Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Ямайкадағы Негриле  курорттық қалашығындағы Tree House Cottages, Қытайдағы tree house отелі – Нан-Шань тауының баурайында буддалық экопарк территориясында орналасқан. Тек өзіне ғана тән мұнараларымен және пагодаларымен ерекшеленеді.

Карел тропикалық орманындағы Green Magic үнді отелі биік қостармен  ерекшеленеді. Олар тек таза табиғи материалдардан жасалған. Бір-бірімен арқан көпір арқылы жалғасқан. Тіпті, электр қуаты да тікелей күннен келеді. Ол “а-ля натурель” әдісі деп аталады.

Түркиядағы ежелгі Олимпос  қаласындағы Kadir’s tree houses отелінің сыйымдылығы 300 адам. Ол 85 жүзім лашықтарынан, арқан басқыштар мен қыл арқаннан, фасадқа бекітілген ағаш дөңгелегі мен өзге де экологиялық стильдегі бұйымдардан тұрады. Мұндағы әрбір бунгало архитектуралық үлгі, материал, түсі жағынан өзгеше келген.

Ngong House ағаш отелі Найроби, Кенияда орналасқан, биіктігі 4,5 м. Отель территориясында көптеген бутиктер бар. Woodpecker Hotel – Швецияда орналасқан. Бұл отель Vasaparken паркінде 13 метр биіктікте 130 жылдық еменде орналасқан. Жоба жетекшісі шведтік суретші Микаэль Генберг.

Fab Tree Hab ағаш отелінің  тұжырымдамасы ескіріп кеткен "Адамзатқа арналған қоныс" дизайнынан туындаған. Отель жергілікті ағаштан салынған. Жоба жетекшілері MIT архитектуралық мектебінің өкілдері Митчелл Иоахим, Лара Гриден, Хавьер Арбон. Мұнда 3 жатақ орны, жуынатын бөлме, холл, асхана және ас әзірлейтін бөлме бар. Fab Tree Hab жаңа ғимараты үйде өсу әдістемесімен жасалған, ол pleaching конструкциясы негізінде құрылады. Жоба жетекшілері отельді салуда plantware атты израильдық фирмамен жұмыс істеп жатыр. Бұл фирма ағаш және бұтақтармен, берік қабырғаны құрайтын сабақ пен түбірлерден торды өрілген түрде өсіру тәсілін жетілдіру және жүзеге асырумен айналысады

Pleaching әдісі ағаштардың  бұтағын archways аталатын тор немесе экран тәрізді өмір формасымен өріп, байланыстыру. Діңгектер мен негізгі тіреулер, емен сияқты ағаш құрылыстың басты ұйытқысы болып табылады, ал оның бұтақтары қабырға мен шатырға арналған біртұтас қоршау мен торды құрайды. Weaved сыртқа қарай тәсілі топырақ пен өсімдік алмасып отыратын сабақтан жасалған берік қорғаушы қабат. Батпақ пен сабан қосылып, ылғалды ішке жібермейді, жаңбыр кезінде де берік тұрады, ал батпақтың соңғы қабаты ыңғайлылық пен эстетикаға жауап беретін қызметті атқарады. Осындай дизайнның ағаш діңгегі Жердің экожүйесін экструдикциялауға арналған құрылыммен қамтамасыздандырады. Оңтүстік жаққа қарайтын биопластиктен жасалған терезе қыста бар жылуды өзіне тартып, ғимараттың жылы болуына жауап береді, ал қарама-қарсы беттегі терезе ыстық мезгіл барысында суық желді өзіне тартып, желдеткіш қызметін атқарады. Су шатырдағы коллекторда жиналады, ол адамдар мен өсімдіктердің қолдануы үшін үй арқылы ағып өтеді, ондағы органикалық қоқыстар қолданатын лас су балықтар, өсімдіктер, бактерииялар бар ашық тоғайда тазаланады.

Әрбір үйді «өсіруге» климат жағдайларын  ескергеннің өзінде  ұзақ дегенде бес жыл кетеді. Осындай кішігірім отельді иеленем деп тілек білдіргендер арнайы ағаш сүйегін таңдаса болады, ол отельдің негізгі фундаменті болады, осы үрдістен кейін ағаш керекті жерге тасымалданады, келесі кезеңінде ол белгіленген пунктте арнайы отырғызылады (3 сурет).

                          3 сурет. Fab Tree Hab ағаш отелі [22]

 

Отель компьютерлік Numeric бақылаушы технологиясына негізделген. Оны салудағы тиімділік:

    • 100% тірі қоректендіргіш заттардан тұрады.
    • Экожүйеге тиімді үлес тигізеді.
    • Анторопогендік әсерлерден қорғайды.
    • Ағаш өнеркәсібін қайта жетілдіреді.
    • Айналадағы құрғақ жер технологиясын алмастырады.
    • Су мен симбиотикалық, метаболикалық ағынды таратады.
    • Өмірлік циклды қолдану мен жойылу кезіне дейін қарастырады.

Қазіргі заманың озық технологиясының арқасында туристерге арнап ғарышта да отель салу тұжырымдамасы жетілдіріліп отыр.

Ғарыштағы отель 2015 жылы салынбақ. Ол Nautilus деп аталады. Жоба жетекшісі Роберт Бигелоу. Bigelow Aerospace атты американдық компания 2004 жылы Америка Құрама Штатының авиация жөніндегі Федералдық әкімшілігінен (FAA) ғарыштық кешен үлгісіндегі отельді салуға рұқсат алған болатын. Bigelow Aerospace отелі NASA жетілдіріп жатқан TransHab үрлемелі модульдерінен тұрады. Қазіргі таңда 2 модулі бар: Genesis I (500 млн $), Genesis IІ (10 млрд $). Genesis I модулі өткен жылы ғарышқа жіберілді. 500 млн $ қаржыны  Galaxy атты ІІІ модульге жұмсамақ. Белгілі бір биіктік таңдалған соң, ол үрленеді. Ол ғарыш станциясы іспеттес, Жерден 515 км қашықтықта орналасқан. Қабырғаларының қалыңдығы 30 см, ол пластиктен: полимер мен кевлар құрылыс материалдарынан салынған. Бұл материалдар туристерді метеорит пен радиациядан қорғайды. Оларға арнайы жилет беріледі. Жобаның құны 500 млн $. Бір тәулік құны 1 млн $ құрайды. Оның көлемі 1500 шаршы метр, салмағы 100 тоннаға жуықтайды. Отельде толық энергияны өндіретін күн панельдері болады, ол отельді керекті барлық жарықпен, тоқпен қамтамасыздандырады. Сондай-ақ, ғарыш яхталарының тұрағы ретінде жабдықталатын ракетаға арналған доктар ойластырылған.

Ғарыш туристеріне арналған орбиталды отельді салумен басқа  да компаниялар айналысады. Galactic Suit атты испандық компаниясы ғарыш отелінің жобасын жасап, оны 2012 жылы орбитаға жіберуге дайын. Дизайнері Xavier Claramunt of ADD+ARQUITECTURA. Статусы: прототип дайын. Отель көлемі 7×4 метр болатын 22 капсуладан тұрады. Олар бір-бірімен өзара байланысты келген және барлығы бірігіп ғарыш кемесіне жалғасып жатады. Әрбір капсулада ғарыш көрінісін тамашалауға арналған терезе бар. Кейбір капсулаларда бар, мейрамхана т.б. көңіл көтерулер қарастырылған. Spaceresort атты ғарыш отелі жүзім сабағына ұқсас келген. Ол 5 модульден тұрады, онда екі пилот пен төрт туристті орналастырады. Отельде 3 тәулік тұрақтау құны әр «тұрғынға» 4 миллион долларды құрайды. Артықшылығы: 3 күн ішінде олар Күннің шығысы мен батысын 45 рет тамашалайды, Жерді 54 рет (әр 80 минут сайын күніне 18 рет) айналып өтеді. Саяхат барысын олар капсула түрінде салынған туристердің жеке бөлмелерінде жабдықталған арнайы терезе арқылы көреді. Туристер 3 күн бойы Жерден 450 км қашықтықта орналасады. Қонақ үй мен планета арасында отель тұрғындарын арнайы көлік «гибрид» ракетасы жеткізеді. Ең алғашқы ғарыш туристі мұндай саяхатқа 20 миллион $ жұмсаған. Ол Деннис Тито есімді американдық мультимиллиардер еді. 2012 жылға қарай мұндай саяхатқа планетаның 40 мың тұрғыны қол жеткізе алады. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше жоба 2 миллиард доллар тұрады. Ғарыштық жетілдіруден басқа бұған аралды жалға алу да кіреді, ол жерде ғарыш туристерін ұшуға дайындайды (дайындық 18 айға созылады). Жапония мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірнеше компаниясы жобаны қаржыландыруға дайын екендіктерін көрсетті, олар жыл сайын «ғарыш каникулына» Жердің 350 тұрғынын жіберіп тұруға келісті.

Aerocraft отелі Worldwide Aeros Corporation атты американдық фирма әуе кемесінің жобасын ұсынды. Жоба жетекшілері Игорь Пастернак (Worldwide Aeros Corporation), Wimberly Allison Tong & Goo (WATG). Статусы: прототип жетілдірілуде. Ерекшелігі - әуе кеңістігіндегі аспалы отель болып саналады. Отель 400 тонналық дирижабль түрінде салынбақ, ол екі футбол алаңының мөлшерімен тең (4сурет) .

                      4 сурет. Ғарыштағы Aerocraft отелі [24]

 

Туристер әуеде 24 км биіктікте  орналасады. Ұшпалы отельдің сыйымдылығы 250 адам, сапардың максималды жылдамдығы 280 км/сағ. Архитектор Кевин Шоллдың мәлімдеуі бойынша Айдан үйлері бар жерлерді сатып алуға 67 мың адам дайын тұр. Отель тұрғындарына барлық ыңғайлылық жағдайы жасалған: казино, мейрамхана, өзге де қонақтардың көңілін көтеруге арналған бөлмелер.

The Lunatic Hotel дизайнері Hans-Jurgen Rombaut, Wimberly Allison Tong & Goo (WATG). Статусы: жоба дайын, 2050 жылы эксплуатацияға беріледі. Ханс-Юрген Ромбот бұл отельді Айда салуға жоспар құрып отыр. Отель экстремалды температура секілді катаклизмалар мен «айдағы сілкіністерге» төзімділік қасиетін көрсететіндей етіп жасалған. Ал, отельдегі ойын-сауық бағдарламалары төмен гравитация шегінде жасалған және анимациялық көңіл көтеру түрі ретінде құбыжықтардың шабуылы имитацияланады.

Біз судағы, ағаштағы, ғарыштағы таңғажайып отель түрлерін қарастырдық, келесі сипаттама жер асты отеліне беріледі.

Жер асты отелі Австралияда  салынған, ол әлемдегі жалғыз жер асты отелі. “Финанс” журналының хабарлауы  бойынша Руди Пети шөлінде орналасқан. Бұл шөлдегі құрғақ әрі ыстық ауа мен жаңбырсыз күндерге бейімделген жергілікті тұрғындардың жалғыз қорғанышы. Әдеттегі ауа температурасы  47 градус, жер астындағы температура 22-24 градус. Kokopelli's Cave – АҚШ, Нью-Мехико тауының жартастарындағы үңгір-отель. Тереңдігі жетіқабатты үйдің биіктігіндей болады.

Құрылыс материалына байланысты келесі таңғажайып отельдерді топтастыруға болады.

Алтыннан жасалған отель  туралы айтпас бұрын аңызға тоқталып кетейін. Мидас – шексіз байлығымен даңқы шыққан фрийгилік хан (Фригия – Кіші Азия түбегінің батысыда орналасқан тарихи облыс). Аңыздар бойынша Мидасқа бала кезінде құмырсқалар нанның үзімін әкеліп тұратын. Мидас Фригияның ханы болып сайланған соң Дионисқа Силенді қайтарып береді. Сыйға Дионис Мидастың барлық тілегін орындайтынын айтты. Сонда Мидас: “менің қолымның ұшы тиген барлық зат алтынға айналсын” деп тілек білдіреді. Тіпті, жеуге әзірленген тамақ та алтынға айналып кетеді. Күндердің күнінде жағдайының қиындап бара жатқанын түсінген соң ол Дионистан дұғаны алып тастауын өтінеді. Дионис оған Пактол бұлағына барып шомылып қайтсаң айығасың деп айтады. Расында да Мидас қайтадан бұрынғы қалпына келеді, асты кәдімгідей ішетін болады.

Егер Мидас қазіргі  заманда өмір сүрген болса, ол құдайлардан  қолының ұшы тиген заттың бәрін  алтынға айналдыру қабілетін дарытуды сұрамаған болар еді. Ол бірден Гонконгтағы Swisshorn Gold Palace отеліне өте салар еді. Гонконгтік дизайнерлер Лам Сайвин есімді жергілікті олигархтың басшылығымен Гонконгта Коулун аралында бөлмелері алтыннан жасалған әлемдегі ең керемет қонақ үйді салады. Отельдің жергілікті аты Сянган. Жергілікті прессаға берген сұхбатында ол сүйікті жарына арнап таза алтыннан сарай салдырамын деп уәде берген Хань династиясынан шыққан императорға қызыққанын айтады /20/.

Әлемдегі ең қымбат сарайды салуға 2,5 тонна кетті. Ол 650 шаршы м жабуға кетті. Отель құрылысы 5 жылға созылды және оған 82 млн $ кетті. Алайда, бастапқы кезде оның құрылысына тек 38 млн $ жұмсау жоспарланған болатын. Отель 2006 жылы ашылса да, онда қоныстанушылар өте аз. Есесіне, мұнда ұжымдық кештер, үйлену тойы, туған күн мерейтойлары өткізіліп тұрады. Отельге негізгі табыс көзін туристер әкеледі. Әр туристен отельді аралау үшін 3 $ алынады. Сурет пен бейнекамераға түсіру үшін қосымша ақша төленеді. Бір тәулік құны 26 мың $ құрайды.

Таңғажайып отелдің  мұздан салынған келесі түрі туристердің  арасында кең қолданысқа ие болып  жүр.

Мұз отельдерін, қар мен  мұздан үй салу өнерін солтүстік халқы  жақсы меңгерген. Олардың тәжірибесін  қазіргі заман архитекторлары қолдануда. Әлемдегі мұз отелінің ең керемет үлгісі Ice Hotel болып саналады. Мұндағы 85 номер, мейрамхана, бар, дүкен, көрме залдары, шіркеу – бәрі де толық мұздан жасалған. Қонақтарға комбинезон мен киік терісінен жасалған жатын қапшығы беріледі. Суық отельден шаршаған қонақтар жақын маңда орналасқан ағаш үйлерге барып қоныстанса болады. Отель 15 жыл бойы қызмет атқарып келеді. Сәуір айында ериді, қазан айыда құрылыс басталады, желтоқсанда пайдалануға беріледі. Канада провинциясы Квебекте орналасқан ICE Hotel-дің жұмыс істеу мерзімі 5 қаңтар-1 сәуір аралығында. Мұнда мұз капелласы, мұз бары, мұз бейнелері бар көркемөнер галереясы орналасқан. Қонақтардың шаңғы тебуге, қарда жүргішті айдау, садақпен ату мүмкіндігі бар. Отельде стандартты номер мен люкс номерлер бар. Бір тәулік құны 475 $ құрайды. Отель температурасы -5оС болса, даладағы температура -30оС. Мұз отельдер құрылысына 15 мың тонна қар және 500 мың тонна мұз кетеді. Құрылыс бір айға созылады, жұмысқа жиырма адам тартылады.

Тұз отелі Боливиялық White Beach Hotel тас  тұзынан жасалған. Бұрын сол жерде тұзды көл болған. Уақыт өте көл кеуіп, орнында әлемдегі жалғыз тұз отелін салуға септігін тигізген мол тұз шикізаты қалады. Осылайша, жергілікті тұрғындар сол шикізаттан тұз отелін салады. Ол әдемі де әсем Анд тауында орналасқан.

Қораптан жасалған қонақ үйлерді  Yotel, Qbic атты шағын бөлмелер кешені иемденеді. Олардың көзге түсетін ерекшеліктері - номер алаңының минимумдылығы (5-10 шаршы метр), тұрудың минималды бағасы, максималды ыңғайлылық. Сіздер 7 шаршы метрлік бөлмеде қандай максималды ыңғайлылық болады деп таң қалатын боларсыз. Мысал ретінде Qbic қорап отелдерінің амстердамдық торларын келтірейін. Отельдегі әрбір бөлме екі орынды төсекпен, компьютері бар ыңғайлы үстелмен, плазмалық панельмен, Филипп Старктың дизайны бойынша жасалған санитарлық бөлмемен, бүкіл қабырғаны алып жататын тереземен жабдықталған. Тамақтану үшін вендинг-машинасы құрылған әрі таңғы ас пен түскі асы бар дәлізге шықсаңыз болды. Бұл жерде ешқандай метрдотель, портье, пошташы жоқ. Сондықтан да қонақтарға Амстердамның орталығында бір түндік тұрақтау 57 $ құрайды.

Қораптан жасалған отельдердің  аса ыңғайлылығы – оны аз ғана уақыт ішінде кез келген жерде  оңай құруға болатындығы. Ол жер кеңсе, терминал, тұрғын пәтерлері, кварталдар, тіпті, қоймалар бола алады. Мұндай қонақ үйдің иесіне аталмыш отельді салып керегі жоқ әрі оған қомақты ақша да кетпейді. Бар болғаны 600-700 шаршы жерді жалға алып, бірнеше апта ішінде онда қонақ үй ашса болғаны. Yotel торының иесі дәл осылай жасады. Ол жазда Гатвик әуежайында бірінші қорап қонақ үйді, кейінірек Хитроу әуежайында ашқан болатын. Ұлыбританияға әлемнің түкпір түкпірінен ағылып келіп жататын толассыз туристердің ағымы көбеймесе, азаяр емес. Олардың жартысының ақшасы әуежайға жанасып жатқан елді-мекендердегі қонақ үйлерде тұрақтауға ақшасы жетсе, біреулерінің ақшасы оны көтермейтіні анық. Тұрақтау бағасы 4 сағатқа 52 $ немесе бір түнге 115 $. Екі адамға кабина 160 $.

Атқаратын қызметі бойынша келесі отельдерге сипаттама берген жөн.

Benesse House отель-мұражайы  Жапониядағы және әлемдегі ең тыныш отель. Номер терезесінен тауға әсем көрініс ашылады. Отель мүсін композицияларымен қоршалған, минимализм жанрында безендірілген. Наошима аралының оңтүстігінде орналасқан. Архитекторы Таода Андо.

Бутик-отель Вроцлав  қаласында орналасқан, бұл польшалық қала Шығыс Еуропада туристер көп келетін жердің бірі болып есептеледі. Жақын арада қаланың ескі бөлігі Тум аралында Mot есімді варшавалық инвестор отель салдырмақ. Қонақ үйдің жалпы ауданы 45 м2 болатын 120 номерге есептелген. Олардың барлығы ең жоғарғы талаптарға сай келетіндей етіп жабдықталады. стандартты номерлер 2-6 қабат аралығында орналасады. Сонымен қатар, отельде ауданы 80 м2  болатын 3 люкс пен 150 м2 болатын президенттік люкс бар. Бірінші қабатта лобби мен мейрамхана орналасады. Ол жерден Иоанн Креститель соборына тамаша көрініс ашылады. Бұнда тағы да кофе-шоп, көрме залы мен сыйымдылығы 200 адам болатын конференц-зал, 100 орынға арналған жер асты паркингі, spa фитнес орталықтар мен бильярд залы бар. Отель 2011 жыл аяғында ашылады деп көзделуде.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы