Тұлғаның әлеуметтік
рөлі мен әлеуметтік беделі.
қоғамдық қатынастардың жемісі
ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
іс - әрекеттер, дің маңызды субъектісі
де болып саналады. Бұл іс - әрекет,
қызмет қоғамның барлық салаларында
әрдайым көрініп отырады. Мысалы,
экономикада, саясатта, рухани өмірде,
т.б. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы
Макс Вебер әрбір адам өзінің іс
- әрекетіне белгілі бір мән, мағына
береді деп атап көрсеткен. Вебер
осындай іс - әрекеттің біреуге
бағытталуын, нысаналауын тосу, күту,
үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай
іс - әрекет, қимыл әлеуметтік болып
саналмайды. Мұндай әлеуметтік іс –
қимылдың алуан түрлері болады. Олардың
ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін
іс - әрекет (целенаправленноедейсствие).
Бұл мақсатқа сәкес келетін іс
- әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына
жету үшін қолданылады.Вебер әлеуметтік
іс - әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
а) Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы
(целерациональный). Мұнда әрбір
іс - әрекеттің мақсаты мен құрылымының
бір – біріне сәйкестігі көзделеді.
ә) Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы.
Мұнда әрбір іс - әрекеттің басқа
құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы,
діни немесе моральдық, т.б.) көзделген.
б) Аффективтік. Бұл адамның эмоциялық
реакциясына негізделген (аффективия).
в) Дәстүрлік (яғни, салт – дәстүрлік).
Мұнда адамның іс - әрекеті белгілі бір
дәстүр, салтқа сәйкес болады. Тұлғаның
әлеуметтік қызметі деп, адамның өмірді
өзінше игеріп, меңгеруі және адамның
өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс,
процестерді өзгертуші субъект ретінде
дамып, жетілдірудін айтады.Әлеуметтік
іс - әрекет пен қызметтің қозғаушы күші
объективтік жағдайларымен байланысты.
Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен,
мұң – мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан
шығады. Табиғи қажеттілікке тамақ ішу,
киім кию, баспана, т.б. қажеттіліктер (мұқтаждықтар)
жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке
еңбек ету, басқа адамдармен байланыс
– қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу,
т.б. қажеттеліктер (мұқтаждықтар) кіреді.
Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті
(мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру
мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс - әрекетінің,
қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады.
Мүдделерінің, мақсаттардың негізінде
әлеуметтік талап – тілектерді білдіретін
адамдардың қажеттеліктері жатады. Осыған
орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа
деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде
көрінеді.Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған
әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен
тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттан
өзіне керегін алып, өзінің мүддесін мақсатын
қанағаттандырып отырады. Осылардың нәтижесінде
тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.
Қажеттілік – объективті дүниенің даму
заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай
тұлға қажеттілікті терең, жан – жақты
түсініп, оны меңгеіп, өзінің ісінде, қызметінде
пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік
тұлғаның өмірдегі белсенділігін, жауапкершілігін
арттырудың басты факторларына жатады.
Тұлғаның атқаратын іс - әрекеті, қызметі
белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға
бағытталады. Бейімделу - өмір сүру жағдайларының
өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының
қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің
нәтижесінде пайда болатын шиеленісті
жоюға, я болмаса оны бәсендетуге жағдай
туғызады. Мүдденің мақсатқа айналу сатысында
қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың
ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды
рөл атқарады, осылардың өзара байланыс
– қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік
жағын құрайды. Әлеуметтік іс - әрекеттің,
қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы
көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да
байқалады. Жеке адам мен қоғам арасындағы
әлеуметтік қатынастар әлекметтік бақлау
жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде
құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік
жүйені құрайтын элементтердің өзара
әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді
және сол жүйенің өздігінен басқарылу
тәсілі болып табылады. Сөйтіп әлеуметтік
бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік
тәртібін тек саяси мекемелердің ғана
тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа
да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім
берудің, мәдениеттің, мораль, т.б.) тарапынан
да реттеу болып табылады.М. Вебер атап
көрсеткендей, адамның мінез – құлқы деп,
оның іс - әрекетінің, қызметінің сыртқы
көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі
болады: а) Инстинктивті; ә) қарапайым;
б) әлеуметтік; Мінез – құлықтың бірінші
және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті
емес түріне жатады да, оның әлеуметтік
мәні болмайды. Әлеуметтік мінез – құлық
әр түрлі болады, олар: а) Индивидуалды
(яғни, жеке адамның мінез - құлқы); ә) Ұжымдық
– бұл жалпы мұқтаждығы, талап – тілегі
және іс - әрекет мақсатының бірлігі негізінде
құрылған ұйымдасқан топтын мінез – құлықтары;б)
Бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған
үлкен бұқара тобының мінез – құлқы.Қылық
– бұл іс - әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы
және мәні болады. Мысалы, анасы баласына
уақытын тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық
болып есептеледі. Әлеуметтік тәртіп белгілі
бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға)
сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез
– құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған
(немесе девианттық) мінез – құлық дейді.
Бұл ауытқуды (девианттық) әлеуметтанудың
арнаулы теориясы – ауытқу мінез – құлқының
әлеуметтану зерттейді. Ауытқу тәртібіне
құқық пен мораль принциптерінен кейін
кету, оларды бұзу жатады. Ауытқу тәртібі
еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар
арасында, ұйыцмдық қарым – қатынастарда,
қызметте, жұмыста, тұрмыс салтында, т.б.
жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға
бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық,
өз - өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б.
жатады. Мұндай ауытқу қу мінез – құлықтарына
қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында
алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.
Тұлғаның өмір салты
Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке
қажетті заттарын пайдалануға қарай
дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне
сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір
ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі
болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен
ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте
қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке
келеді. Адамның басына түскен ауыр
жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы
біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты
болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді
тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні
іні деп ерекше көзге түсіп
тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды
педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені
аз көрген балаларды бірден ажыратуға
болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды
бірден байқап отырады. Жалпы қазақ
елін ежелден салауатты өмір сүрудің
салтының символы деп есептеуге
болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің» деп егде адамдар
өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады.
өмір сүру салты мен денсаулықтың
ара-қатынасына- салауатты өмір сүру
салты туындайды. Салауатты өмір
сүру валеология ғылымының негізі болып
есептелінеді. Салауатты өмір сүру
салты адамның профессионалды іс-әрекетінің,
қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік
ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар
денсаулықтың қалыптасуына және оның
сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді.
Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады.
Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші
орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер
өздерінің денсаулығына онша мән бермейді.
Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының
әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас
кезінен бастап денсаулығын сактай білуге
тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды.
«Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді
қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған
қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан
келіп денсаулық зор байлық деген ұғым
қалыптсады.Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық
зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған
орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік
дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына
төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының
халықтарының денсаулықтарының сақталуының
49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына
байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен
айтқанда адамдардың өз денсаулығына
деген көзқарасына байланысты, ал 17-20%
әлемдік экологиялық факторларға байланысты,
әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі
өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны
мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың
өздері (антропогендік фактор). Әсіресс,
тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги
экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады.
Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты
(оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді),
8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет
істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.Қорыта
айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп
факторларға (экономикалық, әлеуметтік,
адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне)
байланысты екені толығымен анықталды.Салауатты
өмір сүру салтының негізі биологиялық
және әлеуметтік принциптері.1. Биологиялық
принциптерге жататындар:а) салауатты
өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;б)
салауатты өмір сүру салты энергетикалық
принциптері;в) салауатты өмір сүру салты
эстетикалық қызметке;г) салауатты өмір
сүру салты ритмикалық үрдістер;д) салауатты
өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға
байланысты болу керек.2. Әлеуметтік принциптерге
жататындар:а) салауатты өмір сүру салты
және эстетикалық қызмет;ә) санауатты
өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;б)
салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;в)
салауатты өмір сүруде адамның «үшінші
жағдайда» болмауын қамтамасыз сту;г)
өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.Осы
жоғарыда көрсетілген принциптерді іске
асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер
бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда
көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже
бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді
елімізде денсаулық сақтау мәселссіне
айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ.
Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті.
Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар
арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет
ауруы екі адамның бірінен кездесе береді.
Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар
болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған
бір мысал.
Ұйымдастыру және басқару
әлеуметтануы.
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық
осі болып басқару табылады. Басқаруға
деген әлеуметтік көзқарастың негізгі
үш түрлі компонентті бөлуге байланысты.
Олардың біріншісі – мақсатты
ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды
қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы
әсер, ол басқарудың негізін құрайды.
Мұндай әсер сыртқы (басқару органы
объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі
басқару (әсер объектке кіретін бөлімше
және субъектпен орындалса) түрінде
болады. Басқарудың екінші компоненті
– әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру,
яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ
процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы²,
бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік
нормалар). Аталған екі компонент
үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы»
басқару еңбегінің өнімдерімен
қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда
административті тәртіппен, объективтелген
шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ
қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас
нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.
Берілген элементтердің оптималды
сәйкестігі олардың шекараларын
пайдалану мүмкіндіктері мен
есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды
жою негізінде олардың интеграциясын
меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің
көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір
реттік ықпал ету формасынан ұзақ
мерзімді тәртіп формасына көшіруге
немесе кездейсоқ реттеуіштерді
ұйымның алдына қойылған мақсатына
«қосуға» мүдделі. Басқару тәсілдері Бұл
ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты
ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы.
Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше
мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше
әдістерді құрайды. Олардың біреулері
әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін
қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның
мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін
бөлуге болады: 1) тікелей (бұйрық, тапсырма);
2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);
3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім
және т.б.) 4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы
(административтік және бейресми ұйымдарда
және т. б.еңбек жағдайларын, статусты
өзгерту). Кәсіпорынның өндірістік ұжымына
кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару
тәсілдері келесідей бөлінеді: 1) топ құрамының
мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық,
психологиялық белгілері бойынша жұмыс
орнының саны мен орналастырылуына байланысты);
2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру,
басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық
факторларды және басқа әдістерді қолдану);
Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде
мынадай тәсілдер қолданылады: а) ресми
және бейресми құрылымдарды үйлестіру
(жоспарланған және шындығындағы байланыс
пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды
жою); ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық
ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды
біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру,
өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы,
еңбек активтілігін арттыру және т. б.
арқылы); б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың
квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік
құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту
және басқа шаралар). Басшылық – бағынушы
қатынасы ²Басшылық² ұғымы басқару ұғымына
жақын және ұйымдастырушылық қатынастың
басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы
міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен
ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін
қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік
көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар
арасындағы ерекше үш жақты қатынасты
талдауды көздейді. Біріншіден, басшылық
– бұл түрлі статустар, административті
құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас.
Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің
құқықтық негізін қамтиды. Екіншіден,
басшылық – бұл ортақ еңбек процесіндегі
жеке жұмыс функцияларының қатынасы: бірі
– тым ²жалпы² болса, екіншісі – тым ²жеке².
Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру
функциялары, екінші жағынан атқару функциялары
байланысҮшіншіден, басшылық – бұл сонымен
Аталмыш ²басшылық – бағынушы² қатынасының
жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды,
олар бір-бірімен тығыз байланысты болса
да, салыстырмалы дербестікке ие. ²Басшылық-бағынушы²
байланысын әлеуметтану жекелілік денгейдегі
басқару бойынша жалпы қатынастардың
көрінісі түрінде зерттейді. Басшылықтың
бағынушыларға ықпал етуі, оларды ұйымның
талаптарына сай және өз ойларына сай
белгілі бір еңбек тәртібіне итермелеуді
мақсат етеді. Өзін-өзі ұйымдастыру Басқару
қызметі тек басшы – бағынышты тік қатынастарын
ғана қамтымайды. Ұйымдарға сондай-ақ
өзін-өзі ұйымдастыру тән. «Өзін-өзі басқару”
ұғымы әдетте екі мағынада болады: кең
және тар. Кең мағынада «өзін-өзі басқару”
ұғымы белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің
автономды функциялануын, өзінің ішкі
проблемаларына байланысты шешімдерді
қабылдауға құқылылығын білдіреді. Бұл
мағынада өзін-өзі басқарудың қейбір деңгейі
кез-келген кәсіпорын, мекеме, т.б. тән.
Бірақ әлеуметтік көзқарас бойынша, яғни
тар мағынада, өзін-өзі басқару – ұжымдық
басқару, ұйымның барлық мүшелерінің сәйкес
басқару органның жұмысына қатысуы, атқарушыларды
шешімдерді қабылдау процесіне жұмылдыру
болып табылады. Өзін-өзі басқару – бұқаралық,
ұжымдық немесе топтық ауқымдағы әлеуметтік
ықпалдың өнімі. Басқаруда өзін-өзі ұйымдастыруды
қолдану соңғысының тиімділігін арттырады
және еңбек ұйымдарындағы маңызды даму
факторын құрайды. Өзін-өзі басқару процестері
конструктивті де, деконструктивті де
рөль атқаруы мүмкін, яғни, дезорганизация
ретінде байқалады. Басқару циклының соңғы
ұғымы – бұл «әлеуметтік реттеу”. Ол басқару
объектісінің тұрақтылығын сақтау және
оған реттеушілерді (нормалар, ережелер,
мақсаттар, байланыстар) енгізу арқылы
дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға
бағытталған, мақсатты басқарушылық ықпалды
білдіреді. Әлеуметтік реттеу жанама басқару
болып табылады және («тікелей” басқарумен
қатар) объектіге қажетті нәтижені беру
және оған жету жолдарын нұсқау арқылы
жүзеге асады. Әлеуметтік реттеу арқылы
басқару субъектісі тұрғысынан қалаулы
басқару объектісінің мотивациясы мен
мақсатты ойлауды тудыратын қызмет шектеулері
және мүмкіндіктері пайда болады.
Ұйымдастыру религиясы
мен формалары.
Ұйымдастырушылық қабілет - қандай
да істі ұйымдастыруға бағытталған
қабілет. Ұйымдастырушылық істерді
басқару мен ұйымдастыру саласындағы
орналастыруды, қорларды жұмылдыруды,
ортамен байланысты, тәлімгер мен
оқушылардың өзара әрекеттестігін
қамтамасыз ететін шығармашылық қабілет.
Ұйымдастырушылық қызмет - адамдарды
басқару, олардың ортақ әрекетін
келістіру мен басқаруға қатысты
практикалық қызмет
Ұлттық этникалық қатынастар.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті.
Ұлт ұғымы. Қазақстандағы
ұлттық саясат.
Этнос социологиясының
объектісі мен пәні
Этнос, этникалық қауымдастық - [грек,
етһнос - тайпа, халық] - бір халықты
екіншісінен ажыратуға мүмкіндік
беретін ортақ белгілері бар
қауымдас¬тық. "Этнос" ұғымы әлі
күнге бірыңғай түсінілмейді. Кең
мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік
зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық
жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру
қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және
т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан
кейін) оны негізгі жүйе ретінде
қарастырады (субэтностар, суперэтностармен
қатар және т.б.).Тар мағынада алғашқылардың
бірі болып "этнос" ұғымына анықтама
берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы
бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына
қарай немесе ортақ отаршылық
не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас
тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің
бір екендігіне сенетін топ". Бүдан
кейін де көптеген зерттеушілер этносқа
аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде
өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда,
Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған
белгілердің бірде-бірі жалпыға
бірдей, кез келген этносқа қолданыла
бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер
келісті.Этнос ең алдымен, мәденитілдік
қауымдастық. Этностың пайда болуында
аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас
тілінің ортақтығы шешуші фактор
болып табылады. Саяси кеңістіктің
ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік
және шаруашылық әдістерінің ортақтығы
да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.Этникалық
ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр,
әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын
мәдениет болып табылады. Этникалық
қауымдастық мағынасындағы этнос
ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ
мәдениет элементтері бар, тағдарлас
тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы
топтық ынтымақтастық танытатын
адамдар тобын атауға болады.
Экономкалық әлеуметтану.
Экономикалық әлеуметтану жалпы
әлеуметтану ғылымының қоғамның
экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы
теориясы болып саналады. Бұл арнаулы
теория жалпы әлеуметтанудьщ қарқынды
дамуымен және оның экономикалық процестерімен
тығыз байланысының негізінде пайда
болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың
объектісіне зерттеушінің қалауына
қарай алынған қандай да болмасын
экономикалық және әлеуметтік тұрғыда
бір-бірімен тығыз байланысқан
құбылыстар мен процестер жатады.
Ал экономикалық әлеуметтанудың пәніне
коғамның экономикалық дамуының әлеуметтік
аспектілері жатады. Бұған экономиканың
алуан түрлі салалары, әлеуметтік
инетитуттар (фирматар, акционерлік
қоғамдар (АО). корпорациялар банктер,
т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі
(мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өңдірістік
бірлестікттер. топтар, бригадалар. т.б.);
экономикалық процестер, өндіріс саласындағы
әлеуметтік қатынастар (үстемдік ету-бағылу»
басқару-орындау). еңбеккерлердің өңдірісін
басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің
тұрақсыздығы, ауытқуы, миграция, мамандықты
іріктеп алу, еңбек ұжымдарының
әлеумеіттік қорлары мен ресурстық
мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі
топтардың экономикалық іс-әрекеттің
себеп-дәлелдері, экономикалық сана.Экономикалық
ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы,
көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талал-тілек,
әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне,
тауардың сапасының артуына өсері, т.б.
жатады.Экономикалық әлеуметтану экономикалық
процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің
жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың
материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болтандықтан,
олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де,
тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан
олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет
атқарады, осыған сәйкес олар қоғамда
әр түрлі орында, жағдайда, бсделде, т.б.
болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы
зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы
өз алдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық
жүйеде — өндіріс-бөлу-айыр-бастау-тұтыну
жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық
түрі: "Сұраныс және ұсыныс". Нарық
дегеніміз, тар мағынада — азық-түлік
және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды
сататын сауда орны. Ғыыми тілмен айтқанда,
ол тауар айналымының өрісі, сатып алу
мен сату ісінің жиыніығы. Тауарларды
үсыну жөне оган дегсн талеу қабілеті
*>ар сүраныс. Нарық тсориясы үдайы овдіріс
(воспроизвдд-ство) теориясының құрах-щы
бір бөлігі. Нарықтауар ондірісі гуып,
өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды,
әсіресе, ол қала мен аут^ыда натуральдық
шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі
терсңцей түсксн кезде етек алып ксңейеді.Әлеуметтік
зсрттеуде бұл екі процес, яғни сүраныс
пен үсыныс қатар колданылады, өйткені,
зерттеуші әлеуметта-нушының басты назары
ең алдымен мүндағы алуан түрлі адамдардың,
олардың топтарының мінез-құлқына аудары-лады.
Адам және оның топтары-жүмысшы, кызметкер,
тү-гыі-іушы, айырбастаушы, сатушы, сатъш
алушы, т.б. рстінде қарастырылады. Экономикалық
дамудың олеуметтік аспек-гілерін жан-жақты
ескеріп, таддап отыру керек.
Э.Дюркгеймнің ауытқыған
мінез-құлық әлеуметтануы.
Әлеуметтанудың классикалық негізін
салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі
өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм
(1858 – 1917 ж. ж.). Қазіргі әлеуметтану
көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық
мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында
ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне
көп көңіл аударады. Ал, бұл методология
«социологизм» деп аталады. Социологизмнің
мәні мен мазмұны әлеуметтілікте.
Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша
айтқанда, қандай да бір әлеуметтік
құбылысты, процесті алмайық, олардың
бәрі әлеуметтік ортамен байланысты
өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс,
оны табиғатпен, психикамен шатастырып,
алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың
методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану
ғылымдарына ұқсас болуы қажет,
әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу
үшін оған белгілі бір жағдайлар
қажет, осылардың ішінде оның тек
қана өзі зерттейтін, өзіне ғана
тән пәні мен таным әдістемелері
болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше,
әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні
бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың
сапаларын терең зерттеуі керек. Ежелгі
қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық
материалдардың негізінде Э. Дюркгейм
діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да
жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық
киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі
деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік
бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам
дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы
ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Экономикалық қатынастар
мен әлеуметтік құлымның таптық, топтық,
ұлттық т.б. байланысы.
Э.Дюргкейм мен М.Вебердің
әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану
әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана
тиісті қатынастарды, олардың сапаларын
терең зерттеуі керек.Ежелгі қоғамдар
өміріне үңіле отырып және этнографиялық
материалдардың негізінде Э. Дюркгейм
діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да
жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық
киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі
деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік
бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам
дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы
ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның
әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік
(яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты)
жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс -
әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын,
талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын,
т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған
қосымша, әлеуметтану оны объективтілік
пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру
жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның
басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің,
қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын
терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды
еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының
себебін ашуға болады.М. Вебер өзінің әлеуметтану
зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне
көп көңіл аударуына байланысты, оның
әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы»
деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге
сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы
ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды
типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің
пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың
үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі).
Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды
адамның ой – пікірі мен идеализациясы
(яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық
бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.Идеалды
тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық
(яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу
емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының,
ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы
(яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің
нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне
– кестесі. Идеалды типтік құрылымдар
– бұл қажетті құбылыстар мен процестердің
жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм»,
«экономикалық адам», «дін», «христиандық»,
т.б.М. Вебер әлеуметтік стратификация
(жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік
әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша
жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни
меншік формасына ғана емес, сонымен бірге
оған саяси (өкімет) және статус, престиж
(қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады.
Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация
(жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін
деп тұжырымдайды.