Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Баланың жас ерекшелігіне орай дүниетанымы ересектер көзқарасымен қаншалықты сәйкес келмейтін болса, оның күнделікті тіршілігі, өзіндік өмірлік мұрат, қиял арманмен, ойынмен өрнектелген өмір күйі соншалықты ерекше.
Балалар фольклорын олардың сөйлеуін
дамытуда пайдалану өте тиімді. Фольклордың
ғибратты сөздері, логикалық ойлары,
бейнелі сөздері тілді тереңдет
Кіші мектеп жасындағы баланың қабылдауы да, есте сақтауы да біршама ұзақ даму жолынан өтті. Енді оларды әрі қарай жетілдіру үшін көрнекті ойлаудан сөздік логикалық ойлауға көшуді қажет етеді. Көрнекілікке негізделген нақты ұғымның орнына енді нәрсенің, құбылыстың ішкі құрылымын және олардың ара-қатынасын мазмұндайтын ұғымды қалыптастыру қажеттілігі туады. Бұл процесті іске асыруда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты тиімді әдістермен оқытудың рөлі зор. Ол баланың сөздік қорын, ойлануын, сөйлеуін дамытуда маңызды қадам болады.
Тіл дамыту әрекеті баланың ақыл-ойын жұмысымен тығыз байланысты.
Тіл - сөйлеуге қажетті өлі материалдың жиынтығы болса, сөйлеу - сол материалдың жанданып іске қосылуы, қарым-қатынас айналымына түсуі. Тілдің жаны, тіршілігі осы сөйлеуде. Тіл дамыту тілді жетілдірумен қоса ойды да дамытады.
Балалар сөйлеуін, олардың сөйлеу қызметін зерттеу тілшілер мен психологтарды әсіресе, 19 ғасырдың соңында көбірек қызықтыра бастады.
Осы кезеңде түрлі жастағы
балалар тілі стилистикалық әдіс-
Атап айтқанда, Н.А.Рыбников, А.Н.Гвоздев, Э.Штейнфельдт, А.Люблинская, М.Р.Львов балалар сөйлеуін кватитативтік эдіспен зерттеушілердің алғашқы өкілдері болды. Қ.Молдабек 70-жылдардағы мектепке дейінгі топтардаоқушылары мен балалар әдебиеті мәтіндерін лингвостатистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар сөйлеуінің даму динамикасын анықтауға біраз еңбек сіңірді.
Балалалар әдебиетінің өсу-даму қарқыны, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы Қазақстан оқу комиссариатының «Жас балалар кітабына қойылатын шарттар» атты (Жаңа мектеп, 1927) нұсқау хатында бастауыш жастағы оқушылар үшін жазылатын әдебиетке мынадай талаптар қойылады: «Бала кітабы жай бір қара тақпақ тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, сөйлеуін байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Балаларға кітап көзге елестерлік болсын. Балаларға кітап жазамын деген кісі ел әдебиетін, ел ертегісін зерттесін. Бұл жастағылар нәрсенің сыртқы пішінінен көп әуескерлік болады. Сондықтан суреттің әсері мықты болады. Кітап суретті болуы керек. Суретпен бірге сөз болса, қысқа және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл байлығының қоры осы жаста жиналады».
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы жас ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай баланың дүниеге келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-бір жауапты - ата-ана екендігін көрсетті. Сондықтан да, бала ес біле бастаған күннен бастап, отбасында тәрбиеленуі керек десе, балаға білім берудің, ғылым игерудің мәні жайында жан-жақты тоқталды. Қазақ халқының классигі А.Құнанбаев әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді, поэзия алдымен халық өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі, шындықтар суреттелуін талап етті. А.Құнанбаев адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: көріп, естіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абайдың балаларға үлгі боларлық, өнеге тұрарлық 7-қара сөзінде жас баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте көбінесе жан азығына (білімге, өнерге, әсемдікке) ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан арылтуды өсиеттейді. Ол жас баланың психологиясын еске алып, талдаған. Бала тәрбиелеу ісінде Абай оларды тіпті жас шағынан тәрбиелеу қажеттігін ескерткен. Баланың психологиясын еске алып, дұрыс тәрбие беріп отыру, олардың болашағын қамтамасыз етуде ата-аналардың да жауапкершілігін естен шығарған емес. Осындай ойды жинақтай келе Абай: «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген қорытынды жасады.
Ұлт мұраты, ұрпақ қамы хақында Алаш арыстары ерен еңбек етті. Айталық, М.Жұмабаев «Педагогика», «Тәрбие» деген еңбектерін жазып жариялады. «Мектептен бұрынғы тәрбие» деген еңбегін талдасақ, төмендегідей тараулардан түрады: Кіріспе, Сөз басы.
Аталған еңбектің кіріспесін, яғни алғы сөзін оқу-ағарту саласындағы ірі тұлға халқымыздың көрнекті лингвист-ғалымы, тюрколог, ақын А.Байтұрсынов жазған еді. Бұл еңбекте автор мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне тоқталған. Мысалы: «Ойын - оның шын тіршілігі... Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезі сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады» деп осы жастағы баланың ойлау, сөйлеу, ерік-жігерін жетілдіруге баса назар аударады. Бұл еңбектің құндылығы Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін дүниежүзілік , ресейлік тәжірибені талдай отырып, көшпелі қазақ еліне бала тәрбиесінің жаңа түрін яғни, балабақшада тәрбиелеу жөнінде нұсқау берілуінде деп түсінеміз.
Қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология ғылымдарына өзіндік үлесін қосып, сүбелі ғылыми еңбектер жазған Ж.Аймауытов болды. Автордың педагогика ғылымы саласына байланысты «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінің маңызы зор. Аталған еңбекте автор: Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі - дидактикаға төмендегідей анықтама берген: «Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп көрсете отырып, оқытудың принциптері, әдіс-тәсілдердің тиімдісін шығармашылықпен мұғалім қалай пайдалану керек дегенді меңзейді.
Оқу-ағарту саласында өзіндік қолтаңбасын
қалдырған белгілі қоғам қайрат
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62-санында «Мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һэм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді. һэм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керекгі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс солпы я артық, я кем шықпақшы...», - деп көрсеткен. Бүдан шығатын тұжырым: оқытудың дидактикалық принциптерін түңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп бергенін көреміз.
Балалар әдебиетінің қалыптасуы, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.
Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдебиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті - оптимизмді «... әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз», - деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған - халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, - деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.
Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті - халық педагогикасының тынық мұхиты.
Ұлы әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: «қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтелдерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап» т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады»,-деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдет-ғұрып жайлары, т.б.
Балалар әдебиетін кеңінен
зерттеген ғалым Ш.Ахметов респ
Жас ұрпақ тәрбиесіне қазақ қаламгерлері де үлкен үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқандар - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Көбеев, С.Бегалин, С.Мұқанов, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ә.Табылдиев, Ә.Дүйсебиев, М.Жаманбалинов, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Мырзалиев, Қ.Баянбаев, Т.Молдағалиев халықтық шығармалардың дәстүрлерін пайдалана отырып, балаларға арнап, өлең-жырлар жазған. Оладың шығармалары бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, балалардың сөйлеуін ширатып, ойын дамытады, еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейді. Сондай-ақ аталған ғұламалардың шығармалары, өлеңдері балалардың түсінуіне жеңіл, ығымына сай, қысқа тұжырымды, тілі көркем жазылған.
І.Жансүгіров қазақ балалар әдебиетіне үлес қосқан ақын. Ол «тәрбие мен білім баланың жас кезінен бастап беруі тиіс», - деді. Осы мақсатта бесікте жатқан балаларға өлең мен ән жазған. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын, эстетикалық сезімін оятып тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдемдеседі. Ілияс бала тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды дұрыс түсініп, өз өлеңдері арқылы оны шеберлікпен айта білген. «Елге естілер керек, ер жет, есей ертерек» деп, балалардың болашағынан зор үміт күтеді. Балаларға арналған өз елі, өз жері, оның байлығы («Жазғытұрым», «Күз», «Қыс», «Тау суреті») мен сұлу табиғаты туралы көптеген өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. «Мезгіл суреттері» деген өлеңінде табиғатты тануға, оны аялауға, құрметпен қарауға, сонымен қатар табиғаттың әсемдігін аңғартуға үйретеді. Ілияс Жансүгіровтың «Малта», «Шәркей», «Күн шыққанда», «Бөбек бөлеу» т.б. шығармаларының танымдық-тәрбиелік маңызы зор. «Малта» деген өлеңі арқылы төңіректегі заттардың сыр-сипатын білуге, еңбекқорлыққа баулиды, оның ынтызарлық сезіміне қозғау салады.
С.Сейфуллин - қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның «Балалар», «Ананың хаты», «Анаға жауап» т.б. өлеңдері бар. Еңбек еткен адамның сыйлы болып құрметке бөленетіні, Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отыратыны туралы айналысу баланың ой-өрісін кеңейтіп, саналы да тәртіпті болуға баулиды. Балаларды еңбекке тәрбиелеумен қатар, ересек адамдардың еңбектерін құрметтеу керектігі, сол болашақ еңбекке, өмірге ат салысатын жасөспірімдердің рухын жоғары дәрежеде көтеретіндей етіп суреттейді. «Балалар» деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Қазақ классик жазушылары - С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқановтың қазақ даласындағы ұлы өзгерістерді мадақтаған алғашқы өлең-жырларының балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап кетуге болады. Сәкен Сейфулиннің «Балалар» деген өлеңінде таяқ мініп, жалаң аяқ жүгірген дала баласына ақын ұлы Отаны, туған жері туралы әңгімелейді. Олардың «қылыш безеп», «тез тізіліп», Отан үшін күрескер болуын тілейді. Сондай-ақ «Кім басшы - аға халыққа?» деген өлеңінде Сәкен жөн білмей адасып, надандықта қалып отырған халыққа басшы болар адал, ардагер ұлды аңсайды.