктері негізгі мемлекеттік және корпоративтік институттарға төменгі мөлшерлемемен қарыз беру арқылы өте жақсы пайда түсірді. Енді олардың иелігіне еліміздің бактік активтерінің 6,5 пайызы тиесілі.

Банкирлер Қазақстандағы несиелік сәттіліктің екі факторы бар: банктік күшті бақылау және жақсы қызмет тізімі деп есептейді.

Қазіргі кезде қазақстандаық банктерге экономикадағы ақша массасының анағұрлым күшті қозғалғаны қажет. Польшада, мысалы, банк секторы қазірдің өзінде ІЖӨ-нің 60%-на тең, бұл іс жүзінде қазақсандық деңгейден 2 есеге көп. Ал Чех Республикасында бұл 100%-ға жетеді. Казкоммерцбанк Мәскеуде банктер сатып алып үлгерді (“Москоммерцбанк”), ал “ТұранӘлем” көрші Қырғызстанда банк сатып алды. Бірнеше банктер банк секторы әлі жаңа болып табылатын Украина мен Өзбекстанға өз өкілдіктерін жіберді. “Бұл елдердің ешқайсысында батыстық банктер жоқ, - дейді Т.Исатаев, - сол себепті біз оларға өз елімізде барды (шағын және орта бизнесті несиелеу, бөлшектік сауда) ұсына аламыз және корпоративтік банк ісі мүмкіндіктерін қарастырамыз”.

 

3.2 Банк жүйесінің міндеттері

 

1. Өздерінің реформаланған түрінде  банк секторы нарықтық экономиканың  негізін құраудың міндеттеріне  максималды дәрежеде жауап беруі  керек, басқаша айтқанда, банк көзқарасы  экономиканы қайта құрудың жалпыұлттық міндеттерін шешуге, нарықтың қозғалысына кедергі келтірмеу керек.

2. Банктік жүйе қаржы ресурсының  экономикалық жағдайын ақталған (қысқа-ұзақ мерзімді) бөлшектерін  қамтамасыз етуге тиіс, баға құрылымының  қайта құрылуын және бағалық пропорцияларды тұншықтырмай, қолдап отыруы керек.

3. Банк секторы ақша-несие жүйесін  айтарлықтай тұрақты дәрежеде  ұстап тұруы қажет. Яғни мемлекеттік  бюджеттің жетіспеушілігін (дефицитін) өсіруді және гиперинфляциялық  процестерді болдырмауы керек.

4. Банктер халықаралық тауар қозғалысына, тікелей және портфельді инвестицияның, жұмыс күшінің қозғалысына қызмет  көрсетуді қамтамасыз ете отырып, экономиканың “ашылуына” жағдай  жасауы керек.

5. Банкирлік іс қаржылық тәртіпті  қамтамасыз етумен шектелмей, тұтынушыларды ақша санап үйренуге мәжбүрлеуі керек, бұған қоса экономикалық ойлауды, шаруашылықты дамыту керек.

Қазақстандағы қазіргі банк секторы жоғарыдағы талаптарға қаншалықты жауап бере алады?

Қазақстан экономикасының банк секторының қосдеңгейлілігі іс жүзінде оны дамыған елдердің банк құрылымына ұқсастырып қалыптастыруға талпынуын көрсетеді. Осылайша бұл жүйе негізгі категория ретінде капитал алға шығатын принципке негізделіп құрылған.

Дамыған елдердің банк құрылымына формалдық ұқсастығын қамтамасыз ете отырып және коммерциялық банктердің қызметін тек қана пайдаға бағыттай отырып қос деңгейлі банк жүйесінің сәулетшілерін несиелік ресурстардың шынайы инвестициялық процеске қатысуын белгілі бір дәрежеде шектеп қойды. Себебі соңғысы қаржы айналымының айтарлықтай төмендеуімен және қосымша несиелік тәуелділікпен байланысты.

Алайда алдын-ала бекітілген қайта жасақталудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан банк жүйесі қалыптасты. Және бағана айтып кеткеніміздей, бұл жүйе күшті нарықтық экономиканың талаптарына толығымен сәйкес келе алмайды. Қазақстан банктерінің алдында шешуін күткен маңызды проблемалар баршылық.

