Шпаргалка по "Социологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:12, шпаргалка

Краткое описание

Ақпарат жинау тәсілі.
Адам сату үрдісінің әлеуметтік табиғатына өз пікіріңізді білдіріңіз.
Алматы ќаласындағы көлік кептелісінің әлеуметтік мазмұнын ашыңыз.
Алматы ќаласының инфраќұрылымының әлеуметтік маңызына көзќарасыңызды аныќтаңыз.
Айтыс өнерінің әлеуметтік мазмұнына сипаттама беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

Социология.docx

— 297.27 Кб (Скачать файл)

Экономикалық әлеуметтанудың өзекті мәселелері және зерттеу бағыттары.

Экономикалық әлеуметтану жалпы  әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы  әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз  байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне  зерттеушінің қалауына қарай алынған  қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының әлеуметтік  аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару  – орындау)еңбеккерлердің өндірісті  басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің  тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының  әлеуметтік қорлары мен ресурстық  мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі  топтардың экономикалық іс-әрекеттің  себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының  артуына әсері, тағы басқалар жатадыЭкономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс  - бөлу – айырбастау  - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналамының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туыпөсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуральдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.Әлеуметтік зертттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Этнос әлеуметтануының  пәні,ұғымы,міндеттері.

Этностық қатынастардың  тарихи қалыптасу кезеңдері.Оныің  өзіне тән белгілері.

Ш.Уалихановтың  әлеуметтану  ғылымының дамуына қосқан үлесі.

Ы.Алтынсаринің әлеуметтік  көзқарастары.

ХХ- ғасыр әлеуметтануы.

әлеуметтанудың жаңа дәуірі , біріншіден, эмперикалық әлеуметтанудың дамуы  мен қалыптасуымен байланысты болды. Екіншіден, жана тұжырымдамалар мен  бағыттардың шығуымен ,үшіншіден , теориялық  және эмпирикалық әлеуметтануды  белгілі бір дәрежеде біріктіруге  бағыт алумен сипатталады. Бұл дәуір  ХХ ғасырдың 20- жылдарынан басталып , біздің қазіргі өмірімізге дейінгіуақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінде  үш кезеңен тұрады. Бірінші кезең 20- жылдардан 40- жылдарға дейінгі уақытты  қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық  әлеуметтанудың басымдылығы байқалады ; Екінші кезең - 40-шы жылдың екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды . Бұл  уақытта , керсінше , теориялық - әдістемелік  әлеуметтанудың құрлымы күшейіп , эмперикалық  әлеуметтанудан жоғары көтеріледі . Үшінші кезң - 70-жылдардан бастап қазіргі  уақытқа дейін жалғастары . Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро – макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады . Екінші жағынан , әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу , оларды жаңа сапада түсіну , ұғыну мақсаттары қойылды . Жаңа интегаривті бағыттар пайда болды . Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары - эмпирикалық әлеуметтандың дамуынан басталады . Эмпирикалық әлеуметтану деп , нақты зерттеулер жүргізуді , осылардың негізінде арнаулы әдістерді қолдану ( сұрау , бақылау , тәжірибе , т .б . ) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қортыландыруды айтады . Дегенмен , эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады , теорияның маңызы мен рөлін төмендетті .Сондықтан теориялық әлеуиеттануды қайта көтеріп , жаңғырту қажет болды , өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақтында дұрыс жауап берілмеді .Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс , Роберт Мертон , Питирим Сорокин , т. б. зор еңбек сіңірді . Талкотт Парсонстың (1902-1979 ж. ж .) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін , яғни әлеуметтік іс-әрекет , қимыл ( «социальное действие») және құрылымды – функциялды талау ( «структурно- функцианальный анализ») қарастырғанымыз орынды болады . Т . Парсонстің пікірінше , әрбір әрекет , қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі , оның шартты белгілері бар . Олар : мысалы , тіл , құндылықтар , іс-әрекеттің , белгілі бір нормативті ережеге сәйкес , яғни іс-әрекеттің , қоғамда қабылданған нормаларға , құндылыққа тәуелді болуы . «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы - «әрекеттер жүйесі» . Т.Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың , шындықтын (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін , олардын бір- бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет , қимыл , қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау ; интеграция құрылымы , мақсатқа жету (целодостижение) , бейімделу (адаптация) сияқты 4- шартты ескеру қажет. Т.Парсонс құрылымдық - функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді . Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал; қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т.Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген . Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады , деп қорытынды жасайды . Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірі әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910 ж.) болды . 1949 ж. оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты . Оның пікірінше , эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды . Бұл тұрғыдан алғанда , Р.Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді , бірақ бұл дұрыс болмады , өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды . Р.Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады .

ХХ- ғасырдың екінші жартысындағы  әлеуметтік теориялар.

Бұл дәуір XX ғасырдың 20-шы жылдаранан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл  дәуір негізінен үш кезеңнен тұрады.Бірінші  кезең 20-жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі  уақытты қамтиды. Бұл кезеңде  эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы  байқалады; Екінші кезең – 40-шы екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін  созылды. Бұл уақытта, керісінше, теориялық-әдістемелік  әлеуметтанудың құрылымы күшейіп, эмпирикалық  әлеуметтанудан жоғары көтерілді. Үшінші кезең – 70-жылдардан бастап қазіргі  уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым  ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа қағидалы интегративті бағыттар пайда  болды. Әлеуметтанудың ХХ  ғасырдағы  негізгі тенденциялары – эмпирикалық  әлеуметтанудың дамуынан басталады.Эмпирикалық  әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде  арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары  АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған  елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина  Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек  етті. Дегенмен, эмпирикалық нақты  зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі  жасады, теорияның маңызы мен рөлін  төмендетті. Сондықтан теориялық  әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақытында жауап берілмеді. ұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің,  қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың,  шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

 


Информация о работе Шпаргалка по "Социологии"