Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.
Бәскелестік күшейген қазіргі жағдайда екінші деңгейлік банктердің қызметі қиындайды, сонымен қатар республиканың қаржы-несиелік мекемелерінің қызметін реттейтін және бақылайтын органдардың, ең алдымен, Ұлттық банк тарапынан, дұрыс экономикалық саясаты қаржы-несиелік жүйенің жалпы жағдайын нығайтуға көмектеседі.
Бүгінгі таңда ақша-несиелік саясаттың мақсаты – республиканың дағдарыс жағдайынан шығуына жағдай жасау, экономиканың түйінді проблемаларын, оның ішінде банк жүйесінің тұрақтылығын бекіту мәселесін шешу әдістерін іздестіру. Экономиканың қалыптасу және ақша-несиелік жүйенің тұрақсыздығы жағдайында банк қызметін реттеудегі терең ойластырылған икемді саясаттың болуы маңызды орынға ие. Бұл жерде өз бетінше ірі жобаларды қаржыландыра алатын немесе республика экономикасын басқа банктермен біріге отырып қаржыландыруға мүмкіндігі бар ірі капитализацияланған банктерді құру сөз болып отыр.
Банк жүйесін бекіту республика экономикасын реформалауда әрқашан маңызды аспекті болып табылады. Банктердің банкрот болуы жалпы банк жүйесіне деген қоғамдық сенімнің жоғалуына алып келеді. Сол себепті дер кезіндегі және дәл қалпына келтіру шаралары өте маңызды. Банк жүйесінің және республика Үкіметінің бүкіл қаржы жүйесінің тұрақтылығына жоғарғы дәрежедегі жауапкершілікке сәйкес банк қызметін бақылайтын және реттейтін органдар адекватты кешенді түрде ақша-несиелік және инвестициялық адекваттық саясат жүргізуге тиіс, сондай-ақ толыққанды қаржы рыногын және оның республикадағы әр түрлі формалары мен құралдарының дамуына қажетті жағдай тудыруы шарт. Жинақталған және ұзақ мерзімді несиелеуді күшейтетін жүйе жасау қажет.
Республика банктерінің қолданыстағы активтерінің негізгі үлесін қысқа мерзімдік салымдар құрайды, себебі банктер бәсең инвестициялық саясат жүргізуде. Жекелеген банктердің 50%-дан астам инвестициялық портфелін қысқа мерзімді мемлкеттік бағалы қағаздар құрайды.
Бұл құбылыс соңғы жылдарда орын алған несиені қайтармау дәстүріне байланысты, сонымен қатар корпоративті бағалы қағаздардың іс жүзіндегі бейөтемпаздығымен байланысты және республикадағы қаржы құралдарының әлсіз дамығандығын білдіреді, нәтижесінде экономиканың тұрақтануына және отандық өндірістерді қолдауға айтарлықтай теріс ықпал етеді. Республикадағы қаржы құралдары рыногының инфрақұрылымдарын дамыту және нормативті заңды базаны бекіту жолы арқылы ұзақ мерзімді салымдарды күшейту қажеттігі байқалады.
Осылайша, республика экономикасымен бірлікте банк жүйесін тұрақтандыру мақсатында және оның тұрақтылығын, динамикалылығын, икемді және банктер арқылы республика ішінде экономиканы қалпына келтіру және модернизациялау бағдарламасына құйылатын инвестицияны күшейту мақсатында республика ақша-несие саясатының икемді стратегиясын жасау және қаржы рыногын дамыту бүгінгі күні аса қажетті болып табылады.
Жоғарыда келтірілген банк менеджментін классикалық тәсілдерді қолдану арқылы және республикаға тән әдістер мен модельдерді жасау арқылы деңгейін көтеру банк жүйесін тұрақтандыруға ықпал етеді және өзара қатынас нәтижесінде банктерге деген сенімді табиғи орнатуға көмектеседі және ұзақ мерзімді құралдардың үлесін көбейту, халық салымын және жедел депозиттерді көбейту есебінен ақша агрегаты құрылымындағы дисбалансты жою банктерге деген сенімді табиғи қалпына келтіруге көмектеседі.
Мұндай жағдайда республика банк жүйесінің ішкі инвестициялық потенциалы жоғарылайды. Нәтижесінде шетел капиталына шектен тыс тәуелділікті жоюға мүмкіндік туады. Республика Үкіметі мен Ұлттық банк анықтаған экономика мен қаржы саясатының негізгі бағытының аумағында екінші деңгейлі банктердің қызметін нормативті реттеуге арналған жекелеген құралдардың икемділігі қамтамасыз етіледі. Қазіргі жағдайда банктер қысқа мерзімді салымдарға ұмтылады. Қазіргі кезде біршама қарама-қайшы ситуация туындайды. Банк жүйесіндегі ірі жобаларға жалпы инвестиция жетіспеушілігі тұсында ресурстар артықшылығы өседі және оларды тарату проблемасы асқынады. Мұны шешудің бір жолы – ұзақ мерзімді инвестицияларды күшейту болуы мүмкін. Көп мөлшердегі ұзақ мерзімді салымдар дер кезіндегі пайдадан айрылу тәуекеліне тірейтінін назарға ұстай отырып, стратегиялық маңызы бар ірі жобаларға салынатын ұзақ мерзімді салымдар Үкімет арқылы кепілдендірілуі қажет немесе мемлекеттің бағалы қағаздар арқылы кепілдендірілуі тиіс. Осылайша ұзақ мерзімді инвестициялар нольге тең тәуекелділікпен қажетті мөлшерде екінші деңгейлік банктердің капиталына қосыла алады.
Корпоративті бағалы қағаздар рыногын дамытуды күшейту мақсатында олар корпоративтік эмитенттер тізімінде өтемпаздық жол арқылы бектілуі тиіс, айналысқа түскен бағалы қағаздар республиканың осыған сәйкес заң актілеріне өзгерістер енгізілген жағдайда акционерлік қоғамдардың жарғылық қорларында өтемпаздық кепілзат және салым ретінде қолданыла алады.
Депозиттік сертификаттарды шығару мен айналымға түсіруді заңды және нормативті тұрғыда күшейту халықтың бос ақша қаражатын тартуға ықпал етеді. Осы мақсатта депозиттік сертификаттар Ұлттық банктің реттеуші құжаттарында нольдік тәуелділіктегі өтемпаздық кепілзат ретінде бекітілуі қажет.
Адекватты ақша несиелік, инвестициялық, антидемпингтік саясатпен байланыста осы сияқты іс-шараларды жүргізу республиканың нормативті құқықтық базасының ары қарай беку барысында республика экономикасының тұрақталуы мен өсуіне ықпал етеді.
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас орган ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды. Оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады. Сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлкеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банктіңжұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
Орталық банктіңқызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі. Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекеттік жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкідегі тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банкті резервтік басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толықтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банктіңқаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктіңнегізгі міндеті – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құрылады:
Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары Ұлттық банктіңбасқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банктің құрылымы келесі сызбада көрсетілген.
Кесте 1
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
ұйымдық құрылымы
Қазақстан Республикасы Ұлттық БанктіңТөрағасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық БанктіңТөрағасының Орынбасары |
Төрағаның көмекшісі |
Төрағаның кеңесшісі |
Басқарманың хатшысы |
Директорлар кеңесінің хатшысы |
Орталық ақпарат бөлімшелері
Статистика және зерттеу департаменті |
Заң департаменті |
Монетарлық операциялар департаменті |
Бухгалтерлік есеп-шот департаменті |
Банктік және сақтандыруды қадағалау департаменті |
Бағалы қағаздар нарығын зерттеу департаменті |
Технологиялық ақпараттар департаменті |
Ішкі аудит департаменті |
Қызметкерлермен жұмыс істеу бойынша департаменті |
Шаруашылық басқармасы |
Бақылау және құжаттармен қамтамасыз ету басқармасы |
Бастапқы қаржылармен жұмыс істеу бойынша басқарма |
Жұртшылықпен байланыс және халықаралық қатынастар басқармасы |
Төлемдік жүйелер басқармасы |
Операциялық басқарма |
Бюджетті бақылау және жобалау басқармасы |
Сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымдары және банктер-дің өтімділік процестерін басқару департаменті |
Валюталық реттеу және бақылау басқармасы |
Қауіпсіздік басқармасы |
Үйлестіру (координация) басқармасы |
Бірінші бөлім |