Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа
Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................
Сонымен қатар кейбір ауруханалар пациенттерді тарту үшін барлық әрекеттерге бара бастады. Лас-Вегастағы «Санрайз» ауруханасы кеменің суреті салынған «Санрайз круизі» деген тақырыппен үлкен құлақтандыру бастырды. Онда «Санрайз» қайталанбайтын круизына жолдаманы ұту үшін «Санрайз» ауруханасына кез келген жұма не сенбі күні жату керек. «Жазылғандарға берілетін Жерорталық теңіздегі екі адамдық круизге жолдаманы ұтыңыздар» делінген. Финикстегі СВ.Луки ауруханасы әрбір кеш сайын өз ауруларына (кардиологиялықтарынан басқаларына) бинго ойынын ұйымдастырып, ол пациенттер тарапынан өте қызу қарсы алынып, 60 мың долл. Жылдық табыс келтірген. Филадельфияның ауруханаларының бірі жаңа туған балалардың ата-аналарына кесінді еттер бифштексі және шампен шарабын, жанған шырақпен тамақтануды ұйымдастырған[10, 523-524 б.].
Ондай болса доктор Дж.Маклареннің «Эванстон» ауруханасындағы жұмысының маңызы неде? Оның мақсаты – нақтылы аурухана қызметтерін насихаттау (қызмет маркетингі) тұтас аурухананы насихаттау (мекеме маркетингі), жетекші әрігерлерді түсіндіріп тарату (жеке адамдар маркетингі), Эванстон жерін сүйкімді округ ретінде түсіндіріп тарату (орын маркетингі) және денсаулықты жақсы сақтау ой пікірін насихаттау (идея маркетингі) [11, 113-114 б.].
Қорытындылай келе, қызмет көрсету маркетингісі ерекше сала болып табылатындықтан оның өзіне тән ерекшеліктері бар, осылардың бәрін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің де ерекшеліктері аталды. Сонымен қатар осы маркетингтік әдістерді шетелдің медицинасында қалай қолданып, сол арқылы тұтынушыларының санын көбейтуде. Еліміздегі қызмет көрсететін медициналық мекемелер жақында ғана маркетингке жүгіне бастады. Бұрында поликлиникалар үлкен сұранысқа ие болғандықтан маркетингті мүлдем қажет етпейтін, ал қазір нарықтық экономикалың қатынастарға көшумен байланысты маркетингтік зерттеусіз қызмет ету мүмкін емес.Сондықтан да еліміздегі денсаулық сақтау мекемелері қызмет көрсету кезінде маркетингтің әр түрлі құралдарын қолданудың дұрыс жолдарын табуы тиіс, бұл медицина саласының алға басуына дамуына ықпалын тигізеді[12, 9-11 б.].
.
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы
Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жағдайына тоқтала кетсек, елімізде ең көп қаржы бөлінетін саланың бірі денсаулық сақтау саласы екен. Жыл жылжыған сайын бұл салаға көптеп көңіл бөлініп, қаржы көлемі де артып келеді. Биылғы жылы денсаулық сақтау саласына 403 миллиард теңге бөлінген. Бұл 90-жылдармен салыстырғанда он есе артық. Денсаулыққа қатысты халықтың құқығын реттейтін 12-ге жуық заң бар. Алдағы уақытта осы заңдардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру мақсатында кодекс жобасы Парламент мәжілісінде қаралып жатыр.
Маман тапшылығы, әлеуметтік және кәсіби аурулардың көбеюі, тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмектердің ақшаға сатылуы және т.б. проблемалар дамуын тежеп отыр. Ең бастысы – маман тапшылығы. Бүгінде елімізде медицина саласына 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Әсіресе балалар дәрігері мен орта буын медбикелер. Алыс ауылдарға оқуды жаңа бітірген жас мамандар бармайды, ол қызметтерді зейнет жасындағы мамандар атқаруда. Өз кезегінде олар терапевтің де, акушердің де, травматологтың да қызметін атқара береді.
Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайлы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Денсаулық сақтау саласында 2006-2007 жылдары денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің біршама жақсарғанын, тұрғындарға көрсетілген медициналық қызмет сапасының артқанын және медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жағынан жарақтандырудың оңды үрдісі сақталғаны белгіленді. 2006 жылы жалпы сомасы 425,0 млн. теңгеге облыстың 43 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жасалып, оның 27 нысаны ауылдық денсаулық сақтауды қамтиды. 2007 жылдың басында тұрғындар саны медициналық ұйымдарды ашуға мүмкіндік беретін облыстың барлық елді мекенінде медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Медициналық ұйымдарды материалдық – техникалық жарақтандыруға бюджеттен 850 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде әрбір аудандық аурухана 40-50 млн. теңгенің осы заманғы озық медициналық құрал – жабдықтарын алды. Алынған құрал – жабдықтардың ішінде бұрын қол жетпей жүрген компьютерлі және магнитті резонанс томографы бар. Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдары және қалалық жедел көмек бекеті қосымша 30 автокөлікпен жарақтандырылды. Тұрғындардың арасында жоспарлы иммундық алдын алу іс-шаралары көп тараған жұқпалы аурулар көрсеткішін де төмендетуге мүмкіндік берді. Әсіресе, залалы мен зардабы басым жұқпалы ауруларға, оның ішінде тұмауға қарсы күрес күшейтілді. Соның нәтижесінде соңғы жылдары тұмауға шалдығу көрсеткіші шекті межеден асқан жоқ. 2007 жылы сомасы 1,3 млрд. теңгеден астам денсаулық сақтаудың 17 объектісі пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 1372,8 млн.. теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде ядролық-магнитті резонансты томограф пайдалануға берілді, пациенттер үшін қан препараттарының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, облыстық қан орталығы үшін жоғарғы технологиялық жабдық сатып алынды.
Жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруының және жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау іс-шараларының нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал қалыпты күйін сақтап келеді[13].
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуын көздейді. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы негізінде әзірленді. Мақсаты: елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Бағдарламалық мақсаттар:
1. Денсаулықты сақтау мәселелерінде бүкіл қоғам күштерінің келісушілігіне қол жеткізу арқылы қазақстандықтардың денсаулығын нығайту.
2. Бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Бағдарламаның негізгі бағыттары,
қойылған мақсаттарға
қол жеткізу жолдары және тиісті шаралардың
негізгі бағыттары:
Екі кезеңнен тұрады:
1-кезең: 2011 – 2013 жылдар
2-кезең: 2014 – 2015 жылдар
Кесте 3
Нысаналы индикаторлар
Нысаналы бағыты |
Күтілетін нәтиже | |
2013 жылға қарай |
2015 жылға қарай | |
халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы |
69,5-ке дейін |
70 жасқа дейін ұлғаюы |
ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда |
28,1-ге дейін |
24,5-ке дейін төмендеуі |
нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда |
14,1-ге дейін |
12,3-ке дейін төмендеуі |
жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда |
8,14-ке дейін |
7,62-ге дейін төмендеуі |
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда |
98,1-ге дейін |
94,7-ге дейін төмендеуі |
15-49 жас аралығындағы жас тобында
АИТВ инфекциясының |
Жоғарыда келтірілген кестеде осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысында күтілетін нәтижелердің тізімі көрсетілген. 2015 жылға қарай халықтың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғаяды деп жобаланып отыр. Бұл әрине, өте жақсы көрсеткіш. Жалпы өлім-жітімнің көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге азаяды және туберкулезбен сырқаттанушылар санын 100 мыңға шаққандағы санын 98,1-ге 2013 жылға қарай, ал 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеу жоспарланып отыр.
Кесте 4
Бағдарлама бюджеті
млн. теңге
Жылдар |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Басқа көздер |
2011 |
65 262,7 |
64 700,3 |
562,4 |
|
2012 |
79 966,9 |
75 312,1 |
454,8 |
4 200 |
2013 |
74 059,4 |
69 367,9 |
491,5 |
4 200 |
2014 |
79 086,1 |
74 290,5 |
595,6 |
4 200 |
2015 |
81 983,8 |
72 926,0 |
657,8 |
8 400 |
Барлығы |
380 358,9 |
356 596,8 |
2 762,1 |
21 000 |
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені құрайды. Бағдарлама бюджеті аясында ағымдағы 2011 жылдың бюджетін қарастырсақ, барлығы 65 262,7 млн. теңге жұмсалса, оның 64 700,3 млн. теңгесі республикалық бюджетте болса, жергілікті бюджетте 562,4 млн. теңгеге жетеді[14].
