Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа
Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................
2011-2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан»
Әуе санитариялық көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін жақсарту мақсатында, биыл «Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы» АҚ базасында республикалық санитариялық авиация ұлттық орталығы ашылды. 16 санитариялық тікұшақ сатып алынып, пайдалануға берілмек[15].
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге сүйенген медициналық жоғары білім берудің жаңа бағдарламалары іске асырылуда.
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде медицина кадрларының біліктілігін шетелде арттыруға, шетелдік жетекші мамандарды Қазақстан Республикасына тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.
Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады. Бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14%-ға дейін, 2015 жылға қарай 16%-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту, денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жарақтандыру және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру көзделген[14].
Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған. Денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда. Тариф белгілеудің объективтік емес қолданыстағы жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дербестігінің төмендігі мен білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді ұсынушылардың бәсекелестігін дамытуды тежейді. Медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40%-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай қиындатады. Өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу де байқалады [Қосымша 1].
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайын статистикалық тұрғыдан сипаттасақ, ҚР Статистика Агенттігі мәліметтеріy келтірейік.
Статистикалық мәліметтердің теориялық негіздерін атап өтсек:
Жалпы дәрігерлер санына жыл аяғына емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, кадрлар дайындаумен айналысатын мекемелерде, денсаулық сақтау органдарының аппараттарында және басқаларда жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар барлық дәрігерлер кіреді.
Жалпы орта медициналық қызметкерлер санына орта медициналық білімі бар емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйінде жұмыс істейтін (тіс дәрігерлері – дантистерді қоса) барлық адамдар кіреді.
Аурухана мекемелерінде қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған және аурулар қабылдауға дайын төсек жыл соңында, аурулар бар немесе жоқтығына қарамастан, есепке алуға жатады.
Халыққа амбулаториялық - емханалық көмек көрсететін ауруханалық ұйымдар санына амбулаториялық қабылдау (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, аурухана мекемелеріндегі емханалық бөлімдер, дәрігерлік денсаулық пункттері және басқалары) жүргізетін барлық медициналық мекемелер кіреді[16].
Сурет 1. 10 000 адамға шаққандағы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің саны
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп, келесі тұжырымға келуге болады. 2010 жылы 10 000 адамға шаққандағы барлық мамандықтағы дәрігерлер саны 87,5-ті құраса, орта медициналық қызметкерлердің саны 38,8-ді құрайды. Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны 2003 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға өссе, орта медициналық қызметкерлердің саны 6,3%-ға артқан.
Сурет 2. Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны
Жоғарыдағы сурет 2-ге назар аударсақ, бірінші көк түсті бағанша барлық Қазақстан, ал екінші қызыл түсті бағанша Алматы қаласы бойынша көрсеткіштерді көрсетеді. Барлық мамандықтағы маман саны 2010 жылы 63855 адам болса, Алматы қаласында 11266 адам. 2009 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға Қазақстан бойынша, ал Алматы қаласын бойынша 8,2%-ға артқан.
Ал төмендегі суретке назар аударсақ, барлық мамандықтағы дәрігерлер санының 1991 жылдан 2010 жылға дейінгі өсу-кему динамикасының сызығын көре аламыз.
Сурет 3. Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны
Бұл динамика сызығына қарасақ, 2000 жылға қарай саны азайып, 2001 жылдан бері өсу динамикасын байқай аламыз. 2010 жылға көрсеткіш шамамен 60 пен 70 мыңның арасында орналасады. Ал келесі суреттен орта медициналық қызметкерлер санының 1991-2010 жылдар аралығындағы динамикасын байқай аламыз.
Сурет 4. Орта медициналық қызметкерлер саны, мың адам
1991 жылдан 2000 жылға дейін төмендеп, 2001-2010 жылдар аралығында өсуін байқай аламыз. 2010 жылғы орта медициналық қызметкерлер саны шамамен 150 мыңға жетеді. 5-суретте ауруханалық ұйымдар санының өзгеріс сызығын көре аламыз.
Сурет 5. Ауруханалық ұйымдар саны
1991-1993 жылдар арасында
өсіп келе, 1993-1999 жылдарда күрт
төмендеп кеткен, тек 2000 жылдан 2006 жылға
қарай өсу динамикасы
Денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдамас бұрын Алматы қаласындағы және жалпы Қазақстан бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің санына тоқталсақ, Статистика Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек:
Сурет 6. Ауруханалық ұйымдар саны
Жоғарыда көріп тұрған сызбадан байқасақ, 2010 жылғы мәлімет Қазақстан Республикасы бойынша 998 болса, Алматы қаласы бойынша 62 бірлік. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2%-ға және 1,6% азайған[16].
2.2 «ХАҚ» және
«Сұңқар» денсаулық сақтау
Алматы қаласындағы ақылы қызмет көрсететін медициналық мекемелердің сапасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. «Жалпы Алматы қаласындағы ақылы медициналық қызмет көрсету сапасы Сізді қанағаттандырады ма?» деген сұраққа респонденттердің 36%-ы ғана «иә» деп жауап берген. Демек толығымен тұтынушылардың көңілдерінен шықпайды. Қанағаттандырмайтын жақтарының басымдылығы – медициналық қызметтің ұйымдастырылуы. Ал «Сізді ақылы медқызмет көрсету бағасы қанағаттандыра ма?» деген сауалға басым көпшілігі, яғни, 40%-ы «жоқ» деп жауап берді. Демек, бағалар деңгейі жоғары. «Неліктен ақылы медициналық қызметпен қолдандыңыз?» дегенге респонденттердің 44%-ы «Мемлекеттік мекемелердегі қажетті қызметті ұзақ күткендіктен» деп жауап берді. Шынымен-ақ, мемлекеттік медмекемелерде кезекте тұру өте ұзақ уақытты алады. Сондықтан қазіргі кезде жеке меншік мекемелерге уақыт үнемдемек азаматтар жүгінеді. «Ақылы медмекемелердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін қалай бағалайсыз?» деген сұраққа респонденттердің 2/3-і төмен деп бағалады. «Қызмет көрсетудің қай жағын жетілдіру керек деп ойлайсыз?» - респонденттердің ұсыныстары бойынша ең алдымен баға деңгейін жетілдіру керек дейді, кейін нәтижелігі де жетілуі тиіс деген пікір білдіреді [Қосымша 2,3].
Алматы қаласындағы осындай ақылы медициналық мекемелер «ХАК» және «Сұңқар»-дың маркетингтік іс-әрекетін талдап өтейік. Алдымен әрқайсысына толық негізгі мәлімет бере кетейік.
«ХАҚ» медициналық орталығы – Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындары мен заңды тұлғаларға кешенді медициналық қызмет көрсетуге маманданған көп профильді емдеу мекемесі. Медициналық орталық өз қызметін 2002 жылы 1 қыркүйекте фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етумен бастап, ал медициналық қызметті 2002 жылдың 1 қарашасынан жүзеге асырады. Медицина орталығы денсаулық сақтаудың халықаралық және қазақстандық стандарттарына сәйкес қызмет атқарады. «ХАҚ» медицина орталығы емделушілерін диагностикалау және емделу үшін Жапония, Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, АҚШ-тың атақты өндіруші фирмаларының соңғы үлгідегі заманға сай жаңа құрылғыларын қолданады. Қазіргі кезде медорталықта жоғары квалификациялы, ғылыми дәрежемен және жоғары дәрігерлік санаттарға негізделген мол кәсіби тәжрибесі бар мамандар қызмет етеді. Осы дәрігерлер құрамасына алдыңғы қатарлы мемлекеттік медициналық мекемелер және ғылыми институттарда, Қазақстан Республикасының ірі жеке меншік емделу мекемелерінде өз біліктілігімен ерекшеленген медицина ғылымдарының докторлары, медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғары квалификациялы дәрігерлер, профессорлар қызмет етеді. Мекемеде үнемі жаңа қызмет көрсету түрлері ұсынылады, персоналы үнемі квалификация жоғарылату курстарын өтеді, диагностика мен емделудің заманауи әдістері енгізіледі. Өзінің қызмет көрсеткен мерзімі шегінде медорталық емделушілерінің жоғары бағасына ие болды. Бағалары азаматтардың барлық санаттарына қолжетімді. Медицина орталығында бірнеше рет қаралуға келген және операция жасалған емделушілерге жақсы жеңілдіктер жасалған[17].
Алдымен «ХАК»-тың логотипіне көңіл бөлейік: көзге жағымды көк түс, және жазуы ерекше есте қаларлық жақсы дәрежеде жасалған.
Сурет 7. «ХАК»-тың логотипі.
Коммуникациялық құралдардың бірі – қызмет туралы ақпарат тарату. Оны көбіне интернет сайттар арқылы жасайды. «ХАК»-тың интернет сайты бар: www.hak.kz. Сайтта қызмет туралы барлық мәлімет қамтылған. Қызмет ассортиментінің бағалары жазылған прайс-листі бар. Басты кемшілігі – мәліметтердің барлығы тек орысша, мемлекетіміздің ұлттық тілі – қазақша мәлімет мүлдем жоқ. Бұл әрине үлкен кемшілік. Ұсынатын қызмет көрсету ассортименті өте кең. Медицина орталығы келесі бөлімдерден тұрады:
Әр бөлімге арналған толық мәлімет берілген. Медорталықтың ішкі, сыртқы көрінісі мен дәрігерлерінің қызмет көрсету кезіндегі суреттері, құрылғылары, лабораторияларының суреттері орналастырылған. Төмендегі сурет 8, 9 және 10. Заманауи құрылғыларды қолданады, қызметкерлерінің көпшілігі жоғары дәрежелі медицина мамандары.
Сурет 8. Жедел жәрдем көлігі
Сурет 10. Кинезотерапия бөлімі.
10% жеңілдік беріледі:
Дегенмен де сайттың жалпы дизайны қарапайым, тартымды емес.
Қызмет көрсету сапасын шынайы бағалау үшін тұтынушлардың пікірін білген жөн, сондықтан «ХАК» медицина орталығының емделушілерінің пікірін атап өтейік.
Емделуші №1: «Гинекологтары ұнамады, неге екенін айтпай-ақ қояйын. Физиоемделу онда жақсы, бағасы да қолжетімді. Ал массаж маған қатты ұнады.»
Емделуші №2: «Орналасу жері жаман, емделушілердің де контингенті жақсы емес, адамдардың саны өте көп. Дегенмен неврапотологы жақсы.»
Емделуші №3: «Енді сенім жоқ, тек ақшаны босқа кетірдім.»
Емделуші №4: «Көпшілік халықтың айтуынша жағымсыз пікірлер естідім, енді бармаймын, анализ қорытындалары да дұрыс емес.»
Емделуші №5: «Барлығы дәрігерге байланысты деп ойлаймын.»
Емделуші №6: «Енді аяқ баспаспын ХАК-қа, гинекологқа 3 жыл бұрын барғанмын, көп ақшаны текке құрттым, жаман анализ қойды, бірақ оның өзі қате болып шықты.»
Емделуші №7: «Медбикелері өте дөрекі.»
Осындай қоғам пікірін ескере отырып әр тұтынушы өз шешімін қабылдай алады. Байқағанымыздай көпшіліктің көңілінен қызмет көрсету сапасы шықпаған. Бұл әрине медицина орталығының престижін түсіреді.
«Сұңқар» медициналық компаниясы медициналық қызмет көрсету нарығында 15 жыл қызмет етіп келеді. Компания ұжымында жоғары квалификациялы мамандар қызмет істейді: халықаралық сертификаттары бар дәрігерлер, өндіруші-зауыттарда оқыған сервистік инженерлер.
Диагностикалық және лабораториялық құрылғылардың кең өрісі ұсынылған. Эксперттік дәрежеде зерттеулер жүргізуге мүмкіндігі мол.
Қазақстан республикасының аумағында бiздiң серiктес мамандар жаңа технологияларды үнемi енгiзедi: ЭКГ және Ээг сандау және берiлу - мәлiметтер, томография суреттерiнiң қашықтығында; ұрықты - шулы қан айналуды ұзақ барлау; сомнологияларда: СНОны бұзылыстарының диагностика және емдеуi; эндокринологияларда: инсулин помпасы - адам организмға инсулинның жеткiзуiн өзi қазiргi және қисынды әдiс және т.б.
Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы