Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа
Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.
КІРІСПЕ
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37
3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61
Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жол мен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде пикеттерді, қонақ үй палаткалары мен шатырларды айтуға болады. Осылайша, қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашқы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.
Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қатар, қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгрестік және іскерлік туризмді дамытуға әсерін тигізетін бірнеше отырыстар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем-күз айларына келеді. Қысқы, әсіресе, жазғы кезде бизнес-туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сондай-ақ, Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар бар. Бірақ, іскер адамдар мен бизнес-туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар — ол сервистің тиісті деңгейін камтамасыз ететін қазіргі заманға сай әрі ыңғайлы орналастыру орындары болуы керек.
Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандарының айтуынша, бір орынды нөмірге тәулігіне 450-600 $ төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік кұрылымдағы Тһе Regent Ankara және Hyatt Regency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ, алғашкы бекітілген баға көп жағдайда қалыпты баға болып саналмайды да, номерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті тұтынушыларға немесе отельмен біріге жұмыс жасайтын туристік операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір туристік фирмалар Алматының 5 жұлдызды қонақ үйінің бір орынды номерін прай-листта көрсетілген бағадан 30 % түсіреді. Алайда, Тһе Regent Ankara немесе Hyatt Regency деңгейлес қонақ үйлеріндегі мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнесс-орталықтарының, конференц-залдарының болуының арқасында, аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс-конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек, қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді.
Дегенмен, баска да көзқарастың барлығын мойындау керек. Мысалы, «Отырар» қонақ үй кешенінің директорының баяндауы бойынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал, ғимарат ішінде казино, түнгі клуб, мейрамхана, әуе кассасы және т.б. болуын тек туристердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндірді. Бірақ, «Отырардың» тек 4 жұлдызды қонақ үй екендігін ескерсек, оның жұмыс ерекшелігінің де біраз өзгеше өтетіндігін түсінеміз. Қалай дегенмен де, қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің кірісі ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика көрсетіп отыр. Яғни, қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі биік сұраныска ие. Айта кететін бір жайт: 5 жұлдызды қонақ үйде тұру кезінде жоғарыдағы қосымша қызметтер бағасы номер бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу, фитнесс-орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т.б.).
Алайда, елімізге келушілердің барлығы фирмадағы жұмыс орнына байланысты 5 жұлдызды қонақ үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша, Қазақстан шетелдік қонақтарға тағы не ұсына алады деген орынды сұрақ туындайды. Қазақстан қалаларының қонақ үй шаруашылығы жаман емес. Оған мысал Алматы қаласының орталық бөлігінде бір біріне қатар орналасқан қонақ үй ғимараттарын атауға болады. Рахат Палас, Анкара, Астана, Айсер көп жұлдызды элиталы қонақжай болып саналады. Бұрынгы мемлекеттік ғимараттардың 2000 жылдардан бері жекешелендірілуі Алматы қаласының қонақ үйлерінің дәл есебін алуға мүмкіндік бермейді.
Алматы қаласы Еуразиялық орталық ретінде мәртебесі көтерілуде. Қалада көптеген саммиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, жоғары дәрежелі көрмелер өтіп тұрады. Осындай ғылыми ілгерілеу арқылы біз өзімізге шетелдік компаниялардан әріптестер тауып отырмыз. Олардың сұранысы бойынша қонақ үйлердің барлық жабдықтары қазіргі заман талабына сай болуы қажет. Өкінішке орай, біздің қалада ондай қонақ үйлер аз.
Қазақстандағы қонақ үй саласы бүгінгі таңда біртіндеп даму үстінде. Оған куә халықаралық қонақ үй торларының Қазақстан нарығына енуі. Ал, бұл қонақ үй торларының Қазақстанға енуі аталмыш нарықтың ірі халықаралық қонақ үй торлары үшін тиімді әрі болашағынан үміт күттіретіндігінің айқын көрінісі іспеттес. Біздің қазақстандық кәсіпкерлер туристік инфрақұрылымға қомақты түрде ақша аударады, шағын қонақ үйлер мен кемпингтер салуға өз үлесін қосуда. Ал, ірі қонақ үй шаруашылығында кейін салынғандары Еуропалық стильде, қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары болуына әкеліп соғатынын көрсетуде. Осы орайда міндетті түрде сапа туралы айта кеткен жөн. Бұл қазіргі таңда ең басты әрі өзекті мәселе болып табылады. Қазақстандағы бес жұлдызды қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы қаншалықты жоғары болса да, оны шет елдің бес жұлдызды қонақ үйлерінің қызмет көрсету бағасымен ешқандай салыстыруға келмейді. Әрине, бәсекелестіктің жоғары екендігі анық, алайда, Алматы қаласындағы қонақ үйлер өз жағдайлары үшін қам жеп отырған жоқ. Өйткені, қалай болғанда да ол қонақ үйлер, яғни, қонақ үй номерлері жоғарғы маусым кезінде 100 пайызға толатынын біледі. Сондықтан да бұл нарық сапаны да, қызметті де, оптималды баға саясатын да реттеуге аса қатты тырыса қоймайды.
Қонақ үй бизнесін ұйымдастырудағы іс-әрекеттің ішінде ең маңызды көрсеткіш - көрсететін қызметтердің сапасы. Маркетологтардың айтуы бойынша сапаны басқару – бұл белгілі стандарт сапасына сәйкес бағытталған бақылаушы ұйымдастыру жұмысы. Кейбір зерттеушілердің айтуынша сапа дегеніміз – екі жұлдызды қонақ үйдің төрт жұлдызды отельге өтуі /6/.
Сапа – бұл тұтынушыны қанағаттандыратын қызмет қасиеттерінің жинағы. Бәсекелестік болған соң сапаны салыстыруға тура келеді, осыдан салыстырмалы сапаны сипаттауға қажеттілік туындайды. Салыстырмалы сапа келесі мүмкіндіктерді қарастырады:
Сапаны басқару үшін қонақ үй мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді бағалап тұратын басқарушы жүйе болуы керек. Басқарушы жүйе шағын жүйелерге бөлінеді:
Орталық Азияда тұңғыш Hilton торының ең алғаш отелі жақын арада Астана қаласында салынбақ. Қазақстанның астанасындағы бұл жобаны "Экспо-Орталық Астана" атты қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Hilton Group бірігіп жүзеге асыруды көздеп отыр. Бес жұлдызды Hilton Astana құрылысы 2010 жылы тамамдалады деп жоспарланып отыр. Жалпы ауданы 31 мың шаршы метрді құрайтын, 237 номерден тұратын қонақ үй "Экспо-Орталық Астана" әкімшілік-көрме тұрғын үй кешенінің территориясында бой көтермек. Бұл жобаға 68 миллион доллар көлемінде инвестиция салынды. Қазіргі кезде Hilton Group үлесіне әлемнің 70 еліндегі 2900 қонақ үй тиеді. Осы жуық арадағы 10 жылда дүниежүзі бойынша тағы мыңдаған қонақ үйлер салуды көздеп отыр. Hilton Astana қонақ үй құрылысы 2006 жылы басталған "Экспо-Орталық Астана" кешенінің құрамына кіреді. Кешеннің жалпы ауданы 200 мың шаршы метр. Онда қонақ үйден басқа екі бизнес-орталық, конгресс-зал, көрме павильондары, екі апарт-отель, сауда және көңіл көтеру орталықтары бар. Кешен пайдалануға 2009 жылдың соңына таман беріледі. Кешеннің жалпы құны 360 миллион доллар. Жоба өз-өзін 5 жылда ақтайды деп күтілуде.
Қазақстанға, соның ішінде Алматы қаласына келесі жылы Golden Tulip өзінің Royal Tulip атты жаңа брэндін ұсынбақ. Ол компанияның басқа екі брэндіне қосылды – төрт жұлдызды Golden Tulip Hotels and Resorts пен 3 жұлдызды Tulip Inn. Қазіргі таңда Royal Tulip құрамына 7 қонақ үй кіреді. Ол қалалардың қатарына Амстердам, Дубай, Шанхай да кіреді. Royal Tulip Almaty 2009 жылы қыркүйекте ашылады. Қонақ үй қаланың солтүстік бөлігінде орналасады. Қонақтарға 166 номер, конференц және банкет залдары, мейрамхана, бар, спа және фитнес-орталықтар ұсынылады. Golden Tulip жүйесі бар елдер: Австрия, Аргентина, Армения, Аруба, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Бразилия; Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Греция, Дания, Египет, Израиль, Үндістан, Иордан, Италия, Кипр, Қытай, Ливан, Люксембург, Мальта, Марокко, Мексика, Нидерланд, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Румыния, Португалия, Америка Құрама Штаты, Сауд Арабиясы, Тунис, Танзания, Чехия, Франция, Швейцария, Чили.
Осы тарауда Қазақстанның
қонақжайлығының қалыптасу
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі
Заманауи технологиялардың қарқынды түрде белес алып келе жатқан шағында отельдердің саны да, дизайны да, атқаратын қызметі де ұлғайып келеді. Сондықтан да қазіргі кезде әлем бойынша таңғажайып отельдердің түрлері ұлғайып келеді. Осының барлығы ұшқыр ойлы энтузиасттар мен демалыстарын өткізу барысында шытырманды оқиғаларға толы сезімдер мен бойларын қызуқандық билейтін туристердің тигізген үлесінің арқасында осындай бірегей құрылыс біртұмалары бірінің артынан бірі тізбектеліп, күн санап артып келеді. Оларға орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) бойынша жіктелетін таңғажайып отельдер кіреді. Төменде олардың жіктемесі келтірілген (1 сурет ).
1 сурет. Таңғажайып отельдердің жіктемесі
Жоғарыда көрсетілген
Әлемдегі таңғажайып отель түрлері [20]
Отель аты, түрі |
Орналасқан жері |
Hydropolis отелі, су отелі |
Біріккен Араб Әмірлігі, Дубай |
Посейдон отелі, су отелі |
Багам архипелагы |
The Poseidon Undersea Resort, су асты отелі |
Фиджи аралы |
Utter Inn, су отелі |
Швеция |
Huvafen Fush су отелі |
Мальдив аралы |
Burj al Аrab, су отелі |
Біріккен Араб Әмірлігі, Дубай |
Ariau Jungle Tower, ағаш отелі |
Бразилия |
Tree House Cottage, ағаш отелі |
Ямайка, Нигриле курортты қалашығы |
Green Magic, ағаш отелі |
Үндістан, Карел тропикалық орманы |
Kadir’s tree houses, ағаш отелі |
Түркия, ежелгі Олимпос қаласы |
The Zenterdorf Tree House, ағаш отелі |
Германия |
Ngong House, ағаш отелі |
Кения, Найроби қ. |
Woodpecker Hotel, ағаш отелі |
Швеция, Vasaparken саябағы |
Kempel отель-капсула |
Ұлыбритания, Лондон қаласы |
Пху Таиоми отель-капсула |
Жапония |
Swisshorn Gold Palace алтын отелі |
Гонконг, Коулун аралы |
Ice Hotel мұз отелі |
Канада, Квебек провинциясы |
White Beach Hotel тұз отелі |
Боливия |
Benesse House отель-мұражай |
Жапония, Наошима аралы |
Kokopelli’s Cave үңгір-отель |
АҚШ, Нью-Мехико |
Propeller Island City Lodge отель- фантазия |
Германия, Берлин |
Nautilius ғарыш отелі |
Ғарышта |
Galactic Suite ғарыш отелі |
Ғарышта |
Das Parkhotel құбыр - отель |
Германияда Дунай |
Жирафтар бар отель |
Кения, Лангата қаласы |
Dog Barg Park Inn дизайнерлік отелі |
АҚШ, Айдахо штаты |
Everland ұялы отель |
Швейцария |
Marmara Antalya айналмалы отель |
Түркия, Анталья қаласы |
Wallstreet Park Plaza дизайнерлік отелі |
Германия, Берлин қаласы |
“Кіші Ханзада” дизайнерлік отелі |
Германия, Баден-Баден қаласы |
жалғасы
Тау-шаңғы отелі. |
Норвегия |
Sign дизайнерлік отелі Бутик-отель |
Стокгольм |
Бутик-отель |
Польша, Вроцлав қаласы |
Jail Hostel отель-түрме |
Оттава қаласы |
Woodlin Park ұшақ- отелі |
Жаңа Зеландия, Отороханга қаласы |
Lythe Hill «елестерді аулау» отелі |
Лондон қаласы, Суррей графтығы |
Hobbit Motel үңгірдегі отель |
Жаңа Зеландия, Отороханга қаласы |
Rogner Bad Blumau отелі Бутик-отель |
Австрия, Блюмау қаласы Польша, Вроцлав қаласы |
Мицце Хайами экологиялық отелі |
Израиль |
Әр түрлі ақпарат көздеріне, статистикалық мәліметтерге сүйене отырып әлемдегі таңғажайып отель түрлерін туристердің таңдауы мен тұрақтауына қарай келесідей қысқа талдау жасауға болады: дүниежүзіндегі ең қымбат таңғажайып отельдер – ғарыштағы және судағы отельдер. Олар: Nautilus пен Galactic Suit ғарыш отельдері, Дубайдағы Burj al Arab, The Apeiron Island, Қытайдағы Waterworld аталатын су отельдері. Ғарыш отельдерінде тұрақтау құны 1 миллион-20 миллион аралығында, су отельдерінде бір тәулік тұрақтау құны 5000-28000 доллар аралығында. Орташа бағалы отельдерге мұз отельдері мен ағаш отельдерін, ерекше дизайнерлік отельдерді жатқызуға болады, оларда бір тәулік тұрақтау бағасы 200-1000 доллар құрайды. Ең арзан отельдерге отель-капсулалар, қораптан жасалған отельдер, жер астындағы және үңгірдегі отельдер кіреді. Мұндай отельдерде бір тәулік тұрақтау бағасы 40-150 доллар аралығында болады.
2.2. Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама
Алғашында таңғажайып отельдерге орналасуы бойынша сипаттама берейін. Соның ішінде қазіргі таңда әлем бойынша кең таралып жатқан су отельдеріне тоқталайын. Теңіз тереңдігінде ұзақ мерзімге адамдарды қоныстандыру бойынша алғашқы сынақтар XX ғасырдың ортасында басталған болатын. Қара теңізде 1966 жылы “Ихтиандр-66” сынағы жүргізілді. Ауаның жоғары қысымында 11 метр тереңдікте өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі бар су асты лабораториясы жіберілді. Сынақ адам ағзасының осындай жағдайларда өмір сүру мүмкіндігіне бейімділігін анықтайтын медициналық-физиологиялық мәліметтермен хабардар етті. Бұндай сынақтар өзге шет елдерде де жүргізілген болатын. Сондай лабораториялардың бірі соңында әлемдегі бірінші су асты отеліне айналдырылды. Ол Америка Құрама Штатындағы Флорида жағалауында орналасқан. Отель атақты жазушы Жюль Верннің құрметіне арнап “Жюль” деп аталды. Құрлық шельфі бойынша жүргізіліп келген станция 90 жылдардың аяғында саудагерлерге сатылады. Саудагерлер оны қонақ үйге айналдырады. Ол 8 метр тереңдікте орналасты және онда тек аквалангтың көмегімен ғана баруға болатын. Сондықтан да, алғашқы кездері аталмыш қонақ үй қызметін тек тәжірибелі дайверлер ғана пайдаланатын, ал оларға жолды әрдайым гидтер нұсқап отыратын. Бортқа станцияның төменгі бөлігінде орналасқан ашық люк арқылы шығатын. Су отелінің жалпы ауданы 183 метр квадратты құрайды. Отель 10-12 адамға арналған. Үлкен дөңгелек иллюминатордан теңіздегі керемет балықтар мен өсімдіктер түріне таңғажайып көріністі тамашалауға болады. Бір тәулік тұру құны 400 $ құрайды.