Мунай газдың банктік нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2014 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлар өнімдерінің дамуы мен айналымы әрқашан қатар жүреді әрі тығыз байланыста болады. Оның үстіне банктер ақша есептерін жүргізіп, шаруашылықты несиелеу және капитал бөлінісінде делдалдық қызмет атқару арқылы жалпы өндіріс күшін айтарлықтай арттырады, қоғамдық еңбектің өнім деңгейін өсіреді.

Вложенные файлы: 1 файл

Эконом.doc

— 313.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылы 30 тамыздағы №2444 Заңында І бөлім банктерді құрудың және олардың қызметінің негіздемесі мен шарты, І тараудың 1-бабында коммерциялық банктер туралы Заңында былай делінеді:

Банк, оның мәртебесі және тұрған жері

1. Банк – осы Заңға сәйкес  банк қызметін жүзеге асыруға  құқылы коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға.

2. Банктің ресми мәртебесі заңды  тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдар) (бұдан әрі – әділет органдары) банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің(бұдан әрі – Ұлттық банк) лицензиясы болуымен белгіленеді.

3. Банктіңресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға “банк” деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.

Коммерциялық банктердің ең негізгі принциптері өзінің аумағында жүргізіліп жатқан бірнеше операцияларының арқасында ең жоғары пайда алу. Ал негізгі функциялары болып:

- уақытша бос ақшалай қаражаттарды  жұмылдыру және оларды капиталға  айналдыру;

- халықты, мемлекетті және кәсіпорындарды  несиелендіру;

  • клиенттерге есеп айырысу бөлімі арқылы қызмет көрсету.

Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері мен операциялары.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әркеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімнің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлік қызметтерге бұрынғы салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуімен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер” туралы Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарту;

- клиенттер мен корреспондент  банктердің шоттарын жүргізу  және оларға кассалық қызмет көрсету;

- қайырымдылық, мерзімдік және төлемдік  шарттарымен заңды және жеке  тұлғаларға қысқа мерзімдік несие  беру;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің  немесе иемденушілердің тапсырмалары  бойынша капиталдық жұмсалымдарды  қаржыландыру;

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредетивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

- төлем құжаттарын сатып алу, сату  және сақтандыру, олармен басқа  да операциялар жүргізу;

- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын  үшінші тұлғалар үшін кепілдеме  және өзге де міндеттемелерді  беру;

- тауар тасымалын талап ету  құқығын сатып алу және қызмет  көрсету, сондай талаптардың орындалуын  және бұл талаптардың инкассациялық  тәуекелін өз мойнына алу;

- банктік операциялар бойынша  брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша  олардың агенттері ретінде әрекет  ету;

- клиенттер үшін құжаттар мен  бағалылықтарды сақтандыру бойынша  қызметтер;

- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз;

- клиенттердің тапсырмалары бойынша  сенімділік операцияларды (қаражаттарды) қарау және орналастыру, бағалы  қағаздарды басқару;

- банктік қызметпен байланысты  кеңес беру қызметін көрсету;

- лизингтік операцияларды жүзеге  асыру.

Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын құру; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету.

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

- уақытша бос ақшалай қаражаттарды  жинақтау (активтік операциялар);

  • қолма-қол есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті жүргізу;

- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі базалық қызметі. Коммерциялық банктердің базалық және оған қоса маңызды қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру.

 

Кесте 2

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға

несиелік салымдары

(млн, теңге)

 

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

1 шілде

Екінші деңгейдегі банктердің несиелері

Барлығы

Соның ішінде:

148830

276218

489817

672407

781805

Қысқа мерзімді

75426

143195

241185

289014

309015

Ұзақ мерзімді

73404

133023

248682

383393

472790


 

Халыққа берілетін несиенің түрі.

Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі.

Кесте 3

Эконимика салалары бойынша екінші деңгейдегі

 банктердің несиелері

(млн. теңге)

 

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

Несиелердің барлығы

Соның ішінде:

139070

276218

489817

672407

781805

Қысқа мерзімдік

69128

143195

241135

289014

309015

Өнеркәсіп

16049

42772

82845

81537

89238

Ауылшаруашылық

2755

12669

24527

35508

34661

Құрылыс

3606

4328

9419

13736

20552

Транспорт

281

3553

6245

7055

6275

Байланыс

2043

5473

9552

9777

8095

Сауда

23858

57366

85089

113609

117152

Тағы басқалар

20536

17033

23457

27793

33043

Ұзақ мерзімдік

69942

133023

248682

383393

472791

Өнеркәсіп

16271

41511

83968

149249

156499

Ауылшаруашылық

9001

13211

26073

41209

58549

Құрылыс

2118

7630

13572

28964

36470

Транспорт

4399

12956

14867

13208

13437

Байланыс

855

422

2077

3000

4461

Сауда

17535

34473

66229

84238

107627

Тағы басқалар

19763

22820

41896

63525

95747


 

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі.

Несиелік желілер – анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім шарт.

 

Кесте 4

Қазақстан Республикасының (мерзім бойынша) несиелері

(млн. теңге)

 

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

Теңгедегі несиелер

68547

135317

141284

211862

317626

Қысқа мерзімді

37356

69942

77752

113949

148240

Ұзақ мерзімді

31192

65374

63532

97913

169386

Шетел валютасындағы несие

80284

140901

348434

460545

46180

Қысқа мерзімді

38071

73253

163383

175065

160775

Ұзақ мерзімді

42213

67648

185149

285479

303405


 

Күтпеген оқиғаларға жұмсалатын қарыздар – қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.

  Басқарма – банк иелерінің, оның  акционерлерінің өкілетті органы  және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың негізгі қызметтері:

1. Банктің стратегиялық мақсаттарын  анықтау және оның саясатын  жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты  мен міндеттері және оған жетудегі  нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:

  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін клиенттер категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді белгілеу  саясаты;
  • банк қызметкерлерінің мөшері мен құрамы, олардың біліктілігін және т.б. арттыру бағдарламасы.

2. Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты  туралы жазбаша меморандум жасалмайды. Филиалсыз банктер үшін саясаттың  принципін құру, филиалы бар ірі банктерге қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.

3. Жетекші орынға адам таңдау;

4. Комитет құру;

5. Қарыздық және инвестициялық  операцияларға бақылау жасау;

6. Банк қызметін тексеру.

2001 жылдың қаңтар айында банк  қадағалауы бойынша Базельдік  комитет қолданып жүрген “1988 жылдың капиталы бойынша келісім”  орнына “капитал бойынша жаңа  Базельдік келісім” (“Жаңа Келісім”) жобасын жариялады. Бірінші нұсқа 1999 жылдың маусым айында дайын болды. Капитал жеткіліктілігінің жаңа құрылымы капитал бойынша реттеуіштік талаптардың ілеспе тәуекелдермен аса тығыз байланысын алдын-ала ескереді, сонымен қатар банктер мен банктік қадағалау органдарына капитал жеткіліктілігін бағалауға бірнеше вариант береді. Базельдік комитет қаржылық жүйедегі өзгерістерге сәйкес бейімделетін және барлық банктік сектор қауіпсіздігі мен сенімділігін жоғарылататын капитал жеткіліктілігін бағалаудың икемді жүйесінің негізін жасай алды деп санайды.

Қазақстан экономикасында шетелдік банктер айтарлықтай ерекше орын иеленеді. Қазіргі таңда шетелдік банктер республикадағы ең ірі банк бөлімшелерінің бірін құрайды. Бұл банктердің негізгі тұтынушылары болып табылатын шетелдік компаниялардың ретсіз әрі либералды үрдістері нәтижесінде экономиканы жаулап алуымен байланысты. Бүгінгі күні саны алтыға жеткен шетелдік банктердің көбеюі мынадай көптеген факторларға байланысты: шетелдік банктерді енгізу және олардың операциясын реттеу тәртібі; ел экономикасындағы сыртқы сауда-саттық пен тікелей шетелдік инвестицияның ролі; елде халықаралық қаржы орталықтарының, жекелеп айтқанда еуровалюта операция орталықтарының болуы; ұлттық рыногтың даму деңгейі, оның ішінде қаржы-несиелік және жергілікті операцияларды кеңейтудің перспективалары; салық сапалы деңгейі және технологиялық инфрақұрылымдардың күштілігі.

Информация о работе Мунай газдың банктік нарығы