Кесте 5
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына SWOT талдау
Күшті жақтары:
|
Әлсіз жақтары:
|
Мүмкіндіктер:
медициналық және фармацевтикалық ғылымның дамуы, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы;
|
Қауіптер:
|
Осы сияқты 2005-2010 жылдары жүргізілген бағдарлама нәтижесінде біраз жұмыс атқарылды. 2009 жылы Астана қаласындағы «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ базасында ядролық медицина құрылды. Мұнда 2010 жылдан бастап дайын радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін циклотрон мен позитрондық-эмиссиялық томография әдісі енгізілді. Бұл жабдық аурудың алғашқы сатысында клиникалық симптомдары пайда болғанға дейін анықтауға және неврологиялық, кардиологиялық, ең бастысы онкологиялық ауруларды емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Республика халқы үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қымбат тұратын емшара тегін жүргізіледі. Радиохимиялық зертхана да барлық ядролық медицина сияқты америкалық және бельгиялық жабдықтармен жарақталды. 2010 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде зерттеулер жүргізілді, 2011 жылы да бұл жалғасын табуда. Өмір сүрудің 5 жылдық көрсеткіші де біртіндеп көтеріліп келеді. 2007 жылы азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы 45,0%-ға, 2010 жылы 47,2%-ға жоғарылады.
Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 94-орында (2007 жылы –130,0 орын) және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияда тұр.
Қазіргі уақытта 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаның 1-кезеңі (2011-2013 жылдар) жүзеге асуда. Дегенмен нақты орындалып жатқан іс-шаралар жайлы халық хабардар емес. Сондықтан да денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтың БАҚ берген сұхбатынан қазіргі кездегі осы бағдарлама аясындағы іс-шаралар тізбегін және жағдайына тоқталып кетейік:
Біріншіден, ұлттық скринингілік бағдарламаны енгізу арқылы халықтың белгілі бір топтарын тексеру нәтижесінде аурулар тізбесі әзірленді. Тиімді профилактикалық жұмысты үйлестіру, халықтың нысаналы топтарын скринингілік зерттеумен толық қамту жөнінде министрдің бұйрығы шықты. Медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, медицина қызметкерлерін түпкі нәтижеге ынталандыру ниетінде «Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 бұйрығы әзірленді. Онда еңбек нәтижесіне қарап бағалау өлшемдерін пайдалана отырып, көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі мен сапасына қарай үнемделген қаражат есебінен үстеме төлеу тәртібі көзделген. 2011 жылдың 6 айының қорытындысымен барлық облыстарда денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу жүзеге асырылды. Алайда, өңірлердің бірқатар ұйымдарында үнем болмағандықтан төлем жүргізілмеді.
Өткен жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Оған арқау болған негізгі желі, емделушілердің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауына, бәсекелестікке бел буған ортаны қалыптастыруға, денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті нәтижеге және медициналық қызмет көрсету үдерісінің ашықтығына бағдарлау еді. Осы қағидаттарды қамтамасыз ету арқылы таңдап алынған медициналық ұйымға «сапалы емге – қомақты қаржы» тарту болатын. Портал арқылы жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрінің арнайы бұйрығымен бекітілген. Порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманың электрондық нысанындағы тиісті жолдарды толтыру арқылы порталға жолдаманы тіркейді. Нұсқаулықта жазылған талаптарда емделушінің денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауы, қолжетімділігі, ашықтығы, құқығының қорғалуы айқын көрсетілген. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында стационарды өз еркімен таңдау қағидасының арқасында 398 мыңнан астам адам жоспарлы тәртіппен ем алды. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары стационарлық ем алуда медициналық ұйымдарды, оның ішінде республикалық клиникаларды еркін таңдай алады. Осы кезге дейін таңдау құқығын 186 мыңнан астам ауыл тұрғыны пайдаланды. Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркелгендердің 43%-ын ауыл тұрғындары құрады. Республикалық клиникаларда емдеуге жатқызылғандардың 29 пайызы жергілікті жерден келгендер. Одан басқа облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының, өңірлік комиссиялардың жолдамалары бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмекті 7249 ауыл тұрғыны алды. Бұл барлық емдеуге жатқызылғандардың 31 пайызы еді.
Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы