Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның коммерциялық табыстылығы оның өнімінің негізгі тұтынушылық талғамдарына қаншалықты толығымен сәйкес келетіндігіне тікелей байланысты. Стратегиялық, маркетингтік шешімдерді қабылдау үшін, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау үшін, нарықтағы компанияның мінез-құлқының әдісін анықтау үшін, жоғары табысты жетістіктерге жету үшін нарық бойынша жалпы және ұсынылып отырған өнімнің тұтынушыларға әсері, оның сауда маркасы туралы толық және объективті ақпарат қажет /14/.

Маркетингтік зерттеулер бизнестің дамуының мүмкін болатын  бағыттарын анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеулерді келесі шешімдерді қабылдау барысында өткізу шарт:

    • жаңа нарыққа шығу барысында;
    • жаңа өнімді ұсыну барысында;
    • ребрендинг жағдайында;
    • компанияның өніміне бағаны анықтау үшін;
    • тауарларды жылжытудың каналдары мен әдістері туралы;
    • тұтынушыларды ынталандыру әдістері туралы.

Бағаны зерттеу мынадай  тиімді қатынасты таңдау үшін жүргізіледі: «баға-сапа», «шығын-баға», «баға-табыс» (6сурет).

                     

                 6 сурет. Бағаны зерттеудің тиімді қатынасы [29]

Отельге қысқаша сипаттама  жасар алдында алғашқы инвестицияға қанша қаражат кететіндігін, өз-өзін ақтаудың орташа мерзімі неше жылға  бағытталғанын, нарық ерекшелігін, оның нақты қандай қасиетпен ерекшеленетінін  анықтап алу шарт.

Қонақ үй бизнесі көптеген жылдар бойы бизнестің ең тұрақты  әрі қауіпсіз түрі болып келеді, сондықтан да, қонақ үйді ашу аса  тиімді болады. Әрине, үлкен қонақ  үйді ашу, оған қоса оны ірі қалада салу тек ірі компаниялардың қолынан  келеді, сол себептен мен шағын қонақ үйді ашудың болашағы туралы мәселе қарастырамын.

Шағын экологиялық отельдің әр қадам жетілуін ойластырған кезде  келесі сұрақтар қарастырылуы шарт:

1. Ғимаратты салу –  отельді құру ғимаратты қарастырудан  басталады. Менің жағдайымда қолайлы  нұсқасы отель ғимаратының құрылысын салу. Осы бөлімде отельдің қанша номерден, қанша қабаттан тұратынын айқындау қажет. Қай қабатта қанша номер, қандай бөлмелер: администрация, ресепшн орналасады. Қолайлы нұсқа ретінде жеке жоба бойынша жасалған ғимарат құрылысын қарастырса болады. Бұл жағдайда тізбек мына үлгіде құрылады: «құрылысты жүргізуге арналған жер таңдау» -«жобаны жетілдіру»-«құрылыс»-«интерьер дизайны».

2. Қонақ үйдің тұжырымдамасы.  Нарық анализі. Қонақ үй ғимараты  алғашқы қонақтарды қабылдауға  дайын болған уақытта қонақ үйдің тұжырымдамасын анықтап алу қажет және бәсекелестікті бағалау басты мәселеге айналуы керек. 

3. Экономикалық құрамалар.  Құрылыс бағасы.

Шығындар:

1. Ғимарат құрылысына  қанша қаражат жұмсалады?

2. Қызмет көрсетушілердің  бағасы, үстеме шығындар?

Барлығы: қанша қаражат  жұмсалды?

Кіріс:

1. Номерлерден түсетін  табыс – жылына қанша қаражат  жұмсалады? 

2. Бар, конференц-зал  - жылына қанша қаражат?

Барлығы: қанша қаражат  жұмсалды?

Есеп-қисап көрсеткендей қонақ үйдің жуықтап алғандағы  орташа өз-өзін ақтау мерзімі жалпы қанша жылды құрайтынын анықтау керек. Осындай өзекті мәселелердің басы ашылғаннан соң, батыл түрде отельге арналған бизнес жоспардың бөлімдерін анықтауға кіріссе болады.

Отельге арналған бизнес жоспар:

1. Мазмұны.

2. Кіріспе.

2.1. Мақсаты.

2.2. Жобаның міндеттері.

2.3. Сәттілік алып келетін  басты факторды анықтау.

2.4. Жобаның девелопері  мен кеңесшісі.

3. Компания және оның  иесі туралы мағлұмат.

3.1. Компанияның профилі.

3.2. Салынатын отельдің сипаттамасы.

3.3. Қолда бар мүлікті тиімді пайдаланудың схемасы.

3.4. Тұжырымдаманы жүзеге  асыруға арналған қаражат салымының  қажеттілігінің бағалау нәтижесі.

3.5. Болашақ отельдің  орналасу орны мен құрал-жабдықтарына  сипаттама.

4. Қонақ үй өнімі  мен қызметтерінің тұжырымдамасыныңжетілдірілуі.

4.1.Жер учаскесінің  анализі.

4.2. Көлікке қол жеткізу  мүмкіндігі.

4.3. Нысан эксплуатациясының  схемасы – мүмкін болатын баламасы.

4.4. Жобаның нақты нұсқасы.

4.5. Ұсынылып отырған  отельдің құрылу тұжырымдамасы.

4.6.Отельдің ішкі кеңістігін  бөлу.

5. Қонақ үй жобасының  заңды мәртебесін анықтау. 

5.1. Қаржылық және операциялық салаларын реттеу.

5.2. Келісімшарттардың  жағдайын, ондағы шарттарды жетілдіру.

5.2.1. Біржақты басқару  жағдайында.

5.2.2. Нысанды жалға  берген жағдайда.

5.2.3. Басқарушы компаниямен басқаруға келісімшарт жасасқанда.

5.2.4. Франчайзингтік келісімшартқа  отырған жағдайда.

Негізгі жоспар, бизнес жоспар, маркетингтік зерттеулер жүргізілгеннен кейін маркетингтік сараптама жасауға  көшсе болады. Маркетингтік сараптама  бір-бірімен өзара тығыз байланысқан, күрделі мәселелерді айқындай түсетін біршама сұрақтардан тұрады.

Маркетингтік сараптама:

1. Аймақтағы іскерлік  және экономикалық өзгерістердің  беталысы.

2. Аймақтағы туризм.

3. Нарық потенциалының анализі.

4. Аймақтың қонақ үй  нарығында бәсекелестердің жүзеге асырылып отырған ұсыныстары.

5. Аймақтың жылжымалы  мүлік нарығында жүзеге асырылып  отырған ұсыныстары.

6. Аймақтың қонақ үй  нарығының болашақта даму жоспары.

7. Аймақтағы қонақ  үй қызметіне деген сұранысы.

8. Маусымдылық факторы.

9. Бизнес көзі бойынша нарықты сенментациялау.

10. Қонақ үй өнімін  жылжытудың стратегиясын жетілдіру.

11.Бәсекелестік артықшылықтардың  сараптамасы.

12. Маркетингтік стратегияның  жетілдірілуі.

13. Отельді позициялау.

14. Баға стратегиясының  жетілдірілуі.

15. Жылжыту стратегиясының  жетілдірілуі.

16. Маркетингтік жоспар  құру.

17. Сату стратегиясының  жетілдірілуі.

18. Ұйғарылған сату  көлемінің жорамалы.

19. Жобаны жүзеге асыру  мерзіміне орай жылжыту мен  сату бағдарламасын құру.

20. Нысанды эксплуатацияға  берудің графигі.

21. Басқару тұжырымдамасының  түйіндемесі.

22. Басқару тобына сипаттама.

23. Басқару тобының  мықты және әлсіз жақтары.

24. Қызмет көрсетушілердің  жоспары.

25. Қаржылық жоспар.

26. Негізгі ахуал.

27. Кіріс пен шығынның  анализі. 

28. Номерлерді сатудан  түскен табыс. 

29. Мейрамханадан түсетін  табыс. 

30. Фитнес-орталықтан  түсетін табыс. 

31. Байланыс қызметін  сатудан және басқа салалардан  түскен табыс. 

32. Қонақ үй қызметтерінің  өзіндік құны.

33. Қызмет көрсетушілерге  кеткен шығын. 

34. Басқарушылық төлемдер.

35. Жоба бойынша кіріс  пен шығынның қорытынды балансы.

36. Жобаны жүзеге асыруға  қажетті инвестиция көлемінің  есебі.

37. Инвестицияның өз-өзін  ақтау мерзімінің есебі.

38. Болжамдық балансты  құрастыру.

39. Капитал ағымының  анализі (cash flow) мен жобаның қаржылық  жағынан тартымдылығына қорытынды жасау.

Шағын қонақ үйлердің пайда болуы мен дамуының алғышарттары. Америка Құрама Штатында бірнеше  мыңдаған номерлерге арналған қонақ  үйлер негізінен Майамидің жағалауында, Флоридада, Лас-Вегаста шоғырланады. Бүгінде Қазақстанда шағын қонақ  үйлердің сыйымдылығы 10-100 номерлерге арналған (орналастыру орны 10 номерден кем болса, ол қонақ үй болып саналмайды).

Шағын қонақ үйлер  әрбір клиентке оңай икемделеді, «үйден қашық жердегі үй» атмосферасын құрайды. Шағын отельдер применяют  более гибкую систему скидок және ол клиенттерге іспеттес/ұқсас кластағы үлкен қонақ үйлерге қарағанда арзанға түседі. Осының барлығы аталмыш қонақ үй бизнесінің формаларына әр түрлі елдің нарығында прочное положение занять етуіне мүмкіндік береді. Алайда, мұндай қонақ үйдің сыйымдылығы аз болғандықтан, онда сату көлемі сәйкесінше жоғары болмайды. Сонымен қатар, мқндай қонақ үйдің құрылымының айналымында ауыспалы ұсталымдардың үлесі ұлғаяды. Өйткені, жүзеге асырылып отырған сатып алу көлемінде оған жуушы құралдарға, кір жуатын қызметке арналған қолайлы бағаға қол жеткізу біршама қиындық туғызады.Сондай-ақ, кадр саласына қатысты маңызды мәселе бар. Шағын отельдерде қызмет көрсетушілер отельдің рентабельді болып қала беруі үшін «көп профильді» болуы қажет.

Осылайша, шағын қонақ  үйге шығынды қысқарту әдісін қолдана отырып, оның тиімділігін жоғарылату қиын. Ауыспалы шығындарды қысқарту үшін шағын қонақ үйде тек бір ғана жол бар: өзге шағын отельдермен бірігу. Оның артықшылықтары мынада: көтерме сауданы қолайлы бағамен жүзеге асыру, біріккен жарнамалық кампаниялар мен маркетингтік зерттеулерді өткізу, бюджеттің шығыс бөлігін қысқартудың басқа жолдарын іздестіру.

Барлық қонақ үйлер  өз қонақ үйлері мен апартаменттерінде  бағаны қымбаттатқызады. Бірақ ең бастысы  олар номердің сыйымдылық мәселесіне көңіл аударуы қажет және қала қонақтары көптеген отельдердің ішінен дәл сіздің отельді алатындығына көз жеткізу керек. Осыдан келесі сқрақ туындайды: қонақтарды отельге қалай тартуға болады және өз отелін басқа отельдерден қалай ерекшелеуге болады. Сондай-ақ, интернет арқылы орындарды резервтеуді қадағалау қажет. Ал, баға түбінде қымбаттаса, онда қонақтарға қолдан келгенше ыңғайлылық жжағдайларын жасап, көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту керек.

Қызмет көрсету стандарты. Ең алдымен қызмет көрсетушілерден бастаған жөн. Олар шет ел тілдерін жетік тілде меңгеруі, әр түрлі елдерден келетін қонақтарды қабылдау ерекшеліктерін білуі шарт. Қызмет көрсетудің жылдамдығы мен икемділігі тіркеудің бес минут ішінде аяқталуы, тамақтандырудың ыңғайлы графигі, екі тілдегі ас мәзірі.

Экологиялық отельдер туристер «өркениеттті ауа» мен қала ауыртпалығынан шаршай бастаған кезде, ал олардың жаны табиғатқа ұмтыла бастаған шақта  пайда бола бастады. Экологиялық  отельдерді шөлді жерлерде, қорықтарда, елдің керемет табиғат зоналарында салуға болады. Қазіргі таңда эко-отельдер барлық дамыған елдерде бар. Біріккен Араб Әмірлігіндегі осындай статусты иеленген ең алғашқы отель бес жұлдызды Al Maha Dasert Resort & Spa Hotel. Бархандардың арасындағы шөлде орналасқан бұл отель елге келуші қонақтарға экзотикалық және ұмытылмастай демалыс ұсынады. Отельге апаратын жол толығымен дұрыс салынбағандықтан қонақтарды бұл жерге джиппен алып келеді. Мұндағы эко-отельдердің ғимараты бедуиндердің ұлттық дәстүріне негізделіп салынған, отельден тамаша шолу пейзажы анық көрінеді, бассейндер де демалысқа ерекше сипат береді. Қонақтар құс атуға, садақтан оқ атумен айналысса, артезиан суында шомылуына, түйе ат мен ат үстінде саяхаттауына болады. Белсенді демалысты ұнататындар үшін Хаджар тауы мен тау сафариларына археологиялық және тарихи турлар, құмды жер бойынша шаңғымен саяхаттау қарастырылған.

Көптеген зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижесі көрсеткендей, дамыған елдердің тұрғындары өз таңдауларын  қоршаған орта мен табиғат ресурстарына айрықша күтіммен қарайтын қонақ үйлерге береді. Туристердің 70% жуығы экологиялық талаптар сақталған қонақ үйде екі апталық демалыс барысында үстіне қосымша 150 $ төлеуге дайын екендіктері де анықталды. Дүниежүзіндегі ең таза экологиялық отельдердің саны жиырмаға жуықтайды. Олар: Гренададағы Spice Island Beach Resort (отельдегі су тек күн қуатымен ғана жылынады, номерлерде электр қуатын үнемдейтін жарықтандырғыштар, бассейнде хлорканың орнына таза тұз қолданылады), Мальдив аралындағы Soneva Fushi Resort & Six Senses Spa (отель иелері 2010 жылға дейін отель территориясындағы зиянды заттардың өнімдерін екі есе төмендету жөнінде мақсат қойды), Шри-Ланкадағы Heritance Kandalama (отель тағамдарды тек органикалық өнімдерден ғана ұсынады), Австралиядағы Voyages longitude 131, Багам аралындағы Tiamo, Швейцариядағы Whitepod, Америка Құрама Штатындағы Devil's Thumb Ranch, Филиппиндегі El Nido Resorts, Танзаниядағы Chumbe Island Coral Park, Египеттегі Adrère Amellal, Кениядағы Campi Ya Kanzi, Никарагуадағы Morgan's Rock Hacienda&Ecolodge, Ямайкадағы Hotel Mocking Bird Hill, Италиядағы Tenuta di Spannocchia, Ұлыбританиядағы Strattons Hotel, Сейшель аралындағы Cousine Island, Канададағы King Pacific Lodge, Фиджи аралындағы Turtle Island, Доминикадағы Jungle Bay Resort&Spa, Оңтүстік Африка Республикасындағы Phinda Game Reserve, KwaZulu-Natal.

Шанхайда ашылған «Urbn»  экологиялық отелі қайта өңделген отыннан салынған, күн батареясы  мен жаңбыр суын,табиғи жуатын құралдарды, электр қуатының минималды мөлшерін  пайдаланады, атмосфераны сақтау жөніндегі бағдарламаның қатысушысы. Отельге келуші әрбір қонақ ғаламдық жылынуға қарсы қорға өз еркімен салым енгізе алады. Ал, италияндық экологиялық отельдердің ecolabel эмблемасы бар тұрғындары отельге барар және қайтар жолда поездбен тегін қатынайды. Cavendish атты лондондық отельдің иелері осы жылдан бастап отельге велосипедпен келуші қонақтарға ғимарат территориясында тегін аялдауға рұқсат берді, ал қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейтін көлікті пайдаланушыларға қонақ үйде көрсетілетін барлыққ қызметтерге 50 % көлемінде жеңілдік жасайды. Cavendish отелінің көптеген номерлері мобильдік телефондарға арналған механикалық толтыру құрылғыларымен жабдықталған, ал конференц-залдарында екінші қайта өңдеуден өткен жазба қағаздары мен токсикалық емес қаламдар, суда жұмыс істейтін калькулятор ұсынылады. 

Біріккен Араб Әмірлігіндегі  арзан экологиялық отельдер Шейх Мұхаммед ибн Файсаль Аль Кассимнің  қолдауымен қолға алынады. Біріккен Араб Әмірлігіндегі эконом кластағы «Экос отельдер» атты алғашқы  экологиялық отельдер тізбегін салуға Coral International Hotels, Resort & Spa компаниясы кірісті. Тізбектің директоры болып Ралбф Ноблет тағайындалды. Соңғы кезде бұл елде бес жұлдызды, жеті жұлдызды отельдер жиі салынып кетті, мұндай қымбат отельдерге тек табысы жоғары адамдар ғана бара алады. Қарапайым халыққа арнап салынып жатқан бұл эко-отельдер екі жұлдызды бола отырып, баға мен сапаның ең мықты қатынасын айқындай отырып, басты назарды бұрынғыдай креативтілігіне, бірегейлігіне аударады. Алайда, бұл отель тек екі жұлдызды болатындықтан оған кететін қаражат та кең ауқымда бола қоймайды, сондықтан да оның қарапайымдылығына назар аударылады. Ол футуристік, жоғары технологиялық, экологиялық жағынан ыңғайлы минимализм стилінде салынады деп жоспарлануда. Отель көлемі қонақтарға арналған 100-200 номерднт тұрады. Ecos Hotels тұжырымдамасының алғашқы жобалары Arabian Travel Market атты туристік жәрмеңкесінде 2007 жылы 4 мамырда ұсынылған болатын.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы