Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

А.В.Бакушинский  тектік тәжірибе ретінде балалар  шығармашылығы жетілдірілген және онымен салыстарғанда ересектер  шығармашылығы жадау әрі кемтар сияқты деп есептеді. Сондықтан бала үлкендерден ештеңе үйрене алмайды деп балалар шығармашылығын жоғары бағалады.

Мұнан кейінгі  жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып табылатынын, ал осыған байланысты баланығ қоршаған өмірмен етене араласуына қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудығ маңызын түсіну; баланың шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс тенденциялар байқалды.

Бұл мәселелерді шешуде Е.А.Флерина үлкен роль атқарды. Ол бейнелеу іс-әрекеті әдістемесінің негізін қалады. «Балалар суреті» (1924ж.) жұмысында балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді белгіледі:

    • кеңінен эстетикалық тәрбие беру;
    • байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.

Өткен ғасырдың 60-жылдардың аяғына қарай мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың мүсін жасаудағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі жөнінде (Н.Б.Халезова), балалардың мүсін жасауының сенсорлық негіздері туралы (Н.А.Курочкина, Е.А.Корзакова) арнаулы эксперименттік зерттеулер жүргізді [19].

Бейнелеу  іс-әрекетінің алуан түрлеріндегі балалар шығармашылығы зерттелінді:

    • сурет салудағы графикалық іскерліктің қалыптасуы туралы (Т.С.Камарова);
    • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың натурадан сурет салу ерекшеліктері және оларға басшылық жасау әдістері туралы (Р.Г. Казакова);
    • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың сурет салудағы шығармашылығына табиғаттың поэтикалық образдарының ықпалы туралы (Л.В.Компанцева);
    • мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың декоративтік – өрнектік іс-әрекетінің қалыптасуы туралы (З.А.Богатеева);
    • декоративтік аппликациялық жұмыстардың материалында балалардың бейнелеу әрекетінің сенсорлық негіздері (Е.С.Рогалева) және т.б. еңбектерінде көрініс тапты [20, 21, 22].

        Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Психологияда ұғымдарды  жалпы және арнаулы қабілет деп  бөледі. Бейнелеу іс - әрекетіне деген  қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.

Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға  бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс - әрекетіне  қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау  болып табылады, қиялсыз ойдың  өз көрінісін  табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің  құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу іс - әрекетін  қамтамасыз  ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер  белгілі  бір эмоциялық көңіл  – күй болып табылады.

Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу және құрастыру әрекеті құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.

Бейнелеу әрекетіне  қабілеттілік әр адамның бойында  дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы  іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары  бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.

Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо – физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрелік.

Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И.П.Павлов адам бойында  оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі – көркемдік және ойшылдық (ақыл – ой ) туралы жазған болатын.

Бірінші – көркемдік  типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші – ойшыл  типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.

Тиісті жағдайларда  жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік  типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.

Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы  кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм). Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда – сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.

Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра  білу қабілеті де  көру аппаратының  құрылысына байланысты. Көздің  белгілі  бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне  қатысуына байланысты.

Көру аппаратының кемістігі  бар адам живописть саласында  бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура  саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде заттардың формасын, олардың пропорциясын, түсін көзбен көру арқылы қабылдай отырып, адам көргенін салыстырады, байытады, яғни шығармашылық кезінде ойлау процесі күшейе түседі.

 

 

1.2

Бейнелеу және құрастыру  әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту


Бейнелеу және құрастыру  әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі  балалардың шығармашылығын дамыту өзекті мәселе.

Баланың бойындағы  табиғат берген ерекше қабілетті, шығармашылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігі әлі күнге дейін маңыздылығын жоймай отыр.

 Қабілеттілік  пен шығармашылық мәселесі - Орта  Азия мен Қазақстан ойшыларын  да толғандырған мәселе. Араб  сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн  Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас баларды тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған.

«Шығармашылық»  ұғымының философиялық мазмұнына тоқталайық.

Антикалық философияда  шығармашылық кез келген іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастырылады. Адамның жоғары әрекетке ұмтылуын мақсат еткен Эрос туралы ілім Платон еңбектерінен бастау алады. Шығармашылықты адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл дәуірде шығармашылық - көркем шығармашылық тұрғысында қарастырылады, өнер иесі мен көркем өнер иесіне деген қызығушылық пен жеке басқа табынушылық пайда болады.

И. Кант еңбектерінде шығармашылық адам еркіндігі мен  субъективтілігіне тікелей қатысты  адамның саналы және санадан тыс іс-әрекетінің бірлігі ретінде сипатталады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы шетел философиясында механикалық-техникалық іс-әрекетке қарағанда  шығарамашылық әркеті басымдыққа ие және өзара қарама-қайшылықта айқындалады. Шығармашылық тұжырымдамаларының ішіндегі ең  белгілісі – интуитизм бағытында берілген А. Бергсон тұжырымдамасы. Шығармашылық - өмір мәні, жаңалықтың дүниеге келуі, субъективті құрастырмалы іс-әрекетке қарама-қайшы объективті түрде жүзеге асырылатын құбылыс (табиғатта-дүниеге келу, өсу, жетілу процесі, санадағы жаңа кейіп-бейненің пайда болуы).

Экзистенциализм тұсында  шығармашылықтың бастауы – еркіндік бастамасы ретінде ғана қарастырылады, тұлғаның әлеуметтік және табиғи әлем аясынан мақсатты түрде шығуы.

ХХ ғасырдағы прагматизм, инструментализм секілді философиялық бағыттарда шығармашылық берілген жағдайға сәйкес мақсатты шешу жолындағы ізденіс нәтижесі, өнер табу болып есептелінеді.

С.О.Грузенберг шығармашылық теориясының бірнеше түрін ұсынады: философиялық, психологиялық, интуитивтік (түйсінуге негізделген) [23]. Ал бүгінгі күннің шығармашылық іс-әрекет саласындағы зерттеулер шығармашылық теориясының төртінші түрі ғылыми-теорияны дүниеге әкелді.

Шығармашылықтың қозғаушы күші – қарама-қайшылық, шығармашылық мазмұны  – қарама-қайшылықты шешу, ал сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру – шығармашылықтың мақсаты.

Шығармашылықтың – тұлғаны  дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі – жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С.С.Гольдендрихт пен Л.А.Пьянова  атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту.

Сонымен, шығармашылық –  адамның әлеуметтік күші арқылы өзін-өзі  дамыту және өзін-өзі жетілдіру жүзеге асырылатын жаңартушы және жалпы  мәдени-тарихи өзіндік іс-әрекет.

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен шығармашылық қабілет мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер шығармашылық феноменіне, шығармашылық ойлау, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін  және өз дамуында индивидтің өзін-өзі  дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ  әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекетті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі – бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс.

Ғылымдағы гуманистік бағыт  адамның шығармашыл табиғатына деген  үміткер сенімімен және бірқатар детерминант: шығармашыл тұлғаға деген қоғамның өсіп келе жатқан сұранысы, жаңа ғылыми технологиялардың өсуі – креативтік саласындағы зерттеулерге жаңа қарқын берді. Дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту адамның шығармашыл дамуының  моделін құрауда шығармашыл дарындылық психологиясының жаңа шектері, талант пен дарындылықты зерттеу мәселесіне бірқатар ғалымдардың қызығушылығын (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулле, К.Тейлор, Е.Торренс) оятты [24].

А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:

● шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге  бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу  ғана даму мен өсуге түрткі болады.

● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.

● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;

● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан [23].

Е.А.Колесникова  зерттеулерінде шетелдік және отандық  психологтар еңбектеріндегі «шығармашылық» ұғымына берілген теориялық түсінік  ерекшеліктеріне талдау жасалынған [24]. Оның ішінде гуманистік бағыттағы: «шығармашылық көзі – тұлғалық өсуге деген ынта» деп дәлелдеген психологтар Г.Олпорт пен А.Маслоу ұстанымдары. А.Маслоу: «Шығармашылықты - өзіндік өзектендіруге деген қажеттілік, өз қабілеттері мен өмірлік мүмкіндіктерін еркін және толық жүзеге асыру», - деп түсіндіреді [24].

Қазіргі ғылым жетістіктері шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті сапа және де қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайында көп айтылды. Өкінішке орай бұл түсінік әлі барлық адам санасынан берік орын алған жоқ. Сондықтан мұғалімдер, ата-аналар, тәжірибелер алдында бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып, оның тұлғалық тұғырғы көтерілуіне жағдай жасау міндеті тұр.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны  дамытудың жағаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру талап етілуде. Қазіргі мақсат – жас ұрпақтан өркениетті қоғамның еріктің өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, ізгілік мінез-құлқы қалыптастан шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Үнемi тануға, бiлуге деген  кұштарлықтың болуы адамның болмысының басты ерекшелiгi сол ұмтылысының  арқасында ол өзiнің рухани жан  – дүниесінің  байытып, дами бередi.

Оқыту мен дамудың  өзара қарым-қатынасы барлық уақытта  педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д. Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту