Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:54, шпаргалка

Краткое описание

1.Фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ШПАРГАЛКА 2.docx

— 175.00 Кб (Скачать файл)

1.Фонетиканың зерттеу нысаны  мен салалары. Фонетиканың қазіргі зерттеу бағыты

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс.. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл  дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі  фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Фонетика (гр. фоне – дыбыс  деген сөзден алынған) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің  бір саласы. Фонетиканың негізгі  нысанасы – тіл дыбыстары. Фонетиканың  қарастыратын мәселелеріне мыналар  жатады: тіл, дыбыстардың пайда болуы, олардың іштей жіктелуі, бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы т.б.

Фонема (гр. дыбыс) – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға  септігі бар тілдің ең кішкене  функционалды бірлігі. Мыс: ат, ет, от, өт т.б. Бұндағы «т» фонемасы  бірде  жуан, бірде жіңішке, бірде езулік, бірде еріндік болып, біршама  ауытқу ерекшеліктерімен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп  танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, реңк тіл білімінде  аллофон деп аталады.

Қазақ тіліндегі 36 дыбыс акустикалық  артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай (дауыс қатысына қарай(  дауысты, дауыссыз болып 2 –ге бөлінеді.

Қазақ тілі фонетикасын зерттегендер: Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы, Х.Досмұхаметұлы, Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбек, С.Мырзабеков, т.б.

Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесін қарастырады.

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін  тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың  даму тарихын айқындайды.

Салыстырмалы фонетика белгілі  бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра  зерттейді.

Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі  техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф) көмегімен зерттеп, тіл  дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.

Физиологиялық фонетика –  тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.

Фонология  немесе функционалды фонетика тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.

 

 

2.Дыбыстың үш  аспектісі.  Дыбыстау мүшелерінің   қызметі және дыбыстардың   жасалуы

Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтан  оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек болады.

1.Анатомия-физиологиялық аспект. (артикауляторлы фонетика деп те атайды).

Адам денесінде тіл  дыбыстарын айтуға арнайы жоралған мүше жоқ. Тіл дыбыстары және олардың  жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатынастын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (тілшік бөбешік), тіс,

Таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Осылардың ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Көмейге орналасқан дауыс шымылдығы желбезек сияқты жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаың әсерінең) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды.

Дауысты дыбыстар осы тонңан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болса, қатаңдарда мүлдем болмайды. Қатаңдар салдырдап жасалады. \салдыр өкпеден шыққан (фонациялық) ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады.

2. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дібіыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) тербелістер арқылы тарайды. Дыбыстың ырғағы, күші, әуені, созылық-қылығы болады. Ырғақ тербеліс- тің жиілігіне, ал дыбыс күші тербелістің қарқынына байланыс- ты. Дауысты дыбыстар (а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Ал қазақ тілінде дыбыс созылыңыуылығы кездеспейді.

3. Лингвистикалық (функционалды) аспект. (функциональды фонетика деп те атайды).

Қарым-қатынас құралы тіл  тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Ең бастысы дыбыстардың адамзатқа  қызмет етуінде, яғни қоғамдық, әлеуметтік мәнінде деп білу керек. Осыдан келіп лингвистикалық аспекті жетекші орныңа жазады. Мұны фонология деп те атайды. Бұл фонема және оның қызметі тұрғысынан қарау деген сөз. Дыбыстардың өзіне тәп белгілері сол тілде сөйлеушілердің тарихи – қоғамдық тәжірибесіне, ұзақ замандар бойы қалыптастырған дәстүрлеріне байланысты болып келеді.

Қазақ тілінде дыбыс деген  сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген  ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс  шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына  да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.

Дыбыстау мүшелері: өкпе, тамақ, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, кішкене тіл, иек, жақ.

Сөйлеу мүшелері дегеніміз  – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын  дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары  дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.. Адамның  сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс  шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын  қуысы мен ауыз қуысы.

 

3.Дауысты және  дауыссыз фонемаларға тән ерекшеліктер. Үн мен салдырдың арақатынасы.  Қазіргі қазақ фонетикасындағы  дауысты мен дауыссыздардың саны  мен сапасы туралы

Қазақ тіліндегі 36 дыбыс акустикалық  артикуляциялық және басқа белгі-қасиеттеріне қарай (дауыс қатысына қарай(  дауысты, дауыссыз болып 2 –ге бөлінеді.

Дауысты дыбыстар (вокализмдер) Айтылғанда өкпеден ауа ешбір кедергісіз, екпінсіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Тілде мынадай 11 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, и, о, ө, е, у, ұ, ү, ы, і.

Қазақ тілінің ерекшелігіне жататындар - ә, ө, ұ, ү, ы, і.

Дифтонг дыбыстар: и, у (ы+й; і+й; ыу; іу; ұу; үу). Орыс тілінен енген  дауысты – э.

Жіктелуі.  Тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке. Жуан (гуттураль): а, о, ы, ұ, у (тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы).

Жіңішке (палаталь): ә, ө, і, и, ү, е, у ( тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы).

  1. Жақтың ашылуына қарай ашық, қысаң және жартылай ашық:

Ашық: а, ә.

Қысаң: ы, і, у, ұ, ү, и.

Жартлай ашық: о, ө, е.

  1. Ерін мен езудің қызметіне қарай еріндік және езулік болып бөлінеді:

Еріндік: о, ө, у, ұ, ү (еріннің  сүйірленіп ілгері созылуы арқылы).

Езулік: а, ә, е, ы, і, и (езудің кері тартылуы арқылы).

Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер). Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың саны бірде – 25, 26 болып келеді. 25 дауыссыз дыбыс бар деушілер щ дыбыс емес, әріп, ол созылыңқы ш дыбысының таңбасы дейді. Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар -15: Б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде  жоқ дауыссыздар – 5: Ғ, қ, ң, у, һ

Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар - 5: в, ф, х, ц, ч.

I Дауыстың (салдырдың) қатысына  қарай дауыссыздар 3-ке бөлінеді: Үнділерде дауыс басым да, салдыр  аз. Ұяңдарда, керісінше, салдыр басым  да, дауыс аз болады. Ал қатаң  дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды).

        А)  Үнділер: л, м, н, ң, р, й,  у.

        Ә)  Ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж,  з.

        Б)  Қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш,  с, һ, х, ц, ч.

II Айтылу (ауаның шығу) жолына қарай 3 топқа бөлінеді:

         А)  Шұғыл ( эксплозив): п, б, т, д,  г, к, қ, ц, ч, (м, н, ң)

         Ә)  Ызың ( фрикатив): в, ф, ғ, с, з,  ш, ж, х, һ, (л, й, у).

         Б)  Діріл: р.

Шұғыл фонемаларды айтқанда, дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң  шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды  айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл  дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

  III Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар  алдымен үш топқа бөлінеді:

1. Ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у.

2. Тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч,  к, г, қ, ғ, х, ң, н, л,  р, й.

3. Көмей (фарингаль) фонемасы: һ.

1. Ерін фонемалары өз  ішінен екіге бөлінеді:

1.1. еріндік: п, б, м,  у.

1.2. ерін мен тіс: ф,  в.

2. Тіл фонемалары үшке  бөлінеді:

2.1. Тіл алды: т, д, с,  з, ш, ж, ц, ч, н, л, р. 

2.2. Тіл ортасы: й.

2.3. Тіл арты: г, ғ, к,  қ, ң, х.

 

4.Дыбыс, әріп  және фонема. Олардың арақатынасы.  Қазақ тіліндегі фонеманың маңызы. Аллофон

Фонема (гр. дыбыс) – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды бірлігі. Мыс: ат, ет, от, өт т.б. Бұндағы «т» фонемасы  бірде жуан, бірде жіңішке, бірде езулік, бірде еріндік болып, біршама ауытқу ерекшеліктерімен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, реңк тіл білімінде аллофон деп аталады.

Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды  бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік  принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде  дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз  жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі  сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып  табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.

 

13.Транскрипция  және оның түрлері. Транскрипцияның  қолданылу орны. Транслитерация

Жазу (графика) тілдегі дыбыстардың  шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілідне қолданылып жүрген и, у, ю  әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбыстардың қосындысын бейнелейді.

М: и -1. ми (мый);         2. ки (кій);        3. мұхит (мұхұйт);       4. мүрит (мүрүйт).      5. институт.   

Тілдегі осы дыбыс пен  таңбаның арасындағы сәйкессіздікті болдырмау  үшін арнайы жазу – транскрипция    ( лат. Көшіру) қолданылады.

Транскрипцияның екі түрі жиі пайдаланылады: фонематикалық  және фонетикалық.

1)     ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір-ақ  таңбамен беріледі де, айтылуына жуық жазылады. Біздің жазуымыз – негізінен фонематикалық (фонемаға) негізделген жазу).

Қазіргі жазуымызда біршама  әріптер фонематикалық транскрипцияда өзгеріске түспей сақталады (ә, о, ө, ұ, ү, у, й, л, м, ң, ш, р, т), кейбір әріптер  сөз ішінде бірде дыбыс, бірде  әріп болып өзгеріп түрады.

М. Өлең, өнер, өзен, үлкен деген сөздерде е дыбысты да, фонеманы да бейнелемейді, ол тек әріп. Өйткені бұлардың транскрипциясы [өлөң],[өнөр], [үлкөн],[өзөн] болып таңбаланады. Яғни фонематикалық транскрипция cөзді неғұрлым айтылуына жуықтатады.

2. ФОНЕТИКАЛЫҚ транскрипция әр аллофонды қатаң ескеріп, дыбыстың (сөздің) айтылуын неғұрлым дәл беруді мақсат етеді.М: ат, ет, от, өт деген сөздердегі Т әр түрлі реңкке ие болады дедік. Фонетикалық транскрипция оған қ.....  о, е дыбыстарымен алдында ә...тек  у, е, й дыбыстарының естілуін де ескереді. Ол ерекшеліктерді көрсету үшін  ......падай белгілер қолданылады. М: о – еріндік; '/ - жіңішке; V – ұяң;  ^ - қатаң,: - созылыңқы; < - ашың, < - қысаң, т.б.

Сонда  жоғарыдағы сөздер былай өрнектеледі:

ат, йет', уото,  уөто. Ащы, басшы   деген сөздерді баш: ы түрінде (ш: - юзылыңқы) жазу керек болады.

Фонетикалық транскрипция бізде  толық қолдау тапқан жоқ. Оның үстіне техникалық жазу (дүние жүзі келіскен шартты таңбалар) қиындық келтіреді. Сондықтан қазақ тілінде фонематикалық  транскрипция жиі қолданылады. Бұл  екі тәсіл фонетикалық заңдылықтарды  жақсы білуді қажет етеді. Фонематикалық  транскрипция мына түрде келеді: кітәп (кіап), айғабақ (ай қабақ), айтат (айтады), божжорға (бозжорға) т.б.

 

15. Сингармонизм және оның түрлері. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігінің сақталу дәрежесі.

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу»  деген мағынаны білдіретін сөздері  бойынша жасалған термин.Тіліміздегі  байырғы сөздердің басым көпшілігі  не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке  айтылады.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "қазақ тілге"