Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Туристерді отельге  әр түрлі жолмен тартуға болады. Біреулер төмен бағамен, біреулер жұлдыз санымен, біреулер ғажайып футуристік дизайн жасап, оған люкстік қызмет көрсетуді қосады. Мұндай отельдерге ең бай қоныстанушылар келеді. Соңғы уақытта елімізде туризмнің қарқынды дамуына байланысты әр түрлі типтегі және баға категориясындағы қонақ үйлер салынуда және олардың кейбіреуі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Көптеген кәсіпкерлер 150-500 номерден асатын 5* қонақ үйлер салуға қызығушылық танытуда. Алайда, мұндай «алыптардың құрылысы» әрқашан мақсаттылық бола бермейді. Өйткені, олардың құрылысына бірнеше миллиондаған қаржы кетеді, көп жағдайда оны шағын және орта кәсіпкерлердің қалталары көтере бермейді. Сонымен қатар, қонақ үйдің толтырылу деңгейі әр аймақта әр түрлі болуы ықтимал, аймақтық қонақ үйлердің басым бөлігі жартысына дейін де толмайды.

Сарапшылардың пікірі бойынша 150 номерлік 5* қонақ үйлер Алматы, Астана қалаларында 10 млн $ құрайды. Жобаның  өз-өзін ақтау мерзімі орташа жылдық толтырылу 45-50% болған жағдайда инвестиция салымы басталған уақыттан бастап 7 жыл, эксплуатацияға берілген уақыттан бастап 5 жыл. Жобаның табыстылығы 15-20 % деңгейінде бағаланады. Құрылыстың қымбаттылығы мен ірі әрі ыңғайлы отельдердің эксплуатациясы онда тұру бағасына да әсер ететіні ықтимал. Мәселен, 5* қонақ үйде бір тәулікке номер бағасы 500-600 $. Нақты альтернатива ретінде әлемдік қонақ үй тәжірибесі 20 номерге дейінгі шағын ауқымды қонақ үйлерді ұсынады. Оларды құру үшін жағадан ғимарат салып керегі жоқ, бар болғаны қолданыста бар ғимараттарды қайта өңдеп жіберу қажет, соның ішінде көп қабатты пәтерлер мен коттедждер. Шағын форматты қонақ үйлерді іске қосу мерзімі айтарлықтай қысқа, ал бағасы айтарлықтай төмен (орташа алғанда 50-100 $, орналасқан жері мен ыңғайлығына байланысты). Мұнда ірі отельдерге қарағанда қызмет көрсету қарапайым келген және қызмет көрсетушілер саны да аз. Қазіргі таңда шағын отельдер Еуропада ірі қалалар мен кішігірім елді-мекендерде кең танымалдыққа ие. Қонақ үйдің басты сәттілік факторына оның орналасқан жеріндегі мықты дамыған инфрақұрылымы, көліктің, жақын жерде әлеуметтік маңызы бар нысандардың болуы (дүкен, кеңсе, демалыс орындары мен көрікті жерлер).

Стандартты емес дизайн отель иелеріне көп табыс түсірумен  қатар, альтернативтік көңіл көтеру нарығынақонақ үйдегі нағыз көтерілуге әкелді. Бұл бизнесті алдыға жетелейтін 3 негізгі қасиет бар:

    • эксклюзивтілігі
    • экологиялығы
    • төмен баға

Алғашқы қарапайым емес тақырыптық отельдердің нарықта  пайда болуының ойластырушылары  ерекше шытырман сезімге құштар адамдар  болды. Мәселен, олар шаңғы тебудің, су астында жүзудің, ағашта өрмелеудің құмартушылары. Ондаған күндер бойы олар құмарларын басу үшін сол жерлерде қостар мен кішігірім үйшіктерді салып отырған. Уақыт өте келе олардың қатарына туыстары, достары мен достарының достары келе бастады. Осылайша кәсіпкерлер ерекше дизайндағы отельдерді ерекше жерлерде салуға белсенді түрде кіріседі.  Пуэрто-Риконың суларында екі аквалангист ең алғаш рет 6 м тереңдікте төрт орынды «Жюльдің су асты үйін» салады. Алғашқы қар отельдері ойламаған жерден пайда болды: Швецияда 1990 жылы  иглу көрмесі (эскимостардың қар қосағы) өткен болатын, сол іс-шараға қатысушы туристер отельдерде бос орын таппаған соң көрмені ұйымдастырушылардан қар экспонаттарында түнеуге рұқсат сұрайды. Суық температура жағдайында оларға жылы көрпелерді оранып ұйықтауға тура келді. Келесі күні бұл жайттан хабардар болған бұқаралық ақпарат құралдары оны дереу түрде басылым бетіне шығарады. Осы кезден бастап көрме өткізілген жер альтернативтік отельдердің бастапқы мекені ретінде мойындалады. Таңғажайып инновацияны демалыс пен көңіл көтеру индустриясында барлығы құптады, сондықтан да, соңғы алты жылда әлем бойынша көптеген «стандартты емес» қонақ үйлер салына бастады. Қазіргі кезде оларға деген сұраныс күн санап артып келеді.

Стандартты емес отельдерді ашуға кететін шығындарды қысқарту үшін қолданыстан шығып кеткен ғимараттар мен механизмдерді қайта жабдықтаудың көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл орайда поездарды, ұшақтарды, маяктар мен мұнараларды іске қосу ықтимал. Бір ағашта бірнеше заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған қонақ үй номерлерін, мейрамхана мен душ кабиналарын салуға болады.

Туристерге арналған альтернативтік отельдердің құрылысына стандартты отельдерге қарағанда қаражат  анағұрлым аз кетеді. Мысалы, әдеттегі стандартты қонақ үйді салуға 40-50 млн $ жұмсалса, қар иглуын ашуға 400 мың $, ағаштағы отельдерді салуға 100-200 мың $ кетеді. Аз инвестиция мөлшері табиғи және қымбат емес материалдарды пайдаланумен және құрылыстың технологиясына байланысты болғандығымен түсіндіріледі. Қар отельдерін салу бірнеше ғасыр бұрын канадалық эскимостар ұстанған қағида бойынша салынады. Ал, оған қоса қазіргі заман талабына сай заманауи инженерлік жетілдіруді ескерсек, мұндай отельді салу жеңіл болады. Ол үшін қарға аумақты белгілеу үшін болат қоршаулар салынады, сосын арнайы автоматтың көмегімен қар берік аппақ қабырғаларды құрап, іштен үрленеді. Содан соң мұз блоктарынан төсек орындар, орындықтар, бар тұрағын, сағат, мүсін түріндегі безендірулер т.б. қажет болады. Қонақ үйді салу үшін 15 мың тонна қар, 500 тонна мұз керек. Иглу құрылысына бір айдан астам уақыт және жұмысқа  20 адам керек.

Қазақстан территориясында  таңғажайып отельдерді салдыруға мүмкіндіктері  бар жерлер өте көп. Өзінің географиялық орналасуына байланысты рельефтің  формалары алуан түрлі. Осыған байланысты ерекше отельдерді әр ауданда салуға болады. Олардың қатарына Ақтау қаласындағы Каспий теңізін, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағлы қорығын, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын, Қарқаралы қаласын, Шәуілдір елді-мекенін жатқызса болады. Себебі, бұл аталған жерлерге туристер әр түрлі мақсатпен жиі барады. Солардың ішінде іскерлік, мәдени-танымдық, діни мақсаттар басым келген.

Қазақстан швейцариясы - Қарқаралы. Бұл аймақ табиғат  байлықтарының қазынасы. Аймақтын ауданы 35,4 мың шаршы шақырым. Климаты – шұғыл қоңыржай. Аудан орталығы Қарқаралы қаласы – Қарағанды облысының ең ескі және мәңгі жас болып қалатын қаласы. Орталық Қазақстан ғасырлар тоғысқан жер. Ұлы-Жібек жолының сол тармағы осы өлке арқылы өткен. Қала 1824 жылы тамыз айында құрылды. Ал, тарихы шағын дала ауылынан басталады. Қала арқылы Орталық Азиядан Сібірге шыққан керуендер қатынайтын еді. Бірте-бірте қала саяси қоғамдық орталық болып таныла бастады. Бұл жерге әйгілі саясаткерлер, ғалымдар мен саяхатшылар келген.

Қарқаралы қазіргі кезде ең алдымен айналасы табиғат байлықтарымен қоршалған, кішігірім ағаш үйлерден тұратын қала-курорт ретінде дамып, маңызы артып келеді. Кез келген турист қай жерге барса да оған ең әуелі барған жерлерінің атының мәні, ерекшелігі, тарихы қызық болып тұрады. Сондықтан да, қала туралы мәлімет жалпы мәлімет беруден бұрын оның мағынасын ашып беру жөн деп санаймын. Қала аты бұрынғы кездері осы аймақты мекендеген әйелдердің әрдайым киіп жүретін моншақ және өзге де оюлармен өрнектелген дәстүрлі бас киімінен шыққан. Айтарлықтай биіктікте теңіз деңгейінен жоғарыда қар және жер асты суларымен қоректенетін тау өзені ағып жатады. Қарқаралы қаласы Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 224 км қашықтықта, теңіз деңгейінен жоғары 815 метр биіктікте орналасқан. Қарқаралы тауы мен орманының әсемдігі, көз жасының тамшысындай мөлдір сулы көлдері осы жерде кемінде бір рет болған адамның есіне мәңгілікке өшпестей таңба қалдырады. Қарқаралыға жақын жерде бірегей табиғат мұражайы бар, онда осы таулы орман массивінің флорасы мен фаунасының құнды байлығын кеңінен аша түсетін мыңдаған экспонаттар бар.

Қарқаралы мемлекеттік  ұлттық табиғи паркі (ҚМҰТП) 1998 жылы 1 желтоқсанынан  ҚР Үкіметінің № 1212 қаулысымен ұйымдастырылған. Парк Қарағанды облысының шығыс  жағында орналасқан, Қарқаралы әкімшілік ауданының аумағында. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы – 90323 га. ҚМҰТП әдемі жерде орналасқан табиғат музейі бар, көрнекі залдардан тұратын 2 қабатты үй: орнито-фауна, фито–фауналар, оларда құстар мен аңдардың 60 экспонаттары, құрт-құмырсқа, көбелек пен қоңыздардың түрлерімен 9 стендтар бар, балықтардың түрлері бар стенд, өсімдіктердің 250 түрлерінен астап гербарий мен минералдары бар стенд, сонымен бірге Қарқаралы тау-орман алқабынын пішімі орналасқан. Табиғат мұражайына жануарлар қоршау қабысады, ауданы 80 га, онда бұғы, қодас, шұбар кербұғы, бизондар ұсталады.

Жыл сайын ҚМҰТП аймағында  инспекторлар ғылыми бөліммен бірге  Қарқаралы және Кент тау-орман алқабы аумағында мекендеген жануарлардың есебі жүргізіледі. Мұнда келесі жануарлардың түрлері: арқар, бұғы, бұлан, елік, қабан, қасқыр, сілеусін, түлкі, қарсақ, ақ және ор қояндар, тиін, су тышкан, суыр, борсық, ақкіс, күзен, кірпі; құстардан – құр, бұлдырық, бүркіт, қара құтан, үкі, тоқылдық, қасқалдақ, сары алакөз, барылдауық, сүр үйрек, отүйрек, бақалдақ, қыран мекендейді, тор коршауда бизон, қодас, кербұғы, қоныр аю сияқты жануарлар ұсталады. Статистикалық мәліметтер бойынша Қарқаралы МҰТП өсімдіктердің 244 түрлері (қыналар, мүктер, қырың құлақтар, жалантұқымдықтар, жабықтұқылықтар және саңырауқұлақтар) бар. Қазіргі уақытта Қарқаралы МҰТП кеңейту және «Бұйратау» МҰТП құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Қарқаралы  тәуелсіз Қазақстан өмірінде маңызды  экономикалық және мәдени орын алады. Мұнда 10 астам демалыс ауданы, оның ішінде «Шахтер» демалыс үйі қызмет көрсетеді. Мұнда жыл сайын күзгі туристер слеті өтеді. Табиғаты ертегідегідей тамаша. Ежелгі Қарқаралы тауы – аймақтың ең үлкен құпиясы. Шағын оазисінде мыңдаған табиғат мүсіндері орналасқан. Кент тауларында динозаврлар дәуірінде өмір сүрген орхидея табылды. Ормандарында бұғы мен елікті кездестіруге болады. Кент тауларында Қарқаралыны күзетіп тұрған сақшы тау тастары тұр. Бұл қорғаушылар қазақтың әндері мен аңыздарында орын тапқан. Қарқаралы тауының ерекшелігі бұлақ көздерінің молайлығы. Суық бұлақтың суының кішкене газы бар. Шамамен секундына жарты литр су ағысы. Жазғы уақытта су температурасы 6 градус. Жергілікті ақсақалдар бұл бұлақ көзінің суы қатпайтынын айтады. Орман өзендері Үлкен және Кіші Қарқаралы Құрөзек деп аталатын бір өзенге құяды. Мұндағы өзендерді дала және таулы деп бөлуге болады. Дала өзендеріне Жартас, Ащыкөл, Шаңгел, Бастыбай, Қойтас, Таскөл, Шалқарбай жатады. Олар өте тұзды, жағалауларында тұздың ақ іздері айқын көрінеді. Қарқарылының ең танымал көлі Шайтанкөл. Көлдің өзі мен оған жаспарлас жатқан табиғаты өте көркем.

Қазірдің өзінде Сарыарқада “Тас бұлақ” атты жаңа архитектуралық жұлдыз жарқырап шыға келді. Бұл жерде  отбасымен және достармен бас  қосып, демалып қайтуға болады. Отель  өте тамаша жерде орналасқан. Мұндағы әсем Қарқаралы тауы мен жасыл желекке оранған ормандар, таза әрі мөлдір көлдері мен жазықтары кез келген туристің есін тандырады. Сондықтан да алып масштабтағы кешен құрылысы қазақстандық туристік бизнесті сапалы жаңа деңгейге алып шығады деп тұжырымдауға болады. “Тас бұлақ” Қарқаралы қаласында, Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 220 км жерде теңіз деңгейінен 815 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 52 га. Сонымен қатар, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына жанасып жатыр. Туристік бизнесті дамыту жөніндегі шет елдік және отандық кеңесшілердің ұсынысымен бұл отель «Тас бұлақ» тау отелі деп аталған болатын. Көптеген айлар бойы макетті жасауда әйгілі қазақстандық дизайнерлер мен архитекторлар аянбай еңбек етті. Жобаның басты мақсаты – көп функционалды, жыл бойы қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті туризм және демалыс кешенін құру. Кешен құрамына қонақ үй және коттедждер тобы, мейрамхана, кафе, спорттық-сауықтыру кешендері, саябақтар мен жасанды суқоймалар, демалушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін қызмет көрсету нысандары кіреді /25/.

Жоба бойынша жалпы  ауданы 20 мың м2 болатын 8 ғимарат салынуда. Ал, қазір демалушыларды орналастыру мен оларға қызмет көрсету үшін үш қабатты ғимарат, мейрамхана, алты қабатты корпустан тұратын отель бар. Отель 98 комфортабельді номерлерден тұрады.  Қонақ үйдің сыйымдылығы – 350 орын, стандартты номерлер мен люкстардан тұрады. Келушілер көлде демалып, балық аулай алады. Осы орайда балықтарды жасанды өсіру мен оларға жем беруге арналған алаң құрылысын салу көзделіп отыр. Функционалдық тұрғыдан алғанда кешен 3 зонадан тұрады: қонақ үй-коттедж, спорттық-сауықтыру, гидропарк. Отель шулы трассаларда едеуір қашықтықта орналасқан. Алайда, бұл жерге жету ешқандай қиындық тудырмайды. Отельге сағат 10-17 аралығында әрбір жарты сағат сайын қатынайтын таксимен 2 сағатта жетуге болады. Әрбір адамнан жолақы құны 1500 теңге. Сонымен қатар, тікұшақтар үшін қоныстану жолы мен шағын әуежай салу жоспарланып отыр. Спорттық жарыстар өткізіліп, 4 және 8 сағатқа созылатын ат маршруттары мен экстрималдарға арнап екі күндік өтулер ұйымдастырылады. Ат үстіндегі туристермен бірге жолсерік – экскурсоводтар еріп жүреді.

Қарқаралының архитектуралық ескерткіштеріне, алғашқы адамның  аялдамасына ежелгі будда ғибадатханасы  мен Шайтан көліне экскурсия жасалып тұрады. Балаларға бөлек арнайы сауықтыру бағдарламасы қарастырылған. Бірқатар студенттер тобы анимациялық ойындар ұйымдастырады. Балалар бұл жерде пейнтбол ойнай алады. Сонымен қатар, олар ат үстінде жүру мен садақ ату өнеріне үйрене алады.

Ақсу-Жабағлы қорығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында, Қырғызстанның Талас облысының шекарасына жақын жерде орналасқан. Климаты шұғыл континенталды. Территория Батыс Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде орналасқан. Туристік маусым негізінде сәуір-қазан аралығы. Ең суық ай - ақпан -5,4С, ең ыстық ай - тамыз -21С. Ең төменгі температура -34С, ең жоғарғы температура 37С.

Ақсу-Жабағлы қорығы 1926 жылы құрылған. Ауданы – 85574 га. Көрікті  жерлері: Жабағлы ущельесі, Ақсу каньоны, Грейг қызғалдақтары өсетін ''Қызыл горка'', Шынқұлдық мазары, Қаптері жер асты үңгірі, Шарафкент және Исфиджаб ортағасырлық қалалары, Жабағлыдан 50-60 км жерде орналасқан ежелгі қорғандар, Байбарақ бұлағы, Қызылжар, Қызылкенкөл, Айнакөл, Оймақ, Томпақ, Көксақкөл атты тау көлдері, Ақсу, Жабағлы, Балдыберен, Сілбілі, Үлкен, Кіші Қайыңды, Сопақкөл өзендері. Елтай мен Балдыберек елді-мекендерінде туристерге арнап ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайды. Қонақ үйлерді мына жерлерде салуға болады: Кіші Қайыңды, Үлкен Қайыңды. Қазір ол жерлерде үйлер бар. Қорықтың ішінде және айналасында 3 зона бар. Бірінші зонаға қорық кіреді, ол жерде туризмге тыйым салынған. Алайда, туристік сұранысты қанағаттандыру мақсатында екінші зона құрылған. Онда экотуризм бойынша 10 арнайы маршрут жасалған. Үшінші зона буферлік зона болып табылады. Ол жерде аң аулауға, химиялық және өнеркәсіп нысандарын салуға тыйым салынады. Қорыққа кіруге рұқсатты қорықтың әкімшілігінен алады. Кіру бағасы  шет ел туристері үшін 7 $, Қазақстан азаматтары үшін 12 $, гид қызметі міндетті түрде 5 $. Қорықта 12 пост бар. Мұнда машинамен жылдың барлық уақытында келуге болады.

Алтын-Емел мемлекеттік  ұлттық табиғи саябағы Алматы қаласынан 160 км жерде Жоңғар Алатауының жотасында  орналасқан. Саябақ территориясында  алуан түрлі археологиялық ескерткіштер бар. Флорасы 1800 жоғарғы деңгейлі өсімдіктерден тұрады, олардың 21 ҚР Қызыл Кітабына енгізілген, ал 60 өте сирек немесе эндемикті болып келеді. Фаунасына келетін болсақ, саябақ ауданында шөл джейрон-киігі, 3000 тау сібір тау-текесі, 300 жуық 80-жылдары Барсакелмес қорығынан әкелінген құландардың ұрпақтары өмір сүреді. Саябақ ауданында бірегей табиғи және көне мәдени ескеркіштері орналасқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: аққұм қалқан барқандары; ұзындығы 3 шақырым және биіктігі 80 метрге жететін Ақтау таулары және бесшатырдың бес қорғаны, бұл қорғандардың жасы мөлшерімен мөлшермен 2500 жыл. Олардың арасынан Бесшатыр патша қорымдарын ерекше атап өтуге болады. Биіктігі 20 м, диаметрі 100м. Мұнда б.з.д. 7-3 ғғ сақ көсемдері жерленген. Қорғандар менгірлердің сақиналарымен, Ұлыбританиядағы әйгілі Стоунхендж ескерткіштерін еске түсіретін мегалитті іргетастарымен қоршалған. Сондай-ақ, бұл жерде Әнші құм бар – бұл бірегей табиғат құбылысы болып табылады. Осы күнге дейін ол адамдардың, әсіресе, ғалымдардың қызығушылығын тудырып келеді. Жел көтерілген кезде құмдар бір-біріне үйкеліп, қобызға ұқсас дыбыс шығарады.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы