Мунай газдың банктік нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Эконом.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

Сурет 1

Ұлттық банктіңең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің 2 өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен бектіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
  • Ұлттық банк шығарған банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банктіңбанктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
  • сыртқы резервтерді сақтауға болатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банктің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
  • Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі. Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен 6 жылға сайланады. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атына және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банктің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес Ұлттық банктің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банктің орталық аппараттарында ақша-несие операциялары, банкті қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.

Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді. Қазақстан Республикасы аумағында банкноттар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісім және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • Банктерді бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы, банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сатужәне айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциялдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктық пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеудің әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
  • Қазақстан Республикасында есеп айрысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңге мен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
  • Банк ісі, есеп, есеп айрысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыру, мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар олардың орындалуын бақылайды;
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айыбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, т.б. есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және есепшоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлкеттік резервтік қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын қүрады және тұрақты түрде жариялайды;
  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды даярлауға қатысады;
  • Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызметін көрсетумен байланысты операцияларды жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

Ақша айналысын басқару жолында Ұлттық банк заңды төлем құралын, яғни банкноттарын шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мелекеттік орган. Олар Ұлттық банктіңэмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

Ұлттық банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассициялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылатын банкноттар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болу керек. Банкноталар мен монеталар көрсетілген сипаттамалар баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Президентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел  мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банктің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және комерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар операциялық кассадағаы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия – мемлекет пен банкоталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкоталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерінде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады. Бұл кассалық тізімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасына берілуі қысқарды.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы төмендегідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банктіңақша базасы сияқты ақша агрегатын және мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бектілген номинативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның  мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшері екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдарды ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.

Ақша-несие саясатының құралдары: Пайыздық саясат – ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын орта қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарын құрайтындардың бірі. Яғни өзінің жаңа пайыздық нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Резервтік талаптар – банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “Қазақстан  Республикасының коммерциялық, кооперативтік  және жеке банктердің қызметтерін  реттеу туралы” Ережесіне сәйкес  міндетті резерв бойынша норматив 18-20% пайыз көлемі қарастырылған бұл ереже 1994 жылдың мамыр айына дейін қызмет етті. Осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

Банктердің міндетті нормативтерінің көбеюі 1994 жылдың І жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 сәуірінде бұл мөлшер 2,21, ал шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды.

Банк резервтерінң шамадан тыс өсуіне байланысты резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды, яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы – 15%-ға дейін төмендейді. Резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер жәнек тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

Несие операциялары – Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы 1994 жылғы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрайды.

Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты. Олар несие үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4-6 млрд. теңгеден 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды. Сөйтіп банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады. Өйткені несие қайтару жолы Қаржы министрлігінде ауысты.

 

2.2 Коммерциялық банктер

 

Коммерциялық банктер банк жүйесінің екінші деңгейін көрсетеді. Олар несие ресурстарының іскерлік бөлігін шоғырландырады. Қазіргі кезеңде коммерциялық банктер – бұл тікелей түрде ұйымдар мен кәсіпорындар, сонымен қатар халыққа қызмет көрсететін банктер. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер. Банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

“Коммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде банктердің сауда-тауар айырбасы мен төлемдері операцияларына қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің “коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Олар банктің “іскер” деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттерінің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасына қаржылық операциялармен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдермен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы септігін тигізеді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады. Бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар нысаны, бәсеке әдістер, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. 1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері. Ұлттық банктер мен штаттың банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды [5, 333-335].

ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген коммерциялық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің  мүше – банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алмайды.

Информация о работе Мунай газдың банктік нарығы