Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа
Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.
КІРІСПЕ
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37
3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61
«Мицце Хайами» экологиялық
отелі «теңізге көрініс» деп аударылады.
Бұл отель Израильде
Лангхольмен отелі Стокгольмдегі бұрынғы ханшайым түрмесі. Бұл жерде бұрынғы заманда ханшайымның қол астында істеп жүріп сатқындық жасаған сарай қарамағындағы хатшыларды, дворяндарды және т.б. қызметкерлерді дарға асу үкімі шыққанға дейін тұтқынға алып отырған. Отель-түрмеде сіз өзіңізді нағыз тұтқын ретінде сезінесіз. Бұл үшін сізге барлық «ыңғайлы жағдайлар» жасалған. Елестетіп көріңізші, отельге кіре берісте сізді қызмет көрсетуші персонал қарсы алады. Бар жүгіңізді қабылдау бөлмесіндегі арнайы сөрелерге қалдырып кетесіз. Номерге кірер кезде орамада жатақ киімі мен аяқ киім беріледі. Өз қалауыңыз бойынша сіз бір орынды жатын бөлме, екі орынды жатын бөлме, люкс таңдау мүмкіндігіне ие боласыз. Бөлме іші қараңғы, алайда ондағы телидидар сіздің ішіңізді пыстырмайды. Телидидар бойынша сізге түрме өмірінен берілетін эпизодтар мен бағдарламалар көрсетіледі. Ұзаққа тұрақтайтын болсаңыз түрме қонақтары арасында спорттық және ой-өріс шеңберінде «камера аралық» сайыс өткізіледі. Жеңген адамға сыйлықтар беріледі. Қонақ үйде тұрақтағанда шығар кезде қонғандығын растайтын сертификат беріледі. Jail Hostel Оттавада орналасқан. Бір тәулік құны 18 долларды құрайды.
Дизайны бойынша таңғажайып отельдердің санысоңғы кезде басымдық танытып келе жатыр.
Мысалы, Токиода орналасқан отель-капсуланың сыйымдылығы бір номерге бір адам. Қонақтар жеке заттарын ресепшн бөлмесіндегі арнайы жәшіктерге қалдырады. Минимализм стилінде салынған бұл отель қазіргі таңда әлемнің 27 елінде шоғырланған. Алғаш рет 1981 жылы Лондон қаласында «Blakes», 1988 жылы «Kempel» ашылды. Холдардың ауданы әдетте олимпилік жүзу бассейнімен бірдей. Мұндай отельдер, әсіресе, Жапонияда ерекше сұранысқа ие. Номерлердің ауданы: ені 1,2 м, ұзындығы 2,2 м. Бір тәулік құны 40 долларды құрайды, ескере кететін жайт бұл қала бойынша таксимен жүру бағасынан едәуір төмен. Осы отельдерге әйелдерге кіру тыйым салынады.
Голландықтардың отель-капсулалары япондық түнеу капсулаларына қарағанда анағұрлым қызығырақ. Capsule отелінің дизайнері Дэнис Оуденижк. Олардың пішіні кішігірім ұшқыш тәрелкелерге ұқсас келген. Алайда, олар ұшпайды, бірақ жүзеді. Тұрақтаушылардан бос уақытта капсулалар Гааганың жағалауының бірінде бекітіліп тұрады. Сарғыш тәрелкенің ішіне үш адам тұрақтай алады. Онда стандартты қызметтерден бөлек әйнек дискотекалық шарлар мен ерекше жарықтандыру ұсынылады. Бір тәулік құны 100 евроны құрайды.
Бүкіл әлемге әйгілі жарыс машиналарын өндіруші “Аскари” әлемдегі бірінші “жарыс отелін” ашты. “Уникум Трэвел” журналының мәлімдеуі бойынша отель қонақтарына жекеменшік трасса бойымен ең мықты жарыс машиналарымен жоғары жылдамдықта айдау қызметі көрсетіледі. Трасса Испанияның оңтүстігіндегі Ронда қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан. Бұл Испаниядағы ең ұзын трасса: 5,425 м. Отель қонақтары өздерінің таңдауы бойынша отельдің бай коллекциясындағы кез келген машинаны таңдауына болады: LMP 900, Radica SR3, Lotus Elise. Клубқа мүшелікке ену құны – 125,000 евро, жылдық техникалық салым – 8,500 евро. Клубтың әрбір мүшесі мұнда 100 күн тұрақтауға кұқылы.
Propeller Island City Lodge Германия, Берлинде орналасқан отель-фантазия. Жоба жетекшісі суретші Лорс Строшен. Отель Жюль Верннің “Плавучий отель” романының құрметіне аталған. Ол ойындағы отельді іс жүзінде салуына бір жарым миллион доллар қаржы жұмсады. Отельде бір-бірін мүлдем қайталамайтын әр түрлі стильде безендірілген 45 номер бар. Ең қызықтылары: бір бөлмесінде қабір типтес төсек, екінші бөлмеде Леонарда да Винчидің уақыт машинасы болса, келесі бір бөлмеде сіз орманда жүргендей боласыз, тағы бір қызықты бөлме түрме дизайнінде салынған, оның қасындағы бөлмеде сіз төбе мен еденнің орнын ауыстырып алғандай күй кешесіз. Бір бөлмесінде төсек орны ауада қалқып тұрады, ал кейбір апартаменттері сансыз көп айналарға толы. «Мұражай» номерінде әр түрлі суреттер, қоршау, түрлі-түсті жанатын төсек бар. Готикалық мәдениетті, орта ғасырлық өмірді және қорқынышты фильмді ұнатушылар үшін төсек орны ретінде екі орынды қабір ұсынылады. «Вверх тормашками» номерінде төбеде жиһаздар орналасса, астыда басқа да пайдаға жарамды жиһаздар минималды вариант шегінде берілген, алайда олар еденге тереңінен тығылған және оларды қажет болған кезінде баулардан тартып шығарып алады. «Бұлттар» бөлмесінде төсек орындарының нақты сызықтары белгіленген, ашық түсті паркет пен ерекше үндестік тапқан детальдар оның ерекшелігін айқындай түседі.
Германияда Дунай өзенінің жағалауында Das Parkhotel деп аталатын бетон құбырларынан қайта жетілдірілген ыңғайлы қонақ үй номері бар. Ал, Нидерландыда теңіз портындағы көтермелердің біреуін екі адамға арналған элитарлық апартамантке айналдырылған. Ол Dockside Crane Hotel деген атқа ие болды. Отель мамыр мен қазан айлары аралығында жұмыс істейді. Тұру құны әр адамның қалауы бойынша төленеді. Номерлерді интернет жүйесі арқылы броньдауға болады. Қонақтар жарты жыл бұрын кезекке тұрып қояды. Мұнда 2007 жылы апартаментте бір тәулік құны екі адамға 299 евроны құраса, 2008 жылы 319 евроны құрады. Альтернативтік қонақ үйлерде тұру бағасы 120-250 $ аралығында. Бірақ, Швейцариядағы мұз қонақ үйлерінде бір адам басына түнеу бағасы 580-840 $ құрайды.
Foldable Hotel Pods отелінің дизайнері MW Architects, Лондон. Жобаның құны 72-104 $ млн құрайды. Бұл жиналмалы-жылжымалы отельді тұрақтанушының қалауы бойынша жер шарының кез келген нүктесіне көшіріп, орналастыруға болады, ол үшін тұрақтаушы алдын-ала тапсырыс береді.
Lythe Hill «елестерді аулау» отелі Лондон қаласынан оңтүстікке қарай Суррей графтығында орналасқан. Отельге келушілер елестерге деген қызығушылықтан келеді. Көп жағдайда туристер бұл отельге «елестерді аулау» үшін келеді. «Елестерді аулау» қонақ үй ақысына кірмейді. Оған қосымша ақы төленеді. Аңшыларға арнайы құрал-жабдықтар беріледі: елестерді бекітуге арналған инфрақызыл веб-камера, қозғалыс детекторы, сандық термометр, бөлмедегі ылғалдылықты өлшейтін құрылғы. Екі адамға елестерді аулау барлық құрал жабдықды қосқанда 200 фундқа бағаланады. Отельдің бас басқарушысы Дэвид Армстронг классикалық ағылшын елестері қазіргі кезде табыс әкелуде деп тұжырымдайды. Құны 50 фунт тұратын қосымша қызмет ішіне арнайы сақтандыру полисі мен құлмақ балының бөтелкесін алуға болады. Осындай түннен кейін алынған шытырманға толы әсерді түсіру үшін отельде spa қызметтер көрсетіледі.
Кениядағы жирафтары бар отельдер Лангата қаласында орналасқан. Ондағы жирафтар адамдармен бірге серуендейді. Ұзын бойлы келген бұл жануарлар келушілерді өз қылықтарымен баурап алады. Қолға үйретілген жануарлар сізбен бірге доп ойнайды, ән тыңдайды, би билейді. Әрбір жираф айына 500-600 $ түсіреді.
Dog Bark Park Inn ит тәрізді отелінің құрылыс жетекшілері Деннис Салливан және Франсис Конклин. Ғимарат екі қабаттан тұрады, Айдахо штатында орналасқан. Қуғыншы Коттонвуд формасында салынған. Қонақтар ғимаратқа пандус жақтан кіреді, пандустың өзі иттің көкірегінде, жатын бөлме шатырдың астында, яғни, иттің басы болып есептелетін бөлігінде. Отель сәуір мен қазан аралығында ашық болады, бұл жерге үй жануарларын алып келуге рұқсат етіледі.
Everland ұялы отелі Швейцарияда
орналасқан бір бөлмелі
Отельдегі жалғыз номер ауданы 35 кв. м болатын параллелепипед іспеттес. Ол полиуретанды айғызбен жабылған ағаш құрылысы, ал терезесі әдеттегідей әйнек пластигінен тұрады. Осының барлығы 10 тонна болады. Ғимарат қала канализациясына оңай қосылатын су құбырларымен және климаттық жүйесімен жабдықталған. Алғашқыда бұл отель-капсула 2002 жылдың маусы айында Швейцариядағы Невшатель көлінен 100 метр қашықтықта орналасқан еді. Сол кездегі отель тұрақтаушылары өздерін су апатының бір бөлігі ретінде сезінетін. Кейін отель-капсула жоба жетекшісінің үйінің шатырына көшіріледі. Ол 2006 жылдың маусым айында уақытша 400 түнге Лейпцигтағы қазіргі заман өнерінің мұражайының шатырында тұрақтады. Ал, 2007 жылдың қазан айынан бастап Париждік Токио сарайында аялдады, онда ең ірі көрме залы орналасқан. Қазір Everland отелі Сена өзенінің теңіз деңгейінен 30 м биіктікте орналасқан, ол жерден Эйфел мұнарасына көрініс ашылады. Отельдегі номерді ешбір делдалсыз, тек интернет арқылы ғана броньдауға болады. Номерді бір күнге ғана бронь жасайды, бағасы жоғары: Лейпцигта түнеу бағасы 222 евро, Парижде әдеттегі күндері 333 евро, уик-энд кезінде 444 евро. Алайда, кейбір күндер E-bay аукционында сатылады: 2 қазанда 3800 евроға, 14 шілдеде 6000 евроға, 2008 жылдың жаңа жылдық түні 27 мың евроға кетті.
Marmara Antalya айналмалы қонақ
үйі Анталья қаласында
Hobbit Motel Жаңа Зеландиядағы
Отороханга қаласында
Wallstreet Park Plaza отелінің архитекторы Логанн Налбах. Отель Берлиннің орталығында орналасқан. Қонақ үйдің барлық жерінде, яғни, холда, фойеде, мейрамханада, спорттық клубтарда, номерлерде қаржы биржасының белгілерін көресіз. Отельдегі 167 бөлменің әрбіреуінде қаржы және валюта операцияларын еске салатын заттар бар. Мәселен, доллар купюрасы түріндегі еденге төсейтін кілем.
“Кіші Ханзада” отелі Германияда, Баден-Баден қаласында орналасқан. әрбір бөлме ханзада есімімен аталған. Мысалы: Свит Луи, свит Ханзада, Манхеттан және олардың әрқайсысы ерекше үлгіде безендірілген. Отель әлемдегі қонақ үйлердің ''алтын тізіміне'' енген.
Бір уақытта екі отельде тұруды қалайтындар үшін Moevenpick Hotel Prague Hotel Prague 4 * қызмет атқарады. Бұл бір-бірімен фуникулер арқылы жалғасатын әрі бір атпен аталатын екі отель. Оның бірінші бөлігі Праганың тарихи орталығына жақын жерде Влтава өзенінің жағалауында, Моцарт мұражайына қарама-қарсы бетте орналасқан. “Executive Wings” деп аталатын екінші бөлігі айналасы ну орманмен қоршалған төбешік шыңында орналасқан. Отельде 436 номер, екі мейрамхана, екі бар, конференц-зал, фитнесс-орталық т.б. бар.
Arbez отелі Франция мен
Швейцарияның арасындағы
Осыдан 130 жыл бұрын Кельн қаласындағы ежелгі мұнара жұмыс нысаны ретіндегі мәртебесінен айрылып, архитектура ескерткішіне айналды. Мұнара 1990 жылы қайта жөндеуден өткізіледі, орнына “Hotel im Wasserturm” атты жаңа отель ашылады. Отельдің ішкі безендіруін француз дизайнері Андре Путман жасады, ол дизайнның приоритетті формасы ретінде шеңберді таңдады: қабырғалар, шамдар, сантехника – осының бәрі де үлкен және кішкентай айналманы құрайды. Отельдегі барлық номерлердің техникалық жағынан қамтамасыздандырылуы мақтауға тұрарлықтай: кабелдік теледидар, көп каналды телефон, LAN, мини-бар, сейф, жылытылатын едендер, қауіпсіздік видеожүйесі. Ғимараттың он бірінші қабатында мейрамхана орналасқан.
«Sepik Spirit» қалқымалы
кеме отелі Африкада
«Wigwam Hotel» отелі (Холбрук,
Аризона, АҚШ) үнді елді-мекенінің атмосферасын
құрайды. Мұнда арнайы туристік қонақ
үй ретінде нағыз вигвамдар