Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа
Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.
КІРІСПЕ
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37
3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61
Мен сіздердің назарларыңызға
Ақсу-Жабағлы мен Алтын-Емелде ағаш
отельдерін салу идеясын ұсынбақпын.
Өздеріңіз байқағандай бұл
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне тағлым етіп бармастан бұрын барша мұсылман халқы Арыстанбаб кесенесіне тоқтайды. Көбіне бұл киелі жерге келген адамдар түнеп кетеді. Зиярат етушілердің саны тым көп болғандықтан олардың барлығы кесене ішіне сыймайды. Сондықтан да, бірнеше жыл бұрын оған қарама-қарсы бетте “Арыстанбаб” отелі салынған болатын. Осыдан 3-4 жыл бұрын жергілікті бюджеттен киіз үй отельдерін шоғырландыру үшін қаражат бөлінген болатын. Қазіргі таңда ол өз жемісін беруде. Дана халқымыз көне заманнан бері киіз үйді баспана реінде қолданып келген. Киіз үй қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының айқын куәгері іспеттес. Арыстанбабтағы киіз үй отельдерін салу да көп пайда мен кіріс әкеледі. Бүгінде туристерге арнап қызмет атқаратын Арыстанбабтағы киіз үйлер саны өте аз, ал онда жыл сайын ағылып келіп жататын туристер кесенеге жапсарлас жатқан елді-мекендегі тұрғындардың үйлеріне аялдауына тура келеді.
Арыстанбаб кесенесі Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 км жерде орналасқан. Шәуілдір – ауыл әрі аудандық округ орталығы. Облыс орталығы – Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 142 км, Арыс өзені мен Д.Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан. Шәуілдірден 8 км жерде көне Отырар қаласы орналасқан. Ауылда Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция базасы негізінде құрылған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражай жұмыс істейді. Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне бағыт алушылар міндетті түрде осы мұражайға соғып кетеді.
Арыстанбаб кесенесіне келер болсақ, бұл сәулет өнері ескерткіші Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстанбаб қабірінің басына салынған. Бұл жоба XIV ғасыр құрылысына сәйкес келеді. Ол құрылыстан бүгінгі күнге дейін дәліздің ағаштан жасалған оюлы тіреулері жеткен. XVIII ғасырда жер сілкінісінен қираған көне мазардың орнына екі күмбезді құрылыс бой көтерді. XX ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен алғашында Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделді. Кесененің сол қанатында мешіт бар, олардың араларын дәліз жалғап тұр. Қазіргі кесене құрылысы дәлізхана, мешіт. Құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде “желкен” деп аталатын өріммен иіліп барып, күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең, биік етіп тұрғызылған. Бөлменің қақ ортасында Арыстанбабтың қабірі орналасқан. Ол бөлме де күмбезбен жабылған.
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Оның құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал, керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді. Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады: 1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау тағады. Уықтың иілген жерін иығы дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау. Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді. Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды. Киіз үй жиналмалы үй, ол ағаштан және киізден құралады, керегеден (ағаш бөлшектері), шаңырақтан, уықтан тұрады. Ағаш үйдің көлемі қанаттарына (алты қанат) байланысты болады. Әдетте, 12 қанаттан тұратын ағаш үйдің көлемі 100-120 кв метр құрайды, 12, 15,18 қанатты ағаш үйлер ХІІ ғасырда кең қолданысқа ие болған. Кереге 36 сағанақтан тұрады. Тор көздің екі көзі бар. Олар ұсақ төрт бұрышты (тор көз) және ірі торлардан ( жел көз) тұрады. Ағаш үйдің кіру есігі оңтүстік бағытта орналасады. Керегенің іші-сыртын тоқыма шимен қаптайды және оның сыртына киіз қапталады. Киіз қаптаулар өрнектелген ленталармен және қалың белдеумен бекітіледі. Ағаш үйдің сырты әртүрлі жіптермен, кілемше жолдармен, әдемі ленталармен әшекеленеді. Ағаш үйдің өзіндік 3 негізгі түрі бар. Қонақтарға арналған ағаш үй, олар өте әдемілігімен үлкен көлемділігімен ерекшеленеді. Олар 12 қанатты болып келеді сырты ақ түсті киізбен қапталады. Ең әдемі, ең бай ағаш үй, ол той ағаш үйі – отау. Тұрғындарға арналған ағаш үйлер кішкентай көлемді болып келеді. Мұндай кішкентай үйлерді бір түйемен немесе бір атпен тасуға болады.
Тасымалы үйлердің бірі - уықтардан тұратын күрке. Ол үш, төрт тор көзді кереге мен уықтан тұрады. Сонымен қатар, қазақтар көшкен кезде көбіне доңғалағы бар арба үйлерді қолданған. Ол күйме деп аталады. Күйменің сыртын киізбен немесе түрлі түсті терілермен қаптаған. Есіктің қасы босаға деп аталады. Босағадан оңға қарай үй иелерінің кереуеттері тұрады. Ол арнайы шымылдықпен бөлінген. Ағаш үйдің жабдықтары түрлі ағаш және тері заттарынан, киіз бұйымдарынан құралады. Олардың ішіндегі ең көп тараған киіз кілемдері – текемет.
Киіз үйдің есігі әдетте шығысқа қаратылады. Бұл күннің сәулесі үйге бірінші түссін дегенді білдіреді. Есікке қарама-қарсы бетте – төр. Төрге ақ пен қара түсті сырмақ төселеді. Мәнісі, төр - ақ пен қараның ара-жігін ажырататын адамның орны. Шыңғыс дәуіріндегі Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда дегендердің өзі – кеңейтілген киіз үйдің көшірмесі іспетті.
Босаға – екеу. Оң жақ және сол жақ босағадан тұрады. Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбі т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниені ғалымдар «құт» категориясымен белгілейді. Өйткені жоғарыда аталған ыдыстарға айран, іркіт, қымыз және шұбат т.б. құйылады. Демек, сол жақ босаға - әйелдің символы. Ал оң босаға – еркектің символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелі, бүркіт т.б. қойылады. Шаңырақты көтергенде бақанның екінші ұшы тиген жерге, яғни үйдің дәл ортасына ошақ орналасады. Адал бақан - әлем ағашының символы.
Енді, Каспий теңізіне тоқтала кетейін. Каспий теңізі - жер шарындағы ең үлкен көл. Қазақстандық бөлігі онша терең емес (2-3 м шамасында), атыраулық солтүстік Каспий тереңдігі 15-20 м. Ірі шығанақтары: Комсомол, Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қарабұғазкөл т.б. Жалпы ауданы 350 метр квадрат, 50 жуық аралы бар. Солтүстік жағалауы ойпатты құмды-тастақты жазық, теңіз суының шалқып шегінуінен кең алқапта шөгінді-лайлы қайраң қалыптасқан. Маңғыстау жағалауы жарқабақты келеді. Оңтүстікке қарай жағаның аккумуляциялық түрі басым бола береді. Теңіз түбі бедерінің ерекшелігі жағынан солтүстігі тайыз сулы, көлбеулене келген шөгінділі жазық, оңтүстігі – шоңғалды терең ойыстар. Түбінің бедері мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай теңіз солтүстік Каспий орта және оңтүстік Каспий болып ажыратылады. Теңіз бірнеше климаттық белдеулерді қиып өтеді: солтүстігінде – континенттік, батысында – қоңыржай жылы, оңтүстік-батысында – субтропикалық-ылғалды, шығысында – қуаң белдеулі. Шілде тамыз айларында орташа температурасы 24-26 Сº, қыс айларында 10-12Сº. Жазда судың беткі қабатының орташа температурасы 24-26 Сº, оңтүстігінде 29 Сº. Қыста судың орташа температурасы -0,5, орталығында 3-7 Сº, оңтүстігінде 8-10 Сº.
Сіздердің назарларыңызға Каспий теңізінде су отелін салуды ұсынғалы отырмын. Отельді Ақтау-Сити қалашығы маңына салу көзделіп отыр. Аталмыш зонаның басты тартымдылығы болып бірнеше “әйнек” ғимараттары болып саналады. Олардың ішіндегі ең биігі – мұнай мұнарасына ұқсатылып салынған 340 м биіктіктегі ғимарат. Әрдайым жарықтандырылып тұратын бұл мұнара алыстан тау хрусталін еріксіз еске салады.
Ал, жағалау зонасындағы ауданға тоқталатын болсақ – ол архитекторлардың жобалауы бойынша фешенебельді қонақ үйлері мен курорттары бар тамаша француз ривьерасына ұқсауы тиіс. Ондағы үш ерекше түбекте жасанды түрде кішігірім аралдар жасаудың арқасында элитті үйлер мен жаңа гаваньдар салу көзделіп отыр. Осылайша, техниканың озық жетістіктерін пайдалана отырып жағалаудан біршама алшақ жерде су отелін салуға болады. Отель дизайнін арнайы үлгілер жасау арқылы ерекше үлгіде салуға болады. Отель дизайні неғұрлым ерекше болса, ол соғұрлым туристердің қызығушылықтарын арттыра түсетіні анық.
3.3 Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі
Қонақ үй саласы туризмнің құрама және негізгі бөлігі ретінде әлемдік экономиканың қарқынды дамушы секторы әрі валюталық кірістің тиімді көзі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында еліміз бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарылататын экономикалық потенциалы анық қарастырылған приоритетті саласы бар бәсекеге қабілетті экономикалық модульді таңдағаны айтылған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, осындай іс-әрекеттің приоритетті саласына қонақ үй шаруашылығы кіреді.
Қонақ үй бизнесі Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет ел қонақтарын орналастыру, тамақтандыру орнымен және өзге де қосымша қызметтермен қамтамасыздандыру функциясын атқаратын қызмет көрсету саласының негізгі элементі. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, халықтың тұрмыс-жағдайының жақсаруы, отандық нарыққа ірі халықаралық қонақ үй торларының келуі қонақ үй қызметінің қарқынды дамуына әрі олардың сапасын әлемдік стандартқа жауап бере алатындай етіп жоғарылатуына әкелді. Мен сіздердің назарларыңызға Қазақстанда дизайны ерекше экологиялық отельді салуды ұсынғалы отырмын. Себебі, экологиялық отельдер қазіргі таңда әлем бойынша кең сұранысқа ие болып келеді. Оның да өзіндік себептері баршылық. Сондықтан да, мен осы дипломдық жұмысымда экологиялық отельдің салыну жоспарын шағын түрде сипаттап берейін.
Отельді ашу мен ұйымдастыру ең әуелі идеядан басталады. Бұл идеяны жетілдіру қонақ үй бизнесінің сауатты бизнес жоспарына байланысты. Қонақ үй бизнесінің табыстылығы айтарлықтай байқалады. Туристік бизнес белсенді дамыған қалаларда уақытша тұрғын ауданының қажеттілігі өте жоғары. Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің алдында таңдау мәселесі күрделілендірілген. Оның ішінде көптеген қосалқы қызметтер көрсететін қонақ үй кешендері, шағын мотельдер, туристерге арналған жайлы отельдер, келушілерге арналған дәстүрлі қонақ үйлер бар.
Экологиялық отельді құрудың бастапқы жоспары жасалсын делік, осы қысқаша жоспардан соң бизнес-жоспарды ойластыруға, бірқатар маркетингтік зерттеулер жүргізуге көшсе болады:
3. Инвестициялық жоспар.
3.1. Отельдің концепциясын таңдау.
3.2. Лицензиялау.
3.3. Мақсатты нарықтың
анализі мен маркетингтік
3.4. Жобаның күнтізбелік жоспары.
3.5. Жобаның қаржылық бағалануы.
3.6. Тәуекел анализі.
3.7. Жобаның экономикалық тиімділігі.
4. Қорытынды.
Бизнес-жоспармен қатар,
отельді ашу барысында