Қазақстанның жаңа банк жүйесінің іргетасы қаланған өткен жылдардың тәжірибесі ең алдымен бұл жүйенің “төменгі” қабатының динамикалық өскендігін көрсетеді.

Ұсақ банктер егер қызметтері жақсы ұйымдастырылған жағдайда, көбейіп келе жатқан ұсақ бизнеске қызмет көрсетер еді. Мәселе басқада: көптеген ұсақ, тіпті орташа қазақстандық банктік мекемелер әлі өз бетінше коммерциялық банктің қызметін атқара алтын жағдайда емес.

Елімізде нарықтың қалыптасуы айтарлықтай дәрежеде шағын және орта бизнестің дамуына байланысты болса да, қазіргі рыноктың құрылымын негізінен ірі ұйымдар – концерндер мен корпорациялар анықтайды. Тек солар ғана халық шаруашылығы дамуының тұрақтылығы мен пропорционалдығын қолдай алады. Олардың ел экономикасын өзгертуге және оған халықаралық еңбек рыногында тең құқылықты қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ірі мекемелердің, концерндер мен фирмсалардың үздіксіз қаржылық қамтамасыз етілуін тек ірі банктер ғана іске асыра алады.

Оның үстіне несиелік технология, коммерциялық банктер нарыққа өту кезеңінде өз қызметтерімен ірі өндірістік құрылымдардың толыққанды нарық субъектіне айналуына ықпал ете алады. Қазірдің өзінде коммерциялық банктер ірі өндірістік-технологиялық кешендерде қаржылық құрылымдардың қалыптасуының негізі болып тұр. Коммерциялық банктердің өздері ірі өндіріс кешендерінің немесе қаржылы-өндірістік топтардың қаржылық орталығы ретінде алға шыға бастады.

Қазақстандық банктер өндірістегі ұзақ мерзімді инвестицияларға қатыса ала ма деген сұрақ туындайды. Бұл бағытта белгілі бір жылжулар байқалуда, көбіне бұл коммерциялық банктерге тән. Бәсекенің ширығуы таза спекуляциялық мүмкіндіктердің тарылуы, несиелік рыноктегі пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі және бұның тұрақсыздығы – осының бәрі анағұрлым терең ойлайтын банкирлерді сенімді инвестициялар туралы, өз капиталдарын өндіріске бағыттау туралы ойлануға мәжбүрлейді. Осының алғышарты іспетті бірқатар жаңа толқын банкирлер соңғы кезде ірі ақпаратты-анализдеуші бөлімшелер ашып, стратегиялық жоспарлауды басқара бастады.

Мұнымен қоса, банк қызметін жетілдіруде олардың анализдік жұмысын реттеу маңызды роль ойнайды. Дамыған елдерде банктер қызметінің баланстық есептері мен кең материалдары ұдайы жарық көріп тұрады. Бұлай ету әрбір банк қызметін жақсы анализдеуге өз нәтижелерін басқа несиелік мекемелердің нәтижесімен салыстыруына мүмкіндік береді. Өкінішке орай мұндай тәжірибе әзірге Қазақстанда тарала қоймады. Бүгінгі таңда тек кейбір ірі банктер ғана өз қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпараттық таралым шығарады.

Біздіңше, коммерциялық банктерге деген көзқарасты жаңалау қажет. Әкімшілдік экономикадан нарықтық қатынастарға өту кезеңінің феномені ретінде оларға іштей және сырттай әділ баға беру қажет. Коммерциялық банктер өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктері бар тірі ағза секілді оның қолдану орнын, табиғаты мен әлеуметтік экономикалық қызметін түсіну сәйкестікте болу керек.

Коммерциялық банктерді басқарудың негізгі элементі ретінде өз-өзін реттеу механизмін жасау стратегия мен тактикаға, болашақ даму бағыты мен ерекшеліктерін таңдауға негізделу шарт. Сыртқы реттеушілер – нарықтық және мемлекекттік реттеушілер де маңызды. Нарық елімізде енді-енді қалыптасып келе жатқандықтан онымен байланысты реттеушілердің әсері әзірше байқалмайды. Ол көбіне болашаққа бағытталған. Мұндай жағдайда мемлекеттік реттеушінің маңызы өлшеусіз. Алайда олар әзірше коммерциялық банктерге макроэкономикамен айналысуға мүмкіндік береді. Осы арқылы жанама мемлекеттік реттеудің кешенді шаралары дамыған нарықтық экономикалы елдердегі коммерциялық банктер жүйесіне ықпал етуді тексерілген әрі нәтижелі механизмді қайталаушы шаралар іс жүзінде Қазақстанның коммерциялық банк қызметіне әсер етпейді, бұл коммерциялық банктер үшін экокномикалық нормативтердің оптималды жүйесін қолданған кезде ғана байқалуы мүмкін. Оның үстіне коммерциялық банктердің қызметін мемлекеттік бақылау – мемлекеттік және банктік орган бақылауының адекватты өзгеруші міндеттер жүйесі ретінде терең ұйымдастырылған нығайтуды талап етеді.

Біздің пікірімізше, нарықтық экономикада коммерциялық банктердің ролін дұрыс түсіну арқылы олардың әрқайсысы одан өзінің оптималды орнын табуы тиіс; жинақ, өндіріс, айналым және тұтыну міндеттерін шешу барысындағы өзара қайшылықты процестерде өз орындарын табуы тиіс.

Қазіргі кезде көптеген коммерциялық банктерге универсализация үрдісі, яғни тұтынушыға іс жүзінде кез-келген ақша-несиелік қызмет көрсете алатын “қаржылық супермаркетке” айналу құбылысы тән.

Коммерциялық банктер бүкіл банк жүйесінің ажырамас негізгі бөлігі, бұл жүйе ақша-несиелік айналымның макроэкономикалық міндеттерін макродеңгейде шешуге арналған, арнайы банктер арқылы толыққанды ақша қозғалысын қамтамасыз ету арқылы бүкіл халықшаруашылық кешенінің дамуына ықпал етеді. Көлемі жағынан айтарлықтай капиталды иелене отырып (ірі инвестрге айналу потенциалында), яғни тікелей халықшаруашылығының дамуына бүтіндей әсер етіп, құрылымдық қайта құруларға қатысады және экономиканың көптеген салаларының перспективасын анықтайды. Жеке меншікті басқару және капитал қалыптастырудың өте үлкен көлемдегі мәртебесіне ие бола отырып, коммерциялық банктер алып қаржыгерлерге айнала алады және айтарлықтай дәрежеде өз қызметін көптеген холдингтер, өкілетті фирмалар мен мекемелер құру негізінде кеңейте алады.

 

3.3 Банк жүйесін дүниежүзілік стандартқа  сәйкестендірудің негізгі   аспектілері

 

Халықаралық стандартқа көшу процесінің өзгеше жалғасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банктіңтарапынан банк секторының тұрақтылығын және актив пен пассивті тиімді басқарудың барлық негізгі принциптерін орындау, сондай-ақ тәуелдіктерді азайтудың ішкі рәсімдерін және регламенттерін қолдану талаптарын күшейту мақсатында шоғырландырма негізіндегі қадағалау әдістерінің одан әрі жетілдіруі болуы мүмкін. Ипотекалық кредит берудің және құрылыс жинағының жүйесін дамытудың нормативтік құқықтық базасы да жетілдіріледі, өйткені оларды елдің барлық ірі өңірлерінде практикалық түрде бастау жоспарлануда. Соңғы уақытта банк жүйесіндегі ипотекалық кредит беру даму үстінде.

Қазақстанның көптеген озық банкілері ипотекалық кредит беруді енгізе бастады, бірақ банк көрсететін қызметтердің осы тараушасындағы бәсекелестік жайғасымды 1994 жылы Қазақстанның тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатын шешу үшін құрылған “Жилстройбанк” ЖАҚ жекешелендіру жөніндегі тендерді 1997 жылғы желтоқсанда ұтып алған “БанкЦентрКредит” ААҚ алады. Ипотекалық кредит беру процесінің міндетті шарты болатын азаматтың және құрылыс салушының ақша қаражаттарын пайдалануға байланысты бағытталған мақсатта, сондай-ақ банк тәуелділіктерінің барлық түрлерін (кредит, пайыздық және т.б.) азайту мақсатында құрылыстық нормативтік мерзімдерінің сақталуына банк тарапынан үнемі бақылаудың жүргізілуі болып табылады.

Республикадағы ипотекалық кредит берудің одан әрі дамуы, өз кезегімен, экономиканың нақты секторының дамуын ынталандырады. Құрылыс материалдары, жиһаз өндірісінде жаңа импульс пайда болды, көлік имфрақұрылымы да дами бастады.

Ипотека қоғамдағы әлеуметтік тұрақсыздықты өтеуге де оң әсерін тигізеді, жұмыссыздық салдарын жұмсартуға, халықтың жұмыспен қамтылуының проблемаларын шешуге көмек жасайды. Экономикадағы бар айналымды аяқтап, барлығы бір-бірімен өзара байланыста болғанда, халыққа ипотекалық кредит берудің дамуы елдің бүкіл банк жүйесіне пайда әкеледі. Меншігінде өз үйі немесе пәтері бар адам психология жағынан мейлінше орнықты болады. Онда отбасын құруға және балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігі болады. Тұрмыстық жағдайлардың жақсартылуы халықты сауықтыруға, өмірдің ұзақтығын ұзартуға, банк үшін ғана емес, бүкіл мемлекет үшін маңызды болатын халықтың еңбекке қабілеттілігін көтеруге әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі S&P и Fitch сыныптамасы бойынша “ВВВ” рейтінгіне немесе Moody’s сыныптамасы бойынша “Ваа3” рейтінгіне сәйкес келетін мәртебені алуға күресті жүргізуге ниет етіп жүр. Осы мәртебе батыс елдерінің ірі зейнетақы қорларының және сақтандыру компанияларының инвестициялық ресурстарына шығу мүмкіндігін ашатын есігі болып табылады. Осындай перспиктивалар отандық қор нарығын жандандыруға ынтасы бар, біздің мөлшеріміз бойынша, орасан мол қоржындық инвестицияларға жол ашады. Валюта режимін ырықтандыру жағына қайта қарастыру бір жағынан инвестициялық мәртебені алуға дайындық болып табылады. Ұлттық банк айтқандай, осыған қатарлас батыс институционалдық инвестордан “ыстық” қысқа мерзімді ақшаның түсіміне мемлекеттік бақылаудың тәсілін құру қажет. Эмигенттер, өз кезегімен, шетелдік қорлар және компаниялар үйреніп қалғандай, ақпаратты көп ашуға міндетті болады.

Сондай-ақ Ұлттық банк ақшалай- кредит саясатын жүзеге асыру жаңа аспабына – РЕПО ставкасына көшіп жатыр. РЕПО операциялары дегеніміз бағалы қағаздарды қайта сатып алу туралы шарттар болып табылады. Шарт оның қатысушылары үшін екі қарама-қарсы міндеттілікті – сату және сатып алу міндеттілігін көздейді. РЕПО тура операциясы тараптардың біреуі бағалы қағаздар алдын ала белгіленген баға бойынша оны кері сатып алу міндеттілігінің негізінде басқасына сатып жіберілуін көздейді. Кері сатып алу басында болған бағасынан жоғары болатын баға бойынша жүзеге асырылады. Операцияның табыстылығын көрсететін бағалардың арасындағы айырмашылық, қағида бойынша, жылдық проценттерде белгіленеді және РЕПО ставкасы деп аталынады. РЕПО тура операциясының қызметі – қажетті қаржылық ресурстарды тарту. РЕПО кері операциясы пакетті қайтадан сату міндеттілігінің негізінде оның сатып алуын көздейді. Осындай оперцияның мақсаты – уақытша бос қаржылық ресурстарды орналастыру. Бұдан бұрын осы рольді қайта қаржыландыру ставкасы атқаратын, бірақ та соңғы уақытта осы ставка нарықтық тенденцияларға ықпал етпей, оларды тек көрсететін еді. Инфляциялық тергеудің жаңа принциптердің енгізілуіне байланысты ҰлтБанк ақша нарығына ықпал жасай алатын жаңа аспапты таңдады. РЕПО ставкасында қажетті реттеу белгілері болу үшін ҰлтБанк өтпелі кезеңнің ішінде нарықтық қысқа мерзімді проценттік ставкаларды басқаруды осы ставка көмегімен көтеруге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруға жоспарланып отыр.

Информация о работе Мунай газдың банктік нарығы