Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа
Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................
«Сұңқар» медицина компаниясының стратегиясында оның қандай күшті жақтарын қолдануға болады. Медицина компаниясының интернет сайты өте жақсы дәрежеде безендірілген, өзіне тән ерекше логотипі бар, өте кең қызмет көрсету ассортименті бар және осылардың құны жазылған прайс-листін онлай қарауға мүмкіндік бар. Жаңа заманауи құрылғылар, білікті мамандар, профессор мен докторлар, жоғары санатты дәрігерлер қызмет сапасын көтереді, тұрақты тұтынушыларына дисконт картасы 20 пайыз жеңілдік ұсынады. Ерекше тұтынушы ретінде емделуші аты-жөні көрсетіледі, осы арқылы тұтынушы тартуды көздейді, мемлекеттік бағдарлама «Саламатты Қазақстан» аясында өз үлесін қосуда, скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Тұтынушылар ыңғайлығы үшін онлайн тіркелу, нақты уақытын күнін уйде отырып-ақ белгілеуге болады. Медициналық қызмет нарығында 15 жыл тәжрибесі бар, Алматы қаласында 5 орталығы бар, сайтында сол әр орталыққа қалай жетуге болатын картасы да берілген, диабетке арналған тегін сайт демеушісі болып табылады. Осындай артықшылық пен күшті жақтары туралы тұтынушыларын толықтай хабардар ету үшін ақпаратты қарқынды жарнамалық іс-шаралар арқылы, радио, теледидар, газет-журналдар көмегімен тарату. Осының арқасында тұтынушылар санын арттыру. Зерттеу барысында байқап отырсақ, емделушілердің пікірлерінің ішінде жақсыларымен қоса, жағымсыздары да баршылық, оысндай тұтынушылардың ескертулерін алға қоя отырып қызмет көрсету сапасын көтеру. Үнемі медициналық қызмет нарығына зерттеулер жүргізу, бақылау жасап отыру, бәсекелестерінің маркетингтік стратегияларын зертеу, тұтынушаларының қажеттіліктерін анықтап, оларды толығымен қанағаттандыруға іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру, ұйым престижін көтеру аясында акциялар ұйымдастыру, БАҚ арқылы жағымды ақпарат тарату. Мәселен, «Сұңқар» өзін «Саламатты Қазақстан» бағдарламаның белсенді қатысушысы ретінде өзінің мәртебесін арттыруда. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылу менеджементін жетідіру, маркетингтік стратегиялық бөлімінің маңыздылығын түсіне отырып, қызметіне үлкен демеу жасау.
Қорытынды
Қызмет көрсету маркетингісі ерекше сала болып табылатындықтан оның өзіне тән ерекшеліктері бар, осылардың бәрін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің де ерекшеліктері аталды. Сонымен қатар осы маркетингтік әдістерді шетелдің медицинасында қалай қолданып, сол арқылы тұтынушыларының санын көбейтуде. Еліміздегі қызмет көрсететін медициналық мекемелер жақында ғана маркетингке жүгіне бастады. Бұрында поликлиникалар үлкен сұранысқа ие болғандықтан маркетингті мүлдем қажет етпейтін, ал қазір нарықтық экономикалың қатынастарға көшумен байланысты маркетингтік зерттеусіз қызмет ету мүмкін емес.Сондықтан да еліміздегі денсаулық сақтау мекемелері қызмет көрсету кезінде маркетингтің әр түрлі құралдарын қолданудың дұрыс жолдарын табуы тиіс, бұл медицина саласының алға басуына дамуына ықпалын тигізеді.Медициналық кәсіпорын туралы тұтынушылардың үш пікірі болады: келгенге дейінгі, келіп қызмет көрсетілген кездегі пікір және одан кейінгі қалатын пікірі. Бұлар пікірдің бірінші, екінші және үшінші түрлері.
Бірінші түрлі әсерді тұтынушы үш тәсілмен алады, ол медицина мекемесінің жарнамасын радио, газет және теледидар арқылы танысады. Мысалы, «Сұңқар» мекемесінің жанында өтіп бара жатып көшеде көзі түсуі мүмкін. Бұл кезде мекеменің сыртқы көрінісі коммуникациялық заряд әкеледі. Не таныстар, достар және туыстардан сол мекеме туралы есту арқылы алады.
Екінші түрлі әсерді сол мекеменің қызметін қолдану кезінде алады. Мекеменің ішкі дизайны, жарықтандыруы, жайлылығы, тіпті өсімдіктер мен суреттермен безендірілуі әсер етеді, тіркеу бөлімінде отырған қызметкерлердің қарым-қатынасы, жылы шырайлығы.
Қызмет көрсетіліп болған соң оның бағасы мен сапасына сәйкес пе жоқ па соны анализдайды. Кеткен кезде ол өзінің қанағаттанған не қанағаттанбағанын сезеді.
Маркетинг коммуникацияларын басқарушысының бақылау өрісі мекеме жарнама бюджетінен әлдеқайда кең жату керектігі сөзсіз. Оның міндеті – фирманың бүкіл қауымы өздерінің басты мақсаты жоғары сапалы қызмет атқаруы және кәсіпорын бағасы қолайлы екендігіне тұтынушыларды сендіруі керек.
Өтімді коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында, мекеме тиімді құлақтандырулар беру үшін жарнама агенттіктерін, мадақтау бағдарламаларын дайындап, жүзеге асырушы мамандар мен мекеменің бет-бейнесін жасаушы көпшілік пікірін ұйымдастырушы мамандарды таңдайды.
Алдында аталып өткен маркетинг коммуникацияларының кешенінің 4 негізгі элементі аталды. Әр категория өзіндік арнайы сауда презентациясы, тауарды сататын жерде экспозициялау, сувенирлер көмегімен жарнамалау, арнайы көрмелер, жәрмеңке, демонстрациялау, каталогтар, сауда – жарнама әдебиеттері, пресса, жарнама – ақпарат іріктеулері, плакаттар, конкурстар, сыйлыққа, купондар және зачет талондары сияқты коммуникация әдістері тән [2, 351-352 б.].
Алдында жасалған медициналық мекеме қызметіне SWOT талдауда біршама кемшіліктері аталды. Соның ішінде тұтынушыларының жағымсыз пікірлері, бағаның жоғары болуынан бұрын, қызмет көрсету сапасының төмендігі, тіпті кейбір тұтынушылар мемлекеттік медициналық мекеменің қызметімен тең қойды. Кезекте адам санының көптігі, персоналдың дөрекілігі, немқұрайлы қарауы, кейбір қызметкерлердің біліктілігінің төменділіге шағым өте көп. Тұтынушалардың кейбіреулеріне медицина орталығының орналасу аймағы ұнамайды. Тағы бір кемшілік интернет сайттарындағы мемлекеттік тілде болмауы, жарнама мен ақпарат тарату көздерінің аздығы.
Алматы қаласында орналасқа «ХАК» медицина компаниясы мен «Сұңқар» медицина компанияларынf SWOT талдау жасау арқылы оның маркетингтік іс-әрекеттерінің қандай жағдайда екені анықталды. Біршама күшті жақтары болғанымен, кемшіліктері жетерлік, сондықтан да осындай әлсіз жақтарын болдырмау үшін шаралар жүйесін ұйымдастыру қажет.
Осы проблемаларды анықтай отырып жетілдіруге келесі ұсыныстарды атауға болады:
Осындай ұсыныстарды іс-жүзінде жүзеге асырған жағдайда еліміздегі әрбір медицина мекемесі өз қызмет көрсету сапасын көтеріп, тұтынушылар санын көбейту арқылы табысын көбейтеді, медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестік дамытып, баға деңгейі де реттеледі, тұтынушылар қажеттілігі толығымен қанағаттандырылып, қоғамда азаматтар денсаулығын да жақсартуға мол мүмкіндік туындайды деген алдағы уақытқа үмітіміз мол.
«Басты байлық – денсаулық» демекші денсаулық сақтау саласының алға басуы, өмір сүру сапасының бір факторы болғандықтан, елдің жалпы әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға ықпал етіп қана қоймай, жалпы экономикалық тұрғыдан дамуға мол мүмкіндік алады. Мәселен жақында жасалған әлемдік елдер рейтингісінде табыс деңгейі орташадан жоғары елдер ішінде бірінші орынды Швейцария иеленсе, жоғары табыс табатын елдер ішінде Испания алдыңғы қатарда. Осылайша үздік елде үздік, дені сау халық, мықты денсаулық жүйесі дамыған десек те болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
услуг как основа поиска дополнительных источников финансирования. Экономика здравоохранения. – 2004. – № 9.
Қосымша
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әзірлеу үшін негіз |
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаның мақсаты |
Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Міндеттері |
Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру; медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Іске асыру мерзімі |
2011 – 2015 жылдар бірінші кезең: 2011 – 2013 жылдар екінші кезең: 2014 – 2015 жылдар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нысаналы индикаторлар |
Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015
жылға қарай нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015
жылға қарай жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі; 15-49 жас аралығындағы жас тобында
АИТВ инфекциясының | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Бағдарламаны іске асыруға 2011 – 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені құрайды.
2001 – 2015 жылдарға арналған |
Